15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Балабақшам алтын ұям» тақырыбында
Ересек
«Қызғалдақ» тобы.
Ертеңгілік
«Балабақшам
алтын ұям»
тақырыбындағы
дайындаған
тәрбиеші:
Дауренбекова Айнұр Ергешқызы
«Балабақшам алтын ұям»
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Шолаққорған ауылындағы “Айшуақ” бөбекжай балабақшасының ересек “Қызғалдақ” тобының түлектері “Бақытты балалық шақ” ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз. (ұшақтың дауысы естіледі)
Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Қуанышы бүгінгі.
Құтты болсын тойларың,
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін – деп, сүйікті балабақшаларымен қоштасатын балабақшамыздың тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз.(Әуенмен ойнатылып, балалар мен тәрбиешілері кіреді)
Би: “Выпускной вальс”
Жүргізуші: қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар. Бүгін мәпелеп, күтіп тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
Көркем:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ардақты ата – аналар,
Бақшамен қоштасу тойымызға.
Ғани:
Сегодня у нас торжественный день, мы прощаемся с нашым любимым детским садом. Мы хотим показать, всё то чему мы научились в детском саду.
М.Айару:
Tender Sadness Good bye
Say the group will be a native
We did it not part with you
A day is only a day off
Жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады – деп, балалардың орындауында
Хор: “Жас дәуірдің түлегіміз”
Жүргізуші:
Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір – бірден,
Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.
Айша:
Балабақша, балабақша,
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғанышы,
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Диана:
Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл қызын.
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Т.Кәусар:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегім,
Туған Отан қуансын.
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап – таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Айбек:
Балабақша бағында,
Көп оқыдық, көп білдік,
Елмен Отан жайында.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар.
Туған Отан қуансын,
Ер жетті деп бөбегім.
Жібек:
Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр бола бастаппын.
Тәрбиешілер мейірбан,
Келмей тұр енді қоштасқым.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала бақшамен,
Біз мектепке барамыз.
Әбдісадық:
Сезімнен туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Айда:
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,
Тәтті әуені ән думан.
Мектепке кетіп барамыз,
Білім алған бақшадан.
Исмайл:
Мы играем целый день,
И нам совсем это не лень!
В детском садике прекрасно,
Отдыхают дети классно!
Қ.Алтынай:
Мы считаем – раз, два, три,
Мы в садике учем цифры.
А ещё писать, читать,
Учить нас детский сад.
Б.Кәусар:
Если мы скучать,
Сразу будем мы играть.
В детском садике у нас,
Игры много и всё класс!
Хансұлтан:
Балабақшам сүйікті,
Ән салдыртты билетті.
Шынықтырып денеңді,
Шымыр болуға үйретті.
Ш.Алтынай:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала бақшамен,
Біз мектепке барамыз.
Балабақша қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен анамды,
Ертіп енді келмеймін.
Көркем:
Good bye my kindergarten,
It is graduation day.
I learned so much this year,
It is time to say good bye!
Т.Кәусар:
Clap your hands
Stamp your feet
It is time to say goodbye to all my friends!
Жүргізуші:
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
“Бірлік барда, тірлік бар” – деген бабам,
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз – дей отырып, құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Есмұратова Гүлшат Есбергенқызына береміз. (Ғани ортаға алып келеді)
Ортаға “Білгішбек” келеді. ( Салтанат)
Білгішбек: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлеміме шақырамын. Менің достарым боласыңдар ма? Бізді алда көп биік асулар күтіп тұр, келесіңдер ме?
Жүргізуші:Білгішбек біздің балаларымыз өнерлі. Ендеше қыздардың биін тамашалайық.
Би: “Воздушный экипаж”
Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді. (Рахат)
Жалқаубек: ой, мұнда не болып жатыр! Балалар ойнаудың орнына не істеп жатсыңдар? Далада қызық болып жатыр кеттік.
Жүргізуші: ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе?
Сенде биыл мектепке барасың ғой, қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?
Жалқаубек: ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр? Бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады. Біз мектепке бармаймыз, анамыз, әкеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.
Жүргізуші: қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне отыршы көресің.
Білгішбек: апай мен балалардың білімін тексеріп көрейінші, мектепке дайын ба?
(Әуенді кестемен жұмыс)(Аяулым, Т.Кәусар)
Текшемен жұмыс жасау: Көркем
Ал енді қарапайым математикадан сандарды қосып көрейікші. (Олжас, Ғани)
Ән: Т.Кәусар орындауында “Қоштасу” әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: ал Жалқаубек, қалай екен біздің балалар?
Жалқаубек: жақсы. Қой менде жалқауланып жүре бермей мектепке дайындалайын. Мен де сендердей жақсы оқығым келеді. Сау болыңдар!
Білгішбек: қой мектепке кешікпей барайын. Сау болыңдар! Сендерге ақ жол!
Жүргізуші: олай болса балалар, “Ия, ия”, “Жоқ, жоқ” сұрақ – жауап ойынын ойнаймыз ба?
Мектепке біз барамыз ба? – ия, ия.
Кілең бестік аламыз ба? – ия, ия.
Айтқан тілді аламыз ба? – ия, ия.
Ақылды бала боламыз ба? – ия, ия.
Нан жеймін деп жылаймыз ба? – жоқ, жоқ.
Ертеңгісін тұрамыз ба? – ия, ия.
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? – жоқ, жоқ.
Екі алғанда жылаймыз ба? – жоқ, жоқ екілікті алмаймыз.
Ойыншықтар ойнаймыз ба? – жоқ, жоқ.
Оқушы біз боламыз ба? – ия, ия.
Жүргізуші: рахмет балалар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.
Олай болса ата –аналармен де “Ия, ия”, “Жоқ, жоқ” ойынын ойнайық.
Балаларыңызға әрқашан тірексіз ба?
Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?
Тамағын уақытылы бересіз ба?
Төзімділікке сіз уақытта төзесіз ба?
Сериал көріп жатасыз ба?
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
“Оқыту мұғалімнің жұмысы” – деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
“Сен оқыт, мен оқытып шаршадым” – деп ұрысуға дайынсыз ба?
Балаңыз үшін, балаларды соғасыз ба?
Балаңыз үшін асулардан асасыз ба?
Орыс халқының «Теремок» ертегісін тамашалаңыздар
Ән: Баянсұлудың орындауында “Балдырған” әнін қабыл алыңыздар
Ән: Айшаның орындауында «Көңілді күн»
Жүргізуші:
Рахмет көп – көп.
Балаларымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Би билейік тамаша.
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік.
Ұлдар биі: “Флешмоб”
Би: “Астана”
Хор: «Hello» сергіту сәті
Жүргізуші: балалар өздеріңе жүрек жылуын, мейірімін сыйлаған жандарды ұмытпаңдар! Бүгін сендермен қоштасуға, балабақшада өткізген жарқын, қызықты болуына күні – түні барын салып жүрген жандардың барлығы келді. (балалар алғыстарын білдіреді)
Саян:
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Жеткіземіз біз ертең,
Болашаққа даңқыңды.
Біздің Гүлшат апайға,
Бар баланың алғысы!
Олжас:
Гүлденсін деп бақшамыз,
Күн сайын тыным таппаған.
Әдіскер Арайлым апайым,
Аямас жанын бақшадан.
Сізге рахмет айтамыз.
Әлсерік:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып психологпен,
Біріншіге барамыз.
Гүлнұр апайымызға мың алғыс!
Мағжан:
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Айгерім, Талшын, Маржан апайларымызға мың алғыс.
Диас:
Салтанат, Индира апай өздеріңізді,
Жақсы көрем әрдайым.
Әрқашан бізге жалықпай,
Ағылшын, орыс тілін үйреткен.
Апайларымызға мың алғыс.
Сүндет:
Жүгіртіп бізді алатын,
Топтай шапшаң секіртіп.
Шынықтырып денеңді,
Шымыр болуға үйретті.
Ерсұлтан ағайға бәрімізден мың алғыс.
Ақару:
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған.
Сәуле апайымызға мың алғыс.
Баянсұлу:
Үйретіп әнді, билерді,
Тақпақтар мен күйлерді.
Өткізуді кештерді,
Дайындайтын біздерді.
Әсем апайымызға бізден мың алғыс.
К.Айару:
Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана.
Бар онда аспаздар,
Ақ көңіл жақсы апа.
Әлде май, қаймақ па?
Борщ па, сорпа ма?
Тұрады ортада.
Барлық аспазшы апайларымызға мың алғыс.
Аяулым:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Тентек болсақ кешірген.
Тәрбиешіміз: Айнұр, Мақпал апайларымызға мың алғыс.
Ән: Көркемнің орындауында “Мама” әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: хор “Тәрбиеші”
Барлығы бірге:
Гүл сыйладық, жыр сыйладық,
Құрметтейміз сіздерді.
Әсем әуен ән сыйладық,
Ұмытпаңыз біздерді
Жүргізуші: қыздардың биі “Колумбия”
Компазиция: “Алға Қазақстан”
Мәнерлеп оқу: Манарбек Айару “Ана тілі ”
Жүргізуші: балалар, егер алдарыңа мақсаттарыңды қойсаңдар, барлық армандарың тілектерің орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады. Сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Армандарың орындалуға жақын. (әуен естіледі, залға Сиқыршы кіреді). (Сиқыршы - Салтанат)
Сиқыршы: қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Мен мейірімді сиқыршымын.
Жүргізуші: балалар, қандай ғажап, бізге Сиқыршының дәл өзі келді! Біздің бүлдіршіндеріміздің бүгінгі күні ерекше, бізде бүгін ерекше мереке.
Сиқыршы: мереке дейсің бе? Мерекені мен өте жақсы көремін. Ал, сендердің тойларыңда мен қандай көмек бере аламын.
Жүргізуші: сиқыршы Фея, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің армандарын орындай аласың ба? Олар өскенде кім боламыз дегенді армандап, осы ғажайыптың жапырағына, өз армандарын жаздырды.
Сиқыршы: дауыс, бұл ағаш – жәй ағаш емес, бұл сиқырлы ағаш. Егер сендердің тілектерің бұл сиқырлы ағашта тұрса, онда орындалады. Қызық екен қандай тілектерді сендер жаздыңдар? Ағаштан бір жапырақ алып, оқып көреді. “Дәрігер болам – Көркем” Ол үшін мейірімді, оқуыңды жақсы оқу керек т.б.
Міне, біздің сиқырлы ағашта жапырақ та қалмапты. Енді сендердің жазған тілектеріңді мен сиқырлы құмыраға салайын, оны жақсылап жауып, 20 жыл өткен соң ашасыңдар, мен ойлаймын сендердің армандарың орындалады. Ал мына құмыраны біз осы балабақшаның басшысы Гүлшат апайға сақтауға тапсырайық.
Ал, менің кететін уақытым болып қалыпты. Сендерге тек жақсылық тілеймін, мектепте озық болыңдар. Ұстаздарыңды құрметтеп, алғаш тәрбие берген ұстаздарыңды ұмытпаңдар. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрманғазының күйі «Балбырауын»
Марапаттау: балаларға мақтау қағазын табыстау
Тәрбиеші:
Бізге сыйлап , сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып, талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Сүйкімді менің балаларым, құрметті ата – аналар! Сіздермен қоштасатын сәт келді. Сіздерге ақ жол, сәт сапар тілеймін. “Балабақша алтын ұям” кешімізді “Қоштасу вальсімен” аяқтаймыз.
Түркістан облысы
Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, «Айшуақ» бөбекжай балабақшасы . Тәрбиеші: Дауренбекова Айнұр Ергешқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген