Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшадағы дарынды балалармен жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК»Балапан»Балабақшасы

Дарынды балалармен жұмыс

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030 » бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті.Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «Әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр баланың болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына,көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, тәрбиешілер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.

-нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;

-әдейленген дарындылық ,- сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілік құрылады;

-жалпы дарындылық –қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;

-іс-әрекеттер сәттігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдардан айыратын ерекшеліктер.

Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.

Міндеттері:оқу процесін тиімді ұйымдастыру;өзін- өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру; жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту; жеке тұлғаның қасиеттерін,қабілетін анықтау.

Осы міндеттерді орындау үшін және балаларға дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:

1. Шығармашылық: ойлау; қабілет.

2. Мотивация:күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;

3. Балалардың әлеуметтік үйренуі: сөйлесуде; тәртібінде.

Дарынды баланы анықтау балабақша жұмысында балабақшада бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі тәрбиешілер және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен баланың отбасы жағдайы зерттелінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықталған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады. Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиеттері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жете тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, Балапан балабақшасы дарынды балалармен жұмыс жақсы жолға қойылған. Әр тәрбиеші, дарынды балаларды анықтап, жұмыс жоспарын, сонымен қатар дарынды баламен жұмыстың даму жоспарын жасайды. Жоспарға сәйкес жұмыс атқарылады.Тәрбиешілер әр түрлі логикалық ойындар өткізіп ,лего құрастырады.

Өз іс – тәжірибемде тоғыз құмалақ ойынын өткізем өйткені бұл ойын балалардың ойлау қабылетін арттырады және математикаға талғамы пайда болады.Пәндік олимпиадаларға, пікір сайыс ойындарға, сырттай өтетін интеллектуалдық сайыстарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Аталмыш жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді.

Ел боламын деген мем­ле­кет ұрпақ тәр­бие­сін бірінші кезекке қояды. Біз – бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылық­тардың баланың бойына сіңірілуі де – тәрбиемен келеді. Ал тәрбие­нің өзегі – ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Ба­лам деген жұртым болмаса, жұр­тым дейтін бала қайдан шыға­ды» дейді. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.Сол себепті де дарынды оқушылармен жұмыс жасай отырып, танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Баланың өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді. Ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.02.2021
1713
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12