400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша,Ортаңғы топ,Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге керек, балабақшада ертеңгілікке қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аналар асыл қазынам!

Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрам екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.



Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті аналар.

Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестерім. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын. Осынау көркем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Балаларыңыздың бақытына орай аналарымыз аман болсын.

Той пердесін ашайық.

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп.

«Балдырған» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Ендеше ортаға сүп-сүйкімді, тәп-тәтті балақайларымызды қол соғып құрметтпен қарсы алайық.

(Балалар залға кіреді)

Жүргізуші: Қош келдіңдер балақайлар. Бүгін сендердің өнерлеріңді тамашалауға көптеген қонақтар келіпті. Олай болса біз өнерлерімізді көрсетпес бұрын қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар: Сәлеметсіңбе Алтын күн!

Сәлеметсіңбе Жер ана!

Сәлеметсіңбе көк аспан!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Үлкенге де сіз, кішігі де сіз.

Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз.



Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,

Ананың биік тұғыры, анадан туған бар адам.

Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,

Анаға мәңгі қарыздар елдегі барлық дана адам,-дей келе бүлдіршіндеріміздің аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

(Ортаға сайқымазақ кіреді)

Сайқымазақ: Жан-жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп екен.

Ұлдар да көп, қыздар көп

Апайлар да көп мұнда

Мен сайқымазақпын.

Ақылына көркі сай.

Ұнаймын мен бәріне

Үлкенге де, кішіге де

Келіп қалдым мен бүгін.

Аналарды, қыздарды сүйікті әжелерді көруге.

Сәлеметсіңдерме достар! Сәлеметсіңдерме қымбатты ата-аналар!



Жүргізуші: Сәлеметсіңбе сайқымазақ? Біздің көңілді мерекемізге қош келдің.

Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерге сонау сонау Америкадан мерекелеріңмен құттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу!

(Балалардың қолынан ұстап амандасады)

Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық өнерімді көрсетемін.

(Сайқымазақ басымен тұрайын деп құлай береді)



Жүргізуші: Қой Тили Вили сен акробатикалық өнер көрсетемін деп мойыныңды сындырап аласың. Сен сонау Америкадан келемін дегенше шаршағанға ұқсайсың. Сен біздің балаларымыздың биін тамашалап дем ал. Олай болса біздің балаларыздың өперін тамашала.

Би: «Қанкызы» Жігіттердің орындауында

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар мен сендердің билеріңді тамашалап бір дем алып қалдым ғой. Ал мен әнді жақсы айтамын. Маған микрафон беріңдерші. Маэстро музыка.

(сайқымазақ микрафонмен өлең айтады, бірақ дауысы келмейді )



Жүргізуші: Ой сайқымазақ сен қатты шөлдегенге ұқсайсың. Сен шөліңді басып біздің бүлдіршіндердің әнін тамашала.

(Ән)

Сайқымазақ: Балалар сендер әнді де тамаша айтады екенсіңдер. Дауыстарың қандай тамаша.

(Есік қағылып көктем Аруы келеді)

Ару көктем: Мен көңілді көктеммін.

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың.

Түбіне тал еккенмін.

Гул боп қырда егілем.

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да.

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын



Жүргізуші: Амансың ба Ару көктем? Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.



Көктем: Мына менің құшағым толы қыр гүлі. Бұл гүлді гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр. Осы гүлдей құлпыра беріңдер. Аяулы аналар, әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.



Жүргізуші: Рахмет сізге Ару көктем. Біздің сұлу қыздар сізге арнап гүлдер биін билеп береді.

Би: «Наурыз көктем» Қыздардың орындауында

Жүргізуші: Жарайсыңдар орнымызға жайғасамыз. Сайқымазақ мырза біздің бүлдіршіндердің өнері сізге ұнады ма?

Сайқамазақ: Ия әрине ұнады. Ал мен сендердің өнерлеріңді тамашалап әбден дем алдым. Енді мен сендерге фокус көрсетемін.

(Сайқымазақ фокус көрсетеді)

Бір гүлді каробкаға салып айтады. Қазір осы гүл басқа бояумен боянады. (Шығарса боянбайды.)

  • Ой неге боянбайды.

Жүргізуші: Сайқымазақ мырза сіз сыйқырлы сөздерді айтуды ұмыттыңыз. Сыйқырлы сөздер айту керек қой. Балалар қандай сыйқырлы сөздер білесіңдер.

(Балалар айтады)

Сайқымазақ: Факус мокус. (каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналады.

Балаларға тәттілер тарату. Ата-аналарға сыйлықтар тарату.

Жүргізуші:

Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық.

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі «Аналар асыл қазынам» атты кешімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!



























ЖШС «Жетіген» балабақшасы









Аналар асыл қазынам

«Балдырған» тобы













Тәрбиешілері: Усенбаева Н.

Шадияр М









2019-2020жж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
2905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі