400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Балабақша құрастырамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:05.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Балабақша құрастырамыз»

Мақсаты: 1. Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен балабақшаны құрастыруға үйрету

құрал-жабдықтар: құрылыс материалдарының жиынтығы, ойыншықтар:Қолтырауын

Гена және Қалқанқұлақ, ұсақ ойыншықтар-аңдар, олардың достары

Билингвалды компонент: балабақша-садик;

Негізгі бөлім:

Балалардың қызығушылығын ояту. Таңдандыру сәті.

-Балалар бізге қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ келді.

Олар сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге олардың үлкен өтініші бар.Сендердің қосқабатты балабақша салып бергендеріңді қалайды.Өздерің сияқты олардың да көп достары бар.Барлығы бірге сол көпқабатты балабақшаға бармақшы екен. Кәне, біз оларға көмектесейік.

-Балалар балабақша құрылысы қандай бөліктерден тұратынын еске түсірейікші;іргетасы, қабырғасы, төбесі, терезесі, есігі, баспалддағы т.б. балабақшанын үлгісін қарау. Іргетасы кірпіштен, едені-пластинадан, қабырғасы-кірпіш пен текшелер болып алмасып отырады; бөлмелер пластиналардың көмегімен бөлінеді; Екінші қабатта-балкон; ең жоғарғы жағында –шатыры. Балалар қонақтармен амандасады.

Сергіту сәті..


Бой сергіту жаттығуы:

Бір саусағым тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

өнерлі екен он саусақ

қала салсақ, жол салсақ.

Жаңылпаш.

Қабат-қабат бақша салдық,

Үйлер толы күй сандық

Күйсандықтан бақша салдық

Күй сандыққа күй салдық

Қорытыңды бөлім.

Балалардың жұмыстары талдау, мадақтау. Қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп олармен қоштасып, шығарып салады


Тексерілді:







«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні: 07.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Матиматика негіздері

Тақырыбы: «Топ бөлмесі»

Мақсаты: өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарды ажыратуға үйрету; үш көлемінде заттардың топтарын

салыстыруды үйрету; тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білу дағдыларын дамыту;

ұқыптылыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:ойыншықтар, санауға арналған таратпа ұсақ затық суреттер

Билингвалды компонент: біздің- наш, топ-группа,


Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Балал

Жұмбақ шешеміз

(Түн. Таң. Күн)туралы


-Д/ойыны: «Дұрыс сана»


Д/ойыны: «Тәулік бөліктері»


С/сәті: Ал, балалар тұрмайық....


Д/ойыны: «Қайда барасың, нені табасың?»


Д/ойыны: «Кеңістікті бағдарла»

арға қуыршақ аюды көрсетеді.

Жаңа тақырып

Қорытынды:


«Ыстық доп» ойынымен қорытындылайды. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды





Тексерілді:









«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:11.09.2018 ж.

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Қос аяқпен заттар арасымен секіру»

Негізгі қимылдар:

Бір аяқтан екінші аяққа алға жылжи отырып секіру (арақашықтығы 3 м). Гимнастикалық орындық үстімен бауырлап еңбектеу. Допты алып жүруге жаттығу.

Мақсаты: секіру түрлерін үйрету. Гимнастикалық орындық үстімен еңбектеуге допты соғып жанында алып жүруге жаттықтыру.

Құралдары: доптар

Негізгі бөлім: Кіріспе бөлім:

Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жаттығуларды доппен жасату

- Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

- Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

- дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Бір аяқтан екінші аяққа алға жылжи отырып секіру (арақашықтығы 3 м).

2. Гимнастикалық орындық үстімен бауырлап еңбектеу.

3. Допты алып жүруге жаттығу.

Қозғалмалы ойын

«Ала күшік»

Санамақ арқылы балалар арасынан ала күшік таңдалады. Ысқырық бойынша күшік ойыншыларды ұстайды. Кімді күшік ұстап алса, сол күшік атанып басқа ойыншыларды ұстайды. Ойын шартталған уақытқа дейін созылмақ.

Ойын ережесі: 1.Ойын басқарушы сигналы бойынша басталып, аяқталады.

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

- жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және

мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.


Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:10.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Апплекация

Тақырыбы: «Менің досым»қағазды бүктеп қию

Мақсаты: 1.желімдеу тәсілдерін меңгертіп, пішіндерден жапсыруды үйрету;

2.ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу

3. ұсақ қол қимылдарын дамыту.

4.Қайшымен қолдана білуді

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлгі, қылқалам, желім, сүлгі, бүктелген қағаздар,қайшы

Билингвальды компонент:дос-друг;


Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері: Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-бірне гүлді бере отырып, жылы сөздерді айтуды ұсынады.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Балапан қонаққа келеді.(ойыншық). Ойыншық балапан сендермен дос болғысы келеді екен.

Жаңа тақырып.

-Сендер осындай балапан жапсырғыларың келеді ме?

Ендеше өзімізге көп дос тауып алайық.

Үлгі суретпен жұмыс: жапсыру жолымен жасалған балапанның суретін көрсетіп, сипаттайды.


Балапанды жапсыру жолдары:

  • Пішіндерді қияды

  • Пішіндерді таратып балапанды құрастыру;

  • Басына көзін, басының ортасына қарай тұмсығын жапсырады.

  • Қанаттарын денесіне жапсырады;

  • Сүлгімен басу;

Сергіту сәті:

Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мадақтайды.


Қорыту.

«Текшелер» ойыны арқылы қорытындылайды. Шаршыны ортаға лақтырады, шаршының бетіндегі түскен сурет бойынша не орындағандарын айту керектігін түсіндіреді.




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:04.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Денешынықтыру

Тақырыбы: «Тізенің арасына қапшықты қысып,қос аяқпен секіру»

Мақсаты: Заттарды аттап, қозғалыс бағытын өзгертіп жүру,шашырап, жұптасып, бір сызыққа қойылған заттар арасымен жүгіру.Тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап секіру.Допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату.

құралдар: доп:қапшық

Билингвальды компонент:қапшық-мешок;секіру-прыгать;

Негізгі бөлім:


Сапта: тізені жоғары көтеріп, бір қырындап алға,

бір қырындап артқа,

Жүгіру.

Арақашықтықты сақтап қапшықты екі аяғымен қысып сапта жүгіру,

Тез қарқынмен жүгіру

Баяу жүгіру

Жалпы дамыту жаттығулары:

Секіру белгілі бір затқа қолымен жанап өтіп жоғары секіру.

Бір орнынан ұзындыққа секіру.

Екі аяқпен секіру.

Қозғалмалы ойындар:

«Көкөністер мен жемістерді жина»



Қорту:

Балаларды мадақтау.Қапшықпен қолдана білуді үйрету.






Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 03.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тарауы: «Денешынықтыру»

Тақырыбы: «Қос қолымен допты жоғары ,жіптің үстіне лақтыру.»

Мақсаты: 1.Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, шашырап, жұптасып жүгіру.Қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру.Бір орында тұрып, алға қарай 3-4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру.

Құрал-жабдықтар: тақтайлар, доптар.

Билингвалды компонент:Доп-мяч;

Негізгі бөлім:


шаттық шеңбер

- Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қәне, бәріміз шеңбер құрып тұрып, бір-бірімізге сүйіспеншілігімізді білдірейік.

Есік қағылып, топқа Дымбілмес келеді.

Қолында әдемі қорапшасы бар. Балалармен амандасып, қорапшаны тәрбиешіге береді де, егерде менің жұмбағымды шешсеңдер, ішінде не бар екенін білесіңдер:

Доп–домалақ алма емес,

соға берсең секіреді. Бұл не?

Дұрыс шештіңдер! - деп қорапшадан доптарды алып шығады.

Балалар бүгін осы доптармен жаттығулар жасаймыз. Әдеттегідей әрекеттерімізді жүру мен жүгіруден шеңбер бойынша бастаймыз.

Қимылды ойын «Масаны ұста»

Ойын «Ақырғы от»

Қорыту:

- Балалар көңіл күйлерің қалай?

- Сендерге не ұнады?

Балаларды мадақтау.







Тексерілді:









«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 10.09.2018 ж.

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: « Допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолымен қағып алу»

Негізгі қимылдар:

Сапта тұрып допты төменнен екі қолмен бір-біріне лақтыру.

Арқасына құм салынған қапшық қойып, еңбектеу.

Төбесіне қапшық қойып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.

Мақсаты: Балардың бірі-біріне доп беру қимылдарын жаттықтыру. Еңбектеу кезінде денесін дұрыс ұстау,қозғалтуды үйрету.тепе-теңдікті сақтап жүруді бекіту.

Құралдары: гимнастикалық орындық,құм салынған қапшықтар,доптар

Билингвалды компонент: секіру-прыгать;доп-мяч;

Негізгі бөлім: Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

- Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

- үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

- Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

- дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Сапта тұрып допты төменнен екі қолмен бір-біріне лақтыру.

2. Арқасына құм салынған қапшық қойып, еңбектеу.

Төбесіне қапшық қойып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.

Қозғалмалы ойын «ҮКІ»

Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар – «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:04.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Балабақшадағы алғашқы күн»

Мақсаты: Шағын орталық туралы түсініктерін тереңдету, кімдер жұмыс істейтінін

атап, таныстыруды жалғастыру, бөлмелер мен орталықтарды ажыратуға үйрету.

Ұқыптылық дағдыларын жетілдіру, достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: аю, қоян ойыншықтары, құралдар

Билингвалды компонент: балабақша-деский сад;

Негізгі бөлім:

Е. Өтетілеуовтің «Бала, бала баламыз» өлеңін оқиды.

Қонақтар келеді.-біздің тобымыз туралы білмейі екен, ендеше сендер көмектесіп, топпен таныстырайық, келісесіңдер ме?

-Балаларды тақтаның алдына отырғызып, сұрақтар қояды:


«Не көрдің, не білдің?» дид/ойыны:

Топсеруенде не көргендерін айтып беру. Заттарды өзара салыстыру.


Сергіту сәті:

Ал балалар тұрмайық

Жатығуды бастайық

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Тәрбиеші қарайды

Аяққа бір, қолға бір

Жаттығуды жасадық

Шынығуды бастадық

«Кімнің құралы?» дид/ойыны:


Шығармашылық сәт:қалаулары бойынша топтағы бір затты ермексаздан жасайды


Қорыту:

«Ыстық доп» ойынымен сабақты қорытындылайды.

Балалардың еңбегін бағалап, мадақтайды.




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:06.09.2018 жыл.

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бізді не қоршап тұр»

Мақсаты: тірі табиғат пен өлі табиғат туралы түсінік беру,табиғатқұбаластарынтүсіндіру,

Шырша, қайың, терек, емен ағаштарын салыстырып, айырмашылықтарын табуға жаттықтыру; Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштардың суреттері

Билингвалды компонент: ағаш-дерево, табиғат-природа, қайың –береза, емен-дуб, терек-тополь

Негізгі бөлім:

Поштадан келеген хатты оқиды.

«Көрпені жама» д/ойыны


Орманға бару үшін қатарларға тұруларын сұрайды.

Шашылып жатқан жапырақтарды жинатады.

«Ағаштарды тап» д/ойыны

С/сәті:

Ағаштағы жапырақты,

Күзгі суық қалтыратты,

Жаңбыр жауып , жел кептіріп

Сап -сары етеіп жалтыратты

Дөңелетті айналдырды

Қондырды даа жер бетіне

Жөндеріне жай қалдырды

Күз келеді, оған жинаған жапырақтарын береді. Күз рахметін айтады.

Жұмбақ: Жазда өседі, Күзде түседі

«Қолымда не бар?» д/ойыны

Шығармашылық сәт. Балаларға жапырақтың суретін салдырады.

Қорыту: Балалардың еңбегін бағалап, мадақтайды



Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:13.09.2018 ж.

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Оң және сол жақ бүйірімен топталып,құрсаудың ішінен өту»

Мақсаты: жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру..Қос аяқпен секіру, допты кеуде тұсынан лақтыра білуге үйрету.

Құралдары: гимнастикалық таяқшалар, доптар,гинастикалық орындық,жіптер

Негізгі қимылдар:

Гимнастикалық орындық бойымен үстімен жанымен қырындап жүру.

Жіптердің үстімен қос аяқтап секіру, допты қос қолдап кеудеден лақтыру жаттығулары.

Билингвалды компонент: Оң-правый;сол –левый;

Негізгі бөлім: Кіріспе бөлім:

Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жаттығуларды гимнастикалық таяқшалармен жасайды

- Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Гимнастикалық орындық бойымен үстімен жанымен қырындап жүру.

2. Жіптердің үстімен қос аяқтап секіру,

3. допты қос қолдап кеудеден лақтыру жаттығулары.

Қозғалмалы ойын.

Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.

Бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр түрлі түсті жалаушалар қойылады.

Нұсқаушы балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын домалатып болғаннан кейін, нұсқаушы енді оларды корзинаға салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.


Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:10.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: 1.Достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

2.Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; 3.Бір – бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. Әдіс тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, дәптермен жұмыс, әңгімелеу. Көрнекіліктер, қажеттіқұралдар:дос балалардың суреттері, балалардың топтағы өз достары, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвалды компонент: дос-друг-Frend

Негі бөлім : Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балалардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту мақсатында «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтуды үсынады.

Дос болайық бәріміз

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Дос болайық дәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Әңгімелеу:

Тәрбиеші балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында балалардың түйген ойларын «Досты қалай табу туралы ертегісімен» жалғастырады.

Ертегіні тыңдап, талдау кезінде тәрбиеші дос адамдардың бір – біріне деген сыйластығы, жарасымы, татулығы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген тапсырма балаларға түсіндіру.

Ойын:

«Менің досым».

Қорыту:

-«Досты қалай табу»туралы ертегісі ұнады ма?

-Қалай ойлайсыңдар бұл баланың неге достары болмады?

-Дос табу үшін не істеу керек?

Достар қандай болулары керек?

-Жақсы дос деп кімді айта аламыз?


Тексеру:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 11.09.2018 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Менің досым»

Мақсаты:

1.Тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруды үйрету;

2.Ойлау қабілеті мен тілдерін дамыту;

3.Досы сыйлап, аялай білуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма орындау, сұрақ – жауап.

Қолданылған көрнекі құралдары: жұмыс дәптері, көркем суреттер

Билингвалды компонент: дос-друг, досының аты кім? - как зовут друга?

Негізгі бөлім:

Дос! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол - көркем, сүйкімді әрі ұлы сөз.

Әркайсымыздың да досымыз бар, дұрысемес пе?

- Ендеше өз достарынды суреттеп, «Менің досым» тақырыбына әңгіме кұрастырыңдар.

Педагог балаларга көмек ретінде қосымша сұрақтар қояды:

Досының аты кім?

—Досынды сипаттап бере аласың ба, ол кандай адам?

Досын сенің қандай кылығыңа қатты қуанады?

Cepгіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солга бір.

Біз бақытты баламыз,

Гул-гүл жайнап жанамыз.

Жаттыгулар жасасақ,

Жақсы сергіп каламыз.

Педагог «досым» сөзіне дыбыстық талдау жасауды ұсынады.

«Досыма сыйлық» дидактикалық ойыны:

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырманы орындау. Жеке жұмыс жургізіледі.

Қорыту: Сұрақ –жауап:Балаларды мадақтау




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 11.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Себет.

Мақсаты:

1.Себеттің қажеттілігі туралы түсінікберу, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, өсу тәсілі арқылы затты кұрастырып мүсіндеуге үйрету.

2.Ұсақ қол, саусақ қимылдарын дамыту.

3.Жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзаракөмек көрсетуге,жақсы нәтижеге жете білуте тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қайталау, көркем әдебиет.

Көрнекі құралдар: себет түрлері, ТОҚ, интерактивті тақта, №1 слайд,№2 слайд.

Билингвалды компонент: себет – корзина – basket

Негізгі бөлім: Есік қағылады. Педагог балалардың назарын дыбыс шыққан жакқа аударады. Бөлмеге бағбан кейпіндегі қария кіреді.

- Сәлеметсіндер ме, балалар?!

-Кәне, балалар, атайғаорын берейік, алыстан жол жүріп, шаршап келген болар.

Педагог:

- Балалар, өздерін білетін болар-сыңдар, казір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде барлық жемістер мен көкөністер пісіп жетіледі. Менің бақшамда өскен жемістер мен көкөністерді жинайтын себетім жоқ. Сендер өте шебер, еңбекқор балалар деп көмек сұрай келдім. Маған бірнеше себет керек болып тұр. Педагог:

-Кәне, балалар, атайдың өтінішін орындауға дайынбыз ба?

Жұмысты бастамас бұрын себеттің түрлерімен танысып алайык.Интерактивті тақтамен жұмыс

Себеттің әртүрлі пішіндегі түрлері (дөңгелек, сопакша, төртбұрыш).

Ағаштан, бамбуктан, сымнан тоқылган себеттің түрлері.

Педагог тазалық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Жасайтын себеттерінің түсін, түрін балалардың өздеріне таңдатады.

- Ермексазды 2 бөлікке бөлеміз. Бұл себеттің астынғы және үстіңгі жағын жасау үшін керек. 1-жолы. Табанын жасау.

Алақан арасына салып, домалақ-таймыз және тактайша үстінде тегістеп жалпақтаймыз.

2-жолы. Есу арқылы қабырғаларын жасаймыз.

Сопақша пішінге келтіріп, бірдей 6-7 бөліккебөліп, тақтайша үстінде ширатып созамыз.

Сергіту сәті:

Бас бармагым — атам,

Балаң үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек- шешем,

Титтей бөбек—мен.

(Е.Өтетілеуов.

Қорыту: Бағбан атай балаларға алғысын білдіріп, бағынанжинап келген құрамы дәруменге бай көкөністермен жемістерін тарту етеді.

Педагог балалардан қандай затты мүсіндепүйренгендерін сұрайды.

Мүсіндеген заттарыныңқажеттілігін естерінесала отырып, ойларын қорытады. Мадақтауарқылы еңбектерін бағалайды



Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары



Күні: 12.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Дыбыс.

Мақсаты:

1. Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету;

2.Ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Қағылезділікке, бастаған істі аяқтай білуге, шыдамдылыққка тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, тапсырма орындау, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, уй жануарларының көркем суреттері.

Билингвалды компонент: дыбыс–звук –sound, әріп- буква-letter, әліпбе – алфавит-alphabet, жаңбыр –дождь-rain.

Негізгі бөлім: - Балалар, біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз. Бұл бақ «Әліпби» деп аталады.

Әліппиді көрсету.

- Әліпбиде көріп отырғандарың әріптер, олардың саны - 42. Егер біз әліпбидегі әріптерді оқитын болсақ, ол - дыбыс.

Дыбысты естиміз. аузымызбен айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз және жазамыз.

- Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?

- Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?

- Түнде қасымызга маса келгенін қайдан білеміз?

- Дурыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың жазылу таңбасы — әріп. Әріптер мыналар (әліпбиді көрсету).

Сергіту жаттығуын ойын арқылы өткізуге болады.

Саусак ойыны:

Жаңбыр жауса

Тырс-тырс,

Айтады гүл:

-Дұрыс-дұрыс.

Жаңбыр жауса

Тырс-тырс.

Айтады қыр:

- Ырыс-ырыс.

«Не қалай дауыстайды?» дидак-тикалық ойыны: Ойын шарты: педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануардың дауысын салады.

Қой маңырайды:

Сиыр мөңірейді:

Жылқы кісінейді:

Түйе боздайды:

Ешкі бақырады:

Саусақ жаттығуы: «Сорпаға тұз себейік».

Қорыту: Балалар, әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?

Қандай айырмашылық?





Тексеру:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 06.09.2018 жыл.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бағдарлама тарауы:Сурет салу

Тақырыбы: «Топ бөлмесі»

Мақасыты: сызықтарды тура сызуды, геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыруды, кеңістікті бағдарлауды үйрету;

Тазалыққа, шыдамдылыққа, достыққа тәрбиелеу;

«биік, аласа» деген ұғымдарыды қалыптастыру, қиялдарын дамыту.

Құрал-жабдық: ақ қағаз, үлгі, көрнекілік.

Билингвалдық компонент: балабақша-детский сад, төртбұрыш-четрыехугольник, үшбұрыш-треугольник, есік-дверь


Негізгі бөлім:

Балалар , аю ментышқан ренжіп отыр. Келіңдер оларға әдемі үй салып берейік. Қайсысына қандай үй салу керекпіз? Неге?

«Сиқырлы пішіндер» ойыны

Түрлі пішіндер мен жолақшалардан үй құрастыруды ұсынады.

Үлгі суретті көрсетіп, ретімен салғызады

«Балабақша бөлмесі» тақырыбына суретсалу технологиясы:


• Қағаздың сол жағына жоғарыдан төмен қарай сыза отырып тіктөртбұрыш, қағаздың оң жағына төменнен жоғары қарай сызып, текше саламыз;


• Үшбұрыш пішінімен балабақша төбелерін және терезелерін саламыз;


• Үйдің есігін кішкентай тікбұрышты пішін арқылы саламыз және суретті бояймыз.


Мақал

«туған үйдің түтіні жылы»

Мақалдың мағынасын түсіндіреді.


Қорыту: Дайын суреттерді көрмеге қояды. Аю мен тышқанға қаладағы сияқты көп балабақша бөлмесі салып бергендерін айтып, мадақтайды.




Тексерілді:












«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.


Күні:10.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Менің досым»

Мақсаты: 1.Достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

2.Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; 3.Бір – бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. Әдіс тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, дәптермен жұмыс, әңгімелеу. Көрнекіліктер, қажеттіқұралдар:дос балалардың суреттері, балалардың топтағы өз достары, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвалды компонент: дос-друг-Frend

Негі бөлім : Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балалардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту мақсатында «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтуды үсынады.

Дос болайық бәріміз

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Дос болайық дәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Әңгімелеу:

Тәрбиеші балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында балалардың түйген ойларын «Досты қалай табу туралы ертегісімен» жалғастырады.

Ертегіні тыңдап, талдау кезінде тәрбиеші дос адамдардың бір – біріне деген сыйластығы, жарасымы, татулығы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген тапсырма балаларға түсіндіру.

Ойын:

«Менің досым».

Қорыту:

-«Досты қалай табу»туралы ертегісі ұнады ма?

-Қалай ойлайсыңдар бұл баланың неге достары болмады?

-Дос табу үшін не істеу керек?

Достар қандай болулары керек?

-Жақсы дос деп кімді айта аламыз?


Тексеру:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 14.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Біреу көп

Мақсаты:

1. 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуғаүйрету;заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін

қалыптастырудыжалғастыру;

2. Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың усақ бұлшық еттерін дамыту;3.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Билингвалды компонент: фигура-фигура-figure, шаршы-квадрат-square, көлік-транспорт-transport.

Негізгі бөлім: Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жумысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде

ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

- Олар қандай фигуралардан құралған?

- Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беругеболама?

Педагог топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте).

- картиналарда ненің суреті салынған?

- Автобус нешеу? Трактор нешеуекен? Картинаданеше жүк көлігі бар?

- Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл – көлік)

- Көліктің басқа қандайтүрлерін білесіңдер? (Мотоцикл, велосипед т. б.)

—Мұнданеше автобус бар? (Біреу).

Трактор нешеу? (Біреу) және т.б.

Бүгін біз 1 санымен және цифрыментанысамыз. 1 туралыөлең оқып береді.

1-дің бейнесіне ұқсайтын суреттер

көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын бұл не?

Ол - кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

Дәптерлеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Олқандайцифрмен белгіленген? Санға қараңдар. Олтуралытақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралыбалаларбілетін 1-2 тақпақты айтады).

Қорыту: Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «Ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды. Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді.

- Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсіқандай?»

Әр баланы мадақтайды және устелдерініңүстін реттеулерін сұрайды.

Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:13.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ағаш бұтақтары

Мақсаты:

1.Терек бұталары жайлы түсінік бер, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, 2.Шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ- жауап, сурет салып көрсету.

Қолданатын көрнекі құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Билингвалды компонент: терек – тополь - poplar, бұта – куст – bush.

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері.

Педагог балаларға терек, үйеңкі, қайың жапырақтарын көрсетеді.

- Балалап, не көріп отырсыңдар? Жапырақтар қайда өседі? Дұрыс, ағаштың бұталары болады, осы бұталарда жапырақтар өседі.

- Балалар, бүгін сабағымызға ақ лақтың қатысқысы келеді. Рұқсат етесіңдер ме? Ол жапырақтарды қалай салатынын сендерден үйренсем деп келіпті. Төрлет, ақ лақ.

Балалар, қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағақты, ромб пішініне ұқсайды. Терек жапырағы шыққанша гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды.

(Педагог терек бұтасы үлгісін қағаз бетіне түсіріп, балаларға салу жолын көрсетеді, түсіндіреді.)

Терек бұталарын салу үшін қағаз бетіне, ең алдымен, үлкен бұтаны қалың сызықпен сызып алып аламыз, осы үлкен бұтадан тармақтап кішкентай бұталарды саламыз. Жапырақтарды қарындашпен әдемілеп, тегістеп бояймыз.

(Педагог балалар салып болған суреттерді жинап алып, тақтаға іледі.)

- Балалар, ақ лақ түсінді ме екен? Сұрайық. Бәрін мұқият тыңдап алыпты, келесі сабақта әдемі жапырақтар салып әкелемін деп уәде беріп отыр. Онда келесі сабақта сенің суретіңді күтеміз

Қорыту: Балаларға алдын ала дайындалған терек жапырақтары таратылып беріледі, педагог тақтаға ілінген әр баланың суретін жеке-жеке көрсетеді, қалған балалар ұнаған суретті көрсеткенде алдарындағы жапырақты көтереді, ең әдемі терек бұталары солай анықталады









Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:07.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Білімнің бұлағы» (Кел балалар оқылық!)

Мақсаты: Өлеңді жатқа айтуға үйрету;

Қазақстаннан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы

білімдерін қалыптастыру; Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер.

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз

Кіріспе бөлім

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!»өлеңімен танысамыз.

-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Өең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іземей-ақ табылар.

Кел балалар оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.

-Өлеңде не жайында айтылған?

-Өлеңде балаларды неге шақырады?

Сергіту сәті:

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.


Қорыту: Өлеңді жаттау.

Өнер мен білім туралы мақал-мәтелдер айту:

Оқумен құдық қазғандай.

Оқусыз білім жоқ.



Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:03.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Көшедегі үйлер»

Мақсаты:

Сөздік жұмысы: құрылысшы

Көрнеліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер, жалауша.

Билингвалды компонент: үйлер-дома;

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері

Балалар, бір-біріміен танысайық!

Балаларды шеңбрге тұрғызады. Топтағы бір баланың атын атап, жылы шыраймен шақырады да, қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рақметін айтады. Ол келесі баланы шақырып, оған жалаушаны береді. Осылайша шеңберде тұрған барлық баланың аты аталады.

Ғажайып сәт

Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді екен, қараңдаршы.

Педагог қолыңа ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді.

Қуыршақ:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Менің атым – Азамат. Мен құрылысшымын.

Маған үй салуға көмектесіңдерші.

Сөздік жұмысы: құрылысшы

Балалар шаттық шеңберіне тұрады

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерді ажырат».

мынау – үлкен төртбұрыш.

Мынау – кішкентай төртбұрыш.

Мынау – үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

- Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?

Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбрұштың түсі қандай?

Енді үй саламыз.

Ал енді жұмысқа кіресейік.

балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Балалар үйді құрастырып шығады

Қорыту: балаларды мадақтау.Жұмыстарын қарау.




Тексерілді:






«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:03.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: «Өзін –өзі тану » әлеміне саяхат.

Мақсаты: «Өзін –өзі тану» туралы алғашқы түсінік беру.

Міндеттері:

  • «Өзін –өзі тану» пәні туралы түсінік беру;

  • Өзін-өзі тануға қызғушылын ояту;

  • Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: «Өзін –өзі тану » әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, бөліктерге бөлінген қиынды жүрек пішіні, ойыншық жүрекшк.

Осы шеңберде бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлаймыз.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік!

Жарайсыңдар , балалар!.

«Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деген халық даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді

Мынау –менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау –менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

-Балалар,денелерін түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдарда болады. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа махаббатпен тыныштық толы таза ауаны тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер.



Қорытынды:Сабақты қорыту.Сұрақ-жауап









Тексерілді:








«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:05.09.2018 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сауат ашу мен жазу негіздері

Тақырыбы: «Сөз», «Дыбыс» терминдерімен, дыбыстардың негізгі топтарымен (дауысты және дауыссыз) таныстыру.

Мақсаты: Балаларды дыбыстарды анық жеткізе білуге үйрету;

Міндеттері:

«Сөз», «Дыбыс» терминдерімен таныстыра отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру;: дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін жаттықтыру.: Байқағыштыққа тәрбиелеу;

Қолданатын құралдар: дыбыстар бейнеленген суреттер, дәптерлер, қаламдар.

Сөздік жұмыс: сөз, буын;

Билингвалды компонент: сөз-слова, буын-слог;

Негізгі бөлім:

Бұл жұмыртқаның қандай ғажаптары бар екендігіне құштарлығын арттыру, олардың жұмыртқаны толық қарауына жағдай жасау.

(топтық жиын).

Жұмыртқадан әріптер шығады. Тәрбиеші тақтаға әріптерден сөз құрап балаларға дыбыстап айтқызады. «Сөз», «Дыбыс» терминдерімен таныстырып өтеді.

Бүгін біз дыбыстарға қонаққа барамыз. Олар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді екен. Ол үшін алдын-ала бізді мерекеге кіргізетін /а/, /ү/, /ә/,/с/, /х/, /ш/ дыбыстары бар сөздерді іріктеп алайық. Балаларға суреттер ұсынылады.

Дыбыстардың артикуляциясы /а/, /ү/ ә/,/с/, /х/, /ш/ дыбыстары сендердің бұл сөздерді қалай айтатындарың туралы әңгімелеп берулерінді сұрайды.

Дыбыстардың сипаттамасы: /а/, /ү/, /ә//дыбыстары – дауысты, с/, /х/, /ш/ дыбыстары – дауссыз

Дидактикалық ойын:

«Әнді ұстап ал». Дыбыстар: а,у,ә, у,ә,н,а, у, н,а,й,л,ұ, т.с.с

Тәрбиеші дыбыстардың таңбаларын көрсетіп, олардың қай қабатта, астында, үстінде ме сұрайды.

Қолды жазуға дайындауға арналған «Трамвай» жаттығуы. Қолды парақтың бетінен алмай және белгіленген жолақтан аспай сызық, жүргізуге (солдан оңға қарай жаттықтыру, парақтың түгелдей аумағында қос иреленген сызықтар (трамвайдың рельсі) бейнеленген.Үздіксіз сызықтар. Бұл сызықтар – трамвай жолдары. Тәрбиеші әр баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Қорыту: -Балалар бүгін біз сендрмен қандай тақырыпта сөйлестік?

-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ажырата аламыз ба?

Қатысқан балаларды мақтау.







Тексерілді:




«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:06.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: «ҚМҚН»

Бөлімі: «ҚМҚН

Тақырыбы: «Балабақшада».

Мақсаты:Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру; үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту; өмір қауіпсіздігоі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға бауылу.

Сөздік жұмысы: қауіпсіздік.

Бингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері- правила безопастности, жүгіруге болмайды – нельзя бегать, сөйлеуге болмайды – нельзя разговаривать.

Негізгі бөлім:

Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.

- Салеметсіңдер ме, балалар! Менің атым – Сақтаныш. Мен балабақшадада қатты жүгіріп , қолымды жарақаттап алдым.

- Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?

-Иә, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларғатап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.

-Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?

-Мына суреттерден тұрғандарыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Әртүрл жағдаяттарды шеш

-Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер.

Педагог апайларың күнде қайталайды, әр бір уақытта естеріңе салып отырады. Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін

-Балалар, бұл ережелерді тек балабақ- шада сақтау керек пе?

Сақтаныш педагогтың құлағына сыбырлайды.

-Балалар, Сақтаныш сендерге өлең оқып бергісі келіп тұр.

Ойна, балам, болмай алаң

Ештеңеден қауіптенбей.

Бала болғың жалындаған

Жайнап түссін, бейне гүлдей!

Қауіпсіздік ережесін

Барлық жерде, сақтай білгей!

Сергіту сәті.

Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, қоштасады.

Балалар Сақтанышпен амандасып, қолына не болғанын сұрайды.

Сабақтың қорытындысы:

Педагог балаларға «Сақтықта - қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды




Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні: 04.09.2018 жыл.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Балабақша бөлмесі» (желілі)

Мақсаты:

  • Балаларға ермексаздан бөлме мүсіндеуге үйрету. Балабақша бөлмесін қалай мүсіндеу шараларын меңгерту;

  • Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  • Балалардың қол моторикасын дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер, ермексаз.

Билингвалды компонент: балабақша-детский сад;

Негізгі бөлім:

Балалар біз бүгінгі күнімізді шеңберге тұрып, Көк аспанмен, Жер анамен, Алтын Күнмен, достарымызбен амандасып, жақсы тілек айтудан бастайық.

Тәрбиеші балаларды үстелге отырғызып әр балаға тақтайша таратып ермекмаз таратты.

  • Бүгін біз балалар балабақша бөлмесін мүсіндейміз.

  • Бөлмеде не бар екенін қараймыз. ..

Сергіту сәті айту

«Алақан»

Ұшты-ұшты ойынын ойнау

Аю және қоян жүрісін келтіру.

Қорытынды: Көрнекіліктерді ұйымдастыру







Тексерілді:



«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:08.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1. Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

2.Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту.

3.Еңбектеуге және арқан немесе гимнастикалық қабырғада өрмелеуге үйрету; гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.

Құрал жабдықтары: әрбір балаға 2 қарағай бүршіктері , 1- 2 гимнастикалық қабырға , 2 баған , жіп немесе таяқша , ойынға арналған кішкентай шығыршық.

Билингвалды компонент: секіру-прыгать;

Негізгі бөлім:

1.Қарағай бүршіктерімен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс. Екі жаққа созылған қолдардв жоғары көтеру-қолдарды түсіру.

Б.қ.: қолды кеуде тұсында бүгіп ұстап, етпетінен жату.Қолдарын алға созып, қарағай бүршіктерін педагогке көрсету; алға тік қарап , қарағай бүршіктерін иыққа қою. Дененің жоғары бөлігін қатты имеуге тырысу керек.

Б.қ.: қолды екі жанға қойып, шалқадан жату. Қол мен аяқты бір уақытта көтеру , қолды тобыққа тигізу, б.қ. оралу.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Қарағай бүршіктерін ұстап, бір орында тұрып секіру. Баяу жүру.

2.Еңбектеп жүру және доғаның астынан өту.

3. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.Педагог секіру әдістерін көрсетіп , түсіндіріп , секіре алмаған балаларға көмектеседі.

4. Гимнастикалық орындық үстінде кедергілерден (текшелерден) аттап жүру (түсіндіру, көрсету).

5. «Мысық пен торғайлар» қимыл қозғалыс ойыны.

Шарты: «Мысық» залдың шетінде ұйықтап жатады. «Торғайлар» зал ішінде дән шоқып , секектеп жүреді.Педагогтің белгісі бойынша «мысық» оянып, «торғайларды» ұстайды.

Жаттығуларды педагогпен бірге орындайды.

Әрбір жаттығуды 6-8 рет қайталайды.

Балалар жаттығуды бірінен кейін бірі 2-3 реттен орындайды.

Еңбектеу және доғаның астынан өту кезінде бір-біріне кедергі жасамау керек.

Әрбір бала ұзындыққа 2-3 реттен секіреді

Қорытынды: Еденде жатқан жіптің үстімен қалай жүру керектігін түсіндіреді, көрсетеді.

Педагогтің артынан еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру

Сабақты қорытындау.Сұрақ-жауап.



Тексерілді:









«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:08.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: «Өз ата-анасының еңбегі».

Мақсаты: «Өзін –өзі тану» туралы алғашқы түсінік беру.

Міндеттері:

  • «Өзін –өзі тану» пәні туралы түсінік беру;

  • Өзін-өзі тануға қызғушылын ояту;

  • Өз ата-анасының еңбегі білу

  • Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу;

Негізгі бөлім:

балалар мында қараңдар арбада кішкентай бала жатыр

Аты Айнаш

Ол біздің көршінің қызы

Мамасы дүкенге кетті

Келгенше біз қарай тұрамыз

Балалар кішкентай Айнашқа қуана қарауға келіседі

Айнашты қолдарына ұстап көреді

Ұйымдасырушылық ізденіс

Организационно-поисковый

Балалар қайсыларыңның бөпелерің бар?

Сендер бөпелеріңді бағасыңдар ма?

Бөпелерің жыламау үшін қалай ойнатасыңдар?

Сендер бөпелеріңді ренжітесіңдер ме?

Ойыншықтарыңмен бөлісесіңдер ме?

Отбасында сендер тату сыңдар ма?

Сергіту сәті: "Санамақ"


Қорытынды:Сабақты қорыту.Сұрақ-жауап





Тексерілді:




«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:09.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Денешынықтыру

Тақырыбы: « кедір –бұдыр тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру»

Мақсаты: Тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,үлгі

Көрнекіліктер: тақтай

Билингвалды компонент: жүру-ходить;

Негізгі бөлім:

Ал, балалар, келіңдер!

Сапқа тұрамыз бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Шынығамыз бәріміз!

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар,

Тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру үйренеміз

Қане, балалар, қоянмен бірге қимыл қайталайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді.

Қорытынды: Қонаққа не келді?

Сабақта нені үйрендік?

Қандай ойыншықтар қонаққа келді?





Тексерілді:













«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 09.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)

Мақсаты: ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету. «Г» «к» дыбыстарымен таныстыру: балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту; баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, демонстрациялық құрал. Сөздік жұмыс: оймақтай. Билингвальды компонент: немере-внук, әже-бабаушка, тауық-курица,шелек-ведро.

Негізгі бөлім:

Жұмбақ жасырады: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.

Алуан түсті аңқыған иісті,

Қырларда олар жаңбырмен өсті.

Жұмбақты тыңдап жауабын айтады.Күн.Гүл.

Бүгін «күн», «гүл» сөздерінің басында тұрған дыбыстармен танысамыз.

- «Күн» сөзі қандай дыбыстан басталады? - «Гүл» сөзі ше?

Бәріміз бірге бірге «күн», «гүл» деп айтайықшы

Дыбыстардың айтылу артикуляциясын көрсетіп түсіндіреді. Бұл екі дыбыста дауыссыз дыбыс, бір біріне ағайынды дыбыстар. –«Г», «к» дыбыстарынан басталатын сөздер айтындаршы.

Мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұрғаның айтыңдаршы. Гүлім, көгім, гүріл, жүгір.

Көлік, көк, өрік ,кесе, кесте.

Сергіту сәті: Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.

-Балаларға орыс халқының «Қорыққанға қос көрінді» ертегісін оқиды.

Қорыққанға қос көрінеді.

Баяғыда әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін тауық және пештін астын мекендейтін тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек, немересінің қолында кішірек шелек, тауықта қиярдың үлкендігіндей, тышқанда оймақтай шелек бар екен. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан,тауық шалшықтан, тышқан торайдың тұяғы кірген жерден алады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп-шолп етеді екен Жол бойындағы бақшада самсап алма ағашы өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын. Оның астында қоян отыратын, бір жолы суға барып қайтып келе жатқанда жел соғып алма ағашының бұтағынан бір алма түсіп қоянның басына тиеді. Қоян ытқып жөнеліп су әкеле жатқандардың аяғына оралады. Сушылар үрейлері ұшып үйлеріне қашады. Әжесі сәкіге құлай кетеді, немересі әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пеш астындағы інге тығылады. Әжесі: «Ойпырмай! Аюдың мені таптап кете жаздағаны ай»-деп сарнайды. Немересі: «Әже бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!» –деп жылайды. Тауық: «Қыт-қыт-қыт!Түлкі мені андып жүр екен, жеп қоя жаздады!»- дейді. Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу мысықтың урейімді ұшырғаны, жаным шығып кете жаздады!»- дейді. Ал бұл кезде зытып орманға келген қоян. «Басыма мұндай қауіп төнбес. Төрт бірдей аңшы соныма түсіп, бәрінің де иті бар зорға қашып құтылып кеттім ау!» -деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дидактикалық ойын:

Қорытынды:Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қорыққанда көзіне әр нәрсе елестейтінің білдіңдер. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.

Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады


Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:09.09.2018 жыл.

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы:Күзгі жапырақ

Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,жапырақты мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күздің,жапырақтың суреті.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Билингвалды компонент: Күз-осень

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзе дала қандай түске боянады?

-Ендеше біз ермексаздан күзгі жапырақты мүсіндеуді үйренеміз!

V Жаңа сабақ

Өлең: Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

-Ермексазбен күзгі жапырақтарды мүсіндеу жолын түсіндіру.

Сергіту сәті: Отырып ақ орнында,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егерде,

Былай ескек есейін

VI Пысықтау

-Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске өзгереді?

-Шіріген жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?


VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен жапырақтың мүсінін жасайды.

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.






Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:10.09.2018 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сауат ашу мен жазу негіздері

Тақырыбы: « «Н»дыбысы және әріпімен таныстыріу»

Мақсаты:  «Н» дауыссыз дыбысы және «Н» әрпімен таныстыру. Дауыссыз дыбыстарды дыбыстармен үндестіре буындарды оқуға үйрету: На, Нә. «Нан», «Нар», «Анар», «Нәресте», «Шана» сөздеріне дыбыстық талдау жасату. «Нан», «Нар» сөздерін оқуға машықтандыру. «Н» әрпін таңбалату. Суреттен сөйлем құрастыру. Сөйлемді схема түрінде көрсету іскерліктерін арттыру.

Д/о: «Эстафета» (әр бала бір-бір сөзден ойлайды.)

Көрнекіліктер: «Н» дыбысына байланысты суреттер, «Н» әрпінің макеті, манка, жүгері ұнтағы, асбұршақ, сулы құм, рожки. Әріптер: А, О, М, Т. текшелер, игровизор, геовизор

Билингвалды компонент: дыбыс-звук; әріп-буквы;

Негізгі бөлім:

алалар орындарына жайғасады, топқа қонақ келеді.

-Балалар бүгін бізге қонақа «Н» дыбысы келіпті.

«Н» дыбысының балалар достары жоқ, біз сендермен «Н» дыбысын басқа әріптермен таныстырсақ қалай қарайсыңдар? Таныстырайық па? Онда біз сендермен бүгін «Н» дыбысын «Әріптер еліне саяхатқа» апарып, басқа әріптермен таныстырамыз.

Балалар келген қонақпен амандасады.

«Н» қарастырады.

-Таныстырайық.

Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.

Ұйымдастырушылық ізденісі

-Ендеше, балалар бүгін біз сендермен «Н» дыбысы мен танысамыз.

«Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.

-«Н» дыбысы балалар дауыссыз дыбыс.

-Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

«Н дыбысы» сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

-Балалар ал, енді біз сендермен қазір «Н» дыбысының жазылуын үйренеміз.

-«Н» дыбысын ауада жазып көрейік.

- Сендерге мынадай тапсырма беремін, «Н» дыбысын әр түрлі табиғи материалдардан жазып көріңдер. Үстел үстінде манка, жүгері ұнтағы, асбұршақ (фасоль), макарон өнімі, сулы құм материалдары дайын тұр, әрқайсың немен жазғыларың келеді соны тандаңдар.

-Енді балалар біз сендермен «Н» әрпін «Әріптер еліне» алып барайық.

1 тапсырма: Геовизормен «Н» әрпін белгілеу. «Н» әрпін «А» әрпімен таныстырайық. «А» әрпінің тапсырмасы бар.

-Ал, балалар енді «Н» әрпін жазамыз. Орындарымызға отырамыз, алдарыңда геовизор жатыр, қазір біз «Н» әрпін мына карточкадағы белгілерге қарап нүктелерді белгілейміз, қағазға жазамыз

- Тапсырманы орындадық, ары қарай «Н» әрпін таныстыру.

2 тапсырма: «Н әрпіне дыбыстық талдау жаса»

-Алдарыңда суреттер бар, бос тор көзге текшелерді қойындар.

-Қандай сурет көріп тұрсындар?

Текшелерді қояды.

-Нар сөзінде «Н» дыбысы қай жерде тұр?

-Енді дыбыстарды әріптерге ауыстырамыз.

Барлығы дыбыстық талдауды орныдайды

Қорытынды:

. -Балалар біз қандай әріппен таныстық?

-«Н» қандай дыбыс?

-Біз «Н» дыбысына қалай көмектестік?

Н» әрпімен таныстық.

-Дауыссыз дыбыс.

-Біз «Н» әрпіне достар тауып бердік





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:10.09.2018 ж.

Білім беру саласы«Әлеуметтік орта»

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Жанұя»

Мақсаты:балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Отбасындағы әрбір жанның өз орны бар екенін түсіндіру.Туыстарға құрметпен қарауға, оларды сыйлауға тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер.

Дидактикалық ойындар, отбасылық суреттер, слайдтар, қима суреттер, шар,желімдер,жылжымалы тақта,видео проектор.

Билингвалды компонент:Ата,Дедушка ,Grandfather, Әже,Бабушка,Grandmоther, Әке,Папа,Father, Ана,Мама,Моther , Үй – Дом - House

Негізгі бөлім:

Баларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Қонақтармен сәлемдестіру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан!

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға үшбұрыш және төртбұрышты көрсету , олардан қандай пішін екенін және түстерін сұрау.

Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.

Ойын: " Мынау кім?"

Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.

Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, отбасы мүшесін 3 тілде атау.

Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көретін, ақ сақалды, кісіні кім дейміз?

(Ата,Дедушка ,Grandfather)

Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды.

Қорыту: сабақты қорыту.Сұрақ-жауап.




Текскрген:










«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 11.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1. Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

2.Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту.

3.Еңбектеуге және арқан немесе гимнастикалық қабырғада өрмелеуге үйрету; гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.

Құрал жабдықтары: әрбір балаға 2 қарағай бүршіктері , 1- 2 гимнастикалық қабырға , 2 баған , жіп немесе таяқша , ойынға арналған кішкентай шығыршық.

Билингвалды компонент:Секіру-прыгать;

Негізгі бөлім:

1.Жүруді шашырап жүгірумен алмастыруды түсіндіру.

2. Педагогтің белгі беруі бойынша қысқа және терең дем жасап бір қатар тізбекпен жүру.

Қолдар әртүрлі қалыпта болады.

1.Қарағай бүршіктерімен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс. Екі жаққа созылған қолдардв жоғары көтеру-қолдарды түсіру.

Б.қ.: қолды кеуде тұсында бүгіп ұстап, етпетінен жату.Қолдарын алға созып, қарағай бүршіктерін педагогке көрсету; алға тік қарап , қарағай бүршіктерін иыққа қою. Дененің жоғары бөлігін қатты имеуге тырысу керек.

Б.қ.: қолды екі жанға қойып, шалқадан жату. Қол мен аяқты бір уақытта көтеру , қолды тобыққа тигізу, б.қ. оралу.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Қарағай бүршіктерін ұстап, бір орында тұрып секіру. Баяу жүру.

2.Еңбектеп жүру және доғаның астынан өту.

3. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.Педагог секіру әдістерін көрсетіп , түсіндіріп , секіре алмаған балаларға көмектеседі.

4. Гимнастикалық орындық үстінде кедергілерден (текшелерден) аттап жүру (түсіндіру, көрсету).

5. «Мысық пен торғайлар» қимыл қозғалыс ойыны.

Шарты: «Мысық» залдың шетінде ұйықтап жатады. «Торғайлар» зал ішінде дән шоқып , секектеп жүреді.Педагогтің белгісі бойынша «мысық» оянып, «торғайларды» ұстайды.

Жаттығуларды педагогпен бірге орындайды.

Әрбір жаттығуды 6-8 рет қайталайды.

Балалар жаттығуды бірінен кейін бірі 2-3 реттен орындайды.

Еңбектеу және доғаның астынан өту кезінде бір-біріне кедергі жасамау керек.

Әрбір бала ұзындыққа 2-3 реттен секіреді

Педагогтің нұсқауы бойынша тапсырманы орындайды.


Қорытынды: сұрақ-жауап





Тексерілді:





«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:11.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Таным

Бөлме:Жаратылыстану.

Тақырыбы:Адамдардың күз мезгіліндегі еңбегі

Мақсаты:Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру.Ауылдағы адам еңбекпен ,қаладағы адам еңбегінің бір біріне қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін айыра білуге тәрбиелеу

Билинагвальдық компонет : адам-человек,еңбек –труд,ауылшаруашылық*сельское хозяйство.

Көрнекіліктер: карточкалар,суреттер.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,ойындар

Негізгі бөлім:

Балалар бүгіні сабағымызды мақалмен бастайық

Мақал.:Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарының тілінбей.

-Мақалдың мағанасы қандай?

-Біздің әңгімеміз ауылдағы адам еңбегі туралы болмақ.

-Ауылда қандай еңбек түрлері бар?

-Ауылдағы адам еңбегімен қаладағы адам еңбегінің айырмашылығы мен ұқсастығы бар

Егістік даласыдағы жұмыс:Егішінің көктем жаз,күз,қыс мезгіліндегі еңбек әңгімелейді.

Қошы бейнеленген сурет бойынша шопанның еңбегін, келтіре пайдасы,маңызы түсіндірледі

осылайша мақтанышың еңбегі туралы

Сергіту сәті: Тышқан шығып інінен

Жем іздейді түнімен.

Қарны ашқаның қалай

Жеткізеді үнімен?




Қорытынды: Жақсы жауап берген балаларды мадақта













Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.







Күні:12.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғатта қандай өзгерістер бөлды»

Мақсаты: Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атау, күз мезгілінің құбаластарын ажырата білуге үйрету, танымдық қызығушылықтарын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: піскен жемістер мен жауын-шашынның суреттері

Билингвалды компонент: күзгі-осенний, ағаш-дерево, табиғат-природа,

Негізгі бөлім: -Балалар бізге Күз патшасы келді қонаққа. Неге ол ұйықтап жатыр? Мүмкін Күз патшасын біреу сиқырлап тастады ма? Қане оятып көрейікші.

-Мен сендерге жұмбақ жасырайын, мүмкін сонда күз патшасы оянар?

Жұмбақтар

Қол аяғы жоқ,

Анда-мұнда барады. (жел)

-Жоқ балалар оянбады, мүмкін ойын, суреттер бізге көмектесер?

Сурет бойынша әңгіме.

«Ағаштарды тап» д/ойыны

С/сәті:

Ағаштағы жапырақты,

Күзгі суық қалтыратты,

Жаңбыр жауып , жел кептіріп

Сап -сары етеіп жалтыратты

Дөңелетті айналдырды

Қондырды даа жер бетіне

Жөндеріне жай қалдырды

Күз келеді, оған жинаған жапырақтарын береді. Күз рахметін айтады.

Жұмбақ: Жазда өседі, Күзде түседі

«Кім тапқыр?» д/ойыны

Шығармашылық сәт. Балаларға күз туралы тақпақтарын айтып береді.

«рахметін, балалар. Орамнға қонаққа келіңдер. Күтемін» деп, кетеді.

Қорыту: Балалардың еңбегін бағалап, мадақтайды










Тексерілді:





«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 18.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым

Мақсаты: 1.Ойыншықтардың суретіне қарап әңгіме құрастыра білуге, «д», «т» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету; 2.Тілдерін дамыту; 3.Ойыншықтарды бөлісіп, ұжыммен ойнауға тәрбиелеу. Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма орындау, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі құрал: түрлі ойыншықтар суреті, жұмыс дәптері.

Билингвалды компонент: ойыншық – игрушка-toys, тарақ – расческа-comb, доп – мяч-ball, ұжым — коллектив-collective.

Негізгі бөлім: Педагог балаларға ойын бөлмесіне, ойын

бұрышына саяхат жасатады.

— Балалар, мына көріп тұргандарың —

«Шаштараз бұрышы», ал мына ақ халат, жедел жәрдем, дәрі-дәрмек, ине, барометр, кеуде тыңдағыш тұрған бұрыш қалай аталады?

- Иә, дұрыс айтасындар.

- Ал ыдыстар, жапқыштар тұрған бұрыш калай аталады?

- Көліктер, жол белгілері, бағдаршам тұрған бұрыш қалай аталады?

- Міне, сендер ойын бұрышындағы түрлі ойыншықтармен таныстыңдар.

- Балалар, сендер ойын оөлмесінен қандай ойыншықтарды көрдіндер?

- Ойыншықтар неден жасалған екен?

- Ойыншықтардың түстері кандай?

Ойын бұрышында көрген доп «д» дыбысынан басталады. Ал шаштараз бұрышындагы тарақтар «т» дыбысынан басталып тұр..

Педагог осы дыбыстарды айнаға карап айтқызады. (Үш дауыста айтқызады).

- Екі дыбыс та - дауыссыз дыбыстар.

Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляция-сын түсіндірсді.

- Енді ойыншықтар арасынан ұнаган ойыншықтарынды алып, сол туралы әңгіме құрап, суретгеп беріндер.

- Тағы да кім кандай ойыншықты ұнатады.

- Иә дұрыс, өте жаксы суреттеп әңгіме құрадындар. Педагог 4-5 балага суреттеп әңгіме құрастыртады.

- Сергіту сәті:

(Сергіту жаттығуларын А.Менжанованын «Сылдырмакпен би» өлеңімен жасатуга болады).

Қолымызда сылдырмак.

Сылдыр, сылдыр етеді.

Қорыту: - Қайда саяхат жасадыңдар?

- Балалар, сендер бүгін нені суреттедіңдер?

- Қандай дыбыстармен таныстыңдар?



Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:18.09.2018 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бағдарлама тарауы: «Мүсіндеу».

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым».

Мақсаты:

Сүікті ойыншығын өз қолымен мүсіндеуге

Адамның фигурасын конустан (қыздың) әдісті күрделендіріп илеуді бекіту;

Көлеміне қарай бөліктің қатысып түсінуге, жасандыны көлденең орналастыра, оған орнықтылықты бере білуге үйрету;

Иленетін фигураның қимылын шағын қолы мен аяқтарын өзгерту арқылы бере білуді көрсету.

Құрал-жабдық: пластилин, істіктер, тақтайшалар

Билингвалды компонент:ойыншық-ирушки;қуыршақ-куклый;

Негізгі бөлім: Иленген адамдардың фигураларының қимылын көрсетеді. Тәрбиеші оларды «жандандыруды» ұсынады да, билап тұрған бейнелерін бере білуді ұсынады.

- Бүгін сендермен Айсұлу қыздың бейнесіне илейміз, ол билегенді ұнатады екен. Конус форманы көрсетеді. Балаларға қалай қызды қысқа көйлекте ме, қандай түрде илеуге болады,- деп сұрайды.

Тәрбиеші конусқа көйлекті қос валиктерді –қолы мен аяқтарын, басын дөңгелек етіп бекітеді. Қыздың фигурасын илеуді ұсынады.

Балалар фиураны қалай илегеннен соң, тәрбиеші көрсетуді ұсынады.

- Бұл фигуралар не істей біледі деп,-сұрайды. Қолдарын көтереді, қоя біледі, аяқтарын көтереді, билеу үшін.

Өлеңді оқу.

Қуыршақ Айсұлу билейді,

Айсұлу қолымен бұлғап.

Айсұлу өлең айтады.

Іске кірісіп:

Барлық ойыншықтарды жинап,

Есік алдын сыпырып,

Диванға отырып,

Қайтадан өлең айтты.

Сергіту сәті:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киміміз,

Өзіміз жуып аламыз.

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.

Дидактикалық ойын:

«Несімен ұқсас»

Қорыту:

- Балалар бүгін не жасадық?

- Ал, сендер қалай ойлайсыңдар біздің биші айсұлу қуыршағымыз құлап қалмайды ма?

Балалардың жұмыстарына ризашылықтарын білдіреді.

Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:20.09.2018 ж.

Білім беру саласы: ҚМҚН

Бөлім: ҚМҚН

Тақырыбы: «Мен кіммін? Адамның денесі.»

Мақсаты:

1. Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу.

2. Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алдан сақтануға үйрету.

3. Балаларды денелерін сақтап жүруге тәрбиелеу

Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, жұмыс дәптер, суреттерӘдіс – тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, түсіндіру.

Билингвалды компонент:адамның денесі - тела человека - bodyofman

Негізгі бөлім: Әңгімелесу.

Ол жер бетінде ең ақылды, ең күшті. (Адам).

Педагог балалардың бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар екенін айтуды ұсынады.

Балалар шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтары бар екенін, әркімнің қайталанбас дара тұлға екендігін әңгімелейді.

Адам – табиғаттың ең керемет жаратылысы. Адам өз өмірін, денсаулығын сақтау керек.

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Адам – дені сау, мықты, күшті, яғни бақытты болу үшін өмірге келген.

Әр адам өзі туралы, өзінің қандай екенін, денсаулығын қалай нығайту керек екенін білуге тырысады.

Дидактикалық ойын: «Адамның денесін құрастыру».

«Ғажайып түс» ертегісі. Оқу. Талдау.

Бірде Арман түс көреді, түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам адам ещтеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жақа кім бұрар еді, - деді мойын.

Осы кезде дауға Қол араласты:

-Білесіңдер ме, достар, егер мен болмасам жүкті ары-брі тасу, тамақты дайындау, кірді жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да өте қиын болар еді.

Көп ойланып, Кеуденің де шыдамы кетті:

Қорыту:

Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

Адам өз өмірін қорғауы керек.

Өз дене мүшелерін білу, күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғыл қара!






Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні: 21.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым» (өлеңді жаттау) Мақсаты: 1.Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» өлеңін оқи отырып, сөздердің мағаналарын түсіндіру. 2.Өлеңнің мазмұнын айтқызу арқылы ойыншыққа деген қамқорлық, сүйіспеншілік, аяушылық сезімін ояту. 3.Ойншықты күтіп ұстауға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, мәнерлеп оқып беру, әңгімелеу, қайталату, сұрақ-жауап Көрнекіліктер қажетті құралдар:ойыншық түрлері, ойыншықпен ойнап жатқан балалар суреті, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвалды компонент: ойыншықтар-игрушки-Toys; құлыншақ- жеребенок

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, жылы лебіздерін білдіру.

Кіріспе әңгіме:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:

Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай жатады.

Ол не?

-Доппен біз ойнаймыз. Қуыршақ,

Машина оларда ойыншыққа жатады.

-Балалар, бүгін ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» өлеңімен танысамыз.

Жүрмейсіңбе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап, Ақсап қапсың, құлыншақ.

Сөздік жұмыс:

Құлыншақ-жылқының төлі. Қатты шапқылағанда аяғын немесе бір жерін жарақаттап алуды ұрыншақ деп айтады

Сергіту сәті:

-Ойыншық туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Қорыту:

-Өзің жақсы көріп ойнайтын ойыншықтарыңды ата.


Тексерілді:









«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 19.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Сөз. Сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.«А» дыбысы және әрпі.

Мақсаты:

1.Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру; Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.

2.«А» дыбысымен және әрпімен таныстыру, танып-білуге деген қызыгушылықтарын дамыту;

3.Ұкыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, тапсырма орындау, ойын, әңгімелеу, сұрақ –жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, Астана каласының көрікті жерлерінің суреттері.

Билингвалды компонент: сөз – слово – word, үй – дом-house, кітапхана – библиотека- library, қала – город- city, town.

Негізгі бөлім: Балалар, казір мен бір сөз айтамын. Мысалы: «сиыр», енді сендер бір сөзден айтыңдар. Ал шатасып кетпес үшін мына стақанға бір сөз айтқан сайын бір қарындаштан салып отырайық. Мен «сиыр» сөзін айттым, бір қарындаш салайын. Тағы да кім сөз айтады?

Ең соңында қарлығаштарды санап, педагог қорытынды жасайды.

- Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

- Сендер байқадындар ма, кейбір сөз ұзак дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады.

Мына екі сөзді тындандар: үй және кітапхана. Осы сөздердің қайсысы ұзак, ал қайсысы қысқа айтылады?

- Біз ол сезді өлшеп көрсетейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріңдер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарыңды аша бастайсындар. Ал дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар ( Бұл жаттыгу 2-3 баламен жекелеп жүргізіледі, 6-8 сөз айтылады)..

Ыммен түсіндіру - сөзсіз түсіндіру.

Сергіту жаттығуы:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туган өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Ңеткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

(Ө.Турманжанов)

Қорыту: Педагог жұмбақ жасырады.

Күн нұрын шашкан асқардан,

Алатау - алып тас қорған.

Бас қала аты - Астана,

Қай әріптен басталган?«А» дыбысы дауысты ма, дауыссыз

Бар?- Бір-бірімізді түсіну үшін не айта-мыз?

- Сөздер қандай болады?


Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.








Күні: 19.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным.

Білім беру бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Атобус.

Мақсаты:

1. Қос бүктеу тәсілі арқылы авто¬бус жасай білуге үйрету.

2. Қиып, жапсыру дағдыларынқалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, құрастырып көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Көрнекі суреттер, түрлі түсті картон қағаздар, қайшы, желім, түрлі түсті жұқа қағаздар.

Билингвалды компонент: Автобус – Автобус- Abtobus

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері

Педагог балалардан көлік түрлерін сұрайды; суреттерін көрсетіп әңгамелетеді;

жұмбақ: «Үш көзді батыр, жолды андып жатыр». Балалар, сендер машина жайлы тақпақ немесе өлең жолдарын білесіңдер ме? Қандай көңілді ән, олай болса біз сендермен қазір осы әнге сәйкес көңілді жолаушыларымызға көңілді автобус құрастырайық.

Үлгі бойынша талдау жасайды.

Қатты қағазды пайдалануға бағыт береді, орындалу ретін түсіндіреді;

- автобустың бөліктеріне сәйкес қалай құрастыру керектігін қайталап сұрайды, жұмыс барысын¬да балаларға бағыт беріп, көмек көрсетеді.

Педагог балаларға суреттер көрсетеді.


Қорытынды: Балалардың жасаган автобус-тарын өздерімен бірге талдау жасап, қорытындылайды, жақсы жасалған жұмыстар мадақта- лады.













Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 21.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 1 саны және цифры.

Мақсаты:

1. 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуғаүйрету;заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін

қалыптастырудыжалғастыру;

2. Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың усақ бұлшық еттерін дамыту;

3.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Билингвалды компонент: фигура-фигура-figure, шаршы-квадрат-square, көлік-транспорт-transport.

Негізгі бөлім: Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жумысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде

ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

- Олар қандай фигуралардан құралған?

- Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беругеболама?

Педагог топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте).

- картиналарда ненің суреті салынған?

- Автобус нешеу? Трактор нешеуекен? Картинаданеше жүк көлігі бар?

- Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл – көлік)

- Көліктің басқа қандайтүрлерін білесіңдер? (Мотоцикл, велосипед т. б.)

—Мұнданеше автобус бар? (Біреу).

Трактор нешеу? (Біреу) және т.б.

Бүгін біз 1 санымен және цифрыментанысамыз. 1 туралыөлең оқып береді.

1-дің бейнесіне ұқсайтын суреттер

көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын бұл не?

Ол - кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

Дәптерлеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Олқандайцифрмен белгіленген? Санға қараңдар. Олтуралытақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралыбалаларбілетін 1-2 тақпақты айтады).

Қорыту: Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсіқандай?»

Әр баланы мадақтайды және устелдерініңүстін реттеулерін сұрайды




Тексерілді:



«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні: 20.09.2018 ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: «Менің доптарым»

Мақсаты: Дөңгелек пішінді доптың суретін үзік сызықтармен әшекейлеуді үйрету.

Суретті қылқаламмен салу және бояу тәсілдерін меңгерту.

Шыдамдылыққа, сыйласымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Құрал жабдық: бояу, қылқалам, политра, ақ қағаз, сүлгі.үлгі сурет

Билингвалды компонент: сүйікті-любимый,ойыншық-игрушка, қоян-заяц, дөңглек-круг

Негізгі бөлім: Жылулық шеңбері:

«Сүйікті ойыншығым» ойыны

Ойыншықтарды тізіп қойып, әр балаға сүйікті ойыншығын көрсетіп, әңгімелеуді ұсынады.

Үлгі суретті көрсетіп, ретімен салғызады. Доптың суретін салу технологиясы:

Дөңгелек пішіндерді салу,

Дөңгелектің үстінен түрлі сызықтар сызу.

Сергіту сәті:

Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп,

Жапырақты жамылып

Жата қалды көбелек

• Суреттерді боятады.

Мақал

«екі қолың ойнаса

Бақыт емей немене?!»

Қорыту: Дайын суреттерді көрмеге қояды.

Мадақтау





Тексерілді:















«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 24.09.2018 ж.

Білім. беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Мақсаты:

1.Балалардың геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тіктөртбүрыш, сопақша) қию әдістерін меңгеру дәрежесін арттыру; кеңістікте орналастыра білуге үйрету;

2.Баланың ой-қиялын дамыту; қол, саусақ қимылдарын жетілдіру;

3.Табиғат әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, жапсырып көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: желім, қайшы, үлестірмелі материалдар, ТОҚ (№1,2,3 слайд) екі себет, муляждар.

Билингвалды компонент:саңырауқұлақтар – грибы - mushrooms, себет – корзина - basket.

Негізгі бөлім: Педагог оқу іс-әрекетін В.Сутеевтің

«Саңырауқұлақ саясында» шағын ертегісін рөлдік еске түсіру бойынша бастайды.

- Балалар, ертегіден білгеніміздей,

саңырауқұлақтар жаңбырдан соң

қаулап шығады екен.

№ 1,2 слайд арқылы саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру, атаулары бойынша сөздік жұмысын жүргізу (қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, жерқұлақ, қалпақшалы саңырау-құлақ). Сондай-ақ саңырауқұлақтар-дың әдемі болғанымен улылары да болатындығын естеріне түсіру.

Педагог жұмыс барысында жеке-леген балаларға көмектеседі. Педагог балалардың назарын 11-беттегі сюжетті суретке аударып, сюжетті немен толықтыруға болатынын сұрайды.

- Онда саңырауқұлактар жасауга кірісейік.

12-беттегі саңыраукұлактардың қалпақтары мен сабақтарын қиюды тапсырады.

Сергіту сәті. «Саңырауқұлақ» саусақ ойыны.

Полингвалды компонент: саңырауқұлақтар – грибы - mushrooms, себет – корзина - basket.

- Балалар, 11-беттегі сюжетті суретке қиып алған санырауқұлактардың екі бөлшегін үлгіге қарап, бір-біріне қосып, әдемілеп жапсырамыз. Педагог балалардың желімді дұрыс пайдалануын қадағалайды.

- Міне, балалар, бүгінгі іс-әрекетімізде көлемі әртүрлі саңырау-құлаңтарды жапсырдық. Енді, қанша саңырауқұлақ жапсырғанымызды санап көрейік.

2-3 баланың жапсырған жұмысын тақтаға ілгізіп санату.

2 себет пен саңырауқұлақтардың муляжын пайдалана отырып, «Кім себетке көп саңырауқұлақ жинайды?» дидактикалық ойынын ойнатып сана¬ту, «көп», «аз» ұғымын бекіту.

Қорыту: Педагог балалардың жұмысын мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытын-дылайды.









Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:28.09.2018 ж..

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 2саны мен цифры.

Мақсаты:

1. «Заттар жұбы» туралы түсінік беру, заттарды жұптастырып, оларға сипаттама беруді үйрету; жұп заттың санын білдіретін 2 цифрымен таныстыру; 2цифрын жазуды үйрету; «сан» және «цифр» терминдерін ажыратабілуге үйрету; заттарды санау, олардың атаулары мен ретін анықтау, сандарды жазу дағдысын бекіту;

2. Логикалық ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту;

3.Бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Билингвалды компонент:екі – два-two, вагон – вагон-carriage, аңдар –звери-will understand essence

Негізгі бөлім: - Балалар, сиқырлы паровозга мінейік (9-кесте). Тапсырмабойын-ша вагондарға ертегі кейіпкерлерін терезе санына қарай отырғызуымыз қажет (педагог өз қалауы бойынша іріктеп алалы). Педагог тақтаға паровоз бен бірнеше вагонның (3-5 вагон) суретін жапсырады.

- Біз паровозга неше вагон тіркедік? Әр вагонды таяқшамен көрсетіп, балалармен бірге дауыстап санайды. Содан соң балаларға айтады:

- Кәне, балалар, енді терезелерді санаймыз: бір, екі. Келесі вагонның терезелерін санайық: бір, екі және т.б. Әр вагонда 2 терезе немесе қос терезе бар. 2-еуден тұрган заттарды іздейік.

- Балалар, біздің неше қолымыз, неше аяғымыз бар? Көзіміз, құлағымыз нешеу? Біз екі затты жұп зат деп атаймыз. Мысалы, бір жұп қолғап,бір жұл аяқ-киім және т.б.

Сонда бір жұп затты қандай санмен белгілейміз (екі санымен)? Цифрды тақтадан немесе дәптерден көрсе-теді. 2 цифры туралы өлең оқиды. Айдын көлдің бетінде

Мойнын иіп жүзгенде,

Бұл аққу ма, «2» ме?

Деп қаламыз біз кейде.

- Дәптерімізді ашып, 1 -тапсырманы орындаймыз. Қоңыз нешеу екен, балалар? (2 немесе жұп).

Көрсетілген бағыт сызығы бойынша саусақпен басып жазамыз: бірінші дөнгелек сызықты оңнан солға қарай сызамыз. Содан соң көлбеу сызықты жоғарыдан төмен қарай және көлденең сызықты оңга қарай сызамыз. Егер балалар «көлденең және көлбеу» деген сөздерді білмейтін болса, сызатын бағытты ауаға немесе тақтага сызып көрсетіңіз. Цифр дегеннің санның таңбасы екенін ұгындыру.

Қорыту: Ертегі кейіпкерлерін шығарып салып, оларға жаңа сан мен цифрды үйренуге көмектескені үшін алғыс білдіреді. Балалардан қандай санмен және цифрмен танысқанын сұрайды. - Қоштасарда кейіпкерлерімізге не үйренгенімізді көрсетейік. Кәне, 3-тапсырманы орындайык: әр топтағы заттардан тек 2-еуін ғана бояймыз. Балаларға рақмет айтады және үстелдің үстін реттеуді сұрайды. Балалар бір-біріне алғыс білдіреді.





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:24.09.2018 ж.

Бөлімі: Өзін - өзі тану

Тақырыбы: «Менің есімім»

Мақсаты:

1.Балалардың өзіндік «Менің» ұғындыру. Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету.2.Балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру, түсіндіру,ой –өрісін дамыту.3.Өз бастарын сыйлап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, дәптермен жұмыс, әңгімелеу. Көрнекіліктер, қажеттіқұралдар:жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, әдепті балалардың суреттері.

Билингвалды компонент: Мен- Я- I аm, бала- ребенок-children

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

«Келші, келші, балашым» өлеңін тыңдайды.

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің,

Ақ болар деп ойладым.

Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.

Әңгімелеу:

Әнді тыңдап болған соң тәрбиеші балаларға төмендегідей сұрақтар қояды.

-Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

-Өлеңнен не ұқтыңдар?

Қорыту:

-Біз қандай жағдайда қуанып, ренжиміз?

-Балалар біз бір – бірімізге ұқсаймызба?





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 25.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Күз бояуы»

Мақсаты:

1.«Күз» тақырыбына шығармашылық әңгіме құрастыруға үйрету;

2.Күз белгілері жайлы әңгімелесу, сөйлеу тілі кандай болатынын түсіндіру, балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін дамыту;

3.Балаларды еңбек етуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, тапсырма, сұрақ- жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің көркем суреті. Жемістер мен көкөністердің муляждары, жұмыс дәптері.

Билингвалды компонент: кірпі – еж-Hedgehod, алма – яблоко-apple, қауын –дыня-melon, асқабақ – тыква-sgash, қарбыз – арбуз-watermelon, сәбіз – морковь-carrot.

Негізгі бөлім: - Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

- Қандай көкөніс түрлерін білесіздер?

- Күз мезгілі несімен ұнайды?

- Күз мезгілінде барлық жан-жануарлар қысқа дайындалады. Тиіндер жаңғақтарын жинаса, кірпілер індеріне саңырауқұлактар тасып алады.

— Ал адамдар күзде қалай еңбек етеді?

- Балалар, бағана мен сендерге айтып кеттім. Күз мезгілінде адамдар, жан-жануарлар қысқа дайындалады. Мына суретке назар аударыңдаршы.

Демонстрациялық құралмен жұмыс Педагог күз мезгілінің суретіне қарап әңгіме құрайды:

Күз мезгілі, бактың іші сап-сары алтындай жарқырап тұр. Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр.

Жапырақтардың түстері қандай?

Бақта кімдер жүр?

Бақтағы балаларға ат қояйықшы?

Бақта балалар не істеп жүр?

Балалар жапырақ теріп жүріп нені көрді?

Кірпінің үстінде не бар?

Балалар, кірпі де қыска дайындық жасап, қысқы азығын жинап жүр.

Педагог «азық» сөзінің магынасын түсіндіреді,

Алманың түсі қандай?

«Әне, үстіндегі алманы қара», деді Жәмила Айдарға.

Кірпінін үстіне алма кайдан түсті?

Иә, бактағы алма ағашынан түскен еді.

Балалар, менің суретке қарап құраған әңгімем ұнады ма?

Қорыту: - Балалар, сендер бүгін кандай тақырыпқа әңгіме кұрадыңдар?

- Сөйлесу үшін бізге не керск?

- Қандай дидактикалық ойын ойнадыңдар?





Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 26.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Өлі табиғаттын компонеттері»

Мақсаты:

1. Жанды және жансыз табиғат, олардың белгілері туралы түсінік беру; жансыз және жанды табиғат нысандарын ажырата білу; табиғат нысандарына тән сипат бойынша топқа бөле білу.

2. Пайымдау, дәлелдеу, топта жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

3.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жанды жене жансыз табиғатқа жататын заттардың суреттері, қима карточкалар.

Билингвалды компонент: үй -дом-house, табиғат-природа-nature, жер-земля-earth, су-вода-water.

Педагог өлең оқиды:

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер

Жер-ана, көл, теңіздер.

- Әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар. Балалар, осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды?

Негізгі бөлім: Біз Жер бетінде өмір сүреміз. Енді айналаға қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

- Табиғат деген сөзді жиі естіп жүрсіңдер. Алдымен біз табиғатқа не жататынын ажыратып алайық. Айналадағы бізді қоршаған заттардың ішінен адам қолымен жасалмағандарын атаңдаршы?

- Яғни адам қолымен жасалмаған заттардың барлығы табиғат деп аталады. Енді адам қолымен жасалған заттарды атаңдаршы. Адам қолымен жасалған заттар табиғатқа жатпайды. Топ бөлмесіндегі табиғатқа жататын, жатпайтын заттарды атаңдар.

Қорыту: Жанды және жансыз табиғат, адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкаларды үстел бетіне жайып қояды. Соңынан тексеріледі.

1-топ. Жанды табиғат заттары.

2-топ. Жансыз табиғат заттары.

3-топ. Адам қолымен жасалған заттар









Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 26.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Сөз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты:

1.Сөздің дыбыстан кұралатыны, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетін жөнінде түсінік беру;

2.«Т» дыбысымен және әрпімен таныстыру, ойларын дамыту;

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын корнекі құралдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті каламдар. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, тапсырма орындау, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Билингвалды компонент: дыбыс – звук- sound, ұзын сөз - длинное сло¬во – long word, қысқа сөз - короткое слово – short word.

Негізгі бөлім: Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, есікті кағады. Қоңырауды сылдырлатады, қағаз-ды умаждап не естігендерін сұрайды.

Қоңырау — темірден жасалган, үн шыгаратын құрал.

- Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер.

- Бірак ол дыбыстар біркелкі ме?

- Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы, «А-а» десек. Оны созып айтуға бола¬ды, дауысымыз еркін шығады. Дыбыстар екіге бөлінеді, дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар болып. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Мысалы, «т» дыбысы. Кәне, бәріміз осы «т» дыбысын айтып көрейік. Айырмашылығы қандай?

«Т» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, құрайық.

Педагог кеспе әріптерден тақтага сөз жазады.

«Ат» - бұл сөзде неше дыбыс бap?

- Дұрыс айтасыңдар, «ат» сөзі екі дыбыстан құралған.

Ал осы сөзге тағы да «а» дыбысын

жалғасақ, қандай сөз шығады?

Дұрыс, «ата» сөзі шығады.

- «Ата» сөзі неше дыбыстан турады?

- «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап айтыңдаршы.

Сергіту сәті:

Торғай ағай қорғайды.

Шыр-шыр еткен торғайды.

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды.

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызга қонбайды.

Қорыту: Педагог сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.

-Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?

- Дыбыс қандай болады?

- «Т» дыбысы дауысты ма, дауыс-сыз ба? Балалар жауаптарын педагог толыктырып, корытын-дылап аяктайды.


Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:28.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Коммуникация,

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: «Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры)

Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекетін орындай білуге үйрету, шығармашылыққа, батылдыққа тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Мақтаншақ қоян» ертегісін оқып беру. Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), қолғап театры, қоян, қасқыр ойыншықтары, əліппе - дəптер.

Билингвальді компонент: қоян – заяц, қасқыр – волк.

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар шеңберге тұрып, жылы жүзбен бір - біріне қарап, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Айарудың тапсырмалары

. Əліппе - дəптермен жұмыс. 1 - тапсырма. Таныс бол. Саусақ театрында қуыршақ саусаққа киіледі, қолғап театрында қуыршақ қолға киіледі.

Жұмбақ Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян)

- Қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?

Киілмелі қуыршақ театр үлгілерімен танысады.

Жұмбақтың шешуін табады.

15

- Ерден атай сендерге «Мақтаншақ қоян» ертегісін алып келді. - Ертегі сендерге ұнады ма? - - Қоян қандай аң? - Қасқыр қандай аң?

Əліппе - дəптермен жұмыс. 2 - тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы: Ян - ян - ян, Мақтаншақ қоян. Ыр - ыр - ыр, Көкжал қасқыр. Билингвальді компонент: Қоян – заяц Қасқыр – волк

Сергіту сəті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Қорыту:

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

- Бүгін қандай ертегі қойылымын тамашаладыңдар? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:25.09.2018 ж.

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Допты екі қолымен заттар арасымен домалату»

Негізгі жаттығулар:

Допты жоғары лақтыру, қабырғаға ұру, қағып алу.

Допты бір-біріне лақтыру.

Орындық үстінде еңбектеу және тепе-теңдік жаттығулары.

Мақсаты: Балалардың ептіліктерін, допты қағып алу шапшаңдығын қалыптастыру. Доппен ойналатын ойын жаттығуларын жасауға жаттықтыру.Денені тік ұстап түзу бағытта жүруге үйрету.

Қ ұралдары: доптар,гимнастикалық орындықтар,таяқшалар(аттар)

Билингвалды компонент:доп-мяч;

Негізгі бөлім: Кіріспе бөлім:

Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

- дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Допты жоғары лақтыру, қабырғаға ұру, қағып алу.

2. Допты бір-біріне лақтыру.

3. Орындық үстінде еңбектеу және тепе-теңдік жаттығулары.

Қозғалмалы ойын

Ат жарыс

Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Ойын шарты: Балалар нұсқаушының «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:24.09.2018 ж.

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Тізенің арасына қапшықты қысып ,қос аяқпен секіру»

Негізгі қимылдар:

Орындық үстінен тізені жартылай бүгіп секіріп түсу.

Допты асыра лақтыру, кедергілер үстінен төрттағандап еңбектеп өту жаттығулары.

Мақсаты: Қандайда бір биіктік үстінен секіруді үйрету. Төрттағандап еңбектеу жағдайында кедергілерге тимей өту жаттығуларын жасауға жаттықтыру.

Қ ұралдары: ленталар, доптар,гинастикалық орындық,құрсаулар

Билингвалды компонент: секіру-прыгть;

Негізгі бөлім: Кіріспе бөлім:

Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жаттығуларды ленталарды жасайды

Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

- дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Орындық үстінен тізені жартылай бүгіп секіріп түсу.

2. Допты асыра лақтыру, кедергілер үстінен төрттағандап еңбектеп өту жаттығулары.

Қозғалмалы ойын.

«Бақалар».

Бөлме ортасына үлкен құрсау қойылады. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары бөлменің екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге нұсқаушы мынадай өлең айтады:

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.





Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:08.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Кемпірқосақ»

Мақсаты:

Сөздік жұмысы: құрылысшы

Көрнеліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер, жалауша.

Билингвалды компонент: кемпірқосақ-радуга;

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері

Балалар, бір-біріміен танысайық!

Балаларды шеңбрге тұрғызады. Топтағы бір баланың атын атап, жылы шыраймен шақырады да, қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рақметін айтады. Ол келесі баланы шақырып, оған жалаушаны береді. Осылайша шеңберде тұрған барлық баланың аты аталады.

Ғажайып сәт

Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді екен, қараңдаршы.

Педагог қолыңа ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді.

Қуыршақ:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Менің атым – Азамат. Мен құрылысшымын.

Маған үй салуға көмектесіңдерші.

Сөздік жұмысы: құрылысшы

Балалар шаттық шеңберіне тұрады

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерді ажырат».

мынау – үлкен төртбұрыш.

Мынау – кішкентай төртбұрыш.

Мынау – үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

- Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?

Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбрұштың түсі қандай?

Енді кемпірқосаұ саламыз.

Ал енді жұмысқа кіресейік.

балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Балалар кемпірқосақты құрастырып шығады

Қорыту: балаларды мадақтау.Жұмыстарын қарау.




Тексерілді:









«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 11.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Атамның тостағаны».

Мақсаты:

1.Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;

2.Заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру, қылқаламды пайдалана отырып затты безендіруді үйрету;

3.Тостаған туралы білімдерін бекіту, жұмысты орындау барысында икемділікке; ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ- жауап, сурет салып көрсету.

Қолданатын көрнекі құралдар: акварель бояуы, қылқалам, сүрткіш, тұғырлар.

Билингвалды компонент: тостаған – миска – a bowl.

Негізгі бөлім: Балалар, менің қолымдағы ыдысты қалай атайды?

үйлеріңде осындай тостағандар бар ма?

Балалар, менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшелігі бар?

Сурет салу кезіндегі маңызды дүние – заттың фонына көңіл бөлу, себебі заттағы ою-өрнектің реңкі әртүлі болуы мүмкін. Бүгін біз тостағанды салып, әшекейлеуді үйренеміз. Қағазға бір түсті акварель бояуымен тостағанның суретін саламыз. Ол үшін:

Алдымен қағаз бетінде дұрыс бағдар алып, тостағанды орналастыратын орынды белгілеп алайық. Тостаған беттің дәл ортасында орналасады, солай емес пе?! Содан соң беттің сәл төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз, қылқаламды жоғары қарай көтеріп, тостағанның жақтауларын саламыз. Енді осы тостағанды әдемілеп әшекейлейміз, ол үшін тостағанды көлденең сызықтармен төрт бөлікке бөліп, пайда болған бөліктерді әртүрлі түспен ерекшелеп бояймыз. Суретке қарасақ, тостағанның астыңғы табан бөлігі қоңыр, сары және ең үстіңгі қабаты қоңыр. Мінеки, тостаған әртүрлі түспен

ерекшеленіп боялды, енді осы бөліктер үстіне оюлар саламыз. Өздерің осы уақытқа дейін танысып білген оюларды өз таңдауларың бойынша орналастыра шаттық шеңбері

Қорыту: балалардың жұмыстарын қарап, баға береді. Ерекше ұқыптылықпен салынған суреттерді атап өтеді








Тексерілді:

.

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:12.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: Матиматика негіздері.

Тақырыбы:3 саны және цифры.

Мақсаты:

1.3саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкес-

теңдіре білуге үйрету; заттарды санауға машыктандыру; 3цифрын тану және бейнелеуге үйрету;

2. Балалардың зейіні мен логикалык ойлау қабілетін дамыту;

3. Эстетикалық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Билингвалды компонент: үш-три, балық-рыба,

Негізгі бөлім: Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау қабілетін нығайтатын тапсырма береді.

- Төрт топтағы суреттің әркай-сысында артық зат бар. Соны табыңдар. Олне үшінартық? Түсіндіріп беріңдер. 10-кесте

Санап шық. Топтардың әрқайсы-сында қанша зат қалды? (3).

- Бүгін біз қандай санмен және цифрмен танысамыз? Кім айтады?

Дәптерлерімізді ашып, балық-тарды санаймыз. Балықтардың санын 3 цифрымен белгілейміз. 3 цифрын табамыз.

Педагог 3 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Бабалар қару-жарағы

Жебесі мен садағы.

Жауларын атса жусатқан

Садақты «3»-ке ұқсатам.

3 санын қоршап сызамыз: алдымен жоғарғы жағын, содан соң төменгі жағын төмен қарай сызамыз.

Санды ауаға «жазамыз». Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз.

Сергігу минутын (3 рет секіру, он аякпен 3 рет, сол аяқпен 3 рет жерді тебу, 3 рет қол шалалақтау, парталас досыңмен 3 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, 2-тапсырманы орындайды. Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте аркылы 1, 2, 3 сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санынтабады).

Қорыту: Сабақта белсенділік танытқаны үшін балаларға алғыс айтады. Сабақтың қаншалықты меңгеріл-генін байқап көру үшін 3-тап-сырманы береді. Тапсырма бойын-ша тиістіцифрды жапсыру қажет.

  • Балалар, бүгін қандай санмен таныстыңдар?

Ол қандай цифрмен таңбаланады? Балаларды мадақтайды.




Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.






Күні: 12.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Драма

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (ертегі)

Мақсаты: 1.Ертегінісурет бойынша әңгімелеу, мазмұнын ашу, жағымды – жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету;

2.Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекеттерін сезінуге, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру; 3.Балаларды адамгершілікке, аңдарға қамқор болуға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, мәнерлеп оқып беру, әңгімелеу, қайталату, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер қажетті құралдар: түлкі мен тырнаның суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвалды компонент: түлкі – лиса-Fox; тырна – цапля- ; қу – хитрый-cly.

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

Адал, жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректен

Сөздің бәрі – ақ тілек.

Кіріспе әңгіме:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырды:

Бұлғаңдаған құйрығы,

Бар алдардық қулығы.

-Балалар, біз бүгін «Түлкі мен Тырна» ертегісімен танымсамыз.

Тәрбиеші ертегіні оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді.

-Түлкі – жабайы аң, ол орманда жүреді.

-Тырна – бойы ең ұзын

Сөздік жұмыс:

Қу, айлакер деген сөздер дадады деген мағананы білдіреді.

Қорыту:

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?

Ертегінің мазмұнын қайталап сқрайды.

Рөлге бөліп ойнауға ұсыныс жасайды.






Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:15.09.2018 жыл.

Бі лім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: Бұлттар.

Мақсаты:

1.Балаларға қолмен жырту әдісін үйрету;

2. Қағаз бетіне бейнені дұрыс орналастыра білу машығына баулу шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3.Табиғатты сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, жапсырып көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: үлестірмелі материал-дар, қайшы, желім, жұмсақ ақ қағаз, қалпақтар (бұлт, тамшы).

Билингвалды компонент: бұлт – облако - cloud, қара бұлт – туча – clou

Негізгі бөлім: балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Көз жасты-жылауық,

Келе жатыр бір алып.

Жабырқаса жылайды,

Жадыраса тарайды.

- Ол не?

- Балалар, естеріңде болса, серуен кезінде бұлттарды бақыладық.

- Бұлттар қайда болады?

- Бұлттардың түсі қандай?

Бұлттар қозғала ма?

- Балалар, сендер бұлт туралы жақсы жауап бердіңдер. Ал жаңбырдың жаууына бұлттардың әсер ететінін білесіңдер ме?

Бүгін біз бұлттарды жапсырамыз. Педагог жырту әдісін түсіндіріп, жап¬сыру техникасын көрсетеді.

Үлестірмелі материалдың 16-бетіндегі сюжетті суретке назар аудартады. Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. Ақ қағазды ұсақтап жыртқызады.

Сергіту сәті. «Біз тамшыларыз» қимылды ойын.

Педагог бұлт кейпіндегі тәжді киеді. Ал балаларға тамшы бейнеленген қағаздан тәж кигізеді. Өзі бұлт-ана, ал балалар - оның тамшылары болады. Бұлт-ана тамшыларды жер бетіне қыдыруға жібереді, өсімдіктерді суғару, жер бетін жуу туралы кеңес береді.

- Ұсақтап жыртылған қағаздарды қиыстырып 17-беттегі 6.1-сюжетті суретке жапсырамыз.

Қорыту: Ә.Табылдиевтің «Бұлт» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, оқу іс-ерекетін қорытындылайды. Өлең мәтінін жаттауға таратып береді.

- Балалар, әдемі бұлттар жасадыңдар, жарайсыңдар!





Тексерілді:







«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:15.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін -өзі тану

Тақырыбы: «Жақсы деген не ?жаман дегени не?» Мақсаты: 1.«Жақсы» «Жааман» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;2.Жағымды қасиеттерін дамыту; 3.Жақсылық жасауға тәрбиелеу:

Әдіс тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, дәптермен жұмыс, әңгімелеу. Көрнекіліктер, қажеттіқұралдар: жақсы істер жасап жатқан балалардың суреттері, жаман істер жасап жатқан балалар суреті .жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвалды компонент:Жақсы-хорошо- good; жаман-плохо-bod

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар

Тату – тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.Әңгімелеу:

Тәрбиеші балаларға «Ақтиін мен қасқыр» мысалын әңгімелеп береді.

Ақтиін бұтақтан – бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдық үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.

Ақтиін жалынып:-Мені жеме жібер! – дейді.

-Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып, қуанып жүресіңдер?

-Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлей алатын емеспін, - дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақтиін ағаштың басына шығып алып:

-Сен, қасқыр, ешкімге жақсылық жасамайсың, жамандық ойлап, өзгелерді ренжітіп жүресің.

-Біз жақсылық жасаймыз, сол үшін әр уақытта шат, көңілді жүреміз, - депті.

Дәйекі сөздер: «Жақсылық жасау да - бақұыт» дегеніміз біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың деген мағананы білдіреді.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Біріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген тапсырма балаларға түсіндіру.

Қорытынды:

-Ақтиін не себептен көңілді жүреді?

-Ал, қасқыр ше?

Бүгін біз жақсылық жасау – бақыт, қуаныш екенін түсіндік, бір – бірімізге жақсылық жасай білуді үйрендік.





Тексерілді:



























































«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:16.09.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Тиін жаңғак кеміреді.

Максаты:

1.Тиін, тиіннің тіршілігі туралы түсінік беру; тиіннің мүсінін жасай білуге, дене бөліктерін біріктіріп қосу, шымшып қысу, дөңестеу тәсілдерін үйрету; саусақ моторикасын жақсарту.

2.Баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту.

3.Ұқыпты жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесе білуте баулу; эстетикалык сезімдерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қайталау, көркем әдебиет.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әуен орталығы, DVD, орман тұрғындары туралы бүктеме.

Билингвалды компонент: тиін – белка – squirrel, жаңғақ – орех – nut.

Негі бөлім:Tоп бөлмесі орманның іші секілді ағаш бұтактарымен, шыршалармен әдемі безендіріген.

Шаттык шеңбері.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

(Ө.Тұрманжанов.)

- Көп ракмет. Өміріміз жақсылыққа, күлкіге толы болсын!

- Бүгін біздің сабағымызга Айзеренің анасы, музыкант апайларың келіпті, кәне, бәріміз бірге сәлемдесіп алайық.

- Сәлеметсіндер ме, балалар? Ата-ана әкелген сыйлық ақтиінінтоп балаларына табыстайды.

Педагог:

- Балалар, қандай керемет сыйлық! Енді осы ақтиін туралы не біле-тінімізді кезекпен айтайық.

- Тиін кайда өмір сүреді?

- Немен қоректенеді?

- Қандай аң?

-Үлкен бе, кіші ме?

«Дұрыс орналастыр» ойыны.

Мақсаты: Аңдардың мекенін дұрыс таба білугеүйрету, көңіл күйін көтеру.

Барысы: Бірнеше баланыңқолына андар менкұстардың суреті беріледі, олар оны тақтадағымекеніне дұрыс орналастыруы керек.

- Өте жаксы, балалар.

- Келесі тапсырмамыз әдемі ақтиінді мүсіндеу.

1. Ол үшін коңыр түсті ермексазды алып,кішірек және үлкен етіп екі бөлікке бөлеміз.

2. Үлкен бөлігін алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіріп, артқы бөлігін дөңестеу қалыпқа келтіреміз.

3. Ермексаздың кіші бөлігінен басын домалақтап жасап, созу арқылы тұмсығын шығарамыз.

Сергіту сәті: Музыкант жылдам, орташа әуен сазын ойнайды.

4. Ермексазды созу әдісімен аяғын, қолын жасаймыз.

5. Ермексазды жалпақтау арқылы кескішпен құйрығын бастырып кесіп алып, денесіне жапсырамыз.

6. Көзін, мұрнын жасаймыз, орналас-тырамыз.

Проблемалық сұрақ кою:

- Тиінімізге не жетпей тұр?

- Енді, тиінге жаңғақ сыйлайық.

Тиіннің қолына жаңғақ ретінде қарағайдың бүрін, емен жаңғағын қыстырып қоямыз.згі бөлім:

Қорыту: Балалар, жасаған тиініміз өте әдемі болыпты. Кешке ата-аналарың келгенде көріп қуанатын болды.

Бәрі бірге «Болайықшы осындай!» әнін (А. Меңжанова) айтады





















Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 0

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу жэне жазу негіздері.

Тақырыбы: «Ғ» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Мақсаты:

1.«Ғ» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.

2.Дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін қиялын дамыту;

3.Тапқырл ыққа, ойының ұшқыр болуына тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі кұралдар: жұмыс дәптері, әріп қималары.

Билингвалды компонент: ғарыш- космос- space, сызғыш – линейка- ruler, дауысты дыбыс -гласный звук- vowel.

Негізгі бөлім:



«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:01.10.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Біздің үй».

Мақсаты:

1.Сәулет өнері туралы түсінік беру; геометриялық пішіндерді үйлестіре отырып, үйдің бөлшектерін сюжетті жапсыруға үйрету;

2.Ойлау, есте сақтау, қағазбен жүмыс жасау қабілеттерін дамыту;

3.Еңбекқорлыққа тәрбиелеу; шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсіл: түсіндіру, әңгімелеу, жапсырып көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, үй макеті, ТОҚ, үнтаспа.

Билингвалды компонент: менің үйім - мой дом – my house, үлкен үй — большой дом – big house.

Негізгі бөлім: Психологиялық релаксация: педагог пен психолог «Біздің үй» тақыры-бына музыка әуенімен психология-лық жаттығу жасатады.

Әдемі, үлкен үйдің макетін көрсете отырып педагог:

-Үй адамға не үшін керек? – сауалымен әңгіме жүргізіледі.

- Дұрыс айтасыңдар. Әр адамның үйі, баспанасы болуыкерек. Үйді құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді. Бейнетас-падан сәулетті ғимараттарды, үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру.

Балалардың назарын 4-беттегі сюжетті суретке аудару. Педагог кейбір бір қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні мұржадан шығатынын айтып түсіндіреді.

- Мына үй қандай геометриялық фигуралардан құралған?

- Бүгін біз осындай үйді геометриялық фигуралардан құрас-тырып жапсырамыз.

Педагог жұмыс барысында көмек кажет болған балаларға көңіл бөледі. Қауіпсіздік ережелерін жөне тазалық шараларын ескертеді.

1. Үйдің геометрия лық фигуралар¬дан тұратын бөліктерін жеке-жеке қиып аламыз

Сергіту сәті. Педагогтің қалауы бойынша бір ақынның өлеңі оқылады.

- Жұмысымызды жалғастырайық.

- Балалар, үйді қандай геометрия-лық фигуралардан жасадық?

Қорыту: - Үйдің түтін шығатын бөлшегін қалай атайды?

Балаларға бір-бірінің жұмысын талдатып, бағалату

- Мінеки, біз де еңбекқорлығы-мыздың арқасында әдемі үй жасадық. Жарайсыңдар!

Тапсырма: «Үйшік» ертегісін естеріңе түсіріп келіңдер. Серуен кезінде кішкене топ - бүлдіршіндеріне сахналық қойылым көрсетеміз





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:01.10.2018 ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін - өзі тану

Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекені» Мақсаты1.Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру; 2.Отбасындағы өзара сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту; 3.Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, дәптермен жұмыс, әңгімелеу.

Көрнекіліктер, қажеттіқұралдар:отбасы мүшелерінің суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Биллингвалды компонент : отбасы-семя- Family, бақыт-happines

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

-Амансындар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір – бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!

Әңгімелеу:

-Бүгін біз «Өзін – өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.

-Қане, осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме құрастырып көрейікші!

-Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелейміз.

Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты. Сендерді үйдегі туған – туыстарың өте жақсы көреді екен. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым! Қане, тыңдап көрейікші.

Тәрбиеші балаларға арнайы бейнетаспаға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтқан жылы сөздерін тыңдатып, ойларымен бөліседі.

-Тамаша! Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға – әпкелеріміз біздіеркелетіп атайды.

Тәрбиеші ақын Ә.Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталайды.

Кім ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Күнім», «жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан аналар.

Сөздік жұмыс:

Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды-анасының балаларды жақсы көргені деген сөзді білдіреді.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген тапсырма балаларға түсіндіру.

жауап береді.

-Отбасы мүшелерін ата.

-Сен отбасында кімді жақсы көресің?

-Сен өз отбасыңа қалай?

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге жиналады. Жұмсақ ойыншық жүректі бір – біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.

Ойын:

«Кім жылдам».

Ойынның шарты:балалар шеңбер бойымен тұрып, тәрбиеші кез – келген балаларға сұрақ қойып, қолындағы

Мүшелеріне деген сүйіспеншілік, сыйластықтары туралы айтып берулерін сұрайды.

айтып өзін мақтайды.

Жүректен жүрекке:

Балалар, сендер өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер.Қане, өзіміздің жылы сөздерімізді отбасында кімге жолдайтынымызды, диктафонға айтайықшы.

Балалардың жазған жылы сөздерін ата- аналар жиналысында немесе ертеңгіліктерде отбасы мүшелеріне тыңдатуға болады.

Қорытынды: Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.




















Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 03.10.2018 жыл.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: Сөз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты:

1. Сөздер мен дыбыстарды қайталау; .Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі қүралдар: көркем суреттер, жұмыс дәптері. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, тапсырма орындау, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Билингвалды компонент: тоқылдақ – кукушка - cuckoo, түймедақ - ро-машка-camomile, тас-камень- stone.

Негізгі бөлім: Дыбыстарды естиміз, бірақ дыбыс-тар қалай естіледі?

- Балалар, жалпы дыбыстар дауыс-сыз, дауысты болып екіге бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен, дауысты дыбыстарды қызыл түспен

белгілейміз.

Өткен тақырыпта қандай дыбыспен таныстындар?.

Сергіту жаттыгуы:

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір.

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жақсы сергіп қаламыз.

«Күн мен түнді» дидактикалык

ойыны:

Күндіз аспанда не бар екенін, түнде аспанда не бар екенін түсіндіреді. Сурет қималарымен ажыратып көрсетеді.

Педогог саусақ бұлшық етіне дамы¬ту жаттығуларын жасатады.

Ағайынды екеу екен:

Біреуі окымаған,

Біреуі сауатты екен,

Көп іске жауапты екен.

Ататын асықты да,

Ұстайтын қасықты да,

Хаттарды жазатын да,

Есікті ашатын да өзі екен.

Дәптермен жұмыс: дәптердегі № 6 тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді.

Қорыту: Балалар, бүгін қандай дидактикалық ойын түрлерін өттік?

- Ойын сендерге ұнады ма?





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 02.10.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар (ақ, қызғылт сары саңырауқұлақ).

Мақсаты:

1.Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше санырауқұлақ­ты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге үйрету; үңгу, жалпақтау әдістерін меңгерту.

2.Балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

3.Еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қайталау, көркем әдебиет.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүрлі саңыраукұлактың сурет-тері, шөп өскен алкап, кірпі.

Билингвалды комнонент:саңырауқұлақ – грибы – mushrooms.

Негізгі бөлім:балалармен шаттықшеңберінжасайды.

Серуен кезінде жасаған бақы-лауларын ескетүсіріп, сюжетті сурет бойынша әңгімелейді.

- Балалар, саңырауқұлактар туралы өлең,ертегі білеміз бе? Жақсы, келістік.Онда «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойнайық.

Шынашағым, орманға бар!

Шылдыр шүмек, саңырауққлақ тап!

Ортан терек, тазалап ал!

Балаң уйрек, қуыра сал!

Бас бармағым, барлығын жеп,

Өсіп қапсың толып.

Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбенмүсіндеп көрейікші. Педагог саңыраукұлақтымүсіндеу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

- Ақ ермексазды алақан арасына салыл,сопақша пішінге келтірсміз.Өздерің калаған түсті ермексазды алындар.Оны домалактап, бас бармақпен ортасынүңгиміз, сұқсаусақпен жалпақтап, қалпақтың пішініне келтіреміз.

Сергіту сәті:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

(Ғ.Қайырбеков.)

Ақтүсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтыңүстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қал-пағын түбіртегіне орналастырамыз.

Қорыту: -Балалар, бәрің де саңырауқұлақты әдемі мүсіндедіңдер! (Балалар наза-рын шөптесін алкапқа аударады.) Осы әдемі саңырауқұлақтарыңдымына алқапқа орналастырыңдар. Бұл«Саңырауқұлак алқабы» болады.

- Бүгінгі сабақұнады ма?





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.






Күні: 03.10.2018 жыл.

Білім беру саласы: Таным.

Білім беру бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: Менің үйім.

Мақсаты:

1.Құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыруды үйрету.

2.Ойлануға, өздігінен шығармашылықпен әрекет етуге баулу, құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

3.Өз үй-іші, отбасына деген сүйспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, құрастырып көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: үлгі суреттер, құрылыс материалдарының жиынтықтары.

Билингвалды компонент: үй-дом-house

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері.

Балаларға өэдері тұратын үйлері жайында әңгімелету.

Мекен жайын сұрау.

Педагог балалармен бірге бірнеше үйлердің суреттерін қарап, талдау жасайды:

- өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойлануды өтінеді, көз алдарына елестетеді;

- әр бала кұрылыс мате-риалда- рынан өз үйлерін құрастырады, үйдің ірге тасы, қабырғалары, төбесі, терезелері т.б. бөліктерін нактылап алады;

- үйдің айналасында не бар екенін бейнелеу үшін қағаздар, ұсақ ойыншықтар т.б. беріледі.

Қорыту: Педагог балалардың өз үйлерінің құрылыстарын жасағанын қарап шығып, оның жетістіктерін мадақ тап қорытынды жасайды












Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:05.10.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: Матиматика негіздері.

Тақырыбы:3 саны және цифры.

Мақсаты:

1.3саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкес-

теңдіре білуге үйрету; заттарды санауға машыктандыру; 3цифрын тану және бейнелеуге үйрету;

2. Балалардың зейіні мен логикалык ойлау қабілетін дамыту;

3. Эстетикалық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Билингвалды компонент: үш-три, балық-рыба,

Негізгі бөлім: Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау қабілетін нығайтатын тапсырма береді.

- Төрт топтағы суреттің әркай-сысында артық зат бар. Соны табыңдар. Олне үшінартық? Түсіндіріп беріңдер. 10-кесте

Санап шық. Топтардың әрқайсы-сында қанша зат қалды? (3).

- Бүгін біз қандай санмен және цифрмен танысамыз? Кім айтады?

Дәптерлерімізді ашып, балық-тарды санаймыз. Балықтардың санын 3 цифрымен белгілейміз. 3 цифрын табамыз.

Педагог 3 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Бабалар қару-жарағы

Жебесі мен садағы.

Жауларын атса жусатқан

Садақты «3»-ке ұқсатам.

3 санын қоршап сызамыз: алдымен жоғарғы жағын, содан соң төменгі жағын төмен қарай сызамыз.

Санды ауаға «жазамыз». Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз.

Сергігу минутын (3 рет секіру, он аякпен 3 рет, сол аяқпен 3 рет жерді тебу, 3 рет қол шалалақтау, парталас досыңмен 3 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, 2-тапсырманы орындайды. Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте аркылы 1, 2, 3 сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санынтабады).

Қорыту: Сабақта белсенділік танытқаны үшін балаларға алғыс айтады. Сабақтың қаншалықты меңгеріл-генін байқап көру үшін 3-тап-сырманы береді. Тапсырма бойын-ша тиістіцифрды жапсыру қажет.

- Балалар, бүгін қандай санмен таныстыңдар?

Ол қандай цифрмен таңбаланады? Балаларды мадақтайды.




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:01.10.2018ж

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Қос қолымен допты жоғары лақтырып,қағып алу»

Негізгі жаттығулар:

Допты жоғары лақтыру, қабырғаға ұру, қағып алу.

Допты бір-біріне лақтыру.

Орындық үстінде еңбектеу және тепе-теңдік жаттығулары.

Мақсаты: Балалардың ептіліктерін, допты қағып алу шапшаңдығын қалыптастыру. Доппен ойналатын ойын жаттығуларын жасауға жаттықтыру.Денені тік ұстап түзу бағытта жүруге үйрету.

Билингвалды компонент: доп-мяч:

Негізгі бөлім: Кіріспе бөлім:

Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

- дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Допты жоғары лақтыру, қабырғаға ұру, қағып алу.

2. Допты бір-біріне лақтыру.

3. Орындық үстінде еңбектеу және тепе-теңдік жаттығулары.

Қозғалмалы ойын

Ат жарыс

Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Ойын шарты: Балалар нұсқаушының «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.


Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:02.10.2018 жыл.

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: « Жыланша ирелеңдеп жүру»

Негізгі қимылдар;

Көлбеу тақтай үстімен жүру. Допты кеуде тұсынан екі қолмен себетке лақтырып түсіру.

Мақсаты: Тепе-теңдік сақтап жүруді ары қарай дамыту. Балалардың дәлдеп лақтыру қабілеттерін жетілдіру.

Құралдар: доптар, көлбеу тақтай, баскетбол добы

Билингвалды компонент: жылан-змея

Негізгі бөлім: Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жаттығуларды ленталармен жасайды

- Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

- Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

- дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1.Көлбеу тақтай үстімен жүру. 2.Допты кеуде тұсынан екі қолмен себетке лақтырып түсіру.

Қозғалмалы ойын.

«Баскетбол»

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Қорыту: Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.





Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 02.10.2018 жыл

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Менің атам.

Мақсаты:

1.Тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруды үйрету;

2.Ойлау қабілеті мен тілдерін дамыту;

3.Атасын сыйлап, аялай білуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма орындау, сұрақ – жауап.

Қолданылған көрнекі құралдары: жұмыс дәптері, көркем суреттер

Билингвалды компонент: ата-дедушка, атаңның аты кім? - как зовут дедушку?-

Негізгі бөлім:

Жұмбақ:Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол - көркем, сүйкімді әрі ұлы сөз.

Әркайсымыздың да атамыз бар, дұрысемес пе?

- Ендеше өз аталарыңды суреттеп, «Менің атам» тақырыбына әңгіме кұрастырыңдар.

Педагог балаларга көмек ретінде қосымша сұрақтар қояды:

Атанның аты кім?

Кім болып жұмыс істейді?

—Атаңды сипаттап бере аласың ба, ол кандай адам?

- Атаң сені жақсы көреді ме, оны қайдан білесін?

Ал сен атаңды жақсы көресің бе?

Атаң сенің қандай кылығыңа қатты қуанады?

Иә, балалар, дұрыс таптыңдар.

Сен атанды жиі қуантасың ба?

Педагог қол көтерген балалардың бәрінің ойларын тыңдайды.

«Үн қатасың» сөзі - тіл қатасың, сөйлейсің деген мағынаны білдіреді.

Педагог балаларга мақал-мәтелді көтеріңкі дауыспен, орта дауыспен, төмен дауыспен кайталатады.

Cepгіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солга бір.

Біз бақытты баламыз,

Гул-гүл жайнап жанамыз.

Жаттыгулар жасасақ,

Жақсы сергіп каламыз.

Қорыту: Педагог аталарына өмір бойы көмекші болу әр баланың парызы екенін айта келе өлең жолдарын жаттап алуды ұсынады.

Атам үшін кунде мен

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге мен,

Дүкенге де барамын.


Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 04.10.2018 жыл

Білім беру саласы: ҚМҚН

Бөлімі: ҚМҚН

Тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік»

Мақсаты:

1. Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.

2. Үйде, көшеде, балабакшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.

3. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы слайдтар, суреттер, жұмыс дәптері, ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы).

Сөздік жұмыс: қауіпсіздік.

Билингвалды компонент: қауіпсіздік- безопасность-safety, ереже – правила-rule, үй-дом-house

Негізгі бөлім: Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.

Сәлеметсіндер ме, балалар! Менің атым — Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.

Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.

Мына суреттерден керіп тұрғандарыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Әр түрлі жағдаяттарды шешу.

Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір әйел есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар?

Қайсы жауап дұрыс деп ойлайсыңдар?

Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?

Сақтаныш:

Апай, мен айтайыншы.

Сақтаныш, айта ғой.

-Төсектің астына тығылып қаламын.

- Балалар,Сақтаныштың жауабы дұрыс па?

Педагог үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, біз, қайшы, сіріңке ңояды.

«Жақсы-жаман» ойыны.

Шарты: құрал-саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.

Қорыту:Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:04.10.2018 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер» (ойын)

Мақсаты: Жемістер мен көкеністерді айыра білуге үйрету,жемістер мен көкеністер кайда өсетіні туралы білімдерін кеңейту, балаларды еңбекке баулу, оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру

Билингвалды компонент:көкеністер-овощи;жемістер-фрукты

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбер:

Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!

Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл-қозғалыс жасайды.

Ұйымдас

тырушылық-ізденушілік

Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта». Тәрбиеші балаларға «Ғажайып қалта» ойнын ойнауды ұсынады. Ойынның шартын түсіндіреді. Қалтада көкөністер мен жемістер болады. Балаларға көкөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып көкөніс не жеміс екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді. Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенін, түстерін және қайда өсетінін айтады, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.

Алисултан сенің қолыңда не?

Алма жеміспе әлде көкеніспе?

Дәмі қандай?

Түсі қандай?

Деп ойынды жалғастырады.

Дыбыстық жаттығу жасату. Ті-ті- тәтті.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды көтеріп ,

Алма ағашындай жайқалып ,

Әдемі болып өсеміз.

1. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса сол жеңеді.

Балалар мұқият тыңдайды.

Алма

Жеміс

Тәтті

Қызыл

Қорыту: Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі. Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.

Сұрақтарға жауап береді




Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:05.10.2018 жыл.

Білім беру саласы: Қоммуникация Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шаруа мен Аю» (орыс халық ертегісі) Мақсаты: 1.Ертегі мазмұнын жете түсініп, оны тыңдауға деген қызығушылығын ояту; өз ойын қиялымен ұштастыра отырып, жағымды -жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету;

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. 3.Ертегі арқылы балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, мәнерлеп оқып беру, әңгімелеу, қайталату, сұрақ-жауап Көрнекіліктер қажетті құралдар:ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреті, ертегі бойынша бейне таспа, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвальды компонент: шаруа-крестьянин - Worker; аю-медведь - bear; шалқан-репка -Turnip; бидай- пшеница-Millet.

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

Адал, жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шықан жүректен

Сөздің бәрі ақ тілек.

Кіріспе әңгіме:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:

Балпаң- балпаң басады,

Қыр-жотадан асады.

Паналайды үңгірді.

Іздемейді тасаны.

Ол не?

«Шаруа мен аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады. Балаларға ертегіні толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.

Сұрақ – жауап:

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

-Шаруаға не келді?

-Аю Шаруаны қалай қорқытты?

-Олар неге келісті?

-Шаруа не екті?

-Аюға қай жағын берді?

- Келесі жылы Шаруа не екті?

-Аю нені білмеді

Қорыту: Шалқан жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады. Ал бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді.Бидайдан ұн жасап, ұннан нан, түрлі тағамдар жасайды.



Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні: 04.10.2018 жыл.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бағдарлама тарауы:Сурет салу

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақасыты: Отбасы суретін салуды үйрете отырып, адамның дене құрылымы туралытүсініктерін кеңейту; Адамгершілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ойлау көру қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Құрал-жабдық: ақ қағаз, үлгі, жай қарындаштар, бояу, қылқалам, су, сүлгілер, адамның суреті

Билангвалды компонент: менің-моя, анам-мама, әкем-папа,жылы-теплый, суық-холодный, қас-бровь

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері

Бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады

«Жылы-суық» ойыны

Жылы сөзді естігенде қолдарын көтеруді, ал суық сөзде қолдарын төмен түсіріп тұруды ұсынады

Үлгі суретті көрсетіп, ретімен салғызады. «менің анам»тақырыбына сурет салу технологиясы:

• Қағаздың ортасына сопақша немесе дөңгелек пішінді саламыз;

• Сопақшаның оң және сол жағына көздің сызықтарын саламыз;

• Көздің жоғарғы жағына қас, екі көздің ортасына мұрын, мұрынның төменгі жағына ауызды саламыз;

«Әдемі түймелер» ойыны

Түймелер тұрған ыдысқа қолдарын салып, саусақтарының ұшына массаж жасауды ұсынады

• Адамның шашын (ұзын, қысқа)сызықтар арқылы саламыз:

• Қарындашпен суретті бояймыз

Мақал

«Анадан артық дос бар ма?

Ашудан жаман қас бар ма?»

Мақалдың мағынасын түсіндіру

Қорыту: Дайын суреттерді ортаға салады. Балалардың жасаған еңбектерін бағалап, жақсы жақтарын мадақтайды




Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:27.09.2018 ж.

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғатта қандай өзгерістер бөлды»

Мақсаты: Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атау, күз мезгілінің құбаластарын ажырата білуге үйрету, танымдық қызығушылықтарын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: піскен жемістер мен жауын-шашынның суреттері

Билингвалды компонент: күзгі-осенний, ағаш-дерево, табиғат-природа,

Негізгі бөлім: -Балалар бізге Күз патшасы келді қонаққа. Неге ол ұйықтап жатыр? Мүмкін Күз патшасын біреу сиқырлап тастады ма? Қане оятып көрейікші.

-Мен сендерге жұмбақ жасырайын, мүмкін сонда күз патшасы оянар?

Жұмбақтар

Қол аяғы жоқ,

Анда-мұнда барады. (жел)

-Жоқ балалар оянбады, мүмкін ойын, суреттер бізге көмектесер?

Сурет бойынша әңгіме.

«Ағаштарды тап» д/ойыны

С/сәті:

Ағаштағы жапырақты,

Күзгі суық қалтыратты,

Жаңбыр жауып , жел кептіріп

Сап -сары етеіп жалтыратты

Дөңелетті айналдырды

Қондырды даа жер бетіне

Жөндеріне жай қалдырды

Күз келеді, оған жинаған жапырақтарын береді. Күз рахметін айтады.

Жұмбақ: Жазда өседі, Күзде түседі

«Кім тапқыр?» д/ойыны

Шығармашылық сәт. Балаларға күз туралы тақпақтарын айтып береді.

«рахметін, балалар. Орамнға қонаққа келіңдер. Күтемін» деп, кетеді.

Қорыту: Балалардың еңбегін бағалап, мадақтайды










Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:25.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Көкөністер (қияр, сәбіз, қызылша,).

Мақсаты:

1.Балаларға көкөністің пайдасын түсіндіре отырып, мүсіндеуге

Үйрету

2.Қол бұлшықеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Сенсорлық тәрбие беру, еңбеккорлыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қайталау, көркем әдебиет.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал (көкөністің суреттері), муляждар.

Билингвалды компонент: көкөніс – овощи – vegetables, қияр – огурец - cucumber, сәбіз – морковь - carrot, қызылша – свекла – beet

Негізгі бөлім: Шаттык шеңбері:

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, ЖерАна!

Амансың ба. достарым,

Сендерді көрсем қуандым.

Педагог диск таспасынан арамшөп басып кеткен бақшаның суретін көрсетеді. Балалардың әр дұрыс жауабынан кейін арамшөптерді өшіріп отырады. Барлық сұраққа жауап берілген соңбақшаға қаптапкөкөністер (кияр, сәбіз, қызанақ) шығады.

- Қандай көкөністі білесіңдер?

- Көкөністер қайда өседі?

- Көкөністің қандай пайдасы бар?

- Үйде бақша салуға көмектесесіңдер ме?

№1 үстелде сәбіздің муляжы.

№2 үстелде қиярдын муляжы.

№3 үстелде қызанақмуляжы.

Балалар қызығушылығына карай 3 топқабөлініп отырады.

Үш топтыпедагог, психолог,көмекші педагог кадағалайды.

- Балалар, қазір жұмбақ жасырамыз,сендер шешуін табыңдар.

№1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрыгынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

№2.Бақшада қызыл түйіршек,

Балалар оған үйірсек.

Қорыту: Педагог М.Нүктенованың «Көкөніс-тердауы» ертегісін айтып беру аркылы сабақты қорытындылайды.





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.






Күні: 27.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Күзгі орман.

Мақсаты: 1.Қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; 2.Сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту;

3.Ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу,ойын, сурет салып көрсету.

Қолданатын көрнекі құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар, акварель, су, сүрткіш, тұғырлар.

Билингвалды компонент: күз – осень – autumn, орман – лес – forest.

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері.

Балалар, Толағанай есімді қуыршақ бізге бүгін қонаққа келіпті. Ол күзгі орманды аралап жапырақ жинап жүргенде, қолыңдағы себетін бір жерге қойып кеткен екен, енді осы таба алмай қалыпты. Сендерден себетін сұрауға келген көрінеді.

Естеріңе түсіріп көріңдер, біз себетті қайдан көрдік? (Егер балалар айта алмаса, педагог өзі айтады.) Мынау ма?

(Қуыршақ қуанып) – Иә, осы, қандай жақсы болды, рақмет сендерге. Ақ лақ өзі келемін деп еді, келіп қалар.

Осы кезде есікті қағып ақ лақ кіреді (күтуші әкеліп береді).

- Балалар, мен өткен сабақта сендерден сурет салуды үйреніп, сурет салып әкелемін деп уәде беріп едім. Сол уәдемді орындап, суретті алып келдім. Жапырақтардың түсіп жатқаны бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.

- Ақ лақтың суреті қандай тамаша! Ол нені салғанын кім айтады?

Педагог баланың ойын дамыту үшін күз туралы бір шумақ өлең оқиды.

Педагог: - Ақ лақ суретті жақсы салып үйреніпті, енді біз түсіп жатқан жапырақтарды салып үйренейік. Ол үшін қылқаламды қолымызға ұстап, бояуға батырып аламыз да, былай сүйкей жағамыз (өзі үлгі түрінде бірнеше жапырақ салып көрсетеді).

Балалардың суреттерін Толғанай екеуі аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды педагог жинап алып тақтаға іледі. Толғанай балалардың еңбекқорлығына таңданы, салған жұмыстарына

Қорыту: Педагог балалардың суреттеріне ауызша баға беріп, алдын ала дайындаған себет суреттерін балаларға үлестіреді.










Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.





Күні:17.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

Мақсаты:

1.Балаларды өздерінің сүйікті ойыншықтарының аттарын атай отырып сипаттауға және оларға ұқыпты қарай білуге баулу; өз ойыншықтары туралы әңгімелету; балаларға қиюдың түрлі тәсілдерін меңгерту; таңдау жасай білуге, ұқыпты жұмыс жасауға үйрету;

2.Саусақ,қимылдарын арттыру, қағазды қию іскерліктерін дамыту;

3.Төзімділікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, жапсырып көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: үлестірмелі материал-дар, үнтаспа, кайшы, желім, желім жаққыш, балалардың сүйікті ойыншықтарымен түскен суреттері, түрлі ойыншықтар.

Билингвалды компонент: ойыншықтар-игрушки– toys.

Негізгі бөлім: Педагог шаттық шеңберін ұйымдас-тырады.Е.Өтетілеуұлының «Менің

сүйікті ойыншығым» өлеңін оқиды. Балғын бөбек — қуыршақ,

Бота, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар, кітаптар,

Орман, көлдер, қыраттар,- деп,

«Менің сүйікті ойыншығым»тақы-рыбына өңгімелеседі.

- Ең сүйікті ойыншығың не?

Неге ең сүйікті? Сипаттап бер?

Ойыншықты қалай ұстайсыңдар?

Педагогтер балаларға тосын сый ретінде сүйікті ойыншықтарын слайдтан көрсетеді. Сергіту сәті.Саусаққа арналған жаттығу.

Қуыр- қуыр, қуырмаш,

Бидай салам, қолынды aш.

Төгіп алма, күлем деп,

Балапанға барып шаш.

Педагог осы қиып алған бөліктерді 54-беттегі орындарына рет-ретімен қалай орналастыру керектігін көрсетеді.

Қорыту: Балалардың жүмыстары әр топта көрсетіліп бағаланады.

Педагог балаларды мадақтайды.





Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні:17.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін - өзі тану

Тақырыбы: «Достық татулық байлығы»

Мақсаты: 1.Достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

2.Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; 3.Бір – бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. Әдіс тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, дәптермен жұмыс, әңгімелеу. Көрнекіліктер, қажеттіқұралдар:дос балалардың суреттері, балалардың топтағы өз достары, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Билингвалды компонент: дос-друг-Frend

Негізгі бөлім: Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балалардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту мақсатында «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтуды үсынады.

Дос болайық бәріміз

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Дос болайық дәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымы

Әңгімелеу:

Тәрбиеші балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында балалардың түйген ойларын «Досты қалай табу туралы ертегісімен» жалғастырады.

Ертегіні тыңдап, талдау кезінде тәрбиеші дос адамдардың бір – біріне деген сыйластығы, жарасымы, татулығы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады.

Балалар, біз өткен сабақта өзіміздің отбасы туралы, отбасы мүшелері арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық туралы сөйлестік. Бүгін жанымызға тағы бір жақын адамдар – достарымыз жайлы әңгімелесеміз.

-Достар – бір – біріне қашанда көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншіліктері мол, бір – бірін сыйлайтын жандар.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Қорыту: -«Досты қалай табу»туралы ертегісі ұнады ма?

-Қалай ойлайсыңдар бұл баланың неге достары болмады?

-Дос табу үшін не істеу керек?

Достар қандай болулары керек?

-Жақсы дос деп кімді айта аламыз?

Тексерілді:


«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



Күні: 20.09.2018 ж.

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Адам қолымен жасаған затар

Мақсаты:

1.Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Адамның сезім үшелерінің табиғатты танып-білудегі рөлі туралы түсінік беру

2. Балалардың тілін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, қиялдарын байыту.

3.Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, денсаулығын сақтауға деген ниеттерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: табиғат туралы сюжетті картина, мақта, «Сезім мүшелері» туралы ойын, айна, жұмыс дәптері.

Сөздік жүмыс: сезім мүшелері.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік, ойын.

Билингвалды компонент: дене -тело-body, көз – глаза-eye, мұрын – нос-nose, тері –кожа-leather, құлақ – ухо-ear.

Негізгі бөлім: Көз - адамның негізгі көмекшісі болып табылады. Ол қандай қызмет атқарады?

- Көз туралы не айтуға болады? Көздің түсі қандай? Көзді қалай күту керек?

Көзге арналган гимнастика

1.Көзіңді қатты жұм да, қайтадан аш. 3-4 рет қайтала.

2.Саусақтың ұшымен қабағыңды 1 минут шамасында сипа.

3. Көзді айналдыра қозға: солға - жоғары - оңға - темен. 10 рет қайтала.

4.Қолдарыңды алдыға соз. Саусағыңның ұшын жайлап мұрныңа қарай жақындат. Содан соң қайтадан жайлап алдыға соз. Осы қимылды көзіңді жүргізіп бақыла.5 рет кайтала.

5.Терезеден қара, ең алыс нүктені тауып, көзіңді 1 минут тоқтатып қара.

Есту мүшесі.

Дыбыстарды естуге сендерге не көмектеседі?

Құлақты күту үшін не істеу керек? Музыка қойылады. Балалар құлақтарын мақтамен тығындайды.

Не болғанын айтыңдар.

Қандай қорытынды айтасыңдар?

- Есту - адам үшін ең үлкен байлық. Біз күнделікті тағы қандай сезім мүшесін күтіп ұстауымыз керек (күнделікті таңертең жуынғанда).

Tic туралы жұмбақ шешу.

- Tic не ушін керек? Оны қалай күту керек?

-Tic неге ауырады?

Полингвальды компонент: дене -тело-body, көз – глаза-eye, мұрын – нос-nose, тері –кожа-leather, құлақ – ухо-ear.

«Сезім мүшелері» дидактикалық ойыны

Сезім мүшелерін дұрыс күту, дұрыс күтпеуге берілген әртүрлі жағдайлар бейнеленген суреттер.

Қорыту: «Табиғатта не маңызды?» ойыны.

Балалар сұраққа жауап береді. Бір жауаптан айтып (адам, күн, су, ауа, топырақ, өсімдік, жануарлар, жәндіктер т.б.), дәлелдеп, шең-берге тұрады. Соңында бәрі қол ұстасып, қолдарын жоғары көтереді. «Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты» деген қорытындыға келеді.

.Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.




Күні:17.09.2018 ж.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «2-2,5 марақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты асықты дәлдеп лақтыру »

Мақсаты:Қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруға үйрету және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын жаттықтыру.Ұжым болып ойнауға тәарарбиелеу.Гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуге жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ жауап түсіндіру.

Қажетті көрнекті құралдар:Әрбір балаға гимнастикалық таяқшалар,лақтыруға арналған қапшықтар,гимнастикалық баспалдақ.

Билингвалды компонент:лақтыру-кидать;

Негізгң бөлім:Балаларды бой бойымен сапқа тұрғыздым.Сәлемдестім.Саптық жаттығуларды жасаттым.

Балаларды бір қатар тізбекпен бір-бірден сол иығына таяқшаны қойып жүргіздім.Бір белгісіне қарай жұптасып тұра қалу және жүру,екі белгісіне қарай бір қатар сапқа тұрғыздым.

Дабыл жай соғылған кезде

аяқтың ұшымен таяқшаны жоғары көтеріп жүру.

Таяқшамен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары;

«Штангистер» жаттығуы:аяқтарын сәл ашып тұрады,қолдарын төмен түсіреді,таяқшаны көлденең екі шетінен ұстау.Таяқшаны кеуде тұсына көтеру,бастапқы қалыпқа оралу.

«Отыру» жаттығуы:аяқтың бастарын сәл ашып,өкшелерін қосып тұру,таяқша жауырын үстінде.Ақырын отыру,тізелерін екі жаққа қаратып,денесін тік ұстап,бастапқы қалыпқа оралу.

«Байдаркада» жаттығуы:аяқтарын сәл ашып отыру,таяқшаны көлденең екі қолмен орта тұсқа келтіріп ұстау.

«Суда қалқып жүзу» жаттығуы:шалқадан жатып,қолдарын бастарына қояды,акырын шайқалады.

Гимнастикалық қабырғада өрмелеу.Балаларды 2-3 топқа бөлдім.Гимнастикалық қабырғада қалай өрмелеу керектігін түсіндірдім,іс жүзінде көрсеттім.

«Мен спортсменмін!» қимыл-қозғалыс ойыны.Шарты:ойын барысында бір бала штангистің тұрысын,бір бала палуанның тұрысын көрсеткіздім.

Балалар жаттығуды педагогтің көрсетуі бойынша орындады.

Жаттығуды 6-8 рет қайталайды.

Қорыту:

Балаларды бір қатар тізбекпен жүргіздім,тыныс алу жаттығуларын жасаттым.

Балаларды сапқа тұрғыздым оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтадым.

Қолдарын жоғары,екі жаққа созып,терең дем алып,деп шығару.






Тексерілді:





«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.






Күні:18.09.2018 ж

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Доғанығ астынан төрттағандап еңбектеу

Мақсаты: Төрттағандап еңбекеуге үйрету кері еңбектеуді қайталау. Кедергілердің арасымен жүру және жүгіруді үйрету, тепе-теңдікті сақтауды қалыптастыру, секіру жаттығуларын қайталау.

Құралдар: әр балаға кеглиден, арқан, гимнастикалық орындықтар, кілемшелер

Билингвалды компонент:еңбектеу-ползать;

Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары/кеглимен/

1. Б.қ. аяқ алшақ, кегли оң қолда. Қолды жанынан созу, кеглиді сол қолға ауыстыру, қолды төменге түсіру, б.қ. оралу (5-6 рет).

2. Б.қ. аяқ алшақ, кегли оң қолда. Иіліп кеглиді сол аяқтың жанына қою, тіктелу, қол белде. Иіліп кеглиді оң аяқтың жанына қойып, жаттығуды қайталау. Б.қ. оралу (5-6 рет).

3. Б.қ. тізерлеп отыру, кегли оң қолда, сол қол белде. Оңға, солға бұрылып, кеглиді аяқтың ұшына қою. Оңға, солға бұрылып,

кеглиді қайта алу. Б.қ. оралу (5-6 рет).

4. Б.қ. аяқ алшақ, кегли оң қолда. Отырып, кеглиді еденге қою, түзелу, қолды артта ұстау. Отырып, кеглиді алу, б.қ. оралу (5-6 рет).

5. Б.қ. – аяқ сәл алшақ, кегли төменде еденде. Кеглиді айнала секіру, жүру.

2. Негізгі қимылдар:

Төрттағандап еңбектеу /4-6м/- Балалар сапқа тұрады мұғалімнің белгісі бойынша еденге тізерлеп тұрады қолды еденге қояды алға қарай төрттағандап еңбектейді, кері еңбектеп келеді, жаттығуды 2-3 рет қайталайды.

Жіп бойымен оңға, солға қосаяқтап секіру (тіке сызық бойымен орналасқан) – еденде орналасқан арқанның екі жағына қосаяқтап секіру.

Ойын: «Кім жылдам?» Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап жүгіріп, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «бір, екі, үш» деп санағанша, балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғаны

атап айтылып, жаңылған балаға ескерту беріледі

Қорыту: Аз қимылды ойын «Қоянды тап» Балаларды мадақтау






Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.



күні: 14.09.2018 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Кіші сала: Драма.

Тақырыбы: «Театр әлемінде»

Мақсаты:

-Балалардың білімін қоршаған шындықпен қалыптастыру: балаларға театрдағы актер туралы ойларын кеңейту.

-Өз жұмысында этюдті орындау кезінде, дене, мимика, қимылды меңгеріді үйрету, мәнерлі орындауға жұмыс жасау.

-Шығармашылық қиялдарын дамыту, ойын бейнесін өзі құрай білу, қайталанбастыққа ынталандыру.

-Назарларын, қиялдарын, шыдамдылық пен коммуникативік дағдыларын дамытуда жалғастыру.

-Ұжымда ынтымақтастыққа, өзара іс-қимылды істей білуге ойларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: көрме, сандық, афиша, қуыршақтар, фломастер, желім, гүлдер, айна, карточкалар, театр суреті, зұлым сиқыршы дауысы т.б.

Билинвалды компонент:сахына-сцена;

Негізгі бөлім: -Балалар біз сендермен қуыршақ театрында пайда болдық.

-Балалар актер қандай болу керек?

-Театр – бұл сиқырлы әлем, мұнда барлық актерлер нағыз сиқыршылар. Олар кез-келген ертегі кейіпкеріне, жануарларға, кейде затқа да айнала алады.

-Балалар бүгін біз актер болу үшін көп дайындықтардан өтуіміз керек.

-Балалар актер әр түрлі қимылдарды жасай алу керек, қазір біз сендер сөзсіз жұмбақтар шешеміз.

Сөзсіз жұмбақ:

Екі-үш балатәрбиешіге жақындап, заттың, жануардың атын айтады, басқалары не көрсетіп жатқанын айтады. (жел,ұшақ, түлкі)

-Жарайсыңдар! Тамаша!

-Балалар сендер білесіңдер мен актер сонымен қатар тапқыр болу керек.

Сендер актер болуға дайындалып жатырсыңдар ғой? Ендеше, мен сендердің тапқырлықтарың мен шапшандылықтарыңды тексерем.

Ойын:«Ертегіні құрастыр»

Үстел үстінде ертегі суреттері, балалар бір-бір суреттен алып, іліп құрастыру.

Ертегі құрылымын дұрыс құрастыру.

-Бұл ертегі кім туралы?

-Ертегі дұрыс құрастырылды ма?

-Міне, балалар сендер актерге ұқсап келе жатсыңдар.

Қорытынды: Рефлексивтік түзетуші

-Біз бүгін сендермен кімдер айналдық?

-Сендерге ұнады ма?

-Міне, балалар біздің енді балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Шеңберге тұрамыз, көзімізді жұмамыз.

Сиқырлы музыка қосылады.

1,2,3 -сиқырды біз бастаймыз.

-Актерге.

-Өте ұнады.



Тексерілді:

«Балдырған»ересек тобының қысқа мерзімді жоспары.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі