400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшадағы жоба "Құстар біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерге керек болады. Балаларды құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Құстар біздің досымыз»

ЖОБАНЫҢ ТҮРІ: тіл дамытушы

ҚАТЫСАТЫНДАР: 2 сәбилер тобының балалары; Тәрбиешілер; 2 сәбилер тобының ата-аналары

БАЛАЛАР ЖАСЫ –3-4 жас.

ЖОБА МЕРЗІМІ: 2015-2016 оқу жылы МАҚСАТЫ: Балалардың құстар жайлы білімдерін кеңейту.

МІНДЕТІ:  - құстар туралы қарапайым түсініктерін дамыту (ұшады, ән шырқайды, шұқиды, ұя салады, балапан шығарады); - құстарды аялауға, қамқорлық көрсете білуді қалыптастыру; - бақылау, салыстыру, талдау және алған білімдерін шығармашылықтың әр түрінде көрсете білуді қалыптастыру(театралдық, ойын, бейнеле) ; -білу дағдысын, ойлау, қиялдау, әлеуметтік дағдыларын дамыту; - жыл құстары жайлы балалар ойларын кеңейту; - құстардың жүріс-тұрысын, ауа-райының өзгеруіне байланысты ұшып кететінін зерттеуге үйрету; -бірлескен жұмыстың арқасында, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру; (астау, ұя жасау).







АТА-АНАЛАРМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС: Құстарға арналған астаулар, ұя жасауға қатысу. Тәрбиешілерге театралдық қойылымдарда, мерекелерде, атрибуттар мен костюмдар жасауға көмектесу.

ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛІ:-интегралдық сабақтар;;- әңгімелер;- сурет және бұйымдар көрмесі;- экскурсиялар;- мультфильмдер қарау;

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕРЕКТІ ЖАҒДАЙЛАР:- балалардың және ата-аналардың қызығушылығы;- жобаның материалдық қамтылуы;- әдістемелік зерттеу жұмыстары.

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС:- ата-аналарға балаларымен серуенде жүрген кездерінде, құстарды бақылауға және оларды үйлерінде бейнелеуге ұсыну;- «Құстар»тақырыбына арналған бірігіп көрме ұйымдастыру;- «Табиғатты махаббатпен және қамқорлықпен сақтаймыз» атты жылжымалы папканы жасау;- ата-аналарды астаулар, ұялар жасауға, суреттеір және құстар фотолары көрмесін жасауға қатыстыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:- балалардың құстар жайлы білімдерін жүйелеу;- құстарға қамқорлық жасау;-құстардың адам өміріндегі алатын орны жайлы түсіну;- жобада белсенді қатысқан ата-ана баласына жақсы тәрбие бере алады.

1 кезең. Дайындық1. Тақырып бойынша әдістемелік, әдеби және тану әдебиетті таңдау.2. Көренкілік құралдарды, дидактикалық ойындарды реттеу.3. Перспективтік жоспарды құру.5. құстар-бас киімдерін жасау; дидактикалық ойындар; сабақтарға атрибуттар жасау; т.б.6. Астаулар мен ұялар жасау.7. Бұйымдар жасау.Дайындық кезеңінде біз балалармен жобаға байланысты сұрақтар шештік.- Құстар, олар қандай?- Құстар туралы не білесіңдер?- Құсты қалай тануға болады?- Құстарды қыстап қалатын және ұшып кететінін қалай айыруға болады?

2 кезең. Практикалық кезең.3 кезең . Қорытынды



















Перспективтік жоспар Қыркүйек 1. Аулаға қандай құстар ұшып қонады? 2. Торғай; Қарға; Көгершін.3. Құстар қандай дыбыстар шығарады?4. Құстарда қанша аяқ бар және олар қалай жүреді? Құстарда қанша қанат бар және олар қалай ұшады?

Қазан1. «Торғайлар мен мысық»; «Торғайлар мен автомобиль»; «Қарақұс пен балапандар» қимылды ойындарды ойнату.2. «Құсты көрсет» ойын жаттығуы3. Құстар бейнесін бояу (торғай, қарға, көгершін) 4. .Аппликация жасау. Ұжымдық жұмыс «Сауысқанға ұя жасау»

Қараша1. Құстар туралы жаттамақтар жаттау.2. «Құстар дауысы» аудиосын тыңдау3. Аппликация жасау «Торғай»4.Мүсіндеу «Құс».

Желтоқсан1. Қыстап қалатын құстарды бақылау2. Үлкен-кішкентай құстар. Құстар немен қоректенеді?3. Кормушкадан қандай құстар қоректенеді?4. Мүсіндеу «Торғай», «Қарға»,

Қантар1. Құстар бейнесін бояу.2. «Торғай» өлеңін жаттау.3. Құстар жайлы альбомдар қарастыру.4. Құстар туралы жұмбақтар мен мақалдарды жаттау.

Ақпан1. Астаулар жасау. Оларды ағаштарға орналастыру. Ата-аналармен бірге. 2. Акция жасау «Құстар асханасы» 3. Сурет салу «Құстардың іздері»4. Қорытынды сабақ «Қыс мезгіліндегі құстар»

Сәуір
  • Сюжеттік-рольдік ойын: «Орманға саяхат»
  • Құстар туралы әңгімелер тыңдау
  • Үстел-үсті ойындар ойнау
  • Ауладағы ұшып келген құстарды бақылау.


Мамыр
  • Лото «Құстар»
  • Дидактикалық ойындар: «Кім қайда тұрады?», «Суретті жинап ал!»
  • Мақал мәтелдерді жаттау.
  • Қорытындылау. Жылжымалы папкасын жасау. Презентация жасау.




















Жоба Екінші сәбилер тобы«Құстар біздің досымыз»















Құрастырған:Ә.Ж.Балапанова











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі