Балабақшадағы әдістемелік кабинеттің материалдарын қалай жүйелеу керек?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшадағы әдістемелік кабинеттің материалдарын қалай жүйелеу керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетуге, олардың біліктілігі мен жалпы білім деңгейін көтеруге қатысты міндеттерді шешу үшін кабинетке барлық заманауи әдістемелік талаптарға сай келетін материалды іріктеп, оны жүйелеуді мұқият ойластыру қажет. Кабинеттің жабдықталуы мен безендірілуі балабақшаның сұраныстарына сай болуға тиіс. Әдістемелік кабинеттің жұмысы блоктар бойынша жүзеге асырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДҰ-дағы әдістемелік кабинеттің материалдарын калай жүйелейді

Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетуге, олардың біліктілігі мен жалпы білім деңгейін көтеруге қатысты міндеттерді шешу үшін кабинетке барлық заманауи әдістемелік талаптарға сай келетін материалды іріктеп, оны жүйелеуді мұқият ойластыру қажет.

Кабинеттің жабдықталуы мен безендірілуі балабақшаның сұраныстарына сай болуға тиіс.

Әдістемелік кабинеттің жұмысы блоктар бойынша жүзеге асырылады.

I блок. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

Әдістемелік кабинетте ҚР БҒМ, білім басқармасының аймақтық органдары және басқа да жоғары тұрған ұйымдар шығаратын нормативтік және нұсқаулық материалдары ұсынылуы тиіс.

Балабақшаның қызметін регламенттеуші республикалық, аймақтық нормативтік құқықтық құжаттар:

  • ҚР Конституциясы;

  • Бала құқықтары туралы конвенция;

  • Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынас туралы конвенция;

  • ҚР Азаматтық-процессуалдық кодексі;

  • ҚР Еңбек кодексі;

  • ҚР Азаматтық кодексі;

  • «Білім туралы» ҚР Заңы;

  • «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңы;

  • «Неке мен отбасы туралы» ҚР Заңы;

  • «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы;

  • «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңы.

ҚР Үкіметінің қаулылары, бұйрықтары, нұсқаулықтары, ережелері:

  • "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы;

  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 бұйрығы;

  • «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚРеспубликасы Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 ж. № 83 бұйрығы;

  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 ж. № 70 бұйрығы;

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 16.05.2008 ж. № 272 бұйрығы;

  • «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 21.12.2007 ж. № 644 бұйрығы.

Балабақшаның жергілікті актілері.

  • Басшының, әдіскердің, педагогтардың, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық нұсқаулықтары.

  • Қызметкерлерді жаңа нормативтік құжаттармен таныстыру жаңа заңның қабылдануын қарай жылдық жоспарда жоспарланған кеңес берулерде жүргізіледі.

  • Нормативтік құжаттарға енгізілетін, міндетті түрде орындалуға тиіс барлық өзгертулерді үнемі бақылап отыру керек.

II блок. Балабақшаның қызметін жоспарлау

Жоспарлар мен бағдарламалар:

  • даму бағдарламасы мен тұжырымдама;

  • стратегиялық даму жоспары;

  • перспективалық жоспарлау;

  • жылдық жұмыс жоспары;

  • ағымдағы жұмыс жоспары (бір айға арналған кешенді жұмыс жоспары);

  • құрылымдық бөлімшелердің (педагогикалық кеңестің, уақытша шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің) жұмысын жоспарлау;

  • педагогикалық кеңес отырыстарының хаттамалары;

  • бағдарламалар, мерекеге дайындық және өткізу сценарийлері;

  • мектеппен жұмыс бойынша құжаттар: ынтымақтастық туралы шарт, түлектердің ақпараттық карталары (балалардың мектепке дайындығы туралы мәліметтер);

  • педагогтардық біліктілігін арттыру мен аттестаттаудың перспективалық жоспары.

III блок. Тәрбие-білім беру үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету

Ақпараттық материалдар:

  • аудан, облыс, республика педагогтары жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін (бұдан әрі – ОПТ) баяндайтын;

  • педагогика, психология, әдістеме саласындағы жаңа зерттеулер туралы;

  • балабақшаның ұжымы жұмыс істейтін мәселелер бойынша;

  • әдістемелік оқу құралдарының жарияланымы туралы;

  • бейнетека;

  • балабақшаның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы;

  • ата-аналармен жұмыс туралы.

Әдістемелік кабинетте ата-аналармен жұмыс бойынша жеткілікті материал жинақталуы тиіс. Топтарда ата-аналарға арналған педагогикалық ағарту жұмыстарын өткізуге қажетті көрнекілік және мәтіндік материалдар болуға тиіс.

Әдіскердің көмегі тәрбиешілерді материалды ресімдеу барысында барынша аз уақыт жұмсауға машықтандырудан тұрады. Мұндай материал мынадай айдарлармен берілуі мүмкін: «Дәрігердің көмегі», «Ата-аналарға дене шынықтыру туралы», «Неліктен бала тілазар», «Дарынды балалар», «Жаз келеді» және т. б. Бір тақырыпқа бір беттік және қосымшасы бар бірнеше материал берілуі мүмкін. Мұндай материалдарды дайындауға өз бетімен білім алумен айналысушы, өз қызметі туралы есеп дайындайтын, ата-аналарға арналған іс-шараларға дайындық жүргізетін тәрбиешілерді тартуға болады.

Әдістемелік кабинетте біртіндеп іс-тәжірибелік материал жинақталады, оны педагогтардың қолдануына болады.

Жұмыстың осындай нысаны жарқын, әсем безендірілген және мазмұны бойынша қызықты материалды ерекше құлшыныспен оқитын тәрбиешілер мен ата-аналарға ұнайды, мұнда отбасылық тәрбие мәселелері, баланың әртүрлі көріністерін қадағалау тапсырмалары, денсаулық, даму, мектепке дайындық мәселелері, балалардың пікірлері мен әңгімелері және тағы басқалары қарастырылады.

Осының бәрі ата-аналар мен тәрбиешілер арасында кері байланыс орнатуға, консультациялар, семинар-практикумдер, іскерлік ойындар және отбасымен жұмыстың басқа да дәстүрлі емес нысандарын өткізуге дайындалуға септігін тигізеді.

Осы материалды әдістемелік кабинетте жинақтау оның қолданысын реттеуге көмектеседі. Әрбір айдарға оны әртүрлі жастағы топта қолдану бойынша ұсынымдар әзірленуі тиіс.

IV блок. Педагогикалық шеберлікті арттыру

Әдістемелік шеберлік нысандары

Педагогтарды аттестаттау.

Педагогтардың біліктілігін арттыру.

Шеберлік сыныптары, жеке кеңес беру.

Озық педагогикалық тәжірибені (бұдан әрі – ОПТ) жалпылау және тарату.

Үздік педагогтардың жұмыс тәжірибесін ұсынатын материал сәйкесінше ресімделуге тиіс. Тәрбиешілерге арналған қосымша анықтамалық материал көрнекті жерде орналасуы тиіс, мұнда

  • педагогикалық тәжірибе деңгейлері;

  • өлшемшарттар;

  • жіктеу;

  • зерделеу және жалпылау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері;

  • сипаттау нысандары ұсынылған.

Жалпылау мен таратудың ұжымдық нысандары туралы материалды да қосуға болады.

Жекелеген тәрбиешінің тәжірибесі төмендегідей нысанда ұсынылған:

  • фотосурет;

  • өмірбаянның деректері;

  • тәжірибенің негізгі мазмұны, жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдері, оларды енгізу жолдары;

  • педагогикалық кеңесте ұсынылған жұмыс тәжірибесі туралы баяндама;

  • әдістемелік бірлестіктегі сөз сөйлеулер;

  • балалардың жұмыстары;

  • технологиялық карталар, күнтізбелік жұмыс жоспарынан үзінділер; балалармен жұмыс тәжірибесі бойынша перспективалық жоспарлар мен бағдарламалар; балалардың пікірлері;

  • сұхбаттарға арналған сауалдар;

  • балалар қызметінің фотосуреттері;

  • мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтардың сценарийлері;

  • шығармашылық есептің, өткізілген іс-шаралардың бейнежазбасы, олардың нәтижелері мен қорытындылары;

  • өзге тәрбиешілердің тәжірибесін қолдану ойынша ұсынымдар.

Қызметтің қандай да бір жетістіктерін (нәтижелерін) бағалауды, тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша есеп беруді педагогтың портфолиосы арқылы бақылауға болады.

Балабақша педагогының портфолиосы

Портфолионы бірнеше бөлім бойынша жүргізген жөн.

Педагог туралы жалпы мәліметтер

Т. А. Ә., туған жылы.

Білімі (қашан және нені бітірді, диплом бойынша алған мамандығы мен біліктілігі).

Еңбек және педагогикалық өтілі, осы балабақшадағы жұмыс өтілі.

Біліктілікті арттыру (құрылымның атауы, жылы, айы, курстар тақырыбы).

Ғылыми және құрметті атақтары мен дәрежелерін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Үкіметтік марапаттар, мадақтамалар, алғыс хаттар.

Конкурс дипломдары.

Өзге құжаттар.

Бұл бөлім педагогтың жеке даму барысын бағалауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық қызметтің нәтижелері

Төмендегілердің негізінде педагогтың 3 жылғы қызметін салыстырмалы талдау

БДМ срездерінің, балалардың құнды қарым-қатынастарының;

тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстарының;

педагог барын сәтті ұйымдастырған қызмет түрлерінің конспектілерінің.

Педагогтың қызметі туралы ата-аналардың пікірлері.

Топтың өмір сүру ортасын ұйымдастыру бойынша фотосуреттер.

Ғылыми-әдістемелік қызмет

Педагогтарға арналған консультациялардың тізімі (2 жылғы).

Жарияланымдардың көшірмелері.

Кәсіби және педагогикалық конкурстарға қатысу (материалдары).

Шеберлік сыныбының деңгейінде балалар қызметінің түрлерін ұйымдастыру конспектілері.

Өзінің педагогикалық қызметі туралы фотосуреттері бар шығармашылық есеп дайындау.

Педагогтың шығармашылық жетістіктері

Педагог орындаған шығармашылық жұмыстардың, жобалардың, рефераттардың тізімі.

Балабақша ұжымындағы іс-шаралардың бағдарламалары, сценарийлері.

Ата-аналармен өзара әрекеттестік.

Балалар ұжымында пәндік-кеңістіктік ортаны құру

Ортаның белсенділігін, қолжетімділігін сипаттайтын «аралдарды», «бұрыштарды», топ ғимараттарын сипаттау.

Әдістемелік кабинеттің фотосуреттері, тәрбиеленушілердің қызметін ұйымдастыру.

Портфолио титул бетімен және беттері көрсетілген толық мазмұнымен ресімделеді.

IV блок. Тәрбие-білім беру үдерісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету

Қажетті құжаттар, жоспарлар мен бағдарламалар:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген);

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған үлгілік оқу жоспары;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.08.2016 ж. № 499 бұйрығымен бекітілген);

  • дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы;

  • оқу жоспары;

  • оқу-әдістемелік кешендері;

  • әдістемелік ұсынымдар, оқу құралдары;

  • тәрбие-білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

V блок. Талдамалы-диагностикалық қамтамасыз ету

Диагностика:

  • сабақтарды, іс-шараларды, қызметті талдау;

  • ғылыми-эксперименттік жұмыс;

  • балалардың даму және бағдарламалық материалды меңгеру мониторингі;

  • педагогтардың кәсіптік шеберлігі диагностикасының мәліметтері.

VI блок. Ұйымдық-әдістемелік жұмыс

Деректер:

  • кадрлық құрам;

  • балабақша жұмысының нәтижелілігі (конференцияның, конкурстардың, фестивальдардың нәтижелері).

© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
https://obr.mcfr.kz
Дата копирования: 18.03.2025

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.03.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі