Балабақшада
жаңа технологияларды қолдану
Сызба
бұйымды жасауға бақылауға қажетті
мәліметтерден (өлшемдері,пішіні)
тұратын оның сызу құралдарымен
орындалған бейнелері сызбаларды
дұрыс оқу үшін нәрселерді жазықтыққа
бейнелеудің ережелерін және
сызбаларды білулері қажет.Сәндік
қолданбалы (пирография өнерімен
танысу).Пирография ағашты
сәндеп-әрлеудің бір түрі.Сурет
ағаш бетіне қыздырылған иненің
көмегімен түсіріледі. Пирографиямен
қобдишалар,ыдыс –аяқ ,киім ілгіштер
панно, қаріптер, суреттер сәндеп
қол өнер туындыларын сәндейді.
Бұл өнердің тарихы жүздеген
жылдардан бастап күні бүгінгі
күнге дейін өз құнын
жоғалтқан жоқ.Пирография грекше
отпен сурет салу дегенді
білдіреді.Қазірде бұл өнер
күйдіруге арналған гравирлеу
күйдіруге арналған аппараттар
қолданылады.
Сондай-ақ
ағаштың түрлі қасиеттерін
тани отырып,қандай ағаштан қандай
бұйым жасауға болатытына көз
жетеді. Қазіргі таңда ағаш өндеу
жұмыстары күрделі механикалық
құрал көмегімен іске асырылады.
Бұл ағашты өңдеу уақытын азайтып,
еңбек өнімділігі мен бұйым сапасын
арттырады. Шетелдік үлгіде жасалған
ағаш өңдейтін мехникалық
өңдеу құралдарының жұмыс әрекетіне
қызығада таңдана да қарайсың. Бұл
мехникалық құралдардан тез
арадада шыққан өнімге балалар
қызыға отырып, олардың шығармашылық
ізденісін арттырады. Сабақ барысында
балалар теориялық тұрғыда ағаштың
физикалық қасиеттеерін
(түрі,түсі,жылтыру,ылғалдылық,текстурасымен)танысып
жатады. Ағаштың механикалық қасиеті
оның қаттылығы,беріктігі ,сыртқы
күштерге мықтылығы жатады.Сондай-ақ
шебер әрбір бұйым жасауда ағаштың
физикалық, механикалық қасеиеттерін
ескеру қажет.Әлемдегі ең қатты
ағаш «Квебрахо» деп аталатын мәңгілік
жасыл ағаш.Бұл ағаштың қазақша атауы
«Балта қирайды» деген түсініктеме
береді. Технология сабағы
барысында әлемдегі қызықты
мәліметтерді де біле отырады.Сабақтың
ерекшелігі баланы еңбек
етуге,өмірдің ащы-тұщысына төтеп
беруге , шеберлікке
үйретеді, шыңдайды.
Өмірге
еңбекке қажетті материалдардың
(ағаш,металл,полиметалл,тер т.сс)
қадір-қасиетін танып біледі. Сабақ
барысында балаларға сауал тастай
отырып,балалар өзіміз тұрған
үйіміздің ағаш металсыз көз
алдымызға елестетіп көрейікші?Сонда
балалар ағай фундаменті мен
кірпіші ғана екен ғой деп таң
қалып жатады.
Технология
сабағы физика,химия,экономика сынды
негізгі пәндермен байланысты.Айталық,
«металл» сөзі латынша «шахта» жеген
сөзінен алынғандығын, ол табиғатта
дайын өнім болып кездеспейтінін,тас
күйінде кездесетіндігін,тек өңдеу
арқылы дайын өнімге қол жеткізуге
болатындығын,олардың ауыр,жеңіл,түсті,түссіз
болып физикалық,химиялық қасиеттерге
ие екендігін үйретеді.Қандай металдың
бүгінгі таңдағы құндылығын,Болат
Шойынның арғы атасы темір
екендігін,оларды жоғары температуда
өңдеумен көміртегімен балқыту
арқылы төзімді өнім пайда болатындығын
үйретеді.Білім берудегі әдіс-тәсілдерді
пайдалана оытырып, балаларға көп
критерийлер беру арықлы сауал тасталады.
Балалар
үйдегі пештің бетіне сақиналарына,ішкі
тор көзіне қандай материал
пайдаланады?
Ағай,қара
шойын қойылады.
Неге
қара шойын ?-темір емес деген серпілген
сауалға
Ағай,
өйткені темір шойынға қарағанда отқа
төзімсіз келеді және де автомашиналардың
маторы ,иінді білігі,сақиналары тормоз
құрылғысы ыстық отқа төзімді ақ
шойындардан жасалынады - деген
балалардан жауап алынады.
«Технология.Көркем
еңбек» пәндерінің балаға берер
білімі өте көп және күрделі пән
ретінде қарауымыз керек. Еңбекке
немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік.
Қазіргі таңда мұғалім ретінде
байқайтынымыз,балалардың сабаққа
ықыласы төмен.Сонда балада білім
болмаса,бір кәсіптік бағытқа бағдар
берілмесе,ондай бала ертең қоғамда
орнын қалай табады.Бұл үлкен
ойландыратын жағдай.