Материалдар / Балабақшада Ата-аналарға арналған ашық есік күні жоспары, материалдары, есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада Ата-аналарға арналған ашық есік күні жоспары, материалдары, есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіскерлерге ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2023
3252
24 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

«Ақерке» бөбекжай» КМҚК

директоры ______А.Назирова

«______»______2022 жыл






«Ақерке» бөбекжай» КМҚК-да

Ашық есік күнін өткізу жоспары

2022-2023 оқу жылы


Мақсаты: ата-аналар санасында балабақшаның оң имиджін қалыптастыру; балабақша ұжымының балалармен тәрбие-білім беру жұмысының барлық түрлерін көрсету; тәрбиеленушілердің отбасыларымен және әлеуметтік серіктестермен әріптестік қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:

- Ата-аналар мен әлеуметтік серіктестерге мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметі туралы ақпарат беру.

- Топтардағы балалардың қызметін ұйымдастыру, мекеменің қосымша қызметтері, мамандардың (педагог-психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі) жұмысы туралы түсініктерін кеңейту.

Мерекелік шара

Өткізу уақыты

Жауаптылар

Өткізілетін орыны

Қонақтармен кездесу, тіркеу

09.00 – 09.30

Педагогтар, әдіскер

Музыка залы

Бөбекжайдың іс-әрекетімен таныстыру, экскурсия

09.30 – 10.00

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

Барлық топтар

«Математика әлеміне саяхат»

10.00 – 10.20

Тәрбиешілер:

Серік Г.Б.

Акишова С.О.

«Ақбота»

ересек тобы

Танымдық іс-әрекет «Күз мезгілі»

10.20-10.40

Тәрбиешілер: Бодыкова А.К.

Касымбекова Г.С.

«Қарлығаш»

ортаңғы тобы

Қарым-қатынас іс-әрекеті: «Білімді болайық» атты ойын сауық


10.40- 11.05

Тәрбиешілер: Абдуллаева С.Б.

Келгенбек А.

«Қазына» мектепалды тобы

«Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығы – мектеп жасына дейінгі баланы әлеуметтендірудің маңызды шарты» презентациясы

11.05 – 11.10

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

Музыка залы

Спорттық ойын іс-әрекеті: «Кім жылдам?»

11.10 – 11.20

Дене шынықтыру нұсқаушысы-

Келгенбек А.

Музыка залы

Тренинг «Әріптер сөйлейді»

11.20 – 11.30

Педагог-психолог-Касымбекова Г.С.

Психолог кабинеті

Музыкалық ұйымдастырылған іс-әрекет «Әлем керемет болсын!»

11.30 – 11.50

Музыка жетекшісі-Мукушева А.Д.

Музыка залы

Кеңестер, әңгіме

11.50-17.00

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

Әдістемелік кабинет










Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»


Мақсаты: математикалық білім, білік дағдыларын бекіту, ойын арқылы математикалық ой-өрістерін кеңейту. Кеңістікте (жоғарыда, төменде, солға, оңға) бағдарлай білу қабілеттерін қалыптастыру; балалардың геометриялық пішіндер (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) туралы білімдерін бекіту;

Барысы:

Сәлемдесу:

Сәлем деймін күнге мен!

Сәлем деймін мен саған!

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға достарға.

Балалардың қолында шеңберле (жасыл, қызыл, сары)

Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар! Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетке дайынсыңдар ма? Қош келдің, Математика әлемі! Олай болса, бәріміз математика әлеміне саяхатқа шығайық.

1. Ойын «Ең зерек»

Балалардың қолында қызыл, жасыл, сары шеңберлер.

Қысқа сөйлемде түсі шеңберге сәйкес келетін заттың атын естіген бала шеңберді жоғары көтереді .

Тәрбиеші: Дайынсыңдар ма? Мұқият болыңдар!

- Жаздың күні, жасыл шөпте бақалар секірді. (жасыл)

Жасыл түсті шеңберді көтереді.

- Күн өзінің алтын сәулесін түсіріп алды. (сары).

Сары түсті шеңберді көтереді.

Бақшада құлпынайлар өсіп тұр. (қызыл)

Қызыл түсті шеңберді көтереді.

Кемпірқосақ-доға (барлық шеңберлер)

(Барлық балалар шеңберлерін көтереді)

2. Ойын жаттығуы: «Тұрғындарды орналастыр». (кеңістікті бағдарлау)

- Балалар, қараңдаршы қандай керемет алаң, бірақ ол жерде ешкім жоқ екен. Кәнекей, біздер ол жерге тұрғындарын орналастырайық.

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Алаңқай тұрғындарға толды.

3. Ойын: «Кілемді жина».

Балалар геометриялық пішіндерден мозаика құрастырады.

4. Ойын: «Сандарды табу»

5. Балалар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.

1-ші топ: Сурет салу (Триз технологиясы бойынша)

Геометриялық пішіндерді түрлендіру.

2-ші топ: Кюизенер таяқшаларынан үй құрастыру.

3-ші топ: Мүсіндеу «Сандар» (контурлы пластилинография)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Қонақтармен қоштасу.






«Әріптер сөйлейді» психолог тренингі

Мақсаты: Ойлау шамшаңдығын және сөйлеу мәнерімен жылдамдықты талап етеді.

Ойын шарты: Әр қатысушыға әріп беріледі, сұрақ қойылады. Әр қатысушының қолында тұрған әріппен жауап береді.

Мысалы: Балабақшаға немен келдіңіз? «Ж», «А» деген әріптермен жауап береді.

Әріптер: «А», «Ж», «О», «Т», «Б»

Сұрақтар:- Есімдеріңіз қалай аталады?

-Балабақшаға немен келдіңіздер?

-Тәрбиешілеріңіздің есімі?

-Балабақшадан қандай әсер алдыңыздар?

-Балабақшаға тілер тілегіңіз.

«Сиқырлы қарындаш»

Мақсаты: Қарындашты көрші адамымен тіреп жүру, бір-біріне деген сенімділікті арттыру.

Шарты: Қатысатын адамдарды шеңбер бойымен тұрғызып қолдарына түрлі қарындаштар беріп бір- біріне тіреп ұстап, отырып- тұрып, шеңбер бойымен жүру.

«Ұнататын жеміс»

Нұсқау: Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс – жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыныз қандай, соған тоқталайық.

Қарбыз.

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар, шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Жүзім.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

Құлпынай.

Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз.елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тауелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыныз жоқ емес.



Шабдалы.

Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеіуге дәрменсіздік танытасыз.

Алма.

Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығынызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болсада, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Шие

Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сөзді оп-оңай өкпелете салуға болады.

Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет!!!

 


«Қазына»МАД тобының ашық есік күніне арналған

«Білімді болайық» атты ойын сауық


1) Ата-аналарды есіктен қарсы алып нейро жаттығуы арқылы сәлемдесу.

2) Шаттық шеңбері шарды беру арқылы балалармен ата-аналар біh- біріне жылы сөздер айту.

3) ҰІӘ алдарындағы берілген картошкаларды атап айтып қол шамдар арқылы суреттердің артында қанадай әріптер жасырылғанын табады және дауысты және дауыссыз дыбысты ажыратады.

4) Жаңа технология бойынша ойын «Кім жылдам» көк және қызыл топқа бөлініп,көк шарға дауыссыз әріптерді, қызыл шарға дауысты әріптерді жазады.

5) Қортынды ойын балалар текшені лақтырып,қай әріпке текше түседі сол әріпті атап айтып суреттерді сипаттайды.

6) Ата-аналарды топтағы дамытушы орталармен таныстыру.




"Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі Ашық есік күні" сауалнамасы


1.Сіз бұрын осындай іс-шараларға қатысқансыз ба? __________________________________________________________

2.Сіз үшін қандай ақпарат жаңа болды? ___________________________________________________________ ___________________________________________________________

3.Біздің мектепке дейінгі мекеме туралы тағы не білгіңіз келеді? _____________________________________________________________ _____________________________________________________________

4. Біздің мектепке дейінгі білім беру мекемесінің мамандарының қайсысы өз сұрағын жақсы жариялады? _____________________________________________________________ _____________________________________________________________

5.Біздің іс-шарада сізге не ұнамады? _____________________________________________________________ _____________________________________________________________

6.Балабақшадағаы Ашық есік күніне тағы бір рет барғыңыз келе ме?________________________________________________________

7.Осы іс-шараны өткізу бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз. ______________________________________________________ _____________________________________________________




«Ақерке» бөбекжай» КМҚК-да ата-аналармен

өткен ашық есік күнінің есебі


Ашық есік күні - бұл ата-аналармен жұмыс жасаудың бір түрі, бұл оларға мектепке дейінгі білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді.

Бұл іс – шараның мақсаты-ата-аналар мен тәрбиешілер арасында сенімді қарым-қатынас орнату, балаларды бірлесіп тәрбиелеу міндеттерін анықтау және оларды жүзеге асыру.

Біздің бөбекжайда 16 қараша күні өткізілді. Баланы балабақшаға қабылдау ата-аналар үшін де, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкерлері үшін де маңызды оқиға болып табылады. Бірінші кездесудің қалай өтетініне, оның барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастың қалай дамитынына көбінесе ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеме ұжымының өзара әрекеттесуі байланысты. Педагогтар ұжымы ата-аналарға мекемеде баланың дамуы мен денсаулығын нығайту үшін қауіпсіз, педагогикалық сауатты және психологиялық қолайлы орта құрылғанын көрсетуге тырысты.

Ашық есік күнін өткізу туралы ақпаратты біз аумаққа кіре берістегі стендте, сондай-ақ бөбекжа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!