400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшамен қоштасу:"Балалық шағым -патшалық тағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балалық шағым-патшалық тағым» Тәрбиеші: Омарова К.Т.

Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек. 
Биязы мінезімен 
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Аужанды 
Барлық досы қолдайды.

Спортты жаны сүйеді
Салаутты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың,
Ортасында жүреді.
Абубакир топтың жүрегі.

Қандай да болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Аруайды
Жауқазын гүлге теңейміз.
 
Сабырлы,  жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас
құрбы Ақерке.

Бойында
үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз
қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт
Ермухамед.
А Аружан
Ортамызды
ң ажары,
Перизаттай ерке
қыз.
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.

Ойы
ұшқыр Т Мирас
Математиканы с
үйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.

Өзі сондай салмақты.
Н
ұрландырған ортаны,
Бізді
ң Абдурахман жан-жақты.


Білімді
қыз инабат,
Болар бізге
қолқанат.
Жақсылықты арқалап,
Мариямда бар талант.

Марат деген бала бар,
Бойында т
үрлі сала бар.
К
өпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.

Ән салғанда шырқап бір,
Шаршамайды сір
ә бір.
А Мирас біздің өнерлі,
Сырын тере
ң ұға біл.

А
қдидар:
Спортпенен білім жа
ғын бір қосқан,
Кем
қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңызда Ерболатымыз  ортада,
Тауды б
ұзар шын кіріссе намыстан.
Г
үлшат:
Е
ңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлы
қ істі тыңдау  оның ойында.
Қуанамыз кіші топтан келгеніне,
Алдиярдай  асыл жігіт тобымызда.
А
қдидар:
Біледі ол жа
қсы менен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамды.
З
үрият Нұрай ортамызда сұлу қыз,
С
ұлулығымен бағындырар ғаламды.
Г
үлшат:
Әрі сұлу, әрі игі 
Келші Ба
ғнұр қылықты.
Он бір
ұлы бар үйдің
Жал
ғыз қызы сияқты.
А
қдидар.
Қане, Аяжан тобымның,
Г
үлі болып шыға ғой.
Сені к
өрген адамның 
Қуанбауы күнә ғой.
Г
үлшат:
Парасатты ер жігіт,
А
қылменен біледі.
Сегіз
қырлы, бір сырлы
Н
ұрсәт күліп келеді.
А
қдидар:
Өлшеу жоқ өнерінің табысына,
Болаша
ққа ойдағыдай барысына.
Ерболаттай жігіт бар ортамызда,
К
өрсеткен үздік өнер сайысында.
Г
үлшат:
Қуанам мен тобымның нұрларына,
Балаларды
ң туған ой мен қырларына.
Т
әрбиелеп өсірген жемістерім,
Ризамын Ба
ғдаулеттей ұлдарыма. 
«Балауса» тобыны
ң бітіруші түлектеріне тағы да бір қошемет көрсетіп қояйық.




Тәрбиеші:. Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене сәби болып келген балаларыңыз алдарыңызда. Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. «Балалық шағың-патшалық тағың » атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар .

Тәрбиеші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық Балдырған бүлдіршін түлектерді- деп балабақшамен қоштасқалы отырған түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.( Осы кезде балалар музыка әуенімен келіп, жарты шеңберге тұрады.

Музыкамен балалар қолдарында шар ұстап кіреді, орындарына барып тұрады

Сәлемдесу «Үш тілде»

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар! Тәрбиеші апайлар және біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған біздің топтың түлектер.

Балалардың тақпақтары:

1.Аяла

Талай қызық той өткіздік

Бірақ орны бөлекше

Бақшамызбен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше.

2Айдын

Балабақшам бесігім,

Тағы бір той жасайық

Ашты мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық.

3. Ануар:

Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа біз жеттік

Барамыз біз мектепке

Бір белестен өттік біз

4.Алинұр:Бақшадағы күндерді

              Есімізде сақтаймыз.

              Апайлардың еңбегін

              Есімізде сақтаймыз

5.Айсұлу:Бақшамызды ұмытпай,

              Келіп-кетіп тұрамыз,

              Шын жүректен айтамыз

6.Каусар

Өсті ақыл ойымыз

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

7.Нұрали

Балабақшам- байтағым

Күліп –ойнап қайтамын.

Ән саламын, би- билеп

Тақпақтыда айтамын.

7.Аружан

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық , көп білдік

Ел мен отан жайында.

8.Дамели

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

9.Дамир

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін

10.Ануар

Үлкендердей тап- таза,

Жазамыз бор мен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

11.Әділет

Бақша біздің панамыз.

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан.

Оқып білім аламыз.

12.Дамир

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жазып,

Оқып жазып үйрендік,



13.Айару

Сүйген өз қыз, өз ұлын

Бөбегім деп аянбай

Балабақшам өз үйім

Апай болды анамдай.

14.Әділет:

Мектепке енді барамыз

Үлгілі бала боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

15.Ахмет:

Күллі әлемді шарлаймыз

Ғарышқа да самғаймыз

О, жараңдар, жараңдар

Ән «Біз мектепке барамыз»

«Көңілді» биі

Балалар орындықтарына барып отырады

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, мында бір рюкзак жатыр, кімдікі екен? Білмейсіңдер ме? Ішінде не бар, кәне көрейін. Мында хат бар екен! Оқып көрейік.

ХАТ

«Сәлеметсіңдер ме қымбатты балалар. Білім әлемінде әріптер жоғалып кетіпті. Бізге көмектесіндер, әріптерді білім әлеміне қайтырып беріндер!»

Білім Періштесі

Тәрбиеші: балалар Білім әлеміне көмектесеміз бе? Әріптерді тауып береміз бе? Ендеше жолға аттанайық! Ал саяхатқа көңілді поездбен барайық!

Балалар поезд музыкасымен бір айналып орындарына отырады.

Залға музыкамен Дымбілмес кіреді.

Дымбілмес: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен ең ақылды бала Дымбілмеспін, мен бәрін білемін, айғада ұшып баралам, машина айдайялам. Менің қолымнан бәрі келеді.

Тәрбиеші:Сәлеметсің бе Дымбілмес! Сен білесің бе, біз жоғалып кеткен әріптерді іздеп жүрміз, тауып алуға көмектесесің бе?

Дымбілмес: Әрине көмектесем, мен ең ақылды бала емеспін бе? Ал әріптер деген не, оны немен жейді?

Әріптерді жемейді, оларды біз оқыймыз! Біз мектепке барамыз сен де бізбен бірге мектепке бар!

Дымбілмес: бірақ мен мектепке қалай барамын, әріптерді білмеймін ғой!

Тәрбиеші:олай болса біз балалармен сені мектепке дайындаймыз! Бізбен бірге Әріптерді танып біл деген ойын ойна!

«Әріптер» музыкалық ойын

Дымбілмес: Рахмет балалар енді мен көп әріптерді танып білем! Міне сендер іздеген әріптер, мен оларды ойнап жүргенде тауып алдым! (Балаларға М және Е әріптерін береді) Балалар сендер мектепте қандай оқу - құралдар керек екенің білесіңдер ме? Менің рюкзагыма жинап бересіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине білеміз, қазыр сенің рюкзагына оқу – құралдарды жинап береміз!

Эстафета - «Оқу құралдарды рюкзакқа жинап бер»

Дымбілмес: Рахмет сендерге балалар енді мен мектепке бараламын. Сау болындар!

Музыкамен залға Робот кіреді.

Робот: Менің атым Робот – Білгіш, электронды адаммын. Сендермен танысуға келеді.

Тәрбиеші: сәлеметсіз бе Робот Білгіш, сіз білесіз бе біз жоғалып кеткен әріптерді іздеп жүрміз? Сіз әріптерді көргенжоқсыз ба?

Робот: Әріптерді тауып беруге көмектесемін, алдымен сендер менің сұрақтарыма жауап беріндер. Мен матиматиканы жақсы көрем, өте жақсы санайаламын. Ал сендер сандарды білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине сандарды біз білеміз! Және үш тілде айтып береміз кәне тындап көр!

Ойын «Үш тілде сандарды айтып бер»

Робот: сандарды білет екенсіңдер, ал есептердің шешуін тауп бересіңдер ме?

Есептер:

  1. Көлде балқып жүзеді

Үйректер көктемде

Екі ақ, екі қоңыр

Қанша болды барлығы? (төрт үйрек)

  1. Төрт бала футбол ойнап жүр

Біреуін анасы үйге шақырып алды.

Қанша бала футбол ойнап қалды? (үш бала)

  1. Айсулу жидек жинауға барады

Бес жидек теріп, шелекке салды

үшеуін Арманға берді

Қанша жидек қалды шелекте? ( екі жидек қалды)

Робот: Қандай ақылды балалар шешуін тауып алдындар!Қандай өнер маған көрсетіп бересіңдер, не білесіңдер?

Тәрбиеші: біз саған «балабақша» деген ән айтып береміз!

Ән «Балабақша»

Робот: Жарайды әріптерді сендерге берейін, өнерлі және ақылды балалар екнсіңдер! Балаларға К жәнеТ әріптерді береді.

Тәрбиеші : Рахмет саған Робот! Әріптерді бізге тауып бердіңдер! Ал біз саған би билеп береміз!

Би «Мен қазақ баласы»

Робот: Қош сау болындар, сәтті сапар тілемін сендерге!

Музыкамен залға Білім періштесі кіреді.

Білім Періштесі:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Білім Періштесімін.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе білім Періштесі. Сіз білесіз бе біз жоғалыпкеткен әріптерді іздеп жүрміз. Балалар айтындаршы қандай әріптерді тауып алдық.

Балалар: М, Е, К, Т. әріптерін айтып шығады.

Білім Періштесі: Түсінікті, сендер енді тағы сонғы екі әріптерді таппай жүрсіңдер ме? Ал мен білем қандай әріптер жетпейді. Менің ойымша ата –аналарда біліп отыр қандай әріптер екенің. Кім айтып береді?

Ата –аналар Е және П әріптерін атап береді.

Білім Періштесі: иә дұрыс, әріптерді көрсетеді, Кәне балалар бірге оқып көрейік,бұл әрәптер МЕКТЕП деген сөзді білдіреді. Иә міне сендерде өсіп біздің ұямыздан ұшып барасындар.Қадамдарын құтты болсын, Балдырған балабақшасын мақтанышы, жұлдыздары болындар!

Балалар менің сендерге деген жұмбақтарым бар, егер шешуін тауып берсендер сендерге сыйлық берем!

1.Жұқа тақтай бөлшегі,ұзындықтын өлшемі? /сызғыш/

2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді? /қалам/

3. Кейде мен сызылғанмын, кейде тормын. Кіммін мен? /дәптер/

4. өзі аппақ, салған ізі аппақ? /бор,мел/

Білім Періштесі: жарайсындар балалар жұмбақтын шешуін тауып бердіңдер, енді өз сыйлығымды сендерге табыс етемін.(балаларға қоңырау сыйлайды) Бұ қоңырау сендерді мектепке шақырады, енді сендер осы сәттен бастап оқушы боласындар! Сендреге тілеймін озат оқушы болып ата- аналарынды қуантып жүреберіндер. Ал мені тағыда басқа балалр күтіп отыр оларға да сыйлығымды беріп келейін. Сау болындар!Кетеді

Тақпақтар:

1бала

Әрқашан өзі тынбайтын

 Мейірлене қарайтын

 Жарқын жүзді жақсы адам,

 Біздің тәрбиешілеріміз

 Біздің сәби жүректен

   Сізге де көп алғыс айтамыз.

Тәрбиешілерге гүлдер сыйлайды.

  1. бала

Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

             Баршаңызға рахмет айтар балалар,

             Балабақша көркі болсын әрқашан

             Кейінгі бүлдіршін балалар!-дей отырып бүлдіршіндеріміздің орындауында :

Би: «Көгершін»

  1. бала

Бақшадағы күндерді

              Есімізде сақтаймыз.

              Апайлардың еңбегін

              Есімізде сақтаймыз

              Бақшамызды ұмытпай,

              Келіп-кетіп тұрамыз,

              Шын жүректен айтамыз!

Барлығы:

               Мың алғыс!

Балабақша қызметкерлеріне гүлдер сыйлайды.

Ән: «Тәрбиеші»

Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, қонактар, тәрбиешілер, балалар! Құттықтау сөзді және балаларды дипломмен марапаттау балабақша меңгерушісіне Жартыбаева Айнур Төлеуқызына береміз.

Ұстаздардың ұстазы,

Ануар:

Тәрбиенің ұстасы.

Бала жаны бағбаны,

Меңгеруші апайға,

Риза ата-анада,

Көп әйгілі атағы,

Ұмытпаймыз апайды.

Айнур Төлеуөызына

Айтамыз біз мың алғыс.

Аружан:

Біздің апай Гаухар

Маманы оның әдіскер.

Бұл апайға қарасақ,

Ақылына көркі сай.

Мақтан етем әрдайым,

Аман болшы апатай.

Дамир:

Психолог Сания апайға

Алғыс айтып барамыз

Қабыл алып гүлімізді,

Әдемі болып жүріңіз

Дамелі:

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз,

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған билерді.

Маржан,Кенжегүл апайларға

Қарыздармыз бәріміз.

Нұрали:

Еңбек еткен еңселі

Сырты менен ішіне.

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген.

Дәмді, тәтті тағамды

Жеткізген Сұңқар дүкеннен.

Түменова Эльмира апайға мың алғыс!

Нұрислам:

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай,

Күнде болған әбігер,

Қамқоршымыз дәрігер

Ерлан ағайға мың алғыс.

Айдын:

Томпиған тәтті бауырсақ.

Самса, палау, бешбармақ

Бізге арнап пісірген

Айша,Фазира,Алтынгуль

Апайларға мың алғыс.

Айару:

Аппақ қылған төсекті

Қыртысы мен жыртығын

Үтіктеп, әрдайым тіккен

Люда апайларға

Айтамыз біз мың алғыс.

Кәусар:

Күннен-күнге біздер өсіп барамыз,

Үлкен болып қиындықты жеңеміз.

Сіздердің біздер үшін сіңірген

«Еңбектеріңіз еш болмайды» деп сенеміз.

Тәрбиеші барлық апайларға мың алғыс!

.

Би: «Вальс»

Тәрбиеші: -Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------)


Тәрбиеші:- Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршіндер сіздерге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз. Енді бізге өзіміздің апайларымыз жақсы тілектер айтса, жылы лебіздерін білдірсе дейміз.

Тәрбиеші:

Алуға терең білімді,

Мектепке енді кеттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Сәтті болсын жолдарың

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім,

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар.

Ойға білім тоқыңдар.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып бір жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған.

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік.

Ата – аналар!
Балаларыңыздың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.


Хор: «Қош бол, балабақшамКері қайту













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі