Математика негіздері: Балабақшаның қызықтары
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балаларға заттардың кеңістікте орналасу орындарына және заттардың көлеміне
қатысты қасиеттері туралы түсініктерін нақтылау; ойын-сауық әлемі туралы
түсініктер аясын кеңейту. Белгілі бір кеңістікте орналасқан заттарды көру
арқылы сөзбен атау қабілетін қалыптастыру; ұзындығы мен ені әртүрлі және
бірдей заттарды бір-бірінің тұсына қою, бір-біріне беттестіру; өздігінен
салыстыру дағдыларын жетілдіру; ой-өрісін, еске сақтау қабілетін дамыту.
Ойын әлеміне, қоршаған табиғат объектілеріне қызығушылықтарын ояту;
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Жаттығуды орындау барысында: «пирамида төменде тұр», «пирамида ортада
тұр», «ұзындығы бірдей», «ені бірдей», «өте ұзын», «өте қысқа», «өте кең», «өте
тар», «тұсына қоямын», «бір-біріне беттестіремін» сөздері мен сөз тіркестерін
айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаны тыңдау, көркемсөз, дамытушы жаттығу, сергіту сәті, іс-тәжірибе
жаттығуы, мақтау, пысықтау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Көңілді, жылдам ырғақты әуеннің аудиожазбасы.
Математиқалық саты.
Биік және аласа пирамидалар.
Сызбалы суреттер:
1) аласа пирамида жоғарғы сатының ортасында; биік пирамида ортаңғы
сатының ортасында, аласа пирамиданың төменгі тұсында; тағы бір аласа
пирамида ортаңғы сатыда тұрған биік пирамиданың оң жағында; тағы бір биік
1
пирамида ортаңғы сатыда тұрған биік пирамиданың төменгі тұсында, төменгі
сатының ортасында.
2) биік пирамида жоғарғы сатының ортасында; аласа пирамида ортаңғы
сатының ортасында, биік пирамиданың төменгі тұсында; тағы бір аласа
пирамида ортаңғы сатыда тұрған бірінші аласа пирамиданың төменгі
тұсында; тағы бір биік пирамида төменгі сатыда тұрған аласа пирамиданың сол
жағында.
Баяу ырғақпен орындалатын әуеннің аудиожазбасы.
2. Үлестірмелі материалдар.
Әр балаға ұзындығы әртүрлі және бірдей жолақтар (кәмпиттер) топтамасы: ең
ұзыны қызыл түсті, ең қысқасы жасыл түсті, ұзындығы орташа екі жолақ көгілдір
және қызыл сары түсті.
Әр балаға ені әртүрлі және бірдей жолақтар (шоколадтар) топтамасы: күлгін
түстісі өте кең, қызыл түстісі өте тар, ені орташа екі сары және қызғылт жолақ.
Алдында екі түрлі топтамалар жатады.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
- Балалар, жайдары жаздың алдында ортақ үйіміз - сүйікті балабақшамыз туралы
әңгімелейміз, қызықты ойындар ойнаймыз.
1.2. Көркемсөз.
«Ғажайып үй – балабақша».
Ғажайып үй – балабақша,
Ойыншықтары қаласа,
Балаларға еріп ойнайды.
Қаласа қозғалмайды.
Ғажайып үй – балабақша,
2
Балалар да, жарыса,
Ыстық тамақты тауысады,
Тәттіні мерекеде қосады.
Ғажайып үй – балабақша,
Далада жасыл балауса.
Балалардың таусылмайды ажары,
Жаз келіп қалды жайдары.
- Балабақшада қандай қызықты ойындар ойнауға болатынын көрейік.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Дамытушы жаттығу. «Пирамида қайда тұр?»
2.1.1.
Балалар математикалық сатының айналасына жарты шеңбер жасап тұрады
(отырады).
Балаларға математикалық сатының баспалдақтарында әртүрлі тәртіппен тұрған
биіктігі әркелкі пирамидалар көрсетіледі. Біреуі жоғарыда, біреуі ортада, біреуі
төменде, біреуі ортаңғы пирамиданың оң жағында тұр.
- Балалар, мына тұрған нелер? Иә. Пирамидалар.
- Бірінші жұмбақты шешіп көріңдер.
- Мына пирамиданың тұрған жері жоғарыда да емес, төменде де емес, оң жақта
да емес.
- Мен қай пирамида туралы айттым? Кім тапты? Бері келіп көрсете ғой.
Шақырылған бала өз ойын айтып, ортаңғы баспалдақта тұрған пирамиданы
көрсетеді.
- Жарайсың! Мына пирамида қайда тұр? (Ортада тұр.) Жарайсың! Балалар,
пирамида дұрыс табылды ма? Тамаша!
2.1.2.
Балалар көздерін жұмады. Педагог ортада тұрған пирамиданы төменгі
баспалдақта тұрған пирамиданың сол жағына қояды.
3
- Мына пирамида жоғарыда да емес, ортада да емес, төменгі пирамиданың сол
жағында тұр.
- Мен пирамидалардың қайсы туралы айттым? Кім көріп тұр?
Тағы бір бала шақырылады.
- Бағлан, мына пирамида қайда тұр? Көрсетші.
- Пирамида қайда тұр? (Пирамида төменде тұр.)
- Тура төменде ме? (Сол жақта.) Жарайсың! Тамаша!
Балалар орындықтарға отырады.
2.2. Сергіту сәті. «Жалаушалар – қолдарым».

Көңілді әннің әуені қосылады.
Тіке түзу тұрамын,
Жалаушалар – қолдарым,
Жоғары, биік созамын,
Қарағайлардан озамын.
Жан-жаққа сермеп бұлғаймын,
Екі еңкейіп қоймаймын.
Жаттығу жасап болдым,
Түсірдім жалау - қолымды.
Балалар қимылдарды ырғақты әуенге ілесе орындайды.
2.3. Үстел басында іс-тәжірибе жаттығуы. «Бірдей тәттілерді тауып
алайық».
2.3.1.
Педагог:
- Балалар, бүгін тәттілерді зерттеп, бірдей жұпты тауып көреміз.
Әр баланың алдында екі түрлі топтама жатады.
1-топтама. Ұзындығы әртүрлі кәмпиттер.
2-топтама. Ені әртүрлі шоколадтар.
Заттардың ұзындығын салыстыру.
4
- Балалар, кәмпиттерді өздеріңнің алдарыңа көлденеңінен салып көріңдер.
- Кәмпиттерді бірінің астына бірін тізіп салыңдар.
- Сол жақ шеттерін түзеңдер. Жарайсыңдар!
- Ең қысқа кәмпитті саусақпен көрсетіңдер. Ең қысқа кәмпиттің түсі қандай?
Жарайсыңдар!
Педагог тапсырманың дұрыстығын тексеріп жүреді.
- Балалар, ең ұзын кәмпитті тауып көрсетіңдер.
- Ең ұзын кәмпиттің түсі қандай? Тамаша!
Педагог балалардың жеке жауаптарын тыңдайды.
- Балалар, мұнда ұзындығы бірдей екі кәмпит болса, екеуін бір-біріне беттестіріп
салыңдар. Қалған екі кәмпитті алып тастаңдар. Жарайсыңдар!
- Ұлжан, ұзындығы бірдей кәмпиттердің түсі қандай? Жарайсың!
2.3.2
Заттардың енін салыстыру.
- Балалар, шоколадтарды алдарыңа көлденеңінен салыңдар.
- Шоколадтарды бірінің астына бірін тізіп салыңдар.

- Ені өте қысқа шоколадты саусақпен көрсетіңдер. Ені өте қысқа шоколадтың
түсі қандай? Жарайсыңдар!

- Балалар, ені өте ұзын шоколадты тауып көрсетіңдер.
- Ені өте ұзын шоколадтың түсі қандай? Тамаша!

- Балалар, мұнда ені бірдей екі шоколад болса, екеуін бір-біріне беттестіріп
салыңдар. Қалған екі шоколадты алып тастаңдар. Жарайсыңдар!
- Нұрбек, ені бірдей шоколадтардың түсі қандай? Жарайсың!
- Мінекей, балалар, сендер екі досқа екі бірдей тәттіден тауып бердіңдер.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мақтау.
Педагог:
- Балалар, сендерге бүгінгі ойындар ұнады ма?
Педагог балалардан қандай жаттығуларды ұнатқанын, не істегенін жеке-жеке
сұрайды. Балаларды мақтайды.
5
- Балалар, сендер ұғымтал, ізденімпаз екенсіңдер. Сендер ақылды, тәрбиелі
бала болып өсетіндеріңе сенемін. Жарайсыңдар! Ұйымдастырылған іс-
әрекет аяқталды, сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшаның қызықтары

шағым қалдыра аласыз