400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама жас мамандарға керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер


Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке тәрбие мен оқыту болғандықтан тәрбиешілерге білімді,белсенді жеке тұлға қалыптсатыру міндеті жүктеледі.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ісінің нәтижелі болуы балабақша мен

әлеуметтік орта арасындағы жүргізілетін жұмыстың бірыңғай және сабақтас болуына байланысты.

Осындай біртұтас ұйымдастырылған тәрбие жұмысы болашақта баланың жан-жақты жетілуіне, дені сау тұлға ретінде қалыптасуына негіз болмақ.

Олай дейтініміз-қазіргі кезде жұртшылық назарын аударып отырған басты мәселе-балабақша жеткіншектерін мектепке дейінгі кезде тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту.

Алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқыту үрдісін технологияландыру мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану.

Балабақша мен әлеуметтік орта арасындағы бірізділікті жүзеге асыру.

Тәрбиешілерге балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу ісіне технология мен жаңа әдіс-тәсілдер қолдануды ұсынып,бағыт-бағдар беру.

Өйткені баланың бойына мектепке дейінгі кезеңдегі қарапайым білім негіздерін үйрету арқылы мектепке,оқу ісіне дайындау.

Соның ішінде дамыта оқыту технологиясы мен инновациялық әдістерді бірге қолдану.

Бұл технология мен инновациялық әдіс баланың физикалық,танымдық және адами қабілеттерін олардың әлеуметті мүмкіндіктерін қолдану арқылы дамытуға бағдарланған білім беру,теория мен тәжірибеге бағытталған.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдер баланың жас шамасы мен даму ерекшеліктеріне сай келетінін іріктеп,оларды оқу-тәрбие жұмысында іске асыру.

Соның ішінде инновациялық әдіс-тәсілдер қолдану.

Мәселен: Мен өз тәжірибемде психологиялық ойын-жаттығулар мен суретті кесте, моделъдік әдістерді қолданамын.

Мұндай әдістер баланың ой- өрісін,дүние-танымын,зеиінін,қиялын,ойлануын,елестеуін дамытып тілін,сөздік қорын жетілдіреді.

Тіл дамыту,көркем әдебиет,айналамен танысу,сабақтарында қолданамын. Мысалы:Тіл дамыту сабағында баланың ойын жинақтап,көңіл-күйін көтеруге,зейінін тұрақтандыруға,қиялын ұшқырлап,сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қызықты,көңілді психологиялық ойын қолдануға болады.

Мысалы:баланың көңіл-күйін жадыратып,тыныштандыратын психологиялық жаттығу «Күй сиқыры» Құрманғазының күйі «Сарыарқа» қойылады.

Бұл жаттығуда балалар күйді тыңдап жай еркін шалқасымен көздерін жұмып жатады.

Ал,келесі бір «Мен қандаймын ?» деген психологиялық ойында балалар шеңбер болып тұрады,ортаға шығып «Мен қандаймын ?»-деп сұрайды қалған балалар кезекпен ортадағы баланың жақсы қасиеттерін айтады.

Мысалы: «Аружан сен мейірімдісің,сүйкімдісің,ақылдысың» т.б

Осындай психологиялық ойын-жаттығулар балаларды мейірімділіккке және сүйіспеншілік сияқты жағымды мінез-құлықтармен өзара жылы қарым-қатынасты қалыптастырады.

Ал, көркем әдебиет сабағында суретті кесте қолданып өлең-тақпақ жаттату балаға өлең мазмұнын терең түсініп,есінде тез сақтап жаттауына көмектеседі.

Суретті кесте баланың есте сақтау,қабылдау,ойлау, қиялдау,сөйлеуін дамытумен бірге әңгіме,ертегілерді әңгімелегенде қолдану,әңгіме мазмұнын түсініп оны шебер әңгімелеуге үйретеді.

Ал, суретке қарап теңеу сөз айту баланың ақыл-ойын дамытып,сөздік қорын молайтады,тілін ширатады.

Мысалы: «Күн қандай?»

Күн-сары,домалақ,көңілді,шуақты,сәулелі,нұрлы,жарық,жылы,ыстық,мейірімді,ашық т.б

Осындай суреттегі затқа қарап сипаттау баланың тілін дамытып,сөздік қорын толықтырып,білімін тиянақтаса, ал жұмбақ шештіруде суретті кестелі жұмбақ әдісін қолдануға болады.

Мысалы: «Екі басы жұдырықтай,ортасы қылдырықтай,Әр жерде бар мекені,өзінен зорды да көтеріп кетеді»

«Бұл не?»

(құмырсқа)

Мұндай әдісті қолданып жұмбақ шештіріп балалардың қиялын ұшқырлап,ойын жетілдіріп ,психикалық процестерін дамытып,жұмбақ шешуге деген қызығушылығын,талпынысын арттырады.

Ал,айналамен танысу сабағында қолдануға болатын әдіс-тәсілдердің бірі экологиялық тәрбие саласында өсімдіктер,жан-жануарлар мен жәндіктер туралы ұғымдарды балаларға модельдік суреттермен таныстыру.

Бұл балалардың есте сақтау мен танымдық қабілеттерін дамытуда және өсімдіктердің құрылысын,жан-жануарлардың ерекшелігін ажырата білуге үйретеді.

Сол сияқты балалардың жапсыру,құрастыру сияқты сабақтарда,бос уақыттарында қол еңбегінен түрлі материалдарды пайдаланып ( мата қиындылары,фольга,түрлі-түсті әр түрлі жіптер,қораптар,құтылар,дәндер мен сүйектер және т.б) түрлі заттар,ұлттық бұйымдар мен ойыншықтар,кітапшалар жасау,оны әшекейлеп,ою-өрнектермен өрнектеуге машықтандыруға болады.

Ол баланың қиялын дамытып,шығармашылық қабілетін жетілдіреді және ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып эстетикалық сезімдерін оятып,еңбекке деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын,өзіне деген сенімділігін арттырады.

Қорыта келгенде,мен өз тәжірибемде білім мен тәрбие беру барысында бүгінігі күннің талабына сай балабақша бүлдіршіндерінің тұлғасын қалыптастыруда балабақшаның оқу-тәрбие жұмысын,білім мазмұнын жаңарта отырып,оны бала санасына жеткізуде жаңаша қарым-қатынас және суретті кестелер,модельдік ,психологиялық ойын-жаттығулар сияқты инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жаңаша ұйымдастырудың жолдарын қарастырып,өз нәтижеме жеттім деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі