Балабақша тәрбиеленушісіне мінездеме

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша тәрбиеленушісіне мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада тәрбиеленуші балаға мінездеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай
балабақшасының

«Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі
Мұрат Нұрзатқа







Мінездеме



Ерсұлтан Ернар 2019 жылы қараша айының 28 жұлдызында дүниеге келген.Ұлты-қазақ. Айша 2022 жылы 1 қыркүйектен бастап балабақшаға қабылданған. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы, созылмалы аурумен ауырмайды,балабақшаның диспансерлік есебіне алынбаған.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас.Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және қәжеттіліктерінек үнемі көмектесіп отырады.Баланың бойында жақсы әдеттерді қалыптастырған.Ернар өте шапшаңдығымен,ұстамсыздығымен,тым қозғалғыштығымен ерекшеленді.Психикалық процестері шапшаң өтеді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді.Сондықтан ол жүрген жерде ұрыстар жиі орын алады.Жағымды жағы – энергия,белсенділік, құштарлық. Жағымсыз жағы – шыдамсыздығы, өзімшілдігі және ызақорлығы. Тез жұмысты аяқтауға және өзгерістерге асығып тұрады.Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды, достарымен ойын барысында ұрсысып, тәрбиешіден ұрыс естіп қалады.Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады.







ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай
балабақшасының

«Дастан» тобының тәрбиеленушісі
Мұрат Нұрзатқа





Мінездеме



Өмірзақ Әлихан 2018 жылы қараша айының 21 жұлдызында дүниеге келген.Ұлты-қазақ. Әлихан 2021 жылы 1 қыркүйектен балабақшаға қабылданған. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы, созылмалы аурумен ауырмайды,балабақшаның диспансерлік есебіне алынбаған.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас.Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және қәжеттіліктерінек үнемі көмектесіп отырады.Баланың бойында жақсы әдеттерді қалыптастырған.Әлиханда психикалық процестер өте баяу жүреді.Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді.Ол тұйық таныс емес адамдармен сөйлеспейді.Өзіне қойылған тапсырмаларды мұқият орындайды.Жаңа ортада қысылады.Жағымсыз жағдайларда осалдық,қысылу,көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2023
6574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі