Балабақшада ағылшын тілі сабағында ойнатылатын дидактикалық ойындар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада ағылшын тілі сабағында ойнатылатын дидактикалық ойындар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған дидактикалық ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада ағылшын тілі сабағында ойнатылатын дидактикалық ойындар.


1 «Күншуақ» МДҰ

ағылшын тілі мұғалімі

Утегенова Гаухар Урынбасаровна

Ақтөбе облысы,Хромтау қаласы



1.«Who are you?» ойыны

Бұл ойын үшін көз байлауға шарф немесе орамал керек. Бір баланың көзін байлап, екінші балаға жақынырақ кел деп, ымдап шақырыңыз. Көзі байлаулы тұған бала алдында тұрған баланы қолдарымен стпалап,алдына кім тұрғанын айтсын. Мына диалогты пысықтаңыз.

-Are you Malika?

-No

-Are you Katya?

-Yes


2.«How many?» ойыны

Балаларға айналадағы заттарды (қалам,кітап,қарандаш,ойыншық және т.б) санауды ұсыныңыз. Педагог қолына заттардың белгілі бір санын (5-ке дейін) ұстап тұрады да «How many?»сұрағын қояды,ал балалар дауыстап санап,жауап береді.


3.«What is it?» ойыны

Суретті кішкене ғана бір бөлігі көрінетіндей етіп жауып, балаларға көрсетіңіз. Белгілі бір баладан: «What is it?»-деп сұраңыз. Бала: « It is a cat»,-деп жауап береді.


4.«Touch the colour» ойыны

Үйренген түстерге боялған карточкаларды тақтаға іліңіз.Балаларды екі топқа бөліңіз. Әр топтан бір адамнан шақырыңыз. Педагог түсті айтқаннан кейін қатысушылардың әрқайсысы сол түске боялған каротчканы көрсетуге тиісті. Қажетті түсті бейнеленген карточкаға бірінші болып қол тигізген бала өз тобына ұпай әкеледі. Ойынды күрделендіру үшін жаңа «Touch» сөзін енгізуге болады.


5.«Show me»ойыны

Балаларға үйренген түстерге боялған шағын карточкаларды таратыңыз. «Show me red» үлгісінде команда беріңіз. Балалар педагог айтқан түске боялған карточканы көрсетуге тиіс. Карточкалар болмаса,түрлі-түсті қарандаштарды пайдалануға болады.


6. «Jump» ойыны

Бұл ойын топта бала саны көбірек болса,қызығырақ болады. Педагог балалардың құлағына түстердің аттарын сыбырлап айтады. Содан кейін дауыстап «Green, jump!»- деп пәрмен береді. Өз түсінің атын естіген балалар секіреді.


7. «Clap, clap, clap»ойыны

Балаларға «Clap» сөзі «шапалақтау» дегенді, «times» сөзі «рет» дегенді білдіретінін түсіндіріңіз. «Clap two times» деген сөздерді айтыңыз. Балалар екі рет шапалақтайды. Берілген алгоритм бойынша жалғастырыңыз.

8. «Describe the picture» ойыны

Бұл ойын үшін балаларға таныс түстер мен заттар бейнеленген карточкалар қажет. Мысалы: doll, car, balloon, robot, humming top etc.

Педагог бір қолында осы зат бейнеленген карточканы,екінші қолына белгілі бір түске боялған карточканы ұстап тұрып,суретті сұлба бойынша сипаттауды сұрайды: It is a car. It is red. It is a balloon. It is blue.

9. «Foxy says» ойыны

Педагог «Foxy says touch your nose» деген сөздерден басталатын команда береді. Егер педагог «Foxy says» деген сөздерді айтпаса,ол осы қимылды көрсеткен болса да, балалар команданы орындамау керек. Шатысқан бала ойыннан шығып қалады.

10. «Give me, please» ойыны

Педагог дастарқанға тағам түрлері бейнеленген карточкаларды орналастырады. Нақты балаға: «I am hungry. Give me milk, please» дейді. Бала оған тиісті карточканы ұсынуға тиіс. Одан кейін балалар кезек-кезегімен осыны қайталауға тиіс.


11. «What is missing?»» ойыны


Балалардың алдына 10 зат немесе осы заттар бейнеленген 10 карточкалар қойыңыз. Әр затты немесе заттар тобын (мысалы: екі көк түсті қарандаш) кезек-кезегімен көтеріңіз,балалар осы затты атауға тиіс. Осыдан кейін педагог заттарды жауып, байқатпай біреуін жасырады. Заттарды қайта ашып, «What is missing?» деп сұрайды. Балалар жоғалған затты атауға тырысады. « A ball, two pens, a doll»


12. «Likes and dislikes» ойыны

Педагог әр балаға тағам суреті салынған карточка көрсетеді. Баланың міндеті- бұл тағамды ұнататынын немесе ұнатпайтыны туралы ағылшын тілінде айту қажет.


13. «Тапқырлар» ойыны

Педагог ағылшын тілінде бір затты атайды. Ұшатын заттар қалай аталады(ұшақ, жарқанат, ара, көбелек, әуе шар,) балалар ұшуды көрсетіп,қолдарын бұлғайды.

Қозғалатын заттарды қалай атайды (пойыз, машина), балалар сәйкес қимылдарды көрсетеді. Жүзетін (балық, пингвин), секіретін(қоян, кенгуру, маймыл, мысық) , жүгіретін ( түйеқұс, арыстан, жолбарыс,

ит,қасқыр) жануарларды атап,ойынды жалғастыруға болады.


14. «What do you like?» ойыны

Балаларға бұрын үйренген азық-түлік пен сусындар бейнеленген карточкалар таратыңыз. Педагог балаларға сұрақ қояды,мысалы: «Who likes milk?» сүттің суретін алған бала ағылшын тілінде жауап береді. «I like milk» өзге азық-түлік түрлері мен сусындар туралы да осындай сұрақтар қойылады.



15. «Guess what it is » ойыны

Педагог киім түрлері бейнеленген карточкаларды пайдаланады. Педагог суретті түгел көрсетпей,бір бөлігін ғана көрсетеді. Балалар сөзді өздері тауып,атауға тиісті.

Осы ойынның екінші нұсқасы. Педагог көйлектің суреті салынған карточканың бөлігін көрсетіп, «Is it a balloon?» деген сұрақ қояды. Балалар қалып бойынша «No, it is a dress»,- деп жауап беруге тиісті. Егер сурет сұраққа сәкес болса, онда балалар: «Yes, it is a dress» ,-деп жауап береді.


16. «Артық затты тап» ойыны

Педагог бір қатарға балаларға таныс суреттерді қояды(ең көбі үш сурет). Балалар артығын тауып,оны ағылшын тілінде атауға тиіс. Мысалы: shoes, hat, orange.

Ойынға арналған сөз топтарының нұсқаулары:

  • Apple, plum, socks;

  • Robot, car, dress;

  • Skirt, doll, T-shirt;

  • Red, blue, biscuit;

  • Bread, butter, girl;





17. «Find red» ойыны

Балаларды екі топқа бөліңіз. Бірінші топтың балаларына «What is green?» (немесе қандай да басқа түс) деген сұрақ қойыңыз. Осы топтың баласы топтағы осы түстес затты көрсетуі керек. Педагог қалған балаларға «Right?» деген сұрақ қояды. Олардың жауабы: «Yes!» немесе «No!» жауап дұрыс болса, топқа бір ұпай беріледі.


18. «Mice dance» ойыны

«Тышқандар» мысықты айналып,шеңбер бойымен жүреді. Мысық ұйықтап жатады. Балалар қосылып әндетеді:

Pretty little Pussy cat,

Sleeping there on a mat.

We are hungry, squeak- squeak- squeak,

You are sleeping little cat.

Бір бала мысыққа жақындап келіп түртеді де, «squeak- squeak- squeak,» - дейді. Мысық оның кім екенін табады.



19. «Ducking» ойыны

Жетекші үйрек әндетеді:

Ducking, ducking, swim and play,

Ducking, ducking, swim and play,

Ducking, ducking, nod your head,

Ducking, ducking, go to bed!

Ойыншы үйректер залда жүзіп жүреді де, соңғы сөз айтылғанда қатып тұрып қалады. Қимылдап қойған ойыншы ойыннан шығады.


20. «Fishing» ойыны

Екі бала балықшы болады. Қалғандары балықтар. Балықшылар орамалды екі жағынан көтере ұстап тұрады. Балықтар бірінің соңынан бірі аудың астынан өтеді. Барлығы қосылып мына сөздерді айтады:

Fish is tasty,

Fish is fat,

Fish is here,

In my net.

Өлең аяқталғанда балықшылар ауды түсіріп қалады. Ұсталған балық балықшылардың біреуін алмастырады.


21. « Foxy, Foxy» ойыны

Түлкі орындықта ұйықтап отырады. Балалар бірнеше рет:

Foxy, Foxy,

Let`s play!- деп дауыстайды. Түлкі оянып,жауап береді:

I am hungry!

Run away.

Түлкі балаларды қуып жетіп ұстауға тырысады.


22. «Apples on the floor» ойыны

Балалар шеңбер бойымен жүреді. Шеңбер ортасында алмалар жатыр(ойыншылар санынан бір алма кем) Балалар:

One and two and three and four,

Apples, apples on the floor.

One and two and three and four,

Take the apples from the floor,- деп әндетеді.

Ән аяқталғанда балалар бір—бір алмадан алулары қажет. Алма жетпей қалған бала ойыннан шығады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
4417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі