400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшамен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамен қоштасу сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам!»

Күні: 31.05.2023

Мақсаты:

Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекілігі: Әсем безендірілген залы, ойынға қажетті мектеп құрал – жабдықтары

Жүргізуші :  Қош  келдіңіздер,құрметті  қонақтар!Міне,бүгін бүлдіршіндеріміз  де өсіп,ер жетіп,өмірге  үлкен  жолдама  алып мектепке барғалы жатыр.

 Қымбатты қонақтар, ата аналар, бүгін бізде үлкен мереке, яғни бұл мереке қуанышы мен қызығы мол балалардың сүйікті балабақшасымен қоштасу мерекесі.

Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын дей отырып Жанель бөбекжай балабақшасының Тұлпар тобының бүлдіршіндерін бірге қарсы алайық

\Ақырын музыка қойылады\

Ақылына көркі сай

Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры Абдусалям

Ай десе аузы бар

Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы- Күнсұлу

Асқан білімді болатын

Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы- Амина

Әдемі ән айтатын

Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні- Нуриман

Бойына жиған өнерді

Әнші, биші өнерлі өнерпазымыз- Айнура

Отбасының берекесі

Ата-анасының еркесі- Али

спандағы жұлдыздай

Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай-жұлдызы-Айзат

(Мектепке баратын балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)

Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн қандай,

Қалайша қаласың нұрланбай?

Вальс билесе түлектер

Жер шары айналып тұрғандай!

Би «Вальс»

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың

Балалар тақпақтар айтады

Гүлдендірген бақшаны,
Гаухар апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан. \Айнура\



Халімізді сұрайды.
Балаларды қорғайды
Апайларды сыйлайды.
Назгүль апайға мың алғыс! \Абдусалям\





Ақ төсекке жатқызған
Тәтті тамақ ұсынған
Тобымызды жинаған
Бақытгүл апайға мын алғыс \Амина\



Баулап баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз өзіңізді
Мейрамкуль апайға мың алғыс \Нуриман\



Тәтті тамақ пісіретін
Айран сүтін ішкізетін
Жанат апай сізгеде
Алғыс айтып барамыз\Айзат\



Мейірімді де әдемі
Бүкіл бақшаға қарайды.
Тобымызға әркез кеп
Халімізді сұрайды

Рано апайға мың алғыс \Али\





Балабақша сүйікті
Ән салдыртты, билетті.
Нурниса апайға рахмет
Өнерлі болуды үйретті\Іңкәр\

Жүргізуші:

Думандатып бақшада

Қызықты той басталсын.

Балабақшатүлектері

Әдемі ән шырқасын.

Ән «Балабақша әні»



Жүргізуші:

Ойын мен мектепке барамын

Рахмет балалар жарайсыңдар!Балалар сендер мектепке баруға дайынсыңдар?Олай болса біз сендермен бір ойын ойнап көрейік ол бізге мектеп құралдарымен ойыншықтар керек.Балалар ойынның шарты мына тұрған сөмкелерге сендер мектепке апаратын құрал жабдықтарыңды салуларың керек

\ақырын музыка қойылады балалар керек заттарды салады\

Жүргізуші:

Керемет жарайсыңдар балалар сендер нағыз мектепке барып ақылды тәртіпті.білімді бала болып жақсы оқуларыңы тілектеспін!

Жүргізуші:

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын дей отырып менің қуыршақ қыздарымның қуыршақ биін қарсы алыңыздар!

Би қуыршақ

Жүргізуші:

Тамаша рахмет!

Балалар сендер ойын ойнауға дайынсыңдарма?

Балалар: иә

\Балалармен ойын\

Сценка?

Жүргізуші:

Рахмет  көп- көп
                      Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                       Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік\Флешмоб\

Ән: «Қош бол, балабақшамыз»

Хор

Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол!

Жүргізуші:

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                   Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
    Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
     Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Диплом және сөз кезегі беру



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20.06.2023
252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі