400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Балабақшам өз үйім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша жайлы түсініктерін кеңейту, балабақшаға, ондағы қызметкерлерге деген құрметін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Бәйтерек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

Білім беру саласы: Әлеуметтік.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Балабақша-біздің екінші үйіміз.

Мақсаты:1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике,аспаз).

2. Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.

3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер: аспаз, медбике, дәрумендер, азық-түліктер, айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: аспаз, дәрігер.

Билингвальды компонент: хатқалта-конверт, балабақша- детский сад, аспаз-повар, дәрігер- врач.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері.

Педагогтің іс- әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.

Мотивациялық -қозғаушылық.

Шаттық шеңбері.

Сәлеметсіңдерме балалар. Жалпы адамдар кездескенде бір-біріне амандық пен саулық тілейді, яғни амандасады, жаңдайларын сұрайды.

Сендердің үстелдеріңде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды да алғыр балалар отыр. Кәне, бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен?

Әр қобдишаның ішін де айна жатады.

Кәне балалар айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз»,- деп айтайық.

Осылайша көңілімізді көтеріп. Сабаққа кірісейік.

2. Таңғажайып сәт.

Біреу есік қағады. Педагог пошташыдан хатты алып, алғысын білдіреді.

Балалар біздің атымызға торғайлардан хат келірті, оқып көрелік.

Педагог хатқалтаны ашып, хатты алып оқиды.

-Құрметті балалар. Біз торғайлармыз, сендердің балабақшаларыңның үстінен ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік.

«Біздіңде сондай балабақшамыз болса ғой»,- деп мұңайып қалдық.

Біз балабақшаның не екендігін білмейміз.

Сендерге қонаққа келсек, бізге балабақша туралы айтып бересіңдер ме?

Педагог екі торғайдың суретін немесе ойыншық торғайларды көрсетіп олардың терезеден ұшып кіргенін айтады.

Шаттық шеңберде тұрады, бір-бірімен амандасады.










Айнаға қарап педегогтың айтқанын қайталайды.















Хатты тыңдайды.










-Иә.

Ұйымдастырушылық- ізденістік.

3. Білімді өзектендіру.

Педагог балабақша туралы өлең оқиды.

-Өлең не туралы?

-Балабақшаға кімдер барады?

-Балалар балабақшада не істейді?

-Балаларға кімдер қарайды?

4. Балабақша туралы әңгіме жүргізу.

Балабақша 2-3 жастан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбилейтін (қоғамдық) орын. Балалар, балабақшада сендерге кітап оқып беретін, сендермен күнде қыдыратын кім?

-Педагогке көмектесетін кім?

-Ол қалай көмектеседі?

-Жарайсыңдар, балалар.Бізге ормандағы аңдардан хат келіпті. Кәне хатқалтаны ашып көрейік (хатты ашып, ішінен аспаз бен дәрігер бейнеленген екі сурет алып шығып, оларды мольбертке іледі).

-Балалар торғайлар ақ қалпақ киіп, шөміш ұстаған адамдарды көріп, енді олардың кім екенін білмей отыр (көренекілікті көрсетеді).

-Аспаз сендер үшін не істейді?

Торғай:

-Егерде балалардың біреуі ауырып қалса, не істейсіңдер?

-Біздің балабақшамызда денсаулықты қадағалап отыратын адам бар. Ол кім? Есімі қалай аталады? Ол қандай қызмет атқарады?

-Иә балалар аспаз тамақ дайындаса, дәрігер балалардаң денсаулығын қадағалап отырады.

5.Билингвальды компонент: хатқалта-конверт, балабақша- детский сад, аспаз-повар, дәрігер- врач.

6. Сергіту сәтін «Торғайлар мен автокөлік» қозғалыс ойынымен өткізеді.

Торғай:

-Сендердің балабақшаларыңда біз білмейтін заттар көп екен.

-Қайғырмаңдар. Балалар айтып береді.

7. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны. Шарты: қапшықтан заттар бейнеленген суреттерді бір-бірден алып шығады. Мысалы:

-Аспазға азық-түлік, қазан, таба, тамақ пісіретін плита керек.

-Дәрігерге дәрумендер, температура өлшегіш(градусник), дәке керек.

8. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады. Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме жүргізеді.

Торғай балалармен қоштасады.

-Рақмет, балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар.

9.Жеке жұмыс.

Топтағы кейбір балаларға аспаз бен дәрігердің жұмыстары жайында сұрақ қояды. Жауаптарын тыңдайды, толықтырады.




-Балабақша туралы.

-Балалабақшаға балалар барады.

-Балабақшада ойнаймыз.

-Ертегі тыңдаймыз.

-Жаттығу жасаймыз.

-Ән айтамыз.

-Балаларға тәрбиеші апайлр қарайды.




















-Тамақ пісіреді.





Дәрігерге айтамыз.







Қайталайды.





Пдегогті мұқият тыңдап, белсенділік танытады, сұрақтарға жауап береді.









Балалар жауап береді.









Суретке қарап отырып, балабақша туралы әңгімелейді.


Рефлексиялық- түзетушілік.

Қорытынды:

-Балабақша дегеніміз не?

-Балабақшада кімдер қызиет етеді?

-Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?

Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: балабақша тақырыбына байланысты берілген тапсырмаларды.

Түсінеді: балабақша және оның қызметкерлері туралы ұғымды.

Қолданады: топта бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу іскерліктерін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
3548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі