Балабақша тәрбиешілерін рейтингілік бағалау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша тәрбиешілерін рейтингілік бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша әдіскерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Өрел ауылындағы «Балдырған»

бөбекжай-бақшасы коммуналдық

мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының меңгерушісі

Г.М.Игибаева

Педагог қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалаудың рейтнигілік жүйесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

    1. Осы КМКҚ «Өрел ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) педагогтың мақсаттарын, міндеттерін, атқарымдық ұстанымдарын, ұйымдастарушылық және атқарымдық құрылымын, рейтингтік бағалау рәсімдері мен құралдарын айқындайды. Аталған Ереже ҚР заңнамалық актілеріне, МДҰМЖС, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына, білім беру сапасын бақылау мен бағалау рәсімдерін жүзеге асыруды регламенттейтін Ұжымдық шартқа сәйкес әзірленді.

    2. Ереже еңбек шартына сәйкес кәсіби қызметін жүзеге асыратын балабақшадағы педагогикалық қызметкерлердің қызметіне қатысты.

    3. Ереже педагогтар қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін пайдаланудың негізгі функцияларын, мақсаттарын, міндеттері мен ұсынымдарын, оның құрамдас бөліктерін, педагогикалық қызметкерлердің рейтингін анықтауды ұйымдастыру мен технологиясын айқындайды.

    4. Рейтинг туралы ереже балабақшаның педагогикалық кеңесінің отырысында қаралады және басшының бұйрығымен бекітіледі.

  2. Негізгі ұғымдар, мақсаттары, міндеттері, функциялары мен ұсынымдары

    1. Рейтинг –белгілі бір объектінің немесе құбылыстың маңыздылығын немесе мәнін бейнелейтін сандық көрсеткіш.

    2. Рейтинг мақсаты-әр педагогтың кәсіби қызметінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу арқылы сапалы білім беруге жетуге ықпал ету.


    1. Рейтинг міндеттері:

      1. Білім беру және тәрбие қызметінде сапалы нәтижелерге жетуге, біліктілігін, кәсібилілігін өсіруге ынталандыру, педагогтың шығармашылық бастамасын дамыту, педагогикалық ұжымның рейтингілік мәдениетін қалыптастыру.

      2. Педагогтар қызметін үнемі өзін-өзі бағалауға ынталандыру.

      3. Педагогтың беделі мен тұтас алғанда балабақша рейтінгін арттыруға ықпал ететін қызмет түрлеріне ынталандыру.

    2. Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметін бағалаудың рейтингілік жүйесінің негізіне мына ұсынымдар енеді:

  • Рейтингті анықтаудың ашықтығы мен айқындығы;

  • Педагогтарды кәсіби дамытудың жеке ерекшеліктерін есепке алу;

  • Әр педаготың ішкі бағалау мен өзін-өзі бағалау әуелетін арттыру.

    1. Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметін бағалаудың рейтингілік жүйесінің технологиясы:

      1. Педагогқа:

  • Өз еңбегінің нәтижелері мен ұжымдағы кәсіби орнын нақты ұсынуға;

  • Кәсіби өсуіндегі өз резервтерін көруге;

  • Үздіксіз тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби өсуге ынтасының болуына.

      1. Әкімшілікке:

  • Педагог еңбегі нәтижелерінің үздіксіз диагностикасын жүзеге асыруға;

  • Педагог қызметкерлер кәсіби қызметінің үздіксіз диагностикасын жүзеге асыруға;

  • Педагог қызметкерлер кәсіби қызметінің моральдық және материалдық жүйесін педагогикалық қызметтің нақты нәтижелеріне сәйкес жетілдіруге мүмкіндік береді.

  1. Рейтингілік жүйені ұйымдастыру және технологиясы

    1. Балабақшадағы педагогикалық қызметкерлердің рейтингін анықтау механизімінің негізінде әр педагог қызметінің түпкілікті нәтижелерін, оның жұмысының өнімділігі мен сапасын мойындау енеді.

    2. Рейтингті анықтау объектілері балабақша педагогтарының шығармашылық тобы әзірлеген және басшының бұйрығымен бекітілген «Педагогтың кәсіби қызметінің нәтижелілігін кешенді бағалау картасында» ұсынылған оларды бағалаудың нәтижелілігі мен өлшемшарттарының көрсеткіштері болып табылады.

      1. Нәтижелік көрсеткіштері-басты параметрлер, ол бойынша жұмыскердің қызметі;жұмысының сипаттамасы мен кәсібиліктің қажетті әрі қалаулы стандарттарын құрайтын жұмыстағы мінез-құлқы бағаланады. Барлық өлшемшарттарда оларда ашылатын қатаң түрдегі ьір мәнді түсіндірме бар.

      2. Өлшемшарттарды бағалау-өлшемшарттардың белгіленген сандық өрнегі.

    3. Рейтингті анықтау мерзімі жылына 3 рет:қыркүйек-оқу жылының басы, қаңтар-бірінші жарты жылдық, мамыр-оқу жылының соңы. Қорытындылар жоғарыда аталған айлардың 25-інде шығарылады.

3.4.1. Педагогтардың рейтингі тапсырылған нысандардың (қосымша) нәтижесі негізінде есептік кезеңде нәтижесі бойынша анықталады.

3.4.2. Аталған айлардың 25-іне дейін рейтингті анықтау үшін педагог жұмыстың өтелген кезеңі ішінде қызмет нәтижелілігіне өзін-өзі бағалау жүргізеді, оны «Педагогтың кәсіби қызметінің нәтижелілігін кешенді бағалау картасыа» (бұдан әрі-Карта)енгізеді және әдіскерге рейтингті есептеу үшін ұсынады. Көрсетілген мерзімнен кейін толтырылған карта қарауға қабылданбайды.

3.4.3. Әдіскер алынған бастапқы мәліметтер негізінде Картаны толтырады. Рейтинг Карта мәнін барлық рейтингілік өлшемшарттар бойынша жинақтаумен анықталады.

3.4.4. Карта қосымша ретінде Комиссия отырысының хаттамасына тіркеледі.

3.5. Рейтинг қорытындылары туралы хабарлау:

3.5.1. Рейтинг қорытындалары әдістемелік кабинеттегі «Педагогтар рейтингісі» стендісіне орналастырылады.

  1. Жауаптылық

    1. Соның негізінде рейтинг анықталатын ақпаратты дер кезінде ұсыну мен оның анықтығы үшін жауаптылық педагогикалық қызметкерлерге жүктеледі.

    2. Ақпараттарды жинау мен оның дұрыстығы үшін жауапкершілік әдіскерге жүктеледі.

    3. Өлшемшарттардың мәнін енгізу мен өңдеуді бақылауды әдіскер жүзеге асырады.

    4. Карта мазмұнына сәйкес меңгерушінің бұйрығымен өлшемшарттар мәнінің анықтығын бақылауды жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғалар тағайындалуы мүмкін.

  2. Іс жүргізу

    1. Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелілігін рейтингілік бағалаудың карталары мен нәтижелері қажетті мерзімі өткенге дейін әдістемелік кабинетте сақталады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
1526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі