Білім беру
саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің түрі: Музыка
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің тақырыбы: «Спорт - біздің
досымыз»
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің мақсаты:
Балаларға спорттың денсаулыққа
тигізетін пайдасын ұғындыру. Балаларды ептілікке,жылдамдыққа
үйрету. Би қимылдарын музыка ауысымына қарай өзгертіп орындай
алуға, музыканың сипатын ажыратуға, музыканың динамикалық реңкін
ырғақты сезіне аспаптар арқылы бере білуге, әнді бір үнділікпен,
таза орындауға үйрету. Музыкалық есту,еске сақтау қабілеттерін
дамыту.
Әдіс
тәсілдер: көрсету, түсіндіру,
әңгімелеу, АКТ, Ойын түрлері, аннотациялық жұмыс, ән
айту
Көрнекілігі: үнтаспа, тақырыптық суреттер,
слайд көрсетілімі, суретті карточкалар, ұрмалы аспаптар түрі,
аспаптар тұратын қобдиша, бейнеролик, композитор суреті,
дидактикалық ойындар топтамасы.
Оқу қызметінің
барысы
І. Бастапқы
жүріс:
Балалар «Спортивный марш»
әнімен залға кіреді. Әндете сәлемдеседі.
Қайырлы күн
ұстазым,
Қайырлы күн
достарым
Шеңберге
тұрайық.
Жылулық
сыйлайық.
Доброе утро
учител
Доброе утро
друзя
Посмотрите друг на
друга
Пожелайте
добра
Қонақтармен
сәлемдеседі.
Музыка
жетекшісі:
- Балалалар, біз қайда
келдік? Әуез
залына. Біз епті, шымыр, күшті
болғымыз келе ме? Болғымыз
келеді. Ендеше спорт әлеміне саяхат
жасайық. Ол үшін алдымен үй тапсырмамызды орындап алайық. Өткен оқу
қызметімізде үйренген әнімізді еске түсіріп орындаймыз, Алдымен ән
айтпас бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық.
1)Дауыс
жаттығуы
До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до,
До-си-ля-соль-фа-ми-ре-до.
2)Өткен әнді қайталау
(әннің 1 шумағын қайталау)
«Ақ әжем»
әні
Өзің мені
өсірген
Айналайын ақ
әжем
Тентек болсам
кешірген
Шөлдедің бе ай, дана
әжем
Шай қайнатып
берейін
Шекер қосып, жан
әжем
Өзім құйіп
берейін
Балдан тәтті ай, бал
әжем
ІІ.Музыка
тыңдау:
- Балалар, мен қазір сендерге
бір ән тыңдатқым келіп тұр, әнді мұқият тыңдап алайық. Тыңдап
болғасын шығармаға сипаттама жасап, сұрақтарға жауап
береміз.
«Шыныққандар қайсарлар»
әні.
Жетекші:
- Балалар, сендер әнді
тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
- Спортшы болғым
келді.
- Чемпион болғым
келді.
- Спортпен айналысқанда
күшті боламын.
- сипаты қандай? Жәй ойналды
ма,тез бе? Ән көңілді ме, әлде көңілсіз деп ойлайсыңдар
ма?
-Балалар, осы тыңдаған әнді
талдау үшін мен сендерге дидактиқалық ойындар топтамасын дайындап
қойдым.
Аннотация:
- Балалар, сендерге тапсырма
алдарыңдағы суреттер арқылы біз жаңа тыңдаған әннің жылдамдығын,
сипатын, әннің көңіл күйін анықтайтын боламыз. Қанекей олай болса
жұмысымызға кірісейік!
(Балалардың алдында
тасбақа, ботақан, қоянның суреті берілген осы суреттер арқылы
жылдамдықты анықтайды. Үш түрлі күліп тұрған, жылап тұрған,
жайбарахат тұрған смайлик белгілері арқылы әннің көңіл күйін
анықтайды. Әннің сипатын анықтайтын суреттер (ана туралы, Отан
туралы, спорт туралы) берілген. Ішінен дұрыс жауапты тауып тақтаға
жабыстырады.)
Топтардың қайсысы бірінші
болғанын анықтау, дұрыс-бұрыстығын тексеру,
марапаттау.
Жетекші:
- Балалар, сендер жарадыңдар!
Шығарманың сипатын, жылдамдығын, көңіл-күйін тез анықтап шықтыңдар.
Ал, енді әнде айтқандай шынығып шымыр болу үшін мен сендермен бірге
спорттық би қимылдарын жасағым келіп тұр. Қане, бірге спорттық би
билейміз бе?
Енді бір сәт
тұрмайық,
Би қимылын
жасайық!
ІІІ. Ырғақты би
қимылы: «Спорттық
би»
Ол үшін сендерге алдын ала
дайындап қойған орындықтарыңның жанындағы сұлтаншаны қолымызға
алайық. Тез-тез 4 қатарға бөлініп тұра
қалайық.
Жетекші:
- Жарайсыңдар, балалар! Осы би
қимылдарын жасау арқылы біз біраз сергіп қалдық. Бұл биді үйренуді
әрі қарай келесі оқу қызметінде жалғастыра береміз. Орнымызға
жайғасайық.
IV. Ән
салу: «Спорт-біздің досымыз»
Ғ.Дауылбаева
Жетекші:
- Балалар, экранға назар
аударыңдаршы.
Экраннан ән авторы
(Ғ.Дауылбаева) балаларға өзінің жолдауын, тілектерін
айтады:
- Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Сендер күшті, епті болу үшін не істеу керек екенін
білесіңдер ме?
Әрине спортпен
шұғылдануларың керек!Шынықсаң шымыр боласың деп бекер айтпаған ғой,
иә?! Ол үшін біз үнемі спортпен дос болуымыз керек. Сендерге арнап
мен «Спорт-біздің досымыз» деген әнді жаздым. Әнді жаттап, үйреніп,
спортты үнемі серік қылатындарыңа сенім білдіремін! Сау болыңдар,
балалар!
Үнтаспадан әнді
тыңдатады.
Балалар ән сөзін жаттайды.
Әнді үйренеді
«Спорт-біздің досымыз»
Ғ.Дауылбаева
1. Стадионнық
төрінде
Күшімізді
көріңдер.
Шымыр болып
бәріміз.
Шынығайық
келіңдер.
Қайырмасы:
Спорт біздің
досымыз.
Спорт біздің
досымыз.
Бұлшық етті
бүлеудей.
Чемпиондар осы
біз.
V.
Ойын: «Қатты және
ақырын» (топтық
жұмыс)
Жетекші:
-Балалар, жаңағы үйренген
«Спорт-біздің досымыз» әнін жақсы есте сақтауымыз үшін үйренуді
аспапта ойнап жалғастырайық.
Қазір біз мына менің қолымдағы
пішіндерді алып үш топқа топтасамыз.
(Балалар шеңбер, үшбұрыш,
төртбұрышты пішіндер арқылы үш топқа
топтасады)
Қолдарыңа ұрмалы-соқпалы
астаптар тобына жататын кселофон, маракас және барабан аспаптары
таратылады. Мен дирижер қызметін атқарамын. Ән шумағында барлығымыз
бірге ойнаймыз.
- Ал енді «Қатты, ақырын»
ойынын ойнап жіберейік. Мен әуенді қатты ойнағанда аспапты қатты
соғамыз, ал жәй ойнағанда, ақырын соғамыз.
Жетекші:
-Балалар, сендер бүгін өте
жақсы жұмыс жасадыңдар!
Ғажайып сәт. «Сиқырлы
қорапша»
- Жарайсыңдар, балалар! Мына
сиқырлы қорапша арқылы бүгінгі оқу қызметінде қандай әрекеттер
болғанын шолып өтейік.
Балалар шеңберге
жиналады.
- Бүгін қандай шығарма
тыңдадыңдар? «Шыныққандар қайсарлар»
әні
- Би қимылдарын немен
биледіңдер? «Сұлтаншамен»
- Үйренген әндерің не
туралы? «Спорт
туралы»
- Қандай аспаптармен әнді
орындадыңдар? «Барабан, маракас, кселофон
аспаптары»
Жетекші:
- Балалар, бүгінгі оқу
қызметінен әуен арқылы қимылдар жасай отырып өздеріңнің
ептіліктеріңді, күштіліктеріңді көрсете білдіңдер. Біз әрдайымда
салауатты өмір салтын ұстанып жүрсек болашақта сендерден өте жақсы
азамат шығатынына сенімім мол!
Балаларды мадақтау. Жұлдызша
тарату.
Әндете қоштасу. Марш екпінді
музыкамен балалар залдан шығып кетеді.
Күтілетін
нәтиже:
Ән сөздеріне сай, көрсетілген
би қимылдарын жасай алады.
Балалар спортпен шұғылдану
арқылы денсаулыққа пайдалылығын, музыканың динамикалық реңкін,
ырғақты сезіне аспаптар арқылы бере
біледі.
музыканы тыңдай білу, әнді
орындау дағдылары қалыптасады.