жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балабақшадағы ертеңгілік "Қысқы ормандағы Жаңа жыл"
Балауса» балабақшасы коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Күншуақ» (II-сәбилер) тобы ұйымдастырған
"ҚЫСҚЫ ОРМАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ!"
ертеңгілігі

Тәрбиешілер: Захарьянова Г.К.
Мамиева С.К.
2018 жыл, желтоқсан
Қысқы ормандағы Жаңа жыл!
Мақсаты:Балаларға Жаңа жыл туралы, Аяз ата мен Ақшақар туралы түсінік беру, танымдарын арттыру, мерекелік көңіл- күй сыйлау, ата- аналардың балаларының өнерлерін тамашалауына мүмкіндік беру, ата- аналар мен балабақша арасындағы қатынасты жандандыру, екі тілде тақпақтар жаттату және сол арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Қатысушылар:
Жүргізуші: Захарьянова Гульбаршын
Аяз Ата- Тупенов Райымбек.
Ақшақар- Тюлемысова Самал.
Аю- Токтыбава Зинаида
Қызыл телпек– Мамиева Салтанат.
Қасқыр- Естаева Гүлмира.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. Балалар әуенмен қол ұстасып жүгіріп ортаға кіреді.

1-Жүргізуші: Уа, халайық жарандар
Айналаға қараңдар
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып
Қуанышпен тараңдар.
Аялдап сәл-сәл күт, уақыт,
Қарсы алам жылды жырменен.
Ағылар үйге құт, бақыт,
Келетін жаңа жылменен!
2-Жүргізуші: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын!
деп «Қысқы ормандағы Жаңа жыл!»аттыертеңгілігімізді бастаймыз.
Ән: Жаңа жыл.
Балалар орындарына отырады.
«В гостях у сказки»музыкасыойналады. Қызыл телпек жүгіріп шығады.
-Недеген ұлпа қарлар! Орман қандай керемет! Мен мерекеде әжеме сыйлық апара жатырмын.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер мені таныдындар ма? Мен Қызыл телпекпін.Барлықтарыңды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Мерекесімен
құттықтауға әжеме кетіп бара жатырмын. Ал, сендер өздеріңнің әжелеріңді, аналарыңды құттықтадындар ма?
Балалар жауабы:
Алыстан қасқырдың дауысы естіледі.
Қызыл телпек шыршаның артына тығылады.
Қасқыр: Мен сұр қасқырмын. Сендердің араларыңнан кішкентай қызды іздеп жүрмін. Қазір ұстап алып оны жеп қоямын.
Жүргізуші: Ах, сен сұр қасқыр, кімді жегейі жүрсін? Кане, балалар, бұл қасқырды ортамызға алып, қармен атқылап қуайық.
Ойын: «Қар лақтыру»
Қызыл телпек:Рахмет, балалар! Сендер мені сұр қасқырдан құтқардындар.
Жүргізуші: Тыныш, тыныш!
Мен бір дыбыс естіп тұрмын, бізге тағы біреу келе жатқан сияқты. Аяз Ата ма екен?
Аюдың дауысы естіледі.
Аю: Бұл недеген шу, бұл недеген айқай. Мен қыста ұйықтауым керек, мені ояттындар!
Жүргізуші:Ой, балалар, біз маймақ аюды ұйқысынан оятып жіберіппіз. Кел аю, бізбен бірге мерекеге қатыс.
Әдемі әуенмен Ақшақар кіреді.
Ақшақар:Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Мерекелеріңмен! Мені осы балабақшада мереке болып жатыр деп Аяз ата жіберді. Балалар, маймақ аю қыстың күні оянып кетіпті ғой оны өзіміздің биімізбен тербетіп ұйықтатасақ қалай болады?
Би: «Ақшақарлар»
Аю: Рахмет Ақшақар. Сендер мерекелеріңді жалғастыра беріңдер, ал мен енді үйіме барып ұйықтайын.(аю шығып кетеді)
Ақшақар:Балалар, қараңдаршы, шырша қандай әдемі. Бірақ, байқайсыңдар ма, шыршамыз көңілсіз? Өйткені шамы жанбапты. Сендер маған көмектессендер, шамын жаға аламыз. Көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия.
Ақшақар: Шырша шамын жағайық,
Қуанып бір қалайық
Олай болса балалар:
« Алақаным тақ-тақ
Шырша шамын жақ-жақ.»
Балалар қайталап шырша жамын жағады. Балалар қуанады.
Қызыл телпек: Балалар, білесіңдер ме,менің әжеме де барғым келіп тұр,бірақ Аяз Атаны да көргім келіп тұр.
Жүргізуші: Онда Аяз Атаны шақырайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата
Жүргізуші: Балалар, Аяз Ата бізге қалай келеді, жердің бәрі қар.Аяз Атаға жол ашайық.
Ойын: «Аққала»
Жүргізуші:Жолды тазаладық, енді кедергі жоқ.Аяз Атаны тағы шақырайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата
Аяз ата: Аяулы ата- аналарға , ардақты ұл-қыздарға, бүлдіршін балаларға бір
сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендердің
Шаршап келді алыстан.
Сендердің дайындаған өнерлеріңді көріп, сыйлықтар берейін деп келдім.
Балалар:Сәлеметсіз бе Аяз ата?
Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен! Менің немерем Ақшақар да осында екен гой.
Ақшақар:Сәлеметсіз бе, Аяз ата.Төрлетіңіз. Мен сіз айтқаннан кейін ертерек келдім. Шырша шамын да жағып қойдым.
Аяз ата:Жарайсың Ақша қар, ондай болса балалардың өнерлерін тамашалайық.
Ән: «Бізге бүгін Аяз ата келеді»
Би: «Калинка» Қайсар, Камилла, Балжан.
Ән: «Мен әдепті баламын» Аружан

Балалардың Аяз Атаға арналған тақпақтары:
Айнар:Аяз ата келді
Тамашаны көрді
Риза болып қуанып
Бізге сыйлық берді.
Әзиз:Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық
Нурислам:Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Балжан:Жаңа жыл
келгенде
Қуанып қарсы
аламыз.
Аяз Атамен
бірге
Билейміз, ән
саламыз.
Жомарт:Аяз ата келді
Маған кәмпит берді
Мен кәмпитті жеймін
Рахмет ата деймін
Аят:Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймйды қараса
Артем:Елочка, елочка,
Вот она какая
Стройная, красивая
Яркая, большая
Алиана:Наша елка велика,
Наша елка высока
Выше папы, выше мамы,
Достает до потолка!
Милана:Дед
Мороз! Дед Мороз!
Ты нам сладости
принес?
Ты в секрете не
держи,
Что в мешке
там, покажи?
Камилла:Раз, два,
три, четыре, пять,
Будем все мы
танцевать.
Ведь сегодня ―
Новый год,
Дедушка Мороз
придет!
Аружан:Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл.
Қайсар:Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтардың бәрін де.
Ануар:Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Айкүнім:Келіңдер,
келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Диясыл:Қараңдар мынау шыршамыз
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті
Балалар биі: Флешмоб

Жүргізуші: Балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды басқа балалар да күтіп отырған болар. Барлығымыз пойызға отырып Шығарып салайық
Би: «Паровозик Чук-чук»
Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді екенсіңдер. Киген киімдерің де сондай әдемі. Сендерге әкелген сыйлықтарымызды берейік те, немереміз екеуіміз жолға шығайық, басқа да балалар бізді күтіп отыр. Сендерге енді 1 жылдан кейін қайтып келеміз. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Қымбатты балалар! Мереке алдында біз «Менің сиқырлы шыршам» атты көрме ұйымдастырған болатынбыз. Ата- аналар түгелдей қатысты. Оларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Көрмеге ұсынылған жұмыстардың барлығы қайталанбас туынды деуге болады. Сол көрменің нәтижесі бойынша ең шығармашыл ата- аналарға арналған сыйлығымыз бен арнайы дипломымыз бар.
Тапсыру: 1- орын: Полковниковтар, Шестункиндер отбасы;
2- орын: Тоқбаевтар, Ерболовтар отбасы
3-орын: Естаевтар, Сәрсенбаевтар отбасы.
Осымен бүгінгі «Қысқы ормандағы Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Қорытынды:
28 желтоқсан күні өткен бұл ертеңгілікті ұйымдастырудағы алға қойған мақсаттарымыз орындалды. Балалар Аяз Атаны көрді, оның алыстан келгеніне, шын мәнінде сиқыршы екендігіне, балаларға сыйлық әкелетініне сенді. «Қызыл телпек» ертегісінің желісімен өткізілген бұл ертеңгілікте балалар Қасқыр, Аю секілді орманнан келген аңдармен бірге Жаңа Жыл мерекесін қызыға тамашалады. Аяз Ата, шырша туралы тақпақтарын айтып Аяз Атадан кәмпиттер алып қуанды. Би билеп, ойындар ойнады.Балаларға мереке ұнады, әсіресе оларға аңдардың жүрісін салған, доппен секіріп Аяз Атаға дейін жарысқан, қардан Аққала жасаған ұнады,балалар ата- аналарын Жаңа жылмен құттықтап флешмоб биледі.
Ертеңгіліктің соңында Аяз Ата мен Ақшақарды балалар ата- аналармен бірге «Көңілді пойыз» биімен шығарып салды.
Біздің ертеңгілікті өткізудегі алға қойған мақсаттарымыз орындалды.
Диплом
Балабақшадағы «Жаңа Жыл мерекесіне»
орай ұйымдастырылған
«Менің сиқырлы шыршам» атты көрмеге
белсене қатысып
орын иеленген
_________________________
отбасына беріледі.

П.о. «Балауса» балабақшасының меңгерушісі :
Джарылғасынова Г.Ж . __________
Солоновка ауылы
2018ж. желтоқсан
Диплом
Iстепени
Награждается
-----------------------------
За активное участие и за творческий труд
на выставке
«Моя волшебная елка»

М.п Заведующая деского сада «Балауса»
Джарылгасынова Г.Ж. -----------------
с.Солоновка
2018г. декабрь


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген