400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшамен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды балаларына арналған "Балабақшамен қоштасу" тәрбие сағатына арналған дайын сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Білім ұшағымен самғайық!»

Диспетчер хабарлайды: Құрметті ханымдар мен мырзалар «Air- Алтын Дән» әуе компаниясының ұшақ бортына қош келдіңіздер. Ұшу барысында тыныштық сақтауларыңызды сұраймын. 2025-түлектері «Құлыншақ» тобын тіркеу орнына шақырамыз.

1.Ақкөңіл, алғыр ұлымыз Қайрат Ислам

2. Мың бұралған биші қызымыз Айбек Мөлдір

3. Салмақты ойшыл ұлымыз Бауыржан Бейбарс

4. Кішіпейіл, тобымыздың ерке қызы Меиржан Томирис

5. Ойы жүйрік, ақылды ұлымыз Жексенғазы Айсұлтан

6. Ақжарқын, шебер қызымыз Досжан Диана

7. Тапқыр, пысық ұлымыз Азат Альтаир,

8. Мейірімді,әдепті қызымыз Жексенғазы Медина

9. Ақылы мол,спортқа жақын ұлымыз Ержанов Алинұр

Тәрбиешілер кіреді. (балалар әндерін айтып кіреді)

1.Бейбарс: Армысыздар қымбатты қонақтар!

2.Мөлдір: Біз бүгін ұямыздан ұшып, білім теңізіне мектепке қадам басқалы отырмыз.

3. Бейбарс:

Қош «Алтын дән» бақшамыз

Естен кетпес есімің

Қош балдырған бақшамыз

Алғаш ашқан есігім

2. Мөлдір: “Құлыншақ” тобының «Қоштасу вальсін» қабыл алыңыздар.

1. Мөлдір

Қымбатты апай қараңыз

Қандай әсем балаңыз

Әділдікті жақтаймыз

Ізеттілікті сақтаймыз

Осындай зор мақсатпен

Табалдырық аттаймыз!

2.Бейбарс:  Бүгінгі қоштасу кешімізге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.

Ислам: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Алинұр: Сүйген өз ұл, өз қызын 
Бөбегім деп аянбай, 

Балабақшам өз үйім. 

Апай болды анамдай...

Айсұлтан: Тәрбие берген ұямыз,

Өзіңді қалай қиямыз.

Қоштасып бала бақшамен

Мектепке кетіп барамыз


Жүргізуші:

Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады,-ендігі кезекте балаларымыздың

дайындаған ән шашуын қабыл алыңыздар.

Ән: «Балабақша»

Көрініс: «Алпамыс мектепке барады» (Музыкамен Алпамыс кіреді)

Алпамыс (Ислам): Тоқтаңдар, тоқтаңдар. Менде мектепке барайыншы

Апа: Алпамыс! Ау, Алпамыс қайдасың? Ух, әзер жеттім ғой (ентігіп)

Амансыңдар ма, балаларым! Алпамыс сен не істеп отырсың?

Алпамыс: Апа мен мына балалармен бірге мектепке барайыншы

Апа: Олар ұшаққа отырып мектепке кетеді, сен әлі кішкентайсың.

Алпамыс: Мен айттым ғой мектепке барамын деп. Мен оқи аламын , жаза аламын, санауды да білемін. Менде оқушы боламын! Апа мен мектепке

барайыншы.

Альтаир: Алпамыс сен әріпті танисың ба?, есепті шығара аласың ба?

Алпамыс (Ислам): Ия мен бәрін білемін.

Апа: Базарға ұстайтын сумкама не салып алғансың? (Ішін ашып көреді)

Қағаз қарындашқа толтырып алыпсың ғой, қане мынаны оқып берші,

Алпамыс (Ислам) кітап оқиды.

Альтаир: Жақсы оқиды екенсің, енді есеп шығаршы.

Апа: Балалар Алпамыс сендермен бірге мектепке барсыншы!

Жүргізуші: Алпамыс бізбен мектепке барады.

Диспетчер хабарлайды: Назар аударыңыздар, назар аударыңыздар «Air- Алтын дән» әуе компаниясының стюардессаларын ортаға шақырамыз.

Би: «Стюардесса»

Музыка: Сиқыршы шығады (Айсұлтан)

Музыка: Спортшы шығады(Алинұр)

Ән: «Балабақша бақытым»

Альтаир:

Қызық күндер өткіздік,

Бала бақша бағында.

Өздеріңді қимаймыз,

Қоштасатын күн бүгін.

Медина: Бақшадағы күндерді

Есімізге сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін

Бәріміз де ақтаймыз.


Томирис :

Өстік біздер мінекей,

Жаттап талай тақпақты.

Бала күнім бал дәурен

Ұмытылмас шақ тәтті.

Диана:

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттік біз.

Барамыз біз мектепке,

Бір белестен өттік деп.

Ойын: «Ойлан тап»

Би: Ұлдардың биі «Саксафон».

Ән «Біз мектепке барамыз» (Балалар орнына отырады)

Ойын: “Сұрақ-жауап”

Ән: «Қимай тұрмын» гүлдерін таратады.

Жүргізуші: Балалардың флешмобын қабыл алыңыздар.

(Балалар орнына отырады) Асем:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді.

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Айгул апай:

Айналайын гүлдерім, Ақ шуақты күндерім. Ерекше қызық тілдерің, Естен кетпес үндерің. Сүйкімді балғын бала шақ, Сендердікі болашақ. Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар!

Айдана:

Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар.

Динар:

Бәріңдіде сәби деп сүйетін,

Өздеріңді біз сағынып жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік- Бүгін міне балаларымыздың жүректері лүпілдеп балабақшамызбен қоштасып, мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балақайлар. Ендігі құттықтау сөз кезегін балабақша директоры береміз. (Марапаттау сәті)

Диспетчер хабарлайды

«Air-Алтын дән» әуе борты жолаушыларды өз орындарына жайғасуды сұрайды. Ұшу барысында сақтық ережелерін сақтаймыз. Келесі қону бағыты “Білім ұясы”. Ақ жол жолаушыларға



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
97
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі