Материалдар / Балабақшамен қоштасу МАД тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшамен қоштасу МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамен қоштасу дайын ертеңгілік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
72
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Балалардың әуенмен кіруі.

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар және қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-ші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз балабақшамен қоштасқалы отыр. Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған жас бүлдіршін бүгін саналы оқушы болып 1-ші сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп, ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін бүлдіршіндеріміздің алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Олай болса, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған № 4 «Самал» бөбекжайының №6 «Ақкөгершін» МАД тобының өнерлі де білімді, ақылды да саналы, инабатты ұл қыздарына қол соғып, қошеметтейік!

2-жүргізуші:

Айналайын балалар!

Сендерде ой сана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнершілдер даналар,

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Құрметті көркі де сәнді болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар!

Мадина:

Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Рустамбек:

Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамы

Жәмилә: 

Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Ілияс:

Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Ата-анам қуансын.
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.

Нұрасыл:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Біз мектепке барамыз.

Шықтық міне хат танып

Жырын елдің жаттадық

Ұстазымның еңбегі

Жатса екен ақталып.

Айсара:

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
Саназар: Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен,
Бақшамызды қимаймыз

1-жүргізуші:

Балаларымыздың орындауындағы «Болашағы біз елдің» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрының салтанаты

Ортада бишілерім би билейді

Халайық қол соғыңдар қошеметті-дей келе қыздарымыздың орындауындағы «До,ре, ми» биін қошеметпен қарсы аламыз.

Би «До, ре, ми»

Тақпақтар:

Нұрай:

Бір-бірімен сыйласты

Татумыз біз баршамыз

Бал достықтың ұясы

Біздің балабақшамыз

Айтып ертек, әңгіме

Үйретеді әнді де

Беріп кәмпит, тамақта

Оқытады сабақты

«Самал» балабақшада.

Жанәди:

Қош бол « Самал» бақшамыз
Естен кетпес есімің
Алғаш ашқан есігім
Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Біріншіге барамыз.

Айнара:

Мектепке ертен барамыз.
Оқимыз,сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын саламыз.

Айлара:

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақта,

Өз үйіміз сияқты.

Мектепке енді барамыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Райбек:

Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана
Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз

Айару :

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мен мектепке барамын,

Балабақшам қош енді.

Әділет:

Қуантып, әрі қинайды

Бақшамнан алыс кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Біріншіге барамыз.




1- жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар! Ендеше «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.

Би: «Ұлдар»

Тақпақтар:

Муслим:

Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер Жұлдыз апайға  мың рахмет!
Томирис:

Тәтті  тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы апайлар
Сіздерге де мың алғыс!

Мунира:

Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Дидар , Айдана апайларға 
Айтамыз біз мың алғыс!

Абдуллах:

Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Гүлзира апайға мың алғыс!

Бекзат:

Жаттығулар жасатып,
шынықтырар біздерді.
Денемізді тік ұстап,
Сұлу болып өстік біз.
Бибігүл апайға мың алғыс!

Рашида

Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.

Қолыма гүл аламын

Дайын дәптер қаламым

Таң қалдырып достарды

Мен мектепке барамын

Алима:

Біз балауса баламыз,

Жетелеп ой санамыз.

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке енді барамыз.

Қош бол балабақшамыз,

Қимай кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап

Сағынармыз әлі біз.

2-жүргізуші:

Балаларымыздың тәрбиеші апайларына арнаған әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Тәрбиеші апайлар»

«Жаяу» биін қошеметпен қарсы алыңыздар.

Би: «Жаяу»

  • Мен ата аналармен бір ойын ойнағым келіп тұр. (ойын ата-аналармен тәжірибелік жұмыс)

  • Рахмет балалар, ата-аналар! Сіздеге сәт сапар!

2-жүргізуші:

Ән: «Біз мектепке барамыз»

1-жүргізуші:

Құрметті балалар, жарқын жүзді ата-аналар! Сіздермен қоштасатын сәт келді. Сіздерге амандық, ақ жол сәт-сапар тілейміз!

2-жүргізуші:

Болашақтарыңыз жарқын аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар!

Меңгерушіге, ата-аналарға сөз беріледі! Балалар, ата-аналар алғыс хатпен, дипломмен марапатталады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!