Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балабақшадағы түрлі түсті шарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сурет салу қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.09.2018

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: Менің мектепбім

Тақырыбы: «Балабақшадағы түрлі түсті шарлар» (заттық сурет салу)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Сурет салу барысында дөңгелек және сопақша пішіндерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Баланың ойлау, көру, есту қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Оқыту: Бояу тәсілін бекіту.

Педогогикалық технологиялар: ойын, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі-түсті шарлардың суреті

Билингвалдық компонент: түс-цвет

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер

Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.


Іздену - ұйымдастырушы
Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.
Қараңдаршы, бұл не?
Ашып көргілерің келе ме?
Ендеше сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Ұшамын тауда қалақтап,
Қолың жетсе алып бақ
Қызыл - жасыл түсім бар
Соңымнан кәне, ұшыңдар. (шар)
Сандық ішінен түрлі түсті шарлар ұшып шығады.
Балалар, бұл шарлар екен.
Шарлардың түстер қандай? (қызыл, жасыл, сары, көк)
Балалар, мынау шар. Шар резенкадан жасалады. Шарды түрлі - түсті бояулармен бояиды. Шарлар үріледі, созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсаң баптайды себебі шар жеңіл болады, шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады.
Түстері: қызыл, көк, жасыл, сары.
Пішіні: сопақша, дөңгелек.
Шарды ауаға салу.
Тапсырма: «Берілген суретті бояу»
(Сурет салу кезінде орындалатын қауіпсіздік техникасына тоқталу)
Тәрбиеші: - Балалар орынымызға жайғасайық. Сурет салмас бұрын біз өзімізге ұнайтын түсті таңдап аламыз.
Қандай түсті таңдайсыңдар?
Суретті қылқаламмен саламыз, қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Енді әрқайсымыз берілген қағаздың бетін боясақ, қандай сурет шығатынын көреміз.
Тәрбиеші: Қандай әдемі, суретші екенсіңдер.
Ал балалар сендердің қағаздарыңнан қандай сурет шықты?
(Әр баладан сұрап өтеді)
Тәрбиеші: - Ал балалар көрдіңдер ме? неше түрлі - түсті шарлар шықты. Әр қайсымыз суретті жақсы салыпсыңдар.
Ал енді балалар ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Шардың жібін тап»
Шарты: Түсіне қарай шарды іліп түсіне қарай жіпті байлайды. Осылай ойын әрі қарай жалғасады.
Тәрбиеші: - сен шыға ғой. Сен қандай шарды таңдайсың?
Жақсы шарды алып, тақтаға іл.
Ал енді шарымыз ілінді, ал оған не байлаймыз?
Дұрыс айтасың. Сен қандай түсті шарды ілсең сондай түсті бауды таңдап алып, шарға байлайсың.

Қорытынды:

Балалардың салған суреттеріне баға беру. Суреті жақсы салған баланы анықтап, мадақтап, жетістігін айту.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1063
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12