ШҚО білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша
білім
бөлімінің
«№3 «Балбөбек»
балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы:
«Робот»
(І жартыжылдық бойынша
қорытынды
ұйымдастырылған іс-әрекет
жоспары)
Тәрбиеші:
2024-2025 оқу
жылы
Өскемен
қаласы
Әдіскер____________________
қолы
«» ортаңғы тобы
үшін
ашық ұйымдастырылған
іс-әрекет жоспары
Өткізілетін күні, айы,
жылы:
Тәрбиеші:
Ұйымдастырылған
іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру
(әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту)
Тақырыбы: «Робот»
Кіріктіру: Коммуникативті дағдыларды
дамыту (сөйлеуді дамыту), физикалық қасиеттерді дамыту
(дене шынықтыру
Білімділік
міндеті: Тірі және өлі табиғат заттары
мен құбылыстарына қызығушылықтарын арттыру;
Отбасы мүшелерін, олардың
іс-әрекеттерін атауға, өзінің отбасы, отбасылық қарым-қатынас
туралы әңгімелеп беруге баулу. Үй жануарлары туралы
білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы
жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Көлік құралдарының
түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық
міндеті:
Балаларды ересектердің сөзін
тыңдай білуге, құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды, берілген
сұрақтарға жауап беруді дамыту. Балалардың табиғатқа, қоршаған
ортаға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Тәрбиелік
міндеті: Жан-жануарларды, құстарды,
өсімдіктерді қорғауға, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай
сақтауға тәрбиелеу Алғырлыққа, тапқырлыққа,
шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Қарапайым тапсырмаларды
өздігінен орындауға баулу, табиғатқа қамқорлыққа
тәрбиелеу
Көрнекі
құралдар: Жанды-жансыз табиғат, фонарик
ойыны, үй жануарлары, үй құстары
Ұйымдастырылған іс-әрекет
барысы:
Кіріспе
бөлім
Кіріспе
әңгіме
Мақсаты:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Балалар: Сәлеметсіз
бе!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің ашық
ұйымдастырылған іс-әрекетімізге қонақтар келген екен. Алдымен
қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар: Сәлеметсіздер
ме!
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі білесіңдер ме?
Балалар: Қыс
мезгілі
Тәрбиеші: Ал қыс мезгілінде қандай
өзгерістер болады?
Балалар: Күн суық болады., қар
жауады...
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс
мезгілінде айнала аппақ қарға оранады.
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай мемлекетте
тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Республикасы
Тәрбиеші: Қазақстанның қай қаласында
тұрамыз?
Балалар: Өскемен
қаласы
Тәрбиеші: Балалар, сендер Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесіңдер
ме?
Балалар: Білеміз. Ту, елтаңба және
әнұран
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер
өте білгір екенсіңдер
Тосын
сәт
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа ақылды
робот Бум-бум келіп қалған екен. Ол біздің әлемімізді жақынырақ
тану үшін қызықты тапсырмалар орындамақшы екен. Және ол сендерден
көмек сұрап келіпті. Бум-бумға көмектесеміз бе
балалар?
Балалар: Йә
ІІ Негізгі
бөлім
1. Д/о: «Геометриялық
лото» (Геометриялық пішіндер арқылы
3 топқа бөлу)
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортадағы
заттардың атауларымен және олардың пішіндерімен
таныстыру.
Шарты:
-Балалар сендердің алдарыңда
қоршаған ортада кездесетін заттардың суреттері
берілген.
Осы заттардың атауын атап,
пішініне байланысты геометриялық пішіндердің қатарына
орналастырамыз.
-Біз қандай пішіндермен
таныстық?
-Дөңгелек пішінге қандай мысал
келтіруге болады?
-Қандай заттар үшбұрыш пішінді
болып келеді?
2. Д/о: Мнемокесте
«Отбасы»
Мақсаты: Сурет арқылы балалардың
сөйлеуін дамыту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Отбасы
мүшелерін атау. Өз отбасы жайлы әңгімелеп
айту
Шарты: Балалар сурет бойынша отбасы
мүшелері жайлы әңгімелейді.-Біздің отбасы мүшемізге кімдер жатады
екен?
-Аке-анаңның аты
кім?
-Үйдегі отбасы мүшелерін атап
берші
-Аға/бауырларыңның атын атап
берші
3. Сергіту сәті
ТРИЗ
Мақсаты:
4. Д/о:
Құрастыру/«Дұрыс-бұрыс»
Мақсаты: Құрастыру арқылы балалардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қоршаған ортаға қатысты
дұрыс/бұрыс әрекеттерді ажырату. Өз ойын білдіруге
ынталандыру.
Шарты: Балалар қоршаған ортаға
қатысты әрекеттер бейнеленген сурет қиындыларын құрастырады.
Бейнеленген әрекет дұрыс па бұрыс па өз ойын
айтады.
ІІІ. Қорытынды
бөлім:
- Сұрақ-жауап арқылы ҰІӘ
қорытындылау
- Жақсы, балалар, сендерге
бүгінгі тапсырмалар қызықты болды ма?
- Қандай көліктің түрлерімен
таныстық?
Рефлексия: Күн мен
Ай
Балалар бүгінгі тапсырманы
орындау сендерге жеңіл болса күннің белгісін қойыңдар , егер де
тапсырмаларды орындағанда қиналсаңдар айдың белгісін
қойыңдар
Күтілетін
нәтиже:
жаңаны тануға ұмтылады,
заттарды қызығып, қуанып зерттейді;
-
отбасы мүшелері мен өзіне
жақын адамдардың есімдерін атайды
-
көлік құралдарын
атайды
-
үлгі мен ауызша нұсқауға
сүйеніп, тапсырмаларды орындайды;