БАЛАБАҚШАДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҒЫ
Мұрын
жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау
гуманитарлық колледжінің ІV курс студенті
Өзбекбай Назипа
Жетекшісі:
қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні
оқытушысы Джакаева Гульзира Баженовна
Қазіргі
таңда білім беру жүйесін қоғам
сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту
мәселелері өзекті мәселелердің бірі.
Осы орайда елімізде білім жүйесін
ізгілендіру,білім берудің үздіксіздігі,
білім жүйесін ақпараттандыру,білім
беру жүйелерінде пәнаралық ықпалдастыруды
яғни, интеграцияны жүзеге асыру істері
негізгі бағыттар болып, жалғасын табуда.
Еліміздегі бұл бағыт – бағдарлар әлемдік
білім кеңістік стратегияларымен де
үндестік тауып отыр.Өзекті болып отырған
мәселелердің ішіндегі білім жүйесін
ізгілендіруде «Өзін-өзі тану» пәні
іргелі рөл атқаруда.Аталған пәнде
баланың рухани дүниесін дамытуға көңіл
бөле отырып, тәрбиені құндылық бағдарға,
«субьектілік» қатысқа негіздейді.
Сонымен бірге ізгілендіру үдерісі
мақсаттарын іске асырудың іс-шараларының
бірі ретінде басқа оқу пәндері мазмұнының
құндылықтық мәнін күшейту мәселесі
ретінде де қарастырылған. Ол мәселе
«Өзін-өзі тану» пәнінің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартында атап
көрсетілген. Осы тұрғыдан алғанда жалпы
білім беру жүйесін ізгілендіру
мәселесінің қажеттілігі мен өзектілігі
алға шығады.Жалпы білім берудегі
ықпалдастырудың маңыздылығының бірнеше
қырын көруге болады. Бұл балаларға
қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктерін
қалыптастыруға қызмет етеді.Пәнаралық
ықпалдастыру пәндік жүйені жоққа
шығармайды. Тек қана оларды жетілдірудің
тиімді жолы ретінде қарастырылып,
пәндердің бір-бірімен байланысы мен
өзара тәуелдігін тереңдете түсуге
бағытталады.Дәстүрлі білім беруде
ықпалдастыру процесі пәнаралық және
пән ішілік тұрғыда жүргізіледі.Пәнаралық
ықпалдастыруда зерттеу обьектілері
ұқсас немесе бірдей болуы керек,
ықпалдастырылған оқу пәндерінің зерттеу
әдістері бірдей немесе ұқсас болуы
керек және ықпалдастырылатын оқу
пәндерінің құрылымы ортақ заңдылықтар
мен теориялық тұжырымдарға құрылуы
тиіс. Бүгінгі таңда еліміздің білім
беру ұйымдарында ықпалдастыру байланысы
жеткілікті дәрежеде дамымай отыр.
Тәжірибе көрсеткендей балалар жеке
пәндер бойынша алған білімдерін
күнделікті өмірде қолдана алмайтындығы
байқалады.Балаларды оқыту мен тәрбиелеу
мақсаттарын сапалы шешуде оқу – тәрбие
процесін ықпалдастыру арқылы ұйымдастырудың
мүмкіндіктерін қарастыратын болсақ :
Оқуды
жеңілдететін әлемнің біртұтастығы
туралы түсініктерін қалыптастырады:
Пәндерді
ықпалдастыру,құрылымында проблемалық
жағдаяттар үлесі артуына орай балалардың
ойлау әрекеттері белсенді бола түседі.
Сабақтың
ақпараттық көлемі артады
Балалардың
оқу әрекеттеріне уәж туғызып,танымдық
әрекеттерін қарқындатып шаршау мен
шамадан тыс зарықтыруды болдырмайды.
Оқу
материалдарын интеграциялау балалардың
шығармашылығының дамуына көмектеседі,алған
білімдерін күнделікті өмірде қолдана
білуге үйретеді,табиғатқа,адамдарға
өте жағымды қатынас жасауға мүмкіндік
беретін жақсы қасиеттерінің қалыптасуына
ықпал етеді. Мектепке дейінгі білім
беруде пәнаралық ықпалдастырудың маңызы
зор.Пәнаралық ықпалдастыру арқылы
балалар айнала қоршаған орта туралы
игерген қарапайым білім,біліктерін
өзара байланыста қарауға мүмкіндік
алып,қоршаған орта туралы біртұтас
түсініктері қалыптасады. Жеке пәннен
алған білім,біліктерін екінші бір пән
арқылы бекіте түседі яғни теориялық
білімін тәжірибеде қолдана білуге
машықтанады. Мектепке дейінгі мекемелердің
негізгі мақсаттарының бірі – балаларды
мектепке даярлау. Яғни мектепке даярлау
жалпы және арнаулы дайындық деңгейінде
болуы тиіс. Жалпы дайындық баланың дене
және психикалық дамуымен анықталса,арнаулы
дайындық қарапайым білім негіздеріне
сүйеніп іске асырылады.Арнаулы дайындық
мектепке дейінгі мекемелерде тіл
дамыту,көркем әдебиет,айналамен
таныстыру,экология,қарапайым математикалық
ұғымдармен таныстыру,бейнелеу
өнері,ән-күй,дене шынықтыру сабақтары
арқылы жүзеге асырылады.Мектепке дейінгі
мекемелерде пәнаралық ықпалдастыруды
түрліше жолдармен іске асырылады.Мектепке
дейінгі мекемелерде пәнаралық
ықпалдастыруды түрліше жолдармен іске
асыруға болады.Біз мектепке дейінгі
мекемелерде пәнаралық ықпалдастырудың
төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
-
|
Коммуникация
(көркем әдебиет)
|
|
|
|
|
Коммуникация
(тіл дамыту)
|
Өзін-өзі
тану
|
Шығармашылық
(бейнелеу)
|
|
|
|
Әлеумет
(айналамен таныстыру)
|
|
Денсаулық
(дене шынықтыру)
|
Мектепке
дейінгі мекемелерде пәнаралық
ықпалдастыру арқылы балаларға қоршаған
орта туралы біртұтас түсінік
қалыптастырып,дүниетанымдарын кеңейтуге
болады. Яғни пәнаралық ықпалдастыру
негізінде алған білімдерін тек қана
түсініп қоймай қолдана білуге мүмкіндік
алады. «Өзін – өзі тану» пәнін басқа
пәндермен ықпалдастырылғанда сабақта
өтілетін материалдарды бір тақырыптық
жүйемен іріктеп аламыз.
Ақиқат,дұрыс
әрекет,тыныштық,сүйіспеншілік, және
қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне
тұратын орнына байланыссыз және уақытпен
өзгермейтін жасаушы мән.Олар бөлінбейді
өзара байланысты,өзара тәуелді бір –
біріне етене сіңіп, адам руханияты мен
мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін
адам ойы, сөзі,ісі адами тұлғаның мынадай
аспектілеріне сәйкес келетін
жалпыадамзаттық құндылықтарға сай
болуы тиіс:
Қиянат
жасамау- рухани деңгей
Ақиқат
–интеллектуалдық деңгей.
Сүйіспеншілік
– адамгершілік деңгей
Тыныштық
– эмоциялық деңгей
Дұрыс
әрекет – физикалық деңгей.