400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Балабақшада туылған күн

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада туылған күн кештері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балабақшадағы туған күн мерекесі»

Мақсаты : Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету.Жақсы тілек айту дағдысын дамыту.Балаларды адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу .

Жүргізуші : Қайырлы күн құрметті қонақтар,кішкене бүлдіршіндер! Бүгінгі бақшадағы туған күн кешіне хош келіпсіздер!

Қош келдіңіз, бүгін бізге беріңіз

Қош келдіңіз ,көңіл күйге сеніңіз

Қош келдіңіз, шыққан күндей жарқырап

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз!

-Құттықтау мен сыйдың

Иесі мынау гүлдің

Айтыңдаршы балалар

Туған күні кімдердің

Туған күн иелерін ортаға шақырайық,-деп маусым айында туылған туған күн иелерін ортаға шақырайық.

Балдырған тобы ән « Қошақаным»

Сайқымазақ : -Сәлем достар!

Сіздердің туған күндеріңді естіп келдім ,туған күн құтты болсын!

Қане, туған күнді қызықты өткізейік.

Балауса тобы би « чунга- чанга»

Ж үргізуші :

Бүгін туған күніміз,

Бүлдіршіндер гүліміз.

Көңіліміз көркейсін,

Көп ән, би, жырымыз.

Тақпақтар балауса тобы

1-бала

Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін достардың

Бірге қарсы аламыз

2-бала

Туған күннін достардың

Зор қуаныш көреміз

О ртаға алып би билеп

Ән де салып береміз

3-бала

Туған күнді тойлаймыз

Қызықты ойын ойнаймыз

Қолдан жасап ойыншық

Досымызға сыйлаймыз

4-бала

Еркін күліп ойнаймыз

Ертеңдіде ойлаймыз

Жолдастықты қадірлеп

Туған күнді тойлаймыз

Жүргізуші :-Канекей балалар қараңдаршы тағы да біздерге қонақтар келген сияқты.

Б и балбөбек тобы

Жүргізуші: Балалар біздің аспазшы сіздерге дәмді торт дайындап жатыр.

Аспазшы:-Сәлеметсіңдер ме , балалар мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын.

Туған күнің құтты болсын балақайлар.

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің арайың

Мерекеңіз құтты болсын бүлдіршін

Мерекеңіз құтты болсын ағайын!

Аяна ән «Көңілді күн»

Жүргізуші:

- Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып ән шырқаймыз

Биде билеп береміз.

Балбөбек тақпақтар

Жүргізуші :

Қамзол киіп ,қынай бел

Толған ою,өрнекке

Билесін деп сұрайды ел

Өнеріңді көрмекке.

Балдырған тобы би « саңырауқұлақтар мен қыздар »

Сайқымазақ:-Кәне, балалар кім менімен ойын ойнағысы келеді.

О йын . « Қолшатыр кімге тиеді».

Жүргізуші :

Гүлмен келсін келер күн

Бала бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Күлкі сәні әлемнің

Балдырған тақпақ

Жүргізуші :

Сен туған күн, мен туған күн

Бізде бүгін көп мереке

Асыр салып кел билейік

Құтты болсын бұл мереке

Балбөбек ән « »

Жүргізуші :-Балалар,біздің аспазшы апайымыздың туған күн иелеріне арнап дайындаған торты дайын болған шығар?

Аспазшы:-Балалар міне менің туған күн иелеріне арнап дайындаған тортымда дайын болды .Кәнекей бәріміз бірге ән салайық.

Ән балауса тобы «День рождения»


Жүргізуші :

-Таусылмасын сіздердің армандарыңыз,

Арайлап атсын әркез таңдарыңыз

Құтты болсын туған күн мерей тойың

Ж адырасын әрдайым жандарыңыз!











































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі