І.Ашық есік күні.
Музыка қосылып балалар келіп таңғы жаттығуға тұрады.
Құрметті ата –аналар!
«Лашын» ортаңғы тобының ашық есік күніне қош келдіңіздер.
Балабақшадағы күн тәртібінің басы таңғы жаттығу.
Таңғы жаттығу балаға не береді, ол не үшін керек?
Балабақшадағы таңғы жаттығу күн тәртібінің ұйымдастырушысы.
Таңғы жаттығудан соң балалар жинақылыққа үйренеді, ұйқылары ашылып бойларында сергектік пайда болады.
Таңғы жаттығудың түрлері бір-біріне ұқсамайды, әр тәрбиеші өз шеберлігімен ауысып отырып бірде жыл мезгілдеріне байланысты, бірде құстар туралы ,бірде сурет салу туралы, бірде бағдаршам туралы,бірде сайқымазақ туралы, бірде әтеш туралы, бірде қоян туралы болып өзгеріп жасатылады.
Тәрбиеші апайларын бүгін қандай кейіпте келіп таң қалдыратындарын ойлаған балалар жаттығуды қалай жасағандарын өздеріде білмей қалады. Таңғы жаттығудың өзі бір білім әлемі.
Бізде таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00 ге дейін білім беріледі деп толық айта аламыз.
Бұл қалайша, балаларымызға ауыр ғой деп отырған боларсыздар.
Онда алдағы уақытта сіздерге балабақшадағы білім беру жүзеге қалай асырылып жатқанын көрсетеміз.
Жалпы бала балабақшада 10 сағат болса соның 3 сағаты ұйқыменен кетеді қалған 7 сағатында бала өз жасына лайық біліммен қаруланады.
Енді таңғы жаттығу кезінде білім қалай беріліп, балаларымыз қалай шынығады екен соны көрейік.
Таңғы жаттығу.
Балаларыңыз шынықты.
Енді тазалықты қалай жасайды екен соған назар аударайық.
Күн тәртібінде м.г.ш. күніне 4 мезгіл жүргізіледі, бұл кезде балалар беті-қолдарын ғана жуып қоймайды.
Бетке, қолға,аяққа, ауыз қуысына, шашқа күтім жасап үйренеді
.Реттілікпен киініп-шешіну, дастархан басына отырып-тұру дағдыларына үйретіледі.
М.Г.шараның ең төресі ол қолды жуу.
Балаларға қандай ауру болмасын қолдағы кірмен келетінін түсіндіре отырып қол жуу ережесінде үйренді.
Енді тәрбиешілеріміздің қол жууды қалай үйретіп жатқанын көрейік.
Тәрбиешілер балалармен қол жуу үлгісін көрсетеді.
Көргендеріңіздей балаларымыз жаттығу жасай отырып, қол жуып отырып біраз дүниеден хабардар болды.
Балабақшадағы шынықтыру шаралары міндетті түрде жүргізіледі.
Ұйқыдан оянған бала бірден төсектен тұрып кете алмай, ұйқысын аша алмай біразға дейін жатады, осы кезде ұйқы ашар жаттығулары баланың денесін шынықтыру арқылы жүргізіледі.
Көздерін, мойындарын, қол-аяқтарын, денелерін қозғалта отырып, әр-түрлі қимыл-қозғалыстар жасай отырып шынығады әрі қйөыларынан оянады.
Майтабан, қисық көздік (косоглазия), дененің омыртқаның қисық бітуі сияқты аурулардың алдын аламыз. Шыныққан бала ағзасы кез-келген аурумен күресе алатын болады.
Күн тәртібіндегі келесі кезең ол сабақ.
Біздің алдыға қойған мақсаттарымыздың бірі балаларды ойнай отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып білім беру.
Осы мақсатта сабақты ертегімен өткізу қолға алынып отыр.
Әр сабақ, әр тақырыпқа арналған ертегілер желісімен балаларға түсінікті тілде жеткізіледі.
Жаңа айтқанымыздай балаға еш ауыртпалық түсірмеу міндетіміз.
Сабақ міндетті түрде не ертегімен, не ойынмен өтуі шарт.
Сабақты ертегімен өткізудің жинағын шығарып, бүгінгі күні автормыз.
Енді сабақты ертегімен қалай өткізуге болатынын көріңіздер.
(Топ бөлмесіне шақырамыз)
(Сабақ) Ертегі қойылады.
Міне өздеріңіз көргендей ертегіні зуылдатып оқып не айтып бергеннен гөрі көрсете отырып жеткізсе сол тиімді.
Екі дос ертегісінде ұзын-қысқа ұғымдарымен таныса отырып естерінде қаншалықты сақталатынын байқадыңыздар.
Бізден балаларға керек деп жинап алған кітаптарды не істеп жатыр екен деген ойда жүрген боларсыздар.
Өздеріңіздің көмектеріңізбен жинақталған кітаптардан бүгінгі күні барлық топтарды кітаптар көрмесі ұйымдастырылған, тәрбиешілердің шеберлігімен кітаптарымыз балалаларға қойылым арқылы, әңгімесу арқылы, жұмбақтау арқылы түрлі-түрлі тәсілдер арқылы оқытылып үйретілуде.
Кітаптардың мұқабасына қарап балаларыңыз қай ертегі екенін таниды.
Бүгінде балалар кітап оқымайды, қызықпайды деген пікір көп айтылады, бірақ қызықтыра алса, балаға жеткізе алса неге оқымайды.
Осы пікірдің алдын алау үшін асы іспен айналысып жатырмыз.
Ерте жас тобындағы балалардан бастап мектепалды даярлық тобына дейін өз жас ерекшеліктеріне қарай ертегілер мен әңгімелер айтудан сайысқа түсіп келеді.
«Лашын» тобының балалары бүгінгі күні 20 ертегі біліп отырса жыл соңында 60қа тарта ертегі білетін болады.
Енді кітаптар көрмесін тамашалайық.
Италияндық гумманист педагог Мария Монтессори әдістемесімен республика бойынша жұмыс жасап жатқан балабақшалар саны саусақпен санарлықтай ғана.
Астана,Алматы,Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларында ғана жұмыс істеуде. Арнайы Ресеймен келісім шартқа отырып құрал жабдықтарын алып жұмысымызды бастағалы отырмыз.
Монтессори педагогикасының алдыға қойған мақсаты:
Өз-өзіне қызмет ете алатын, ой-өрісі дамыған, қиялы,санасы дамыған,өмірге бейім, қоршаған ортаға қызығушылығы артқан балаларды тәрбиелеу. Монтессори педагогикасы балалардың ұсақ және ірі моторикасының дамуына, әлеуметтік ортада өзін ұстауына, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
Бірнеше тәжірибелік аймаққа бөлінген сабақтарға 10-12 баладан топтарға бөлініп кіреді, бұл сабақта мұғалім бақылаушы және түзетуші болады.
Ақиқат өмір аймағы-НазираЛаура
Математика аймағы-Сауле,Ақбота,Толқын.
Ғылым аймағы-Мәншүк,Айнұр
Сауат ашу аймағы-Әйгерім,Мейрамгүл,Қайыркеш.
Міне құрметті ата-аналар.
Монтессори әдісімен балаларды ата-аналары рұқсат ете бермейтін ,назар аудармайтын тәжірибелермен оқытып үйретудеміз.
Қызыққан дүниесін әр балаға қолмен ұстап, көзімен көруге мүмкіндік жасап отырмыз.
Бұл жердегі ойыншықтарды сатып ала беруге ата ананың мүмкіншілігі бола бермейді, барлығын балалар үшін деп жасап жатқанда балаларыңызды бір күні әкеліп, бір күні әкелмей жатасыздар, оның бары балаға кері әсер етеді.
Топ бөлмесіне барамыз.
Сабақтан босаған уақытта балалар немен айналысады , не істейді деп ойлайсыздар?
Олар ойын ойнайды.
Ойынды қалай болса солай ойнамайды, реттілікпен ролдерге бөлініп орталықтарда ойнайды.
Біздің балабақшада әр түрлі орталықтар яғни бір топта вокзал, бір топта дүңгіршек, бір топта ойыншықтар дүкені,бір топта кітап дүкені, бір топта ас бөлмесі, бір топта емхана, бір топта массаж орталығы,бір топта ас бөлмесі, бір топта кітапхана, бір топта аулада жұмыс жасайды.
Ойын бала өміріндегі зор маңызы бар нәрсе.
Ойнай отырып ойлауға үйрететін бұл орталықтарда балалар өмірге бейімделіп өседі.
Күнделікті әлеуметтік ортада өзін ұстауды, көпшілікпен қарым-қатынас жасауды,үлкенге ізет жасауды, кішіге қамқор болуды осы сюжетті ролдік ойындар ойнау арқылы бойларына сіңіреді.
Ойын тәрбие құралы, ойнай отырып тәрбиеленіп жатқанын, білім беріліп жатқанын еш бала ойламайды.
Ойната отырып біліммен қаруландырып жатқанымызды
тамашалаңыздар.
Сюжетті ролдік ойын топта.
Құрметті ата аналар балаларыңыздың қалай білім алып жатқанын көрдіңіздер.
Енді өнерге, спортқа қалай баулып жатқанымызды көрсетсек.
Биылғы жылға дейін әр топтан өнерге бейімді деген балаларды іріктеп алып отырсақ биыл топтағы балалардың барлығын ортаға тарту мақсатында әнге де, биге де қатыстырып отырмыз.
Қазір ән айтпайтын, би билемейтін бала жоқ.
Балалардың дарындылығын анықтап, оны одан әрі шыңдап жұмыс жасап жүрген музыка жетекшісі Әсем Сағатбекқызының еңбегі ерекше
.Өнерге бейім баланы әр қырынан танып оны шыңдап өз жасына лайық жұлдыз қылып тәрбиелеуде.
Екі дипломның иесі, туа біткен талантымен бүлдіршіндерді әнге де, биге де үйретуде.
Өзінің өнерімен бүгінгі күні облыс көлемінде танымал болып отырған Әсем Сағатбекқызының еңбегі ерен.
Әсем балаларды өнерге баулыса Дархан Маратұлы кішкентай бүлдіршіндерді спортқа баулуда.
Жылма-жыл бүлдіршіндер арасында белдесуден сайыс өткізіп, балалардың денсаулықтарын шыңдауға өзінің бар күш жігерін жұмсауда.
Алматы қаласының спорт және мәдениеті институтын дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған Дархан мамандық таңдауда қателеспеген.
Бірнеше дүркін сайыстарға қатынасып жеңімпаз болған , Сібір және Қазақстанның Новокузнецкдегі Бүкіл Одақтық жарыстарының самбо күресінен жеңімпазы, Қазақ ССР-нің, облыстың бірнеше дүркін чемпионы.
Бала жанының бағбандары өнерге де спортқа да жақын осындай мамандар сіздердің балаларыңызбен жұмыс жасауда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшадағы ашық есік күні.

шағым қалдыра аласыз