Балабақша
туралы эссе
Біздің
халқымыздың балаға деген ықыласы ерекше.
Ұлы Абай: «Адамның бір қызығы бала
деген», деп, ұрпағыңды өрбітер ұлға,
өрісіңді кеңейтер қызға ерекше мән
берген. Баласын алақанында аялап, сәбиін
әрдайым шырағына, бұлағына, жарығына
теңеген. Баласын бес жасқа дейін
патшасындай сыйлап, он бес жасқа дейін
құлындай жұмсап, он бес жастан соң
құрдасындай қадірлеген халықпыз. Қазіргі
таңда бала тәрбиесінде патшасындай
сыйлайтын басым бағытқа ие – балабақша.
Бала білім негіздерін балабақшадан
бастап алады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
тапсырмасына сай «Балапан» бағдарламасы
жүйелі түрде жүзеге асырылып, бақытты
балалыққа апаратын баспалдақ болды.
Ең кішкентай бүлдіршіндердің мектепке
дейінгі білім алуын қамтамасыз етуіне
жол ашты.
«Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» атты Президенттің
жолдауында адами капитал сапасын
жақсарту мен балабақшаларға қатысты
мемлекеттік жекеменшік кәсіпкерлікті
дамытуға зор мүмкіндік беріп отыр. Оның
айғағы, бүгінгі таңда ауданымызда
кәсіпкерлік негізінде мемлекеттік
жекеменшік серіктестік балабақшалардың
қарқынды жұмыс істеуі. Осындай толымды,
оң тәжірибенің арқасында мектепке
дейінгі тәрбие беру бағыты бірқатар
жетістіктерге қол жеткізді. Соның бір
көрінісі 2010 жылы ашылған, 12 топта 300 бала
тәрбиеленіп келе жатқан жеке мекеме
«Есік Болашақ -2007» бөбекжай балабақшасы.
Құрылтайшысы Мельников Николай Иванович,
атқарушы директоры Хайрулина Айгүл
Ахмедияровна. Мекемеде 60 қызметкер
жұмыс істейді.
Дана
халқымыз: «Қарымды ұстазы мен тағылымды
ұланы тең елдің бағы да баянды» дейді.
Балабақша сегіз
жылдан бері қарай халыққа қызмет етіп
келе жатқан киелі шаңырақ. Педагогтардың
45% жоғарғы және бірінші категориялы,
55% екінші категориялы, тәжірибелі
тәрбиешілер. Балабақша
тәрбиешілері кәсіби біліктілігін үнемі
арттырып отырады. «Өрлеу», жаңартылған
бағдарламасы бойынша курстардан өтіп,
аудан бойынша өтетін іс-шараларға
белсенді қатысып, түрлі дәрежедегі
жетістіктермен марапатталып келеді.
2018 жылы маусым айында өткен облыстық
«Өрт қауіпсіздігін сақтау» семинарында
тәрбиешілер өздерінің озық тәжірибелерімен
бөлісті. Облыстық «Жыл тәрбиешісі-2015»
байқауында Түгелбаева Фариза бас жүлде
алды.
Елбасы
атап өткендей, келешек ұрпақ алдында
тұрған міндеттерді шешу үшін оларды ең
бірінші кезекте сапалы біліммен
сусындатуымыз керек. Себебі адами
капитал сапасының басты көрсеткіші–
білім деңгейімен анықталады. Балабақша
ұжымы күнделікті оқу үрдісінде жаңа
технология мен инновациялық әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып, ізденіспен жұмыс
істейді.
Әр
баланың даралығын дамытуын негіз етіп
алынған Монтессори, Н. Зайцев, В. Воскобович
таяқшалары, ТРИЗ технологиясы, денсаулық
сақтау технологиясы, «Тәй-тәй»
технологиясы бойынша оқу материалдары
жинақталып, оқу процесіне енгізілді.
Елбасының
талабын орындауда цифрлық
білім беру ресурстарын
дамыту, кең жолақты Интернетке қосу
және мекемелерімізді видеоқұрылғылармен
жабдықтау жұмыстары да біздің балабақшада
өз мәресінде жүргізілуде. Ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы балалардың
қызығушылығын, танымдық белсенділігін
арттырып, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастырып, шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды.
Елбасымыздың
тілдің үш тұғырлы саясатын жүзеге
асыруда, бүлдіршіндеріміздің ана тілге
деген сүйіспеншілігін арттыру, орыс,
ағылшын тілін жетік меңгеруге баулу,
әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптасытруда
көптеген оқу қызметі, тәрбие жұмыстары,
мерекелік іс-шаралар, өнер сайыстары
өткізіледі. Дәстүрлі аудандық «Қазақшаң
қалай, балақай?» байқауына бүлдіршіндеріміз
жыл сайын қатысып, жүлделі орындарды
иеленіп жүр.
Жемісті
жұмыстың арқасында бүлдіршіндеріміз
әртүрлі республикалық, халықаралық
байқауларға, интеллектуалдық марафондарға
қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Республикалық Интеллектуалдық «Үркер»
марафонында біздің тәрбиеленушіміз
Шкарупа Александра бас жүлдені жеңіп
алды.
Денсаулығы
сәбидің - қуанышы әр үйдің. Бала денсаулығы
басты назарда. Бүлдіршіндердің денсаулығын
жақсарту мақсатында сауықтыру шаралары-
құм, күн,су терапиясы күнделікті жүзеге
асырылады. Соның нәтижесінде денесі
шыныққан, шымыр, балауса жас ұрпақ
өсіп келеді. 2017 жылы «Балабақшада
балаларды шынықтыру» тақырыбында
аудандық семинар жоғары деңгейде
өткізілді.
Бала-
ұлт болашағы. Жас ұрпаққа сапалы білім,
саналы тәрбие беріп, Отанын сүйетін
азамат ретінде тәрбиелеу біздің
міндетіміз. Егерде балаларымызға осы
бағытта жақсы тәрбие берсек, Қазақстанның
болашағы жарқын, терезесі тең, еңсесі
биік мәңгілік ел болары сөзсіз.