жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы мен міндеттері"
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы мен міндеттері
Музыканың өнер түрі ретіндегі маңызы
Музыка және баланың жеке басының жан-жақты жетілуі
а) Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы
б) Музыка – баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы
с) Музыка – ақыл-ой қабілеттерін жанжанжыру құралы
д) Музыка – дүние күшін дамыту құралы
Баланың жасқа байланысты музыкалық даму ерекшеліктері
Музыкалық тәрбиенің міндеттері
Музыканың адам рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен – музыкаға әуені де салтанатты, қуанышты, ал сарбаз жорықта келе жатып ән салады екен - ән осы аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса – мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка – адамның өмірлік серігі.
Музыкалық шығармалар тарих беттерін көз алдына елестетеді. Ұлы Отан соғысы күндеріне арналған әндер: Е. Өміровтің «Момышұлы Бауыржан», Қ. Сақайдың «Жиырма сегіз», «Мәншүк апай» сияқты әндер жауды толық жеңіп шыққанға дейін шайқасуға бей байлаған адамдардың қайтпас қайсар, қаһарлы күреске біріктіреді.
Музыканың өмірге толық та етене енгені соншалық оны бір солай болуға тиісті нәрсе сияқты, өзіміз ойланып тыныстайтын ауа сияқты қабылданады... Адамдардың бір-бірін жақсы түсіне түсуіне көмектесетін осы бір тамаша өзіндік тілден айырылса, дүние қандай жұтаң тартар еді.
Музыканың тағы бір ерекшелігі – ол адамдардың көңіл күйін ортақтандыру, олардың арасындағы қарым-қатынас құралы болу. Бір адам дүниеге әкелген музыкалық шығарма екінші адамның жан дүниесіне қозғау салып, керемет ретінде қабылданады. Орыстың ұлы композиторы П. И: Чайковский: «Мен өз музыкамның таралуын, оны сүйетін, одан көңіл көншіп, сүйніш табатын адамдар санының көбеюін бар жан-тәніммен тілер едім» - деген.
Адамның парасатты ойы мен терең сезім дүниесін бейнелейтін, эмоциялық әсер туғыза алатын жарқын көркем шығармалар жан дүниенің эстетикалық жақтарын қозғап, тәрбиенің қайнар бұлағы мен құралына айналады.
Музыканың үшінші ерекшклігі, Д. Шостаковичтің айтуынша, «өзіндік тамаша тіл». Бейнелі, жарқын әуенді, жан-жақты үйлесімді, өзіндік бір ырғақты ұштастыра отырып, композитор өзінің дүние сезімін, айналасына көзқарасын бейнелейді. Мұндай шығармаларды қабыл алғандардың бәрі солар арқылы рухани байи түседі.
Ал, бірақ музыка тыңдаушылардың бәріне бірдей күшпен әсер ете ме? Жоқ, бірдей әсер етпейді. Бұл – оның тағы бір ерекшелігі. Әр адам музыкаға өзінше ынталы, онымен өзінше әуестенеді, ол музыка жанрының қайсыбіреуіне, өзі ұнатқан композиторына, тыңдаудағы белгілі тәжірибесіне сай жеке бір шығармаға артығырақ ден қояды. Оқып, жаза білуге, есептеуге, сурет салуға қалай үйренсе, мызыканы тыңдап, бағалай білуге, образдардың ширақ дамуын, әр тарапты тақырыптардың қақтығысы мен тартыстарын және олардың аяқталуын байқап, музыканы зейін қойып тыңдай білуге де дәл солай үйрену қажет. Тыңдаушы музыканы терең ұғу үшін, оның бүкіл даму барысына ілесе отырып қабылдауы тиіс. Осы «өзіндік тамаша тілді» ұғып, түсіне білуге үйрену қажет. Сонда бірте-бірте музыкалық талғам қалыптасады, музыкамен ұдайы шұғылдану қажеттігі туады, барған сайын нәзік және алуан түрлді тербеніс-толғанысқа бөленушілік күшейетүседі.
Музыканың бір ынта қоятын тағы бір ерекшелігі – оның адамға өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әсер ететіндігінде. Құлаққа жағымды бесік жырын естігенде нәресте тыныштала қалады. Ал сергек марш ойналса, оның жүзінде өзгеше нышан байқалып, қимылы жиілейді. Бұл сияқты эмоциялық әсер бүлдіршінді ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік тұғызады.
2. Ақыл ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік тазалық пен өмірге деген эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру - әр тарапты сомдалған жеке адамды қалыптастырудың қажетті шарты. Балаларға музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мәртебелі міндетке жету ісіне көмектеседі.
а) Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгілердің әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түрәне қаитылу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?
Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі – музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.
Музыка бүлдіршінді толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір-бірімен салыстырған ой туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл-күйін қуанышты, көтеріңкі етсе, ал бесік жыры әуені мұңайтады, жабырқатады. Бір баланың теледидар арқылы орындап тұрған мұңды әнін естігенде: «Ағай өз қайғысы жайында ән айтып тұр» дегені бар, ол адамның ішкі тербеністерін бейнелеген әннің сарынын сезген.
Музыкалық қабілеттің екінші белгісі – тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере білу қабілеті. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мәселен, балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасіеттерін (рояль мен домбыра, тағы басқа аспаптардың жоғары және төмен тембрлік дыбыстарын) бір-бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, пьесадағы үш бөлімді т. б.) бір-бірінен айырады, бір-біріне қарама-қарсы көркем образдардың айқындылығын (өлең бастамасының биязы жұмсақ және созылыңқы сипаты мен қайырманың жігерлі тез сипатын) байқайды. Бара-бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйкті шығармаларының қоры жинақталады, музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қалыптасады.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі – музыкаға шығармашылық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді, ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мәселен, бала сергек басып келе жатқан балаларға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға, т. б. тән бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен түрлерде қолданылады. Балалар қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта береді.
Музыкаға жалпы бейімділушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген эмоциялық көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балалардың тербеніс-толғаныстары өзіндік эстетикалық реңқ алады.
б) Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральжық бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды эмоциялық-образдық мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз.
Отан туралы, Астана туралы, туған ел туралы әндер Отанымызға сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері олардың әдет-ғұрыптарын білуге ынталардырады, полимәдениетті тұлға қалыптастырады. Музыканың жанрлық байлығы қаһармандық образдар мен лирикалық көңіл-күйді, көңілді еомектер мен жеңіл би әуендерін түсінуге көмектеседі. Музыканы қабылдағанда туатын алуан түрлі сезімдер балалардың тербеністерін, олардың рухани дүниесін байытады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген