400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі - Әр бала бір жұлдыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне жұмыстарына көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солоновка ауылы «Балауса» балабақшасы коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны





«Көбелек»- ортаңғы тобында өткен

«Әр бала бір жұлдыз!»атты

ертеңгілігі

Picture 1

Тәрбиешілер: Мамырбаева Ш. Б.

Мамиева С. К.



2018ж. Солоновка









  «Әр бала  бір  жұлдыз!»

Мақсаты:   Балалардың  жыл  бойы  алған  біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін  ортаға  сала  отырып, балаларды  үлкен  өмірге  қадам  басуға  даярлау. Адамгершілікке,достыққа,  бауырмалдыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Зал мерекеге сай безендірілген.

1-Жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы. Бүгін  біздің  бірнеше  жыл  мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп  өсірген  бүлдіршіндерімізді  мектеп  табалдырығына  шығарып  салғалы  отырмыз. Балаларымыз осыдан  4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр. Әрине, бұл да  үлкен  той,  тойларыңыз  құтты  болсын! Бүгінгі бүлдіршін- ертеңгі елдің тірегі. Балаларға  «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа  нұр  жаусын» -дей отырып, «Әр бала  бір  жұлдыз»  атты  ертеңгілігімізді  ашуға  рұқсат  етіңіздер.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды,

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

2-Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер,

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл ойларың,

Өсті міне бойларың,

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.

Залға «Көбелек» тобының балалар кіреді. Жарты шеңбер болып тұрады.

Ән: Хантайр.«Әрқашан күн сөнбесін» Залға бүгінгі той иелері балабақша бітірушілерін ортаға шақырамыз.

1-бала. Алтыннан да ардақты

Мінезі бар салмақты

Айдай сұлу қызымыздың

Өнері де жан- жақты.

бақшамыздың  мақтанышы Даяна бүлдіршініміз.

2- бала:Маргослепов Сергей екі тілге бірдей

Асқан білімді болатын,

Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы Сергей бүлдіршініміз.

3- бала.Қарақаттай көзі бар,

балдан тәтті сөзі бар,

бақшамыздың сұлуы Іңкәр бүлдіршініміз.

 4- бала.Апасының қызығы, атасының бұзығы,

Әдемі ән айтатын

Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні- Арсен.

5- бала. Бойына жиған өнерді

Өзі сондай өнерлі,

Мың бұрала би билеп,

Қошаметке кенелді қол соғып қарсы алайық Бауржанқызы Назымды.

 6- бала.Айтқан сөзі оқтай,

Өзі жанған шоқтай,

5-ке толған жасы бар,

Алижан деген аты бар.

Отбасының берекесі

Атасы мен апасының еркесі Әлижан бүлдіршініміз.

 7- бала.Аспандағы жұлдыздай

Жағадағы құндыздай

Ақылына көркі сай,

Талабы оның таудай.

Бақшамыздың сұлтан-жұлдызы Бегжан бүлдіршініміз.

Ән: «Біз мектепке барамыз.» топ балалары.

Әлижан: Тәрбие көрген баламыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балалбақшамен

Біріншіге барамыз

Өздеріңді үмытпай

Есімізге аламыз

Ұмытпас деп ұясын

Тамаша ән саламыз







Сергей:

Здравствуйте, мамы, бабушки и гости,

Здравствуй, детсад наш родной,

Мы с нетерпением, особым волнением

Ждали наш праздник большой!

Праздник для нас очень важный сегодня,

День выпускной настает,

Жаль что уходим из детского сада

Осенью школа нас ждет.

Диасыл:

Бала, бала баламыз,

Бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.

Нұрасыл:

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимаймыз,

Қоштасатын күн бүгін.

Би: «Чунга- чанга» «Көбелек» тобының қыздары.

Хантайр: Көңілдіміз күлеміз,

Сандарды да білеміз.

Бақша біздің үйіміз.

Тату- тәтті жүреміз.

Арсен: Барамыз біз мектепке

Бір белестен өттік біз

Өсті міне бойымыз

Өсті ақыл ойымыз

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойымыз

Назым:

Балабаққа келгенімде

Тәрбиешім қарсы алды

Енді міне қоштасарда

Қимастықпен ән салдық

Тәрбиеші апайымыз

Жай көрінер айтқанға

Бағбаным-ау балапаның

Сенсіз қанат қаққан ба?

Аружан:

Жаксы оқып мектепте,

Тәртіпті болып жүріңдер,

Жаман қылық көрсетпей

Ден қойыңдар білімге.

Слайд көрсету: «Балабақша өмірінен үзінді».

Бегжан:

Бақшаменен қоштасып,

Мектепке мен барамын,

Жақсы оқып сабақты

Тәртіпті мен боламын.

Даяна:

Таудай биік талабым

Суретті де саламын,

Әзір менің дәптерім,

Қарындашпен қаламым.



Іңкәр:

Талай- талай баспалдақты аттармыз,

Ата- ананың да үмітін ақтармыз,

Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бойы ақтармыз.

Сезім:

Біз ғой әлі бүлдіршін,

Мектепке әлі бармаймыз,

Ақ жол тілеп сендерге,

Ақ тілекті арнаймыз.

Ән: « Бақытты балалық шақ»

Білім Ханшайымы:

-Балабақшамен қоштасушы құрметті балалар, сендерді үлкен мерекелеріңмен құттықтаймын. Мен -Білім елінің Ханшасымын сендерге қонаққа келдім. Сендердің араларына мектеп деген теңізге баратын балалар бар деп естіп келдім. Сол балалардың білімдерін тексеріп, жолдама берейін деп. Кәне, мен сендермен ойын ойнап білімдеріңді тексерсем қалай қарайсыңдар!

Балалар:

  1. тапсырма: балаларға 5- ке дейін тура және кері санауды және тақтаға ретімен қоюды тапсыру. (3 тілде)

  2. Ойын: ата- аналармен . «Кім неше баға алған?»

2- тапсырма:Түстерін ажырату.

3- тапсырма: жаңылтпаш, жүмбақтар жасыру тапсырмасы.

Жаңылтпаштар:

1.Ара,ара, аралар орман ішін аралар.

2.Ақ шар, көк шар, көп шар, төрт шар.

3.Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар.

Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

1)Оқып білім алу үшін.

2)Еліме- еңбек ету үшін.

3)Білімді азамат болу үшін.

4)Ер жетіп отанымды қорғау үшін.

Жүргізуші:

-Білім Ханшайымы, біздің балалардың білімдері қалай екен?

Білім Ханшайымы:

-Керемет балалар, сендердің білімдерің жеткілікті екен. Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар. Сендер менің сынағымнан өттіңдер.сендер шеттеріңнен білімді, өнерлі екенсіңдер.

(Енді сендермен ойындар ойнағым келеді)

-Жақсы балалар бұл ойынды ойнағанда да менің көңілімнен шықтыңдар! Мен сендерге разымын. Сендер бұл білімнің бәрін балабақшадағы тәрбиешілерді тыңдап айтқанын істегеннен соң үйреніп алдыңдар ғой. Енді сендерді мен мектеп деген кемеме қабылдаймын. «Қош келдіңдер!» Мен енді басқа балабақшаларға баруым керек. Сендермен қоштасайын. Сендерге сәтті сапар тілеймін.

Ұлдар биі: «Жігіттер».

Ануар:

Амал қанша бұл анық,

Қоштасатын кез келді,

Ойыншықтар мұңайып,

Іздейді- ау енді сендерді.

Аружан:

Өздеріңді оларда

Сағынады біліңдер,

Бізбен бірге ойнауға,

Келіп кетіп жүріңдер

Гүлім:

Бір шаңырақ астында,

Тату- тәтті тұрамыз,

Бірге ішеміз астыда,

Бірге сайран құрамыз.

Айкүнім:

Үйренеміз өнер біз.

Шетімізден шеберміз,

Тақпақ айтып ән шырқапғ

Билеп- билеп береміз.

Жүргізуші:

-Енді балабақшамен қоштасатын балаларға сөз берейік.

Дәмді тамақ пісірген,

Дерт көрмесін қолыңыз,

Қымбатты аспаз апайлар,

Тегіс болсын жолыңыз. Назым



Сырқаттанып қалмасын деп,

Топқа жиі келеді,

«Зерде» шайын қайнатып ап,

Бізге әкеп береді. Алижан



Үлкен менен кішінің,

Бабын таба біледі,

Біздің Гүлнар апайдың,

Үстем болсын мерейі. Іңкәр



Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып әдіскермен де
Біріншіге барамыз
Бегжан

Білім мен қашанда

тәртіп қатар жүреді,

Тәрбиеші апайлардың

Ұшан теңіз еңбегі. Сергей



Әніменен тербеткен

До ре ми ді үйреткен

Баянымен ойнағаны,

Ғажап еді бұл неткен. Арсен



Мейірлене қарайды,

Басымыздан сипайды,

Біздің топтың апайлары,

Қоштасуға қимайды. Даяна



Әніміз болған бақшамыз,

Сәніміз болған бақшамыз,

Барлық ағай апайларға

Бас иіп рахмет айтамыз. (Барлығы)

Ән: «Балдырған әні»



Камилла: : Сегодня день торжественный и светлый

Такой волнующий для нас.

Ведь время пролетело незаметно

Для Вас танцуют дети вальс!

«Көбелек» тобының балалары қоштасу вальсін билейді.

Жүргізуші: Той дегенің қуаныш,

Сыйлар барлық балаға,

Құттықтаусыз сірә да

Тойдың сәні болама?

Балабақша меңгерушісі Джарылгасынова Г. Д. мен даярлық сыныбының мұғалімі Касенова А. Жумобаева А. сөз береміз,

Балаларға дипломдар тапсыру.

Ортаға ата- аналар шығып сөз алады.

Жүргізуші: Ән айтып, ойын ойнап , би биледік.

Өнерді тамашалап күлімдедік,

Сәт сапар жас ұландар, болсын жолың.

Тойымыз осыменен аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі