2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Балабақшадағы Өндірістік жиналыс хаттамалары

Балабақшадағы Өндірістік жиналыс хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы Өндірістік жиналыс хаттамалары жайлы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін

«» б/б директоры

________________________

2023 жылғы 29 тамыз

2.7 Өндірістік кеңестер



Мазмұны

Мерзімі


жауаптылар


1


1. Балабақша қызметкерлерін ішкі еңбек тәртібімен, лауазымдық міндеттерімен таныстыру

2. Балалардың өмірімен денсаулығын қорғау

3. Балаларды тамақтандырудың

ұйымдастырылуы

4. Қызметкерлердің штаттық бірлік кестесін бекіту



қыркүйек

Б/б директоры

Медбике


2


1. Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы

2. Балабақшаның қысқы жылу мерзіміне дайындығы, топтарға жылудың берілуі мен сақталуы.

3. Қызметкерлердің демалыс кестесін талқылау және бекіту

4. Жаңа жыл мерекесіне дайындық



желтоқсан

Б/б директоры

Медбике


3


1. Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы

2. Топтардағы санитарлық эпидемиологиялық нормалардың орындалуы

3. Акция: «Гүлді алея» (ата-аналармен бірге көшеттер отырғызу)

4. Әртүрлі мәселелер



наурыз

Б/б директоры

Медбике


4


1. Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы

2. Жазғы сауықтыру шараларын талқылау және бекіту

3. Жазғы мезгілде балалардың өмірімен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулық

4.Өрт қауіпсіздігі техникасын сақтау



мамыр

Б/б директоры

Медбике



1 өндірістік кеңестің хаттамасы


29.09.2023 ж Қатысқандар саны- 10


Күн тәртібі:


  1. Балабақшаның ішкі еңбек тәртіп ережелері мен қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бекіту.

  2. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқау жүргізу

  3. Балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы

  4. Қызметкерлердің штаттық бірлік кестесін бекіту


1.Тыңдалды балабақша директоры ___________қызметкерлерді Ішкі еңбек тәртіп ережелермен таныстырды.Бұл ережелер Қазақастан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес бағытталған. Жұмысқа қабылдау және босату кезінде екі тараптан жасалынатын жұмыстарды қызметкерлер білуі тиіс. Әрбір қызметкер өзінің құқықтарын, міндеттерін, санитария талаптарын және техника қауіпсіздік ережелерін білуі керек. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің міндеттері: еңбек тәртібін сақтау, адал жұмыс істеу, белгіленген мерзімінде медициналық байқаудан өту, этикалық жүріс-тұрыс нормаларын сақтау, ата-аналармен, балалармен қарым-қатынаста зейінді және ықыласты болуы, құжаттаманы өз уақытында толтыруы керектігін түсіндірді. Егер ішкі еңбек тәртіп ережелерін бұзғанда берілетін ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан босату тәртіптік шаралар қолданылатынын айтты. Жұмыс уақыты бекітілген ішкі еңбек тәртіп ережелері жүргізілетінін ескертті.

Балабақша әдіскері __________тәртіп әрбір қызметкердің тиімді жұмыс істеу үшін беріліп отырғанын сөз етіп, орындауымыз керек деп ойлайтынын айтты. Барлығы өз пікірлерін ортаға салып, бірауыздан мақұлдады.

Сонымен бірге балабақша директоры ______________ қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен таныстырды. Әрбір қызметкерге лауазымдық міндеттері жазылған парақшалары таратылып беріліп, орындау керек екенін айтты.. Балабақша қызметкерлері өздеріне қойылған лауазымдық міндеттерімен танысып, толық орындайтындықтарын , әсіресе, балалардың өмірі үшін жауап беретіндіктерін терең сезінетіндіктерін айтты.

Меңгеруші балабақша мейірбикесі ______________ өз міндеттерін орындауда барлық қызметкерлермен тығыз байланыста болуы керектігін,тәрбиешілер мейірбикелермен бірлесе отырып, сауықтыру шараларын жүргізеді, баланың денсаулығын дамытатын ең негізгісі баланың өмірі мен денсаулығына жауап беретінін ескертті Сондықтан барлық қызметкерлер лауазымдық міндеттерін бұлжытпай орындауы тиіс екенін айтты.

Қызметкерлер лауазымдық міндеттерімен танысып,орындайтындықтырын білдірді, қолын қойды.

2.Тыңдалды Балабақша меңгерушінің ______________ «Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқау» жүргізді. Ата-аналар бізге өмірлерінің ең қымбатты байлығы балаларын сеніп тапсырған соң біз олардың өміріне, денсаулығына жауаптымыз. Балаларды қадағалаусыз қалдырмау және қауіпсіздік ережелерін біліп сақтауымыз керектігін айта келе қызметкерлерге балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау туралы нұсқаулықты тарапып, таныстырып өтті.

Балабақша қызметкерлері танысып, толық орындауға уәде берді.

3.Тыңдалды балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы жөнінде балабақша меңгерушісі ______________ баланың дұрыс тамақтанудың ұйымдастырылуы, оның денсаулығына зор ықпалын тигізетінін сол себепті толыққанды тамақтану рационын құру, құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай әртүрлі тағамдарды қолдану тсс.мәселелерді түсіндірді.

Сондай ақ ақуыздар мен майлардың көп бөлігін балалар түс кезінде алады. Майлар мен ақуыздар өсіп келе жатқан ағзаның құрылыс материалы болып табылады. Ағзаға ақуыз жетпеген жағдайда бойдың өсуі мен дамуы баяулайды, иммунитет төмендейді, ақыл-ой жұмысы нашарлайды. Сондықтан да, ақуыз мектеп жасына дейінгі баланың тағамына енгізіліп отыруы қажет. Тағамның әр түрлі болғаны маңызды, сол ғана оның пайдасын арттыратынын айтып, мейірбике ______________ 10 күндік ас мәзірін құруды тапсырды.


4.Тыңдалды балабақша есепшісі қызметкерлердің штаттық бірлік кестесін бекіту үшін коммисия құрылып, бекітілген штат кестесімен таныстырды

қызметкерлер коммисия құрамына толық сенетіндіктерін айтып, келісім берді.


Шешімі:

1.Балабақшаның ішкі еңбек тәртібі ережесі таныстырылсын, қатаң сақталсын.

Қызметкерлердің лауазымдық міндеттері бекітілсін.

2.Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқаулығы таныстырылсын, нұсқаулық ережелері толыққанды орындалсын.

3. Балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы үшін 10 күндік ас мәзірі құрылсын, дұрыс тамақтандыру ісі қадағалансын. Жауапты

4. Қызметкерлердің штаттық бірлік кестесін бекітілсін.



. Кеңес төрайымы: ______________

Хатшысы: ______________


2 өндірістік кеңестің хаттамасы


04.12.2023 ж Қатысқандар саны-16


Күн тәртібі:



1. Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы

2. Балабақшаның қысқы жылу мерзіміне дайындығы, топтарға жылудың берілуі

мен сақталуы.

3. Қызметкерлердің демалыс кестесін талқылау және бекіту

4. Жаңа жыл мерекесіне дайындық


1.Тыңдалды өткен кеңестің шешімдерінің орындалуына балабақша меңгерушісі тоқталды. Қызметкерлер ішкі еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттеріне сай жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Сонымен бірге меңгеруші ______________ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау нұсқаулығы бойынша тәрбиешілер мен көмекшілері толыққанды жұмыс істеп жатқанын, балабақшада тосын жағдай орын алмағанын айтып өтті.

Мейірбике ______________ балабақшаның күзгі-қысқы мерзімге 10 күндік ас мәзірі жасалып, бекітіліп ,сол бойынша балалар тамағы жасалып жатырғанан, бала тамағы сақталуы, дайындалуы талапқа сай екенін айтып өтті.

Балабақша меңгерушісі Н. С Мухамбетова өткен кеңестің қаулыларының орындалуы қанағаттанарлық деп қорытындылады.


2.Тыңдалды шару меңгерушісі ______________ «Балабақшаның қысқы жылу мерзіміне дайындығы, топтарға жылудың берілуімен сақталуы» мәліметі. Балабақша қыс мерзіміне дайын. Жылу жүйесіндегі ақаулар жөнделіп,мұржалар тексеруден өткізіліп пештер қысыммен тексерілді. . Барлық топ 20-220 С қалыпты темрература сақталуда екенін айтты.

Меңгеруші ______________ жылу беру маусымына байланысты от жағушыларды, педагог және ішкі қызметкерлер арасында өрт және техника қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы нұсқаулықтармен таныстырды.


3.Тыңдалды меңгеруші ______________ қызметкерлердің демалыс кестесін талқылау және бекіту туралы мәліметімен таныстырды. Барлық қызметкерлер дайындалған кестеге қанағаттанатындықтарын білдірді.


4.Тыңдалды Жаңа жыл мерекесіне дайындық

Балабақшада жаңа жыл мерекесін өткізуде өрт қауіпсіздігінің қандай шаралары сақтау керектігі жайлы меңгеруші ______________ сөз етті. Жылдың 20 желтоқсаннан бастап, музыка залында өрт қауіпсіздік шаралары сақтай отырып жасалды, шырша орнатылатынын айтты. Ата-аналарға топ жиналыстарында жазатайым оқиғалар болдырмау мақсатында жадынамалар таныстырылсын. Балалар жүретін жолдарда өрт сөндіргіш құралдары жабдықталуын сөз етті. Жаңа жыл мерекесін өткізу үшін қауіпсіздік пен тәртіп ережелеріне кезекшілік ұйымдастырылды. Медбикеге алғашқы көмек көрсету қобдишаларын дайындап қоюы керек екендіктерін ескертті.




Шешімі:



1.Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы қанағаттанарлық

2.Балабақшаның қысқы жылу мерзіміне дайындығы қанағаттанарлық

3.Қызметкерлердің демалыс кестесінбекітілсін.

4.Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік шаралар күшейтілсін.




. Кеңес төрайымы: ______________


Хатшысы: ______________

















3 өндірістік кеңестің хаттамасы


01.03.2024 ж Қатысқандар саны-


Күн тәртібі:


1. Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы

2. Топтардағы санитарлық эпидемиологиялық нормалардың орындалуы

3. Акция: «Гүлді алея» (ата-аналармен бірге көшеттер отырғызу)

4. Әртүрлі мәселелер


1.Тыңдалды балабақшаның өткен кеңестің қаулылырының орындалуы туралы есебі. Балабақшада жылу жыл бойы қалыпты 22-240 С болғанын, балалардың еркін жүріп-тұруына толық жағдай жасалғанын айтып өтті. Жылу жүйесінде ешқандай ақау орын алмағанын айтып өтті. Сонымен бірге балабақшада мерекелер кезінде жауапкершілікпен ұжым жұмылдырылғаннан тосын жағдайлар болмағанын айтып өтті.


2.Тыңдалды балабақша мейірбикесі ______________ Топтардағы санитарлық эпидемиологиялық нормалардың орындалуы туралы есеп берді.Балабақша ішінде тазалық шаралары күнделікті жүргізіліп жатқанын, балалар қолдануына керекті заттардың жүйелі жарамсыздығы тексеріліп отырғанын айтып өтті.

Мектепке дейінгі ұйымдардың үй-жайларын жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша топтардың саяжайлары, дене шынықтыру алаңдары жеміс бақшасы бар. Ондағы құралдар балалардың ойнап тұруына сай етіп орналастырылған.аула көгалдандырылған, қураған шөптер мен бұтақтар өз мезгілінде алынып тасталып отыр.Сонымен бірге топ бөлмелері табиғи жолмен желдетіліді, ойыншықтар мен ыдыстар талапқа сай тазартылып отырғанын, квацтеу өз уақытында өткізіліп отырғанын айтып өтті.

Дей тұрғанмен көмекші тәрбиеші жұмыстарында орын алған кемшіліктерді де айтып, қызметкерлерді өз ісіне жауапкершілікпен қарауды ұсынды.

Қызметкерлер толық келісім берді.


3.Тыңдалды балабақша меңгерушісі ______________ «Гүлді алея» акциясын өткізу туралы ұсыныс берді. Көктем мезгілі жаңару, көгерту мезгілі, сондықтан топта және балабақша ауласында гүлдер мен көшеттер отырғызу кезеңі екенін айтып өтті. Сондықтан топтарды гүлдендіру үшін ата-аналарды тарту, балалардың эстетикалық жағынан әсемделген топтарда жүріп тұруы олар үшін де жақсы екенін айтып өтті. Сонымен бірге балабақша ауласын әр топ өз учаскелерін әсемдеулері, кішкене алаңдарға балалармен гүлдер отырғызып ,оларға күтім жасау керектігін айтып өтті. Топтар мен алаңдарға керекті құралдардың тізімін жасап құрылтайшыға ұсыну керектігін айтып өтті.

Қызметкерлер толық келісім берді.


4.Тыңдалды меңгеруші ______________ көктем мезгілі балалардың далада көп жүретін кезі екеніне тоқталып, балабақшаның тазалығы және тәртібі жайлы ескертулер берілді. Демалыс кездерінде балабақша қауіпсіздігіне күзетшілердің жауаптылығы тапсырылды. Аула тазалаушыға өз міндеттері ескертілді.



Шешімі:


1.Өткен кеңестің қаулылырының орындалуы қанағаьттанарлық.

2.Топтардағы санитарлық эпидемиологиялық нормалардың орындалуы қанағаттанарлық. Айтылған кемшіліктер түзетілсін.

3.Балабақша ауласы мен топтар көгертілсін.

4. Көктем мезігіліне қарай балабақша ауласы тазалығы сақталсын.





Кеңес төрайымы: ______________


Хатшысы:
















4 өндірістік кеңестің хаттамасы


30.05.2023 ж Қатысқандар саны-


Күн тәртібі:


1. Өткен кеңестің шешімдерінің орындалуы

2. Жазғы сауықтыру шараларын талқылау және бекіту

3. Жазғы мезгілде балалардың өмірімен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулық

4.Өрт қауіпсіздігі техникасын сақтау


1.Тыңдалды балабақшада өткен кеңестің қаулылырының орындалуы туралы есебі. Балабақша аулалары көшеттермен толықтырылды, ағаштар түптері әктелді, алаңдарға гүл көшеттері отырғызылып, оларға күтім жасалып жатқанын айтып өтті.

Мейірбике ______________ Топтардағы санитарлық эпидемиологиялық нормалардың орындалуы бойынша айтылған кемшіліктер орындалғанын,тазалық жұмыстары толыққанды жүргізіліп жатқанын айтып өтті.


2.Тыңдалды Жазғы сауықтыру шаралары туралы тәрбиешілер, медбике және әдіскер өз жұмыс жоспарлары мен таныстырып өтті. №5 педагогикалық кеңесте бекітілген жазғы сауықтыру іс шаралар жоспарымен кіші қызметкерлерді таныстырды.. Бекітілген іс шара жоспары бойынша «Доп» мерекесін, «Нептун» мерекесін, «Гүлдер» мерекесін, «Қала үстіндегі әсем шарлар» және «Спорт күні» мерекелерін өткізетіндіктерін айтып, қаржылай көмек керектігін айтып өтті

Меңгеруші керекті құралдармен толық қамтамасыз ететіндігін білдірді. Медбике ______________ «Жұқпалы ауруларға қарсы» кеңестерін, «Тамақтану туралы» ескертулерін және балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жоспарларымен таныстырды.

3.Тыңдалды балабақша меңгерушісі ______________ Балалардың жаз мезгілінде денсаулығы мен өмірін қорғау нұсқаулығымен таныстырды. Әрбір қызметкер баланың өміріне жауапты. Мекеме ғимараттары, ойын алаңы мен атракциондары өз мезгілінде тексеріліп тұру керек. Тәрбиешілер мен күтушілер жаз мезгілінде балаларды құммен ойнауда, бассейнге шомылуда қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс. Сонымен қатар, серуенге әрбір ойын алаңын алдын ала тексеріп шығуы керек. Жаз мезгілінде жұқпала аурулардың көбейетінін айта келе меңгеруші қызметкерлерді нұсқаулықты қатаң орындауды талап етті.

Қызметкерлер толық келісім берді .

Пікір білдірді Балабақша медбикесі сөз алып, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жайттарды жою және алдын алу шаралары ай сайын жүргізілетіндіктерін сөз етті.


4.Тыңдалды меңгеруші ______________ Өрт қауіпсіздігі техникасын сақтау туралы түсіндіру жұмысын өткізді. Асхана қызметкерлері мен шаруа меңгерушісіне жұмыстарын толыққанды жүргізуді ұсынды.

Қызметкерлер келісім берді.


Шешімі:


1.Өткен кеңестің қаулылырының орндалуы қанағаттанарлық.

2.Жазғы сауықтыру шараларын орындау барлық қызметкерлерге жүктелсін.

3.Балалардың жаз мезгілінде денсаулығы мен өмірін қорғау нұсқаулығы

өткізілсін, толық орындалсын.

4.Өрт қауіпсіздігі техникасысын сақталсын.




Кеңес төрайымы: ______________


Хатшысы: ______________










24 Наурыз 2025
114
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі