Материалдар / Балабақшада қолданылатың әдіс тәсілдер

Балабақшада қолданылатың әдіс тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2021
2124
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамыту жұмыстарындағы заман талабына сай әдістер мен тәсілдер.»

Мусрепова Нургуль Гарифуллаевна

Атырау облысы Құрманғазы ауданы

«Мерей» бөбекжай балабақшасы

«Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі,

қолымен ұстап, көзімен көріп,

мұрнымен иіскеп түсіндірген ұғымды»

Ы. Алтынсарин



Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиымды әдістері:
1. Ой толғаныс.
2. Ассоциация
3. Салыстыру
4. Раунд - Робин
5. Топтау әдісі
Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мыс: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады. Мыс:
ЖАЛПЫ ОТБАСЫ: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» тақырыбында
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т. б.

Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.



Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. ҰОҚ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – ҰОҚ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .
Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады
.

\ ФОТО\

Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.

\КЕСТЕ ,таблица\

Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.
Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау.
Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.

Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.
Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.
Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ.
Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.

\СУРЕТТЕР\

Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.

САЯХАТ КІТАПТАР БҰРЫШЫНА или КІТАПҚАНАҒА\ ФОТОЛАРЫ
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.

\БАЛАЛАРМЕН ДЫБЫСТАРДЫ АЙТУ АУ АУ ШШШ ЧИК ЧИК

Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.

ЕРТЕГІНІ САҚНАЛАУ\
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.

\ЖҰМБАҚ ,МАҚАЛ, ЖАҢЫЛТПАШ ,алты бала\
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.

күннің ІІ жартысында сюжеттік ойын фотолары


Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету.
Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.
Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл дамыту сабақтарында сөздік қорын байытуға ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ