жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балабақшада ата-анамен жұмыс
№1 Алматы қазақ мемлекеттік - гуманитарлық педагогтік колледжі
Ата – аналар жиналысы
Тақырып: «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»
Алматы 2019ж
«"Отбасы – тәрбиенің басты ұясы"
Мақсаты:
Бала
тәрбиесін жандандыру мақсатында
балабақша мен отбасы арасындағы
ынтымақтастықты нығайту. Балалардың
мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы,
мүмкіндігін т. б. жолдарын тереңірек
зерттеу.
Ата
- ана мен бала арасындағы сенімді
сыйластықты, бір - біріне деген сезімді
нығайту. Ата-ана - отбасының негізгі
діңгегі, бастапқы дәнекері екенін
ескеріп, мектеп, ата-ана, ұстаз болып
бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі,
салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
-
Ата - ана мен бала арасындағы сенімді
сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады,
баланың бас ұстазы ата - ана екенін
түсінеді, бір - біріне деген сезім
нығайады;
Идеясы:
« Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің!»
Әдісі:
әңгімелесу-
пікір алмасу, сұрақ-жауап сыни тұрғыдан
ойлау, ассоциация, құрастыру, тренингтер,
ситуациялық сұрақтар шешу, шығармашылық
жұмыс, кері байланыс, бағалау
Ресурстары:
интербелсенді тақта, сызбалар, ватман,
А4 қағаздары, маркер, жағдаяттар,
стикерлер, т.б.
Түрі:
дөңгелек үстел,жеке жұмыс,топтық
жұмыс
Жүргізілу
барысы:
Кіріспе сөз :
1-жүргізуші:
Тағы да, қайырлы күн құрметті ата -
аналар және болашақ әріптестер. Бүгінгі
біздің отырысымыз ерекше болады деген
үмітпен дөңгелек үстелімізді
бастаймыз.Тренингіміздің ерекшелігі
сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды
біз боп, сіз боп пікірлесе отырып,
ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
2-жүргізуші:Отбасы
- Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені
адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының
тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы -
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті
алтын бесігі.
I.Ұйымдастыру
бөлімі.
1 – жүргізуші: Құметті
қатысушы ата-аналар дөңгелек үстелімізді
психологиялық тренингтен бастасақ!
(Шеңберге
тұрғызу, дикция).
Барлық
қатысушы ата-аналармен бірге бір шеңберге
тұрып «Көңілді күн» психологиялық
тренингі «Сәлемдесу» жаттығуын
орындасақ.
Мақсаты:
қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия
беру;
Жаттығу
барысы :
Қатысушыларға
шеңбер құрып тұрады. Әрбір қатысушы
шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу
тәсілімен»және сол тілде «Қайырлы күн»
сөзін айтып барлығымен сәлемдеседі:(Слайдқа
сәлемдесуді енгізу).
«Қазақтар» құшақтасады. (Қайырлы күн)
«европалықтар» қолдарын қысады, (Good Day)
«жапондықтар» бастарын иеді, (Конницюа)
Тувалу еліндегідәстүрлісәлемдесубір-бірінкөргенбойдаекіжанбір-бірініңбеттерінежақындаптереңдемалады. (Тцуе медах)
Қытайқолдарынбіріктіріп, оны денесініңбойыментөменқарайсырғытады..(Сяуу хауу)
Филиппины саусағыныңұшыноныңмаңдайынатигізеді де «мано по» депайтады.
2-жүргіші:Барлықтарыңызға рахмет! Енді сіздерді дөңгелек үстелімізге жайғасуларыңызды сұраймыз!
-Құрметті ата-аналар сіздердің ойларыңызша бақыт деген не?
-Ия
сіздермен толығымен келісем. Ендеше,
бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы:
«Отбасы
– тәрбиенің басты ұясы»
1-жүргізуші:Әрине,
әрбір ата-ана үшін бақыт деген
ол-отбасы,бала-шағасы. Келесі біздің
сіздермен жүргізетін іс-әрекетіміз.
II.«Біз баламызды танимыз ба?»тақырыбында венн-диограммасын құрсақ.
Мақсаты: Ата-ана өз баласының мінез-құлқындағы айырмашылық пен ұқсастықтарын ажырату және түзету.
2-жүргізуші: Венн-диограммасының мақсаты:Сіздерге берілген 3 мин уақыт аралығында диограмма бойынша бала мен ана арасындағы мінез-құлықтың ұқсастығы мен айырмашылығын жазып шықсаңыздар.
-Уақыт кетті,сәттілік!
-Венн диаграммасын құрғандарыңызға көптен-көп рахмет!
1-жүргізуші:
Осы
жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер
айтқым келіп отыр.
Егер
балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып
өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына
қателіктерге жол бермеңіз:(Слайдқа
қосу)
1 – жүргізуші: -Осы қателіктер сіздерде кездесті ме?
-Қандай жұмыс жүргіздіңіздер?
-Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
2-жүргізуші: Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі, ұстаздары.Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы
-Сіздерге тәрбиелік мәні бар «Алашұлы» тобының «Мейірім» видеоролигін ұсынамыз. Интербелсендітақтаға назар аударсаңыздар!.
2-жүргізуші:
Бейнебаянда қазіргі таңдағы ең өзекті
мәселе қозғалды деп есептеймін.
Қоғамда осы сынды жағдайлар болып
тұрады, бұл мәселеге сіздердің
көзқарастарыңыз қандай?
2-жүргізуші: Тәрбиені қашанда құнды байлыққа балаған халқымыз бала тәрбиесіне ешқашан жүрдім-бардым қарамаған. Ал оған ұлттық сипат беру – ұлт болашағын ойлаудан туған даналық. Сондықтан да «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», – деп айттып кеткен екен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов.
2-жүргізуші:Иә,әрине ата-ана бала еліктейтін басты идеал болып табылады. Сондықтан сіздерге осы сөздерді растау үшін, кішігірім тәжірибе көрсетіп кетсек.Салыстыру:Бала тәрбиесі гупка арқылы түсіндіріп,талдау. Салыстыру: Гүлді қай бағытта күтсең, сол бағытта өседі.
2-жүргізуші:
-Осы орайда Жүсіп Баласағұнның сөзін интербелсенді тақсатағы суреттермен салыстырып түсіндірсек. Яғни,баланы кішкентайынан тәрбиесіне зейін қойып түзу өсірсең балада дәл осы жайқалып өскен ағаш секілді жетіледі.
-Егер
баланың тәрбиесі мен мінез-құлқына аса
қатты мән бермей, ата-ана жұмысбастылығымен
жүрсе,балада дәл осы келесі түнеріп,қисықтау
өскен ағаш секілді болады.
-Сондықтанда
бала болашағы мен ұлт болашағы ең алдымен
баланы тәрбиелейтін ата-ананың қолында
деп ой түйіндесек.
Жағдаяттық сұрақ.
2-жүргізуші:Енді, құрметті қатысушылар сіздерге қазір жағдаяттық сұрақтар беріледі. Ол сұрақты өз араларыңызда талқылап,ой түйіндейсіздер.
Айзерені әжесі балабақшаға алып келді. Немересін еркелетіп, балабақшаға кешігіп келседе,дүкеннен қалаған затын алып берді. Тәрбиешіге немересін аман етіп тастап бара жатып -«Менің немеремді ұрып жүрген жоқсызба?» - деген сынды сұрақтар қойып,тәрбиешіге немересін жақсылап қарауын сұрайды. Келесі күні Айзерені балабақшаға анасы алып келді.
- Анашым дүкеннен шоколад алып берші – дейді Айзере
-Мен жұмысқа кешігемін. Жүр тез,-деп анасы әжесіндей еркелетпей балабақшаға кешіктірмей ертіп барады.
Тәрбиеші Айзеренің анасына келесіден бастап балабақшаға сіз өзіңіз алып келіңізші – деп талап жасады.
-Дәл осы жағдаяттық сұрақта Айзеренің әжесінің және анасының іс-әрекетінде кімдікі дұрыс?
-Неліктен?
-Тәрбиешінің анасына қойған талабы дұрыс па?
-Неліктен?
Ойын мақал-мәтел.Сергіту сәті.
Интербелсенді тақтаға назар аударсаңыздар! Берілген суреттерден мақал-мәтел құрастырсаңыздар!
1-жүргізуші:
«Қатты
тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен
қуантады түбінде.
Бала нені білсе
жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны
таныр қиядан
Өнер - білім берем
десең басынан,
Бер оқуға балаларды
жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ
тараған
Жақсы - жаман болса бала
солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның
сөзімен дөңгелек үстелді аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген