Материалдар / Балабақшада қазақ тілін оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада қазақ тілін оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада қазақ тілін оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2300
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

        Балабақшада қазақ тілін оқыту

Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік  қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»-деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамасы бар. Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру,оның  әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау,мемлекетттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Баланың шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1.Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын   меңгерту.

2. Балалардың тыңдау  зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

3.Балалардың сөздік қорын молайтып,оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

4.Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

5.Балалардың ойын дамыту,  дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын  қалыптастыру.

Балаларды  қазақ  тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы қажет. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1.Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3.Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.

4.Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5.Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау
6.Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің  зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы  балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық (дайындық, ересек, ортаңғы)  топтарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек.Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Сабақта  мынадай ойындарды ойнауға болады:

1.Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс-аяқ»

«Ойыншықтар» т.б.)

2.Үйде кім жоқ?  (тақырып: «Отбасы мүшелері»)

3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді.Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады,немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)

4.Снежный ком .(Балаларға сөздерді жаттатып отырып,бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып,үйрету,лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға келеді.)

5. Не жоқ? (тақырыптар : «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т.б.)

6. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға қолданауға келеді.Бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады,мұғалім келесі бір баланы шақыртып жаңа тақырыптан бір сөзді айтуды сұрайды,бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол сөздің суретін көрсетеді)

7.Үстелде не жоқ? т.б. ( «Оқу құ

ралдары», «Азық –түлік» т.б.)

Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар балалардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және бүлдіршіндердің зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар  арнайы  мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның  мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру,  оларды  қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың  қызығушылығын оятып,  белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік  берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады.

Сондықтан бағдарлама бойынша  бекітілген оқыту үрдісінде ойын  түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдалнып отыру керек

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже
1. Әр баланың шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Баланың жеке қабілеті анықталады
4. Бала  топ жаруға ұмтылады.
5. Баланың ойлау қабілеті дамиды
6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!