400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада ортаңғы топқа мереке Аққаланың шырша шамдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың көңіл күйлерін көтеру, твочестволық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай жасау, тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы КММ «Борас орта мектеп-бақша»

«Аққаланың шырша шамдары» Жаңа жылдық мереке барысы

Орындаушы : Тәрбиеші: Игликова А.Д.

Мақсаты:

Балалардың көңіл күйлерін көтеруге және твочестволық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай жасау.

Жағымды эмоциялар дамуын қалыптастыру;

Кеңістікте өзін өзі ұстау, қимыл-әрекетін үйлестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

Комуникативтік қарым қатынас жасау дағдыларын пысықтау.


Қатысушылар: Аққала, Түлкі, Қоян, Тышқан ,2-Сайқымазақ, Аяз ата, Ақшақар.

Ресурстар: Жылтырауық шарлар-5 дана, ойынға-жылтыр кішкене шарлар, лента, үлкен қорап.

Зал Аққаламен шырша тақырыбына безендірілген.


Мереке барысы:

1.Фон музыкасы ойнатылады, балалар залға кіріп,орындықтарда отырады.

2.Сахнада шымылдық ашылады, екі Сайқымазақ бір біріне қарсы шығып кездеседі. Екеуі жан жағына қарап, балаларды көріп, амандасады, барлығын айналып шығады. Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

1-ші Сайқымазақ көңілсіз болып қалады.

2-ші Сайқымазақ: -Не болды саған, балалар мерекеге жиналғанда?

1-ші Сайқымазақ:- Я не знаю как развеселить детей.

2-ші Сайқымазақ: -Мен осында келе жатып, бір қызық нәрсе тауып алдым, деп қалтасынан жылтырауық екі шам шығарып, біреуін досына береді. Ол көңілденіп қалады.

2-ші Сайқымазақ:

Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылда жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

1-ші Сайқымазақ:

В воздухе кружится снежинок хоровод,

Сазка новогодняя в гости к нам идет.

Все сильнее снег хрустит...

Кто же это к нам спешит?


3.Көңілді әуенмен Аққала келеді:

- Мен көңілді Аққаламын, я веселый Снеговик, я к снегу, холоду привык.

балаларға, шыршаға қарап қалтасынан бір нәрселер қарап , таппай мұңайып қалады.

-Амансыңдар ма , достарым, ал керек болса, мені сендерге Аяз ата жіберді ғой! Ол сендердің шыршаларыңда әдемі, түрлі түсті шамдардың жоқ екенін білді де, сендерге шамдар беріп жіберген (қалтасынан бос лентаны алып шығады),мен сендердің мерекелеріңе асығамын деп, шамдарды жоғалтып алдым. Ұялып тұрғаным ай! (жылайды)

2-ші Сайқымазақ:

  • Аққала, сен оған бола көңіліңді түсірме, біздің балалар сенің жоғалған шамдарыңды іздеуге көмектеседі. Тек сен бізге қай жолмен келгеніңді көрсет.

Аққала:- шын айтып тұрсыңдар ма, балалар? Маған көмектесуге дайынсыңдар ма? Олай болса, жолға дайындалайық. Шамдарымыз қардың астында қалып қоймасын. Қане, онда бәріміз көңілді паровозбен шамдарды іздеуге аттанайық. (Музыкамен паровоз болып балалармен барлығы жүреді).

Аққала:- міне түлкінің ізі жатыр,оны жолда көргенмін.

1-ші Сайқымазақ:- Если здесь прошла Лиса, жди сюрпизов, не жди добра.

4.Музыка әуенімен билеп Түлкі көрінеді.

-Кто здесь ходит, кто шумит, ах это ты- друг Снеговик! Кто это с тобой еще?

Аққала: Амансың ба, Түлкіжан,

олар менің достарым,

жоғалтып ап шамдарды,

Аяз ата бергенді,

іздеп жүрміз достармен,

көрдің бе сен шамдарды.

Түлкі қалтасынан шамды алып шығады, қулана көрсетеді де, қайта салып алады.

Аққала: Ия, ия, осы менің шамдарым!

Түлкі:-

Я их просто так вам не отдам, спляшите, спойте или поиграйте со мной

2-ші Сайқымазақ:

5.Балалар, Түлкінің көңілін ойын ойнап көтерейік, мен бір ойын білемін. «Моншақтарды жинайық»- ойыны ойнатылады ( не басқа ойын ойнатылады)

Түлкі қуанып шамды Аққалаға береді.

Аққала: -Бұл тек біреу ғана ғой, ал менде көп болған.

1-ші Сайқымазақ: Тогда давайте пойдем искать дальше. Паровоз болып барлығы жүреді.

Аққала: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар, мен бір сыбдырды естідім!

(Музыкамен қоян кіреді)

6.Қоян:

-Мен күннің суығынан тоңып, үйіме асығып барам. Сендер кімсіңдер? Мен қорқып кеттім. (Дірілдейді)

Аққала:

-Қорықпа , қорықпа, қоянжан. Мен ормандағы досың Аққаламын ғой. Бұл балалар менің достарым,Аяз ата шыршаның шамдарын маған беріп еді, асығып жүріп жоғалтып алдым, сол шамдарды іздеп жүрміз. Сен жүрген жеріңде сол шамдарды көрген жоқсың ба? Мүмкін сен бізге көмектесесің?

Қоян:

-Мен көрсетуге қорықпаймын. Мен тоңып қалдым.Алақандарым, құлақтарым, мұрыным, құйырығым тоңым түк сезбей қалды. (Дірілдейді)

Сайқымазақтар:

-Балалар, Аққала, Түлкі, онда билеп, қоянға жылуына көмектесеміз бе?

7.Би орындалады.

Қоян:

-Рахмет, балалар, мен жылынып қалдым.

Көмектестіңдер, достарым,

Мен жылынып та қалдым.

Міне сендердің жап жарық,

Жарқырап тұр шамдарың.

Қоян қалтасынан бір шам алып Аққалаға береді.

-Жүріңдер, мына жақта бір үйшік көргем, мүмкін сонда шығар.

Барлығы паровоз боп жүреді де үйшікке жақындайды. Қоян тоқылдатады.

8.Үйшіктен Тышқан шығады.

-Пи, пи, пи, Кім мұнда шулап жүрген? Кім мұнда тоқылдатқан?

Аққала:

- Мен ормандағы досың Аққаламын ғой. Бұл балалар менің достарым, Аяз ата шыршаның шамдарын маған беріп еді, асығып жүріп жоғалтып алдым, сол шамдарды іздеп жүрміз. Сен жүрген жеріңде сол шамдарды көрген жоқсың ба?

Тышқан:

-Шамдарыңды көрдім мен,

Қалың қардың бетінде.

Түсіп қапты шамдарың.

Аққала:

-Тышқан, сен бізге көмектесің бе?

Тышқан:

-Менің қолым бос емес, балаларым тоңып қалды, інімді қармен көміп, көп қар жинау керек.

1-ші Сайқымазақ: Мышка, наши дети помогут тебе собрать снег, а ты покажи дорогу, где выпал фонарик Снеговика.

9.Екі Сайқымазақ барлығын ойынға шақырады. (Қар жинау ойын, не басқа ойын).

Тышқан қаршықтарды жинап алып:

-Рахмет, балалар, Аққала, міне сенің шамың, деп бір шам береді.

-Ал мен қармен үйімді жылытып алайын, деп жүгіріп кетеді.

Аққала:

-Бізге енді бір шам жетпейтін сияқты.Бірақ қайдан табарымды білмей тұрмын.

10.Көңілді әуенмен Ақшақар келеді.

-Сәлеметсіздер ме қонақтар, сәлеметсіздер ме, балалар.

Екі бетім қып қызыл,

Менің атым Ақшақар.

Бұрымдарым өрілген,

Тоным ою, тігілген,

Аяз атам келед деп,

Жолды қарап мен жүрген

-Аққала, қобалжыма, мен жолда бір шамыңды тауып алдым.(Шамды Аққалаға береді.)

Аққала:- Ой , рахмет! Балалар, барлық шамдарды таптық, енді шыршаға ілейік, Жаңа жылды қарсы алайық! Қане достар көмектесіңдер! Барлық кейіпкерлер шамдарды іліседі.

11.-Балалар, ақшақарға ән орындап берейік , ия!

( «Ақшақар» әні орындалады)

Аққала: - енді біздің шырша шамдармен жарқырайтын болды.

Ақшақар: - Аққала, шамдар жарқырау үшін не істеу керек екенін білесің бе?

Аққала: - Жоқ, білмеймін, мүмкін үрлеу керек шығар, қане балалар, көмектесіңдер (үрлейді), топылдату керек шығар (топылдатады), не шапалақтайын ба? (шапалақтайды). Ештеңе түсінбеймін, олар қалай жанушы еді?

Ақшақар: - Балалар, бізге көмектесетін кім бар екенін мен білемін. Әрине, ол Аяз ата, қане бәріміз бірге шақырайық:- Аяз ата, ауууу!

Балалар шақырады.

11.Аяз ата келеді:

- Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Ассалаумағалейкум, қонақтар! Армысыңдар, балалар!

Аққала: - Аяз ата , мен өтінішіңізді орындадым, шамдарды шыршаға тақтым, бірақ шамдар жанбайды.

12.Аяз ата: - Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!(барлығына айтқызады), шырша шамы жанады.

13.Екі Сайқымазақ кезек кезек : - балалар, не тұрмыз, аяз атаға ән айтып берейік. («Шырша» әні орындалады).

Сайқымазақтар: - Балалар, аяз атаға тақпақтарымызды айтайық.

14.Балалар тақпақтар айтады.


Аяз ата:- Рахмет, балалар! Менің сыйлықтарым бар әкелген, деп іздей бастайды.

Ақшақар шырша түбіндегі қорапты көрсетеді:- Міне Ата, сыйлықтар.

15.Ғажайып сәт: Қорапты ашқанда ішінен Тышқан шыға келеді.

Тышқан: - Биыл менің жылым ғой, сендерге сыйлық мен болайын деп ойлап ем! Түлкі маған көмектесті.

Түлкі: -Мен қызық болсын дегенім ғой!

Сайқымазақтар: - Тышқан, саған Ақшақар өзінің сыйлығын берсін, ал сен мына қораптың ішіндегі сыйлықтарды қайда қойдың, соны көрсет, балалар тосып тұр ғой.

Ақшақар Тышқанға әдемі жамылғы береді, Тышқан қуана: - Ол да дұрыс, рахмет саған Ақшақар!

Түлкі: - Бірақ сыйлықтарды жай бере салмаймыз, барлық балалар бізбен бірге билесін.

15.(Барлығы Буги буги биін орындайды)

Түлкі: - сыйлықтар мына дорбада, деп көрсетеді.

16. Аяз атамен Ақшақар балаларға сыйлықтарды үлестіреді.

Аяз ата: - Балалар, мені басқа балалар да күтіп қалды, Ақшақар екеуіміз соларға асығайық, сендер келесі жылға дейін аман сау болыңдарғ үлкен азамат болып өсіңдер!

Ақшақар: - біз Аяз ата екеуіміз келесі жылға дейін сендермен қоштасамыз, Қош сау болыңдар!

Сайқымазақтар: - Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі