Материалдар / Балабақшада 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2019
71836
76 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі:

(№10-ортаңғы топ 2019)

Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Репертур: 1) Әндер: «Анажаным». «Анашым», «Мамочка моя милая»; «Ананың тілегі»

2) Билер: «Кәмпит», флэшмоб

3) Ойындар: «картоп аршу» (әкелермен); «Анамызды қолынан танимыз» аналармен; «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру».

Керекті құралдар: картоп пышақ (әкелермен ойынға); үш йогурт, үш кішкентай қасық, майлықтар(әжелермен ойынға).


Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

-Біздің бүлдіршіңдер бүгін сіздерге «Көктемгі мерекесін» дайындады. Қанеки, қошеметпен ортаға шақырып, қарсы алайық «Көбелек»тобы

Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді,

орындарына отырады.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Би билеп, ән айтады

Тойларында балалар.

Бағалаймыз енбегін

Аман болсын аналар!

Ән «Анажаным».

Әннің аяғында, балалар: Мереке құтты болсын!

Көңілді музыка ырғағымен балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Балалардың тақпақтары:

Ана туралы

1. Бүгін Наурыздың сегізі Алтынай Ағылшын тілінде
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
2. Мәпелейсің мені анам Сезім
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.

Құшағында қысылмай.

3. Жүре берсем қасыңда Әлімжан
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.

4. Мамочка моя Арайлым

Я люблю тебя

Маленьки букет-

Мой любви секрет!


5. Анамды мен жақсы көрем Амина
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

6. Ана біздің күніміз, Нұрбол
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

7.Әлпештеген аялаған. Аяжан.Қ.

Ақ сүт берген апатайым.

Салем жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен құттықтайымын!


8.Бүгінгі көктем күнінде,  Алима
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 


Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балалары айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір қыздар биі

Қол соғып демеу берер көрермендер


Би «Кәмпит»

Жүргізуші: Қандай тамаша би!Рахмет.

Енді аналарымызбен бір ойын ойнайық-5 ана

Ойын «Қолынан танимыз»


Жүргізуші:Ойыншыларға ду қол шапалақ! Рахмет сіздерге.

Жүргізуші: Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып

«Мамочка моя милая»;әнін орындайық

Жүргізуші: Жақсы балалар!Ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, тыңдаңдар – бұл кім туралы тақпақ?

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

2

Балалар: Әже!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, ол, әрине, әже. Олай болса, ортаға әже туралы тақпақ дайындаған балаларды шақырайық.

Әже туралы балалардың тақпақтары:


9. Аналарды сүйеміз Ерали
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.


10. С Восьмым мартом дорогие: Ақнұр Ағылшын тілінде

Мамы,бабушки родные

Будет пусть все хорошо

И в душе всегда тепло


11. Мені жақсы көреді 

Күндей күліп келеді  Айнара Ағылшын тілінде


Көп ертегі біледі
Маған айтып береді



12.Әжем менің әйбат. Нұрали
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.


13. Менің әжем мейірбан Дина
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.

14. Әже деген асыл жан Айару
Құрмет көрген ғасырдан
Аялаймын әжемді
Аялаймын бар елді.

15.Бізге қарап елжіреп, Мадина Ағылшын тілінде

Сүйіп беттен ақ мамам,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіремін шаттанам.


16.Көктем келді жадырап  Амир
Күн нұрымен таласып, 
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар! 



Жүргізуші: Біздің балалар әжелерін сондай жақсы көреді, тіпті оларға йогурт ұсынып, әжелерді өздері ақ тамақтандырады. Сеңбейсіңдер ме? Қанеки, әжелермен ойынды өткізейік, сонда көресіңдер.


Ойын «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру»

Шарты: ойынға үш бала мен олардың әжелері қатысады; немелері өз әжелерін йогуртпен тамақтандырады. Жүргізуші балаларды мақтайды. Ойынға қатысқан әжелерге естелік сыйлықтарды ұсынады.

Жүргізуші: Қандай тәртіпті немерелер! Әжелерін қалай күтеді...

Жүргізуші: Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!


Ән «Анашым» Ақкербез бен Айзада

Жүргізуші: Рахмет сендерге

Балалардың сіздерге арналған флэшмоб биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Өте тамаша,рахмет сендерге балалар.


Жүргізуші:Енді Аналарымызға арналган тақпақтар

17.  Мне приятно маму Алинур 

Поздравлять с весной

Потому,что-мамочка

Я-сыночек твой


18. Баланың да тірегі  Айзада
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан 
Анамыздың жүрегі. 

19.Мен анамды сүйемін,  Сәнді Ағылшын тілінде


Құшағына енемін. 
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін. 


20. Бөбегіңнің сыйлығын, Ақкербез
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.

21.Бәрімізге анамыз  Аяжан.О. Ағылшын тілінде


Біз үшін күн боп жанасың 
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым! 

22.Бізді өсірген анажан. Аслан

Енбегі де зор екен.

Құтты болсын анажан!

Құтты болсын мерекен!



23.Ақ қабақты анашым  Афият
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын, 
Айналайын анашым. 


24.Қызықтап әр сөзімді Көркем

Жүрегінде сақтаған,

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам


Жүргізуші: Өте жақсы .Бүгін мереке, аналар әрине сән салонға барып, дүкендердерді аралап жүреді. Ал, әкелеріміз осы кезде балаларына тамақ істеп береді екен.Тіпті картоптыда өздері аршиды. Иә, балалар? Оны біз қазір ойын ойнап тексереміз.

Ойын «Картопты аршу»


Шарты: ойынға екі әке шығады. Көздерін байлап,қолдарына картоппен пышақ береміз.

Жүргізуші: Біздің әкелеріміз картопты таза қылып аршыды! Осы ойында достық жеңді!

Рахмет сіздерге

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ән «Ананың тілегі»


Жүргізуші: Бұл Аналарға арнайы жасалған сыйлық.


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!