жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу кеші
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2016–2017 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне целиноград ауданының «Қошақан» балабақшасының «Бүлдіршін» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңыздың дыбысын өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.
Барлығы:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Залға вальс биімен кіреді.
Шырайлым: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
Дильназ: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің , әр айың
Еркежан : Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.
Ортаға екі тәрбиеші шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады
-
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым
2. Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын
Қайырмасы.
1-Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың
2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
1-Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән. «Біріншіге барамыз»
2-Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Өлең айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз өлең шумақтарын айтуға шақырамыз
Сайда:Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Қ. Әмір: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
Ибраһим: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Карина : Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
Ы. Елнұр: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Айдана: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Абзал: Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
1-тәрбиеші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр
тұнған жер.
Ән: «Қазақстан »Нұртілеудің
орындауында
2-Тәрбиеші : Бөбек еді ол рас,
Кіп-кішкентай кешегі.
Бүгін міне,азамат,
Болды рас деседі.
Әріп танып, сөздер құрап,
Жаттықтырды қолдарын
Ойын «Кім жылдам сөз құрайды»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптерден сөз құрау керек .
1.Біз балабақшамен қоштасып, қайда барамыз? (мектеп)
2. Мектепке барғанда қолымызға алатын кітабымыз? (Әліппе)
Олай болса ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
-
Мектепке біз барамыз ба?
-
Кілең бестік аламыз ба?
-
Айтқан тілді аламыз ба?
-
Ақылды бала боламыз ба?
-
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
-
Ертеңгісін тұрамыз ба?
-
Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
-
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
-
Екі алғанда жылаймыз ба?
-
Оқушы біз боламыз ба?
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
-
Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
-
Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
-
Тамағын уақытылы бересіз бе?
-
Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
-
Сериал көріп жатасыз ба?
-
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
-
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
-
Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
-
Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
-
Бала үшін асулардан асасыз ба?
1-Тәрбиеші: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Гүлдер»
2-Тәрбиеші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән :«Жұлдыз болып жанамыз» Дария мен Інжудің орындауында
Балаларымыз дайындаған көрінісі «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік
Жүргізуші: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.
Пенал: Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)
Жүргізуші: Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.
Әліппе: Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін
Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды
Пенал: Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре
Дәптер: Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін
Жүргізуші:
Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты
Әліппе: Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз
Жүргізуші: Түрлендірген бір — бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті қаламдар.
Пайда болды «4»-ік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.
«5»- тік: Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»- тік: Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Қызыл қалам: Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз
Көк қалам: Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын
Жүргізуші: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «1» де жетті
«2»- лік: Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіне
«1»-лік: Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам
Жүргізуші: Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «1» мен «2»- ні
Жерге тықты
Пенал: Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен « 5»
Кетіңдер бізге жолама!
Жүргізуші: Кіргізбей «1» мен «2»- ні
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды (оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз: Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін , уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі , үлгілі
Қазақстан азаматы боламын
-
Жүргізуші:Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел
соқтыр!
«Домбыра»
2-Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек
Еркежан : Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Амангүл Утешқызына мың алғыс
Алуа: Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Әсемгүл Тұрлыбекқызына көп рахмет
Дария: Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Галя, Таня апайларға мың алғыс
Інжу: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Гүлжан, Махаббат апайларға
Айтамыз біз мың алғыс
Нұрдаулет: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Айгүл апайға көп рахмет
Алихан: Өз тіліңді құрметтеп,
Басқа тілді біл дейін
Ағылшын тілін білсең егер.
Лондонға ұшып бар дейтін
Динара Еркінқызына мың алғыс.
Айя: Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан
Алдындағы баламен
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгертіп
Үйретуді жөн көрген
Шнар Халеловнаға мың алғыс
Дилназ: Балалларға қатаң тәртіп қоятын
Тобымыздың тәртіпсіздігін жоятын
Ұмытсаңыз әкелетін форманы
Жаттығу залға кіргізбей қоятын
Алмагүл апайға көп рахмет.
Б.Әмір: Суретті де салдырып,
Қағаздан ою ойдырып,
Бар өнерін салатын
Индира апайға көп рахмет.
1-Тәрбиеші:
Тан атканнан кеш батканша,
Бірге журдім өздерінмен
Қызық кундер өтті міне,
Қоштасқым да келмейді.
Ән: «Қош бол, балабақшамыз»
Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! — дей отырып құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Амангүл Утешқызына береміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген