Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақшадағы әдістемелік кеңес
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін
«Жастерек» жекеменшік
бөбекжай меңгерушісі
М.Рустамбекова
«_____»_______2024 жыл
2024-2025 оқу жылына арналған бөбекжай педагогтарымен өткізілетін әдістемелік кеңесінің отырысы
№ |
Іс-шара тауы |
Өткізу мерзімі |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
1 |
№ 1 әдістемелік кеңестің отырысы Әдістемелік кеңестің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. Мониторинг бойынша түсіндірме жұмыстары |
Қыркүйек |
Хаттама |
ӘК басшысы, әдістемелік кеңес мүшелері |
2 |
№ 2 әдістемелік кеңестің отырысы Жас топтарында жоспарлы құжаттаманың жай-күйін талдау Би жетекшісі мен музыка жетекшісінен ойын жаттығулары |
Желтоқсан |
Хаттама |
ӘК басшысы, әдістемелік кеңес мүшелері |
3 |
№ 3 әдістемелік кеңестің отырысы Балалардың даму деңгейін талдау. Мектепалды даярлық топтың мектепке дайындығы Тәрбиеленушілердің сырқаттануы мен жарақаттануын талдау МДҰ логопедтерінің 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығындағы түзету жұмысының қорытындысы. Педагогтармен жаттығулар жасау. |
Ақпан |
Хаттама |
ӘК басшысы, әдістемелік кеңес мүшелері |
4 |
№ 4 әдістемелік кеңестің отырысы Оқу жылын қорытындылау |
Мамыр |
Хаттама |
ӘК басшысы, әдістемелік кеңес мүшелері |
Бекітемін
«Жастерек» жекеменшік
бөбекжай меңгерушісі
М.Рустамбекова
«_____»_______2024 жыл
2024-2025 оқу жылының
№1 әдістемелік сағаттың хаттамасы
Тақырыбы: Әдістемелік кеңестің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. Мониторинг бойынша түсіндірме жұмыстары
Өткізілген күні: 08.09.2024 жыл
Қатысқан: 7 педагог
Қатыспаған: жоқ
Күн тәртібінде:
1. «2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту».
Әдіскер: Тулекбаева А.Б.
2. Мониторинг бойынша түсіндірме жұмыстары
Әдіскер: Тулекбаева А.Б
3. Әр түрлі сұрақтар.
Бірінші сұрақ бойынша балабақша әдіскері Тулекбаева А.Б мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарымен таныстырды. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің үлглік оқу бағдарламасы бекітіліп шықпағандықтан, 2024-2025 оқу жылына арналған нұсқаулық хатпен таныстырып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер талқыланды. Педагогтардың сұрақтарына жауап берілді. Аудандық жылдық жоспарындағы іс-шараларды да осы жылдық жоспарда көрсетіп, балабақша басшысына бекітуге жіберілді.
Екінші сұрақ бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық негізінде балалардың деңгейін анықтау мақсатындағы мониторингтің біршама өзгергенін атап өтті. Өзгерістерге сәйкес әр топтардың критерий санын айтты. EXCELL бағдарламасында тиімді жұмыс жасау үшін кеңестер мен түсіндірмелер жүргізді. Барлық педагогтар EXCELL бағдарламасындағы қиындық тудырып тұрған сұрақтарына жауаптарын алды.
Үшінші сұрақ бойынша бөбекжай меңгерушісі мен әдіскеріне тәрбиеші тарапынан әр - түрлі оқу ісі мен тәрбиеге қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.
Шешімдер:
1. 2024-2025 оқу жылы Мектепке дейінігі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру үшін үнемі білім беру процесіне ата-аналарды қатыстырып отырсын.
Мерзімі: үнемі.
Жауапты: әдіскер, барлық топ тәрбиешілері.
2. Қыркүйек айының 15іне дейін бастапқы мониторинг нәтижелері толтырылсын.
Мерзімі: бір аптаның ішінде.
Жауапты: барлық педагогтар
Төрайымы:
Рустамбекова М.
Хатшы: Тулекбаева
А.Б
Бекітемін
«Жастерек» жекеменшік
бөбекжай меңгерушісі
М.Рустамбекова
«_____»_______2024 жыл
2024-2025 оқу жылының
№2 әдістемелік сағаттың хаттамасы
Өткізілген күні: 22.12.2024 жыл
Қатысқан: 7 педагог
Қатыспаған: жоқ
Күн тәртібінде:
1. «Жас топтарында жоспарлы құжаттаманың жай күйін талдау».
Әдіскер: Тулекбаева А.Б
2. Жас мамандардың циклограмма жазудағы қиындығы қандай? Ой толғау
Әдіскер: Тулекбаева А.Б.
3. Циклограмма жазу жөнінде кеңес.
Тәрбиеші: Бекмаганбетова Г.М.
4. Би жетекшісі мен музыка жетекшісінен ойын жаттығулары
Би жетекшісі: Сарсенбай Ж.С
Бірінші сұрақ бойынша бөбекжай әдіскері Тулекбаева А.Б мектепке дейінгі ұйымның жас топтарында жүргізілген іс-шаралардың жоспарға сәйкес жүргізілуі бойынша талдау жасап, педагогтарға жоспарланған іс-шаралардың құжаттамаларын уақытында тапсырып келе жатқандарын айтты. Жас мамандар жұмыстарына тоқталып, тәлімгерлерімен тығыз жұмыс жасау ұсынылды.
Екінші сұрақ бойынша әдіскер Тулекбаева А.Б «Жас мамандардың циклограмма жазудағы қиындығы қандай?» деген сұраққа ой толғау жүргізді. Жас мамандардың циклограмма жазуындағы қиындықтары тыңдалды, циклограмма жазуда нені ескеру қажеттігін бір-біріне жеткізді.
Үшінші сұрақ бойынша Тәрбиеші: Бекмаганбетова Г.М «Циклограмма жазу жөнінде кеңес» өткізді. Өз ноутбугын қосу арқылы циклограмма жазу туралы кеңестері мен оңай жолдарын үйретті. Картотекамен жұмыс, күн тәртібі мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер кестесімен жұмыс, ойындар мен тақырыптық бақылауларда таңдаудағы кеңестерімен бөлісті.
Төртінші мәселе бойынша би жетекшісі мен музыка жетекшісінен ойын жаттығуларын өткізді. Педагогтар арасында бірлік пен жақсы қарым-қатынасты нығайту, командалық жұмыстың қажеттігіне байланысты бірнеше қызықты ойындар, ән қимылдары, ырғақтық ойындар, есте сақтау-тыңдай алуға арналған жаттығулар жасатты. Ойындар нәтижесінде педагогтар көңілдерін көтеріп, ерекше әсер алғандарын айтты.
Шешімдер:
1. Жоспарланған іс-шаралар талаптарға сай өткізіліп, құжаттамалары уақытылы тапсырылсын.
Мерзімі: үнемі. Жауапты: әдіскер, барлық топ тәрбиешілері.
2. Циклограмма жазуда үнемі толықтырып, жаңашалап жазылсын
Мерзімі: үнемі. Жауапты: барлық педагогтар.
3. Педагогтарға арналған ырғақты, көңіл көтеретін ойындар үнемі өткізіліп отырсын.
Мерзімі: жыл бойы. Жауапты: музыка және би жетекшілері
Төрайымы:
Рустамбекова М.
Хатшы: Тулекбаева
А.Б
Бекітемін
«Жастерек» жекеменшік
бөбекжай меңгерушісі
М.Рустамбекова
«_____»_______2025 жыл
2024-2025 оқу жылының
№3 әдістемелік сағаттың хаттамасы
Өткізілген күні: 29.02.2025 жыл
Қатысқан: 7 педагог
Қатыспаған: 0 педагог
Күн тәртібінде:
1. Тәрбиеленушілердің сырқаттануы мен жарақаттануын талдау
Медбике
2. Ересек топтың мектепке дайындығы
Ересек топ тәрбиешілері
3. МДҰ логопедтерінің 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығындағы түзету жұмысының қорытындысы. Педагогтармен жаттығулар жасау.
Логопед: Аманғали М.Р.
4. Математика бірлестігі педагогтарынан шеберлік сағаты
Бірлестік мүшелері
Бөбекжай меңгерушісі Рустамбекова М. күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Тәрбиешілердің жұмыстарына баға берілді, дамытушы орталықтар бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.
Бірінші мәселе бойынша бөбекжай медбикесі Жумабаева Г.С сөз алды. Бөбекжай тәрбиеленушілерінің сырқаттануы мен жарақаттануына талдау жасай отыра, балалар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру маңызды екендігін баса айтты. Топ тәрбиешілеріне бала денсаулығын нығайтуға арналған бірнеше профилактикалық кеңес берді.
Екінші мәселе бойыншаересек топ тәрбиешілері мектепке дайындығы иупалы есеп берді. Мектепке саяхат жасалды.
Үшінші мәселе бойынша МДҰ логопедтерінің 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығындағы түзету жұмысының қорытындысы. Педагогтармен жаттығулар жасады.
Төртінші мәселе бойынша математика бірлестігі педагогтарынан шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты аясында математика іс-әрекетін балаларға тартымды да, қызықты өткізу үшін бірнеше жаттығулар көрсетті.
Шешімдер:
1. Дамытушы орталықтар толықтырылсын
Мерзімі: үнемі.
Жауапты: әдіскер, барлық топ тәрбиешілері.
2. Семинарға дейін топтарды өте жақсы безендіргендер үшін сыйақы тағайындалсын.
Мерзімі: мамыр айы
Жауапты: меңгеруші, әдіскер
3. Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттер жоспарлансын.
Мерзімі: наурыз-сәуір
Жауапты: әдіскер, бөбекжай тәрбиешілері.
Төрайымы:
Рустамбекова М.
Хатшы: Тулекбаева
А.Б
Бекітемін
«Жастерек» жекеменшік
бөбекжай меңгерушісі
М.Рустамбекова
«_____»_______2025 жыл
2024-2025 оқу жылының
№4 әдістемелік сағаттың хаттамасы
Өткізілген күні: 21.05.2025 жыл
Қатысқан: 7 педагог
Қатыспаған: жоқ
Күн тәртібінде:
1. «Оқу жылын қорытындылау».
Әдіскер Тулекбаева А.Б
2. «Біздің бір жылғы жетістігіміз»
Әдіскер Тулекбаева А.Б
3. Жазғы сауықтыру маусымына дайындық
Әдіскер Тулекбаева А.Б
Бірінші мәселе бойынша әдіскер Тулекбаева А.Б. сөз сөйледі. Әр топ тәрбиешілері оқу жылын қорытындылау мақсатында өткізілген барлық іс – шаралар бойынша жылдық есеп тапсырып, талқыға салды. Педагогтер 3 шағын топқа бөлінді. І топ – Жылдық жоспардың орындалуы, ІІ топ – Жыл бойғы жетістіктерді талдау, ІІІ топ – жаңа оқу жылына жылдық жоспар құру тапсырмалары берілді. Берілген тақырып бойынша әр топ талқылау жүргізді, жаңа оқу жылына жаңа жоспар құрылды.
Екінші мәселе бойынша бөбекжай әдіскері «Біздің бір жылдық жетістігіміз» тақырыбында педагогтарға тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: жұмысқа креативті көзқараспен қарау, балалардың білімдерін жетілдіру үшін педагогтердің сергек болуын қамтамасыз ету. Тренинг барысында педагогтермен биылғы оқу жылының қызықты сәттері мен қиын болған сәттерін еске алуларын сұрады. Өз жұмысы үшін биылғы оқу жылы қандай мақтанышпен айта алатындарын сұрады. Оқу жылы барысында алған дипломдарын бөбекжай меңгерушісі Рустамбекова М. марапаттады. Барлық педагогтерімен мақтанатын айтқан бөбекжай меңгерушісі жазғы демалыстарының жақсы өтуін тіледі. Жұмысқа қызығушылықтары түспес үшін педагогикалық кеңестің екінші бөлімі таза ауада өтетін айтып кетті. Барлық әріптестеріне шығармашылық өрлеу тіледі.
Жазғы сауықтыру жұмыстарымен таныстырып, жаз мезгілінде жұмыс жасайтын педагогтерге сабақ кестелері таратылып, жұмыстарға түсіндірме жүргізілді.
Шешімдер:
1.Алдағы оқу жылында өткізілетін барлық іс-шаралар түрлендіріліп, жаңа инновациялық технологиялар негізінде жүргізілсін.
Мерзімі: үнемі.
Жауапты: барлық топ тәрбиешілері.
2. Жазғы маусым жұмыстарын өте жоғары деңгейде өткізілсін.
Мерзімі: жаз бойы
Жауапты: әдіскер, топ тәрбиешілері
Төрайымы:
Рустамбекова М.
Хатшы: Тулекбаева
А.Б