Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшамен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамен қоштасу 5 жас балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы




Shape1

Бекітемін :

Меңгеруші: Мадалиева С










Shape2


ЖШС «Нұр Шапағат» бөбекжай балабақшасы

Балдәурен тобы






Дайындаған: Дадабаева Озода
















2025-2026жыл


Мақсаты:

Балалардың балабқшада болған кездегі қызықты күндерін еске салу арқылы, осы жылдар ішінде жиған тәрбиесін, үйренген білімін ашып көрсету. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.


Армысыздар, қонақтар, ата – ана, ұстаз!

Оқусыз еш өмірдің мәні болмас.

Бақшамыздан талпынып қанат қақты,

Бес жаста тәрбие алған әдепті жас.


Алдарыңда сан тарау, жолдары тұр,

Түлектерің жақсы оқушы болғалы тұр,

Мектеп – өмір есігін ашпақ, міне.

Келген қауым қол соғып қолда бүгін


Ендеше ортамызға бүгінгі кешіміздің басты қатысушыларын ортаға шақырсақ!

1.

Қарапайым, алғыр, өнерлі сонымен қатар мың бұралған биші, жан-жақты аруларымыздың бірі. Байдәулет Асылым

2.

Өнерлі, тәртіпті, ұқыпты, қарапайым. Спорт, би дегенде алдына жан салмайтын ұлдарымыздың бірі. Нышанәлі Алдияр


3.

Ұқыпты,ақылды айтқанды тез ұғып алатын тобымыздағы нәзік қызымыздың бірі.

Оралбай Аяру

4.

Тәртіпті, ұқыпты, қарапайым. Спортты, биді өте жақсы көретін ұлдарымыздың бірі.Хабибулла Әлинұр


5..Алғыр көрікті, сымбатты,тақпақ жаттаудан алдына жан салмайтын пысық қызымыз.Болашағынан зор үміт күтетін кішкентай бүлдіршініміз. Раупжанова Айша


6. Ақылды жан-жақты айтқанды тез ұғатын өте ұқыпты өнерлі ұлдарымыздың бірі.Үсенбай Ділбек

7. Өте ақылды жан-жақты, жылдам қабылдағыш, әнші биші ару қызымыз. Адилхан Інжу Маржан


8. Жайлы, тіл алғыш айтқанды тез ұғып алатын өнерлі де, ұяң қызымыз. Хабибулла Еркеназ


9.Алғыр, тіл алғыш, ақылды, тапқыр, өнерлі, биші тобымыздағы ең белсенді, аруларымыздың бірі. Мұратхан Тоғжан

10. келген.Ақылды көрікті,инабатты тіл алғыш, мың бұралған биші ару қызымыз . Сейтжапар Айнура

11..Жайлы, көрікті,инабатты тіл алғыш, спортқа икемді ару қызымыз. Музаппар Бобомурод

12.. Тіл алғыш, қарапайым, ибалы, ұқыпты, тапқыр, өнерлі, қызымыздың бірі. Тойханова Рабия


13. Жайлы тіл алғыш, достарының арасында өте, қарапайым ұлдарымыздың бірі. Сабыр Мухссин

14. Өзі сондай ақылды, өнерлі, ән айтып, би билегенде алдына жан салмайтын тобымыздың ең кішкентай ару қызы. Осспан Айнамкөз


15. келген.Ұқыпты, ақылды айтқанды тез ұғып алатын, өнерлі тобымыздағы нәзік қызы.Тойханова Имрона

16.– дүниеге келген.Пысық, алғыр спортқа икемді, тіл алғыш ұлдарымыздың бірі. АЗАЛИДДин Рауан


17. Жайлы, ұқыпты, жылдам қабылдағыш,бигеде ынталы аруымыз. Ахет Кәусар


18. .Өте пысық, алғыр, қазақ тілін жетік меңгерген, ақкөңіл достарының алдында беделді балдарымыздың бірі.Баймаханбет Омар


19. , көрікті, инабатты тіл алғыш, мың бұралған биші ару қызымыз. Нұрлан Айша

20.дүниеге келген.Тобымыздың намысы.Тақпақты тез жаттап алатын ұқыпты өз ісіне сенімді ұлымыз.Жасарәлі Арсен

21 Қарапайым, алғыр, өнерлі сонымен қатар мың бұралған биші, жан-жақты аруларымыздың бірі. Айдархожа Ажар

22 Өнерлі, тәртіпті, ұқыпты, қарапайым. Спорт, би дегенде алдына жан салмайтын ұлдарымыздың бірі. Шүкірбай Әмір


23 Ұқыпты,ақылды айтқанды тез ұғып алатын тобымыздағы нәзік қызымыздың бірі.

Исатай Балнур



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!



Қымбатты ата – аналар,қонақтар, балабақша қызметкерлері қонақтар.Бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Таяуда ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, ылдырлап келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан еді. Бірақ уақыт зымырап өтеді- балаларымыз өсіп қалды, Балабақшада сендер бір- бірімен достасып, бір топқа барып едіндер.


Ал, ертеннен бастап сендердің жолдары жан-жаққа бөлінеді.Бұлар көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Әрине бұл да үлкен той,

Мектеп ана шақырады бізді алдан

Алдымызда әлі талай сан арман

Қоштассақта балабақшам сенімен

Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдалық.



Тақпақтар:


Аяру

Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.


Арсен


Үлкендердей тап- таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.



Айша Р

Күтеді алдан Мектеп ана біздерді

Басамыз бізде аға-апа салған іздері

Қоштассақта әсем балабақшамен

Ұмытпаймыз апайларым сіздерді

Рауан

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Даярлыққа барамыз.



Би: Өзбекше Н Айша ,Айнамкөз , Рабия ,Ажар, Балнур, Кәусар


Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені,

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында

Ән: «Біз мектепке барамыз»


Ойын «Өз балаңды тап »

Шарты: Балалар тізіліп тұрады Мамаларының көзі байлаулы өз баласын қолын ұстап табу керек

Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп

 Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғастырып, биге кезек берейік

Би: «Флешмоб» Інжу, Кәусар, Имрона Р Айша , Аяру, Мухсин, Арсен Омар Ажар


Біз байқамай отырған бір әнші бар, Мұратхан Тоғжан


Ән: «Риза апай ағайда»

Ойын: Кі шапшаң аналар


Тәрбие берген ұямыз,

Мектепке кетіп барамыз,

«Қош бол!» әлі демейміз,

Қоштасу биін билейміз.

Би «Қоштасу вальсі»

Алдияр Айнамкөз

Айша Бобомурод

Рабия Ділбек

Балнур Рауан

Еркеназ Әлинур

Әмір Асылым





Ажырамай балабақшадан бір елі сіз,

Мейірімділікке жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік,

өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз!

Сөз кезегі балабақшамыздың әдіскері Шахидинова Гулнара апайга беріледі

(Балалар мен ата – аналарға алғыс хаттар табыс етіледі.)


Түнгі ұйқынды сәби шағым ұрлаған,

Үйден өзге іске мойның бұрмаған

Қандай жақсы сенің балам болғаным

Жарығым-ау дегеніне нұрланам.

Құрметті, біздің «Балдәурен» ересек тобының ата – аналары, балабақша өміріне белсене қатысып, барлық күш – жігерлеріңізді балалармен бірге жұмыстануға бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет! Салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттауға рұқсат етіңіздер. Ата-аналарға Алғыс хат табысталады



Міне, балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерің аяқталды. Біздің сенімдерімізді ақтайды, мектепте үлгілі де, тәртіпті бала болатындарыңа сенемін.

Сүйкімді біздің балаларымыз, жарқын жүзді ата-аналарымыз! Сіздермен қоштасатын сәт те келді.


Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын! Түлектер сіздерге ақ жол тілейміз




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12