Материалдар / «Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама «Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2019
294
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама
«Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы»
Тіл дамытудың оқу іс-әрекетінің конспекті «Шұбар тауық» ертегісі
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
1. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор - ойын.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.
2. Саусақ ойын – жаттығулары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Балалардың жұмыстарының нәтижесі.
І. Кіріспе бөлім.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін
емес».
В.А. Сухомлинский
Балалардың тілін дамытудағы мақсаты:
– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс
айтуға үйрету;
– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту,
өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
– Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге
асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл
атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салтдәстүрге,адамгершілікке баули отырып, жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз
жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда
тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның
ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы
зор. Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын
меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта
мен айналасындағы адамдармен еркін қарым — қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін
қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең.
Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде

жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса
сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы
баланың тілдік және ақыл — ой дамуымен біртұтас жүреді.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан — теңіз. Ол жаңа
өскін балауса буынының сана — сезімін оятып, ақыл — есін дамытатын, адамгершілік
моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір –
бірімен пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол
қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.Тіл – ұлт
ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық
дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеледі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»:«Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту
мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және
айналадағы дүниемен таныстыру», -делінеді.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңызертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар
бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып
отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Ұрпақтан — ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал — мәтел, жұмбақтар,
жаңылтпаш бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Өз тәжірибемде тобымдағы балаларға
ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын
толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп
ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен
тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері. Сонымен қатар түрлі ойын — жаттығулардың бала тіліне
тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісін алып ойын — жаттығу ретінде өткізіп
жүрмін.
«Балалар тоғайға жеміс — жидек теруге барады. Барлығының қолдарында себет бар. Олар
тоғайға келе жатса, бір сиыр жатыр екен. Сиыр балаларды көріп «мө — мө — мө» деп
амандасады. Содан кейін «балалар, қайда барасыңдар?» деп сұрайды. Балалар: — «Орманға
жидек теруге бара жатырмыз»-деп жауап береді. Орманға келіп ағаштың бұтағында
тоқылдақтың отырғанын байқайды. Тоқылдақ балаларды көріп «тық — тық» деп
амандасады. Сонан кейін торғайлар «шиқ — шиқ» деп дыбыстайды. Қарға болса «қар —
қар» дейді. Көкек те қалыспай «көкек — көкек» деп қалыспайды. Осы тәріздес ормандағы
құстар, аңдар балалармен кездеседі. «Күз түсті» ертегісінің мазмұны бойынша жүргізілетін
ойын — жаттығудың мақсаты ертегі мазмұны бойынша балаларды қызықтырып,
дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған
халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал — мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақты
мақал — мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты
қамтиды.
Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін

дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге
жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып,
білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана – сезімін, ой –
өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала
айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым -қатынас
жасайды. Өмірдегі түрлі іс – әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар
туралы әңгімелейтін болады. Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден
алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден
алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабқшада арнайы өтетін сабақ,
ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық
материал негізінде білім беруге басаназар аудару қажет. Оқу жылында жоспар жасағанда
баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой – өрісін кеңейту
жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі
бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң
тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра
өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын
нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) көрсетіп жоспарлайды.
Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын іріктеп алып (тақырыпты) жоспар жасайды.
Бақылатын көрсету, әңгімелесу кезінде баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек сөзге
қатыстыру ісіне көңіл бөлу.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем
құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой -өрісін
кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда
ғана оқыту – үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады. Баланың сөздігі
балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.
1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын,
оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес
заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың
өзін) сұрап, түр – түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.
Ә) Бөлмедегі 10 – 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші
сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр – түсін, пішінін айтады.
Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.)
суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.
В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп,
олардың не екенін, не үшін қажеттігін,сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын
айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына
байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір – бірінен даралап,
ажыратуға талпыну әрекеттерін байқау мақсаты көзделеді. (Әр түрлі жастағы балалардың

сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемелік құралдар бар) . Қазіргі таңда мектепке
дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке
дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен
дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі
мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге
асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл
атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге,
адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге
асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл
туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам.
Адамның ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл
үйретудің маңызы зор. Балалабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған
ортамен,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу,жаңа сөздер қамтылатындай
түрлі ойындар арқылы тіл ұстарту, көру, есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау
қабілеттерін жетілдіріп отыру,балаларды сөйлесе білуге , сөйлемдерді дұрыс
айтуға,тәрбиешінің сұрағын түсініп,дұрыс жауап беруге баулу мақсаттары көзделеді.
Ересек балалар тобында бұрынғы топтарда үйренгендерін тереңдете түседі.
Ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әр оқу іс-әрекеті сайын тақырыпқа
сай түрлі суреттер, кестелер, аудиокітап, бейне құралдар,тақырыптар бойынша
электронды кітаптармен көркемдеп отырса,балалардың сөздік қоры біршама толығады
деп санаймын. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып отырады.Әр
түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып отырамыз. Әр бала ойнау үшін
алдымен ойланады,ойлана отырып ойнайды.Кез келген бала еш уақытты жалғыз
ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе
жүріп,пікірлесіп әсер алысады,ойынның мазмұнын анықтайды.Балалар ойын
шығарушылар,ойынды жасаушылар болып табылады. Бала жалғыз ойнағанның өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Сөз бен
сөйлеу әрекеті ойлау қабілеті болып табылады.Түрлі заттарды пайдалана отырып,
қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасайды,тәжірибе жинақтайды.Ойын
баланы ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп дамытады,баланың ойын
өрбітіп,тілін дамытып, бойын өсіреді. Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі
жетекші бола отырып,балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын
немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, қиялын дамытады.
Мысалы:«Аз-көп»,«Жақсы- жаман»,«Қыс-жаз»,«Жоқ-иә»,Он саусақ»,«Моншақ»,«Мен
бастайын,сен аяқта»,«Жалғастыр»,«Не артық?»,«Есіңде сақта» т.б
Ойын арқылы баланың тілін дамыту.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский
Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген

сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі
тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп
жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір
міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды
айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түртүсін және пішінін ажырата білуге , өмірдегі, қоршаған ортадағы
түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі
балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: -балалардың сөздік қорларын
дамыту; -жаңа сөздерді меңгерту; -үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру
басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын
жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда
ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі.
Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап
алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын
ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде
бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз
барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында
«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер
сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы,
мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында
бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір
сүреді,әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық
әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін
жетілдірсе,ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінезқұлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бірәрекеттен екінші әрекетке ауыса
отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі
тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін
анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінезқұлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар
баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін
айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын
күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялық ойынжаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Баланың сезімәрекетін, әсерленушілік деңгейін
анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін,
сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау,қабылдауын дамытуғы,икемділікті
арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын
дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол

ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені
ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да
ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Сонымен балалардың
сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже
береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді,
таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі
адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылықсаусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей
алады. Ал тіл кемістігі кездесетін
балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде
дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол
саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,
бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
ІІ. Негізгі бөлім. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған
дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті
нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші
жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды
пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзіқызмет ету дағдысын қалыптастыру:
тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы
балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған
жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып
саналады. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында
саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын
орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші
орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар
психологының мақсаты- ата –аналарға ұсақ моториканы дамыту
ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды
игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған
мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете
отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап,мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ
моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін
көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да
баланы мәжбүрлеуге болмайды. Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен
түсіндіруге болады. Қазіргі ата –аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар
осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін
керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушылық байқалады
екен. Ойлап көріңізші,тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім
кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешігеде қиындық туғызатын болса
керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата-аналарға,олармен қоса олардың балаларына көп

нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін
жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол
қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын
еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе
мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда
бұл ұсақ моториканың мәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда
бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 – 5 жастағы балада бау
байлау қиындық келтірсе, ал,ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6
жаста тиек тігу-орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз
кінәлі емес. Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму
деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа
хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен
жазып үйренуі керек . Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді
танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен
тануы да терең бола түспек. Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын
десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын.
– жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін
бастаңыз.Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы
баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға
болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –
бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына
саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи
пісірдім», Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына
саусақпенән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп
алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмызғой. Бір
жастан асқан балалар үшін:
– саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1кг бұршақты немесе фасольді
төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан
соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап
кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі
бар.
Қорытынды.
Ұсақ моторика арқылы жүргізілген жұмыстың нәтижесі «Құлыншақ»ортаңғы топтың
балалары жақсы деңгей көрсетті.Ұсақ заттарды жасай отырып,олардың саусақ моторикасы
мен тіл байланыстылығы дамыды.Саусақ моторикасы арқылы балалар тек берілген затты
жасап қоймай,сол заттар арқылы тақпақ,сөйлем,сөз құрап,өлең жолдарын айтуды
үйренді.Сол бойынша пайыз көрсеткіштері топтағы -25 баланың төмен деңгейі -15,орташа
деңгейі -35,жоғары деңгейі- 42.
Саусақ ойын жаттығулары арқылы балалардың деңгейі тіл дамыту бойынша төмен деңгейі 12,орташа деңгейі- 38,жоғары деңгейі -45.

Ұсақ моторика бойынша деңгейі:
45
40
35
30
25

Ряд 1
Ряд 2

20

Ряд 3
15
10
5
0
төмен деңгейі

орташа деңгейі

жоғары деңгейі

Саусақ ойын жаттығулары бойынша деңгейі:
50
45
40
35
30
Ряд 1
25

Ряд 2

20

Ряд 3

15
10
5
0
төмен деңгей

орташа деңгей

жоғары деңгей
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!