400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

балабақша түлектеріне арналған өлеңдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаны бітіруші түлектерге арнап шығарылған өлең.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабырлы мінез салмақты

Айшадай қыздар көп болсын.

Құтты болсын талабы,

Оң болсын деймін қадамы.


Нұрғалиға жарасар,

Түр тұлғасы,талғамы.

Тұлғасына қарасаң,

Данышпандай талабы.

Шақырамыз ортаға,

Нұрғалидай баланы.


Есімі берер көп сырды,

Сегіз қырлы,бір сырлы.

Болып өссе екен деп,

Білімді, ойы ұшқырлы.

Келсін енді ортаға,

Айша қызымыз сүйкімді.


Талабы таудай бала бұл,

Өмірден орныңды таба біл.

Айсәуле келсін ортаға,

Бәрін білгім келеді,

Дейтін нағыз бала бұл.


Хадиша біздің көңілді,

Қабақ шытпай жүреді.

Қашан көрсең бір қалпы,

Мейірлене күледі.

Жұлдыз болсын келешек,

Балабақша түлегі.


Бақшамыздың сұлуы,

Кәусар біздің ақылды.

Бітіру ертеңгілігіне,

Шақырды алыс-жақынды.


Бой десе бой, ой десе ой,

Нұрисламдай жігіт көп болсын.

Ата-анасы қасында,

Көңілі оның тоқ болсын.



Барлық өнер табылады бойынан,

Тәрбиесі талапқа сай қойылған.

Өнер, білім,ақыл барын байқаймыз,

Балайымның ұшқыр қиял ойынан.


Асылымды ұқыпты қыз деп сыйлаймыз,

Кетерінде бақшамыздан қимаймыз.

Келешекте бағындырар биікті

Мықты маман болады деп ойлаймыз.


Табылады бойынан,

Жігітке лайық ар-намыс.

Сержандай биші талантты,

Балаға толсын бақшамыз.


Қуыршақ па деп қалма,

Раяна келсе ортаға.

Жүзіне қарасаң арайлы,

Қуана бәріне қарайды.

Тәуелсіз елдің келешек,

Жұлдызы болуға жарайды.


Сабырлы мінез салмақты,

Айымдай қыздар көп болсын.

Жарқырасын айдай боп,

Жымыңдасын жұлдыздай.

Құлпыра берсін құндыздай.


Ақылды біздің баламыз,

Болсын дейміз данамыз.

Әлихандай балаға,

Шаттана қол соғамыз.


Үздіктерден көрінсін,

Әлинұр бала -батыр бұл.

Әлинұр келсе ортаға,

Қуанып бір қаламыз.

Шаттана қол созамыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.06.2025
151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі