Материалдар / Баладағы сөйлеу тілін үй жағдайында ынталандыруға арналған ойын әдіс-тәсілдері

Баладағы сөйлеу тілін үй жағдайында ынталандыруға арналған ойын әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сөйлеу тілін дамыту саласында ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Shape1

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

«Мирас» бөбекжай-бақшасының логопеді

Махашева Гульнур Бакитовна

Баладағы сөйлеу тілін үй жағдайында ынталандыруға арналған ойын әдіс-тәсілдері

Мақсаты: Балалардың сөйлеу тілін дамыту саласында ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.


Міндеттері:

- ата-аналарды балалардың сөйлеуін дамытуға арналған бірлескен ойын түрлерімен және ойын тапсырмаларымен таныстыру;

- оларды үйде қолдану бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге ықпал ету.


Соңғы уақытта балалар тілінің кеш шығуы мектеп жасына дейінгі ұйымдарда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көп жағдайда ата-аналар балаларының сөйлеу тілінің дамуында қандай да бір бұзылыс (тілі сақауланса немесе мүлде сөйлемей қалса) байқалса ғана алаңдай бастайды. Алайда баланың сөйлеу тілі дамуына ертерек көңіл бөліп дамытса, болашақта туындап қалар көп мәселенің алдын алуға болады.

Сөйлеу тілін дамыту – бұл кейбір дыбыс айту бұзылыстарын немесе сөздік қорын молайту бойынша түзету-дамыту жұмыстары ғана емес. Сөйлеу тілінің қалыптасуы бас ми бөлігінің кейбір аймақтарының қызметіне байланысты, сол себепті балалардағы сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын-алу үшін: ұсақ моториканы, фонематикалық естіп қабылдауын, артикуляция, тыныс алу жүйелерін дамытуға арналған тапсырмалар орындату керек.

Балалардағы сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын-алу үшін келесідей тапсырмалар мен ойындар ойнатсаңыз болады.

Дұрыс тыныс алуға үйрету ойындары.

«Көбелектерді ұшыр» - мұрынмен терең тыныс алып, қағаз көбелектерге үрлеу.

«Допты қаұпаға кіргіз» - мақтадан жасалған ддопты үрлеу арқылы қақпаға кіргізеді.

«Шар үрлеу» - балаға шарды ауыздан алмай үрлеу ұсынылады т.б.

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулары.

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша бас миындағы қол және саусақ қимылдарына жауап беретін жүйке орталығы сөйлеу тіліне жауап беретін бас ми аймағына жақын орналасқан. Сол себепті баланың қол, саусақ қимылдарын белсендендіру қажет.

Ұсақ моториканы дамыту баланың қолын болашақта әр түрлі іс-әрекеттерге дайындайды: сурет салуға, жазуға, заттармен түрлі манипуляциялар жасауға және т.б. Саусақ ойындары сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Ойын әрдайым эмоциялардан тұрады, ал эмоциялар бар жерде белсенділік бар, назар мен қиял, ойлау бар, барлық танымдық қабілеттері жұмыс істейді.

«Су-Джок» добымен орындалатын жаттығу: «Кірпі»

Момақанмын алайда,

Тікенім көп абайла.

Кіріп кетсе қолына,

Өкпелеме жарай ма?

«Түрлі-түсті макарондар» ойыны – макарондарды 4 негізгі қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бояп алып баулардан өткізеді немесе түсіне сәйкес құтыларға жинақтап салады. Бұл ойын арқылы бала түстерді ажыратады, санауды меңгереді, зейіні тұрақталады және сөздік қорын молайтады.

«Ленталарды кім жылдам орайды?» ойыны. Мұнда лентаның оң және сол жақ қатарларына қыстырғыштар қыстырылады. Бала лентаны орау барысында оң қолымен оң жақ қатардағы қыстырғышты, ал сол қолымен сол жақ қатардағы қыстырғышты алып тастап лентаны орайды. Баланың ооң жақ және сол жақ ми жартышарларын дамытамыз, сондай-ақ саусақ бұлшықеттерін дамыта отырып ептілікке тәрбиелейміз.

«Түрлі-түсті пішіндер» тақтайшасын үй жағдайында картоннан қиып алып, балаңызбен дамытушы ойын ұйымдастыруыңызға болады. Бұл ойынның пайдасы өте көп. Түстерді, пішіндерді атай отырып балаңыздың сөйлеу тілін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін және де көзін жұмуын өтініп, қолмен сипап – сезу арқылы тактильді сезінуін дамыта аласыз. Ойынды өз идеянызға қарай түрліше ойната берсеңіз болады.

Фонематикалық естіп қабылдауын дамытуға арналған ойындары.

«Дыбысты естісең, шапалақта!» ойыны

Ойын шарты: балаға бірнеше дыбыстар қатарын айтып, мысалы ш дыбысың естісең шапалақта деген сияқты нұсқау береміз. Бала дыбысты естіп ажырата алуы керек.

«Ненің дыбысы?» ойынын ойнату

Ойын шарты: аудиобаспадан түрлі жануарлардың немесе музыкалық аспаптардың дауысын естіртіп, ненің даусы екенін ажыратқызу.

«Мұқият тыңда, жатқа айт» ойыны.

Ойын шарты: балаға жаңылтпашты бірнеше рет қайталау, бала жаттап алып қайта айтуы керек.

Артикуляциялық жаттығулар орындату

Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтап білуі қажет. Біріншіден, атаулар балаларды жаттығу жасауға қызықтырады, екіншіден, жұмыс барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Логопед әрдайым жаттығуды қалай жасау шарттарын түсіндірмей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы, «ат шауып келеді» немесе «сағат».

Балаға күрделі дыбыстарды [с], [з], [ш], [ж], [л], [р] дыбыстап үйрету үшін оның еріндері және тілі күшті және иілгіш болып, қажетті қалыпты ұзақ уақыт ұстап тұруы, қиындықсыз бір қозғалыстан екіншісіне бірнеше рет ауыса алуы керек. Осының барлығына үйренуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.

Балаңыздың артикуляциялық аппаратын дамытуда үй жағдайында сушки және таяқшалы печеньені қолдануыңызға болады.

Жаттығуды жасауға ұсыныстар:

  • Жаттығуды алдымен баяу, айнаның алдында орындалады, себебі бала өз-әрекетін көріп бақылауы қажет. Бала үйренгеннен кейін айнаны алып қоюға болады. Балаға сілтеме сұрақтар қойған пайдалы. Мысалы: еріндер не істеп жатыр? Тіл не істеп жатыр? Ол қайда тұр? (жоғарыда және төменде).

  • Кейін жаттығулардың қарқынын ұлғайтуға және оларды санап орындауға болады. Дегенмен, жаттығулардың нақты және жай орындалуын қадағалаңыз. Әйтпесе, жаттығулардың мағынасы болмайды.

  • Баланың жасына және шыдамдылығына байланысты жаттығуларды 5-7 минут көлемінде, күніне 2 рет (таңертең, кешке) жасаған абзал.




Құрметті ата-ана, балаңыздың сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуы сіздің қолыңызда!















Қолданылған әдебиеттер:



  1. «Логопедия» оқулығы Алматы, 2011 жыл

Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, Г.Б.Ибатова

2. «Сөйлеу тілі жалпы дамымаған ІІІ-деңгейдегі балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» оқу құралы Алматы, 2014 жыл Г.Б.Ибатова

3. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» (Әдістемелік ұсынымдар) Алматы. 2020 жыл




























ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«МИРАС» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ МКҚК













Кеңес – көрме тақырыбы:

«Баладағы сөйлеу тілін үй жағдайында

ынталандыруға арналған ойын әдіс - тәсілдері»






Логопед: Г.Б.Махашева















Қаратау қаласы – 2025 жыл



Shape2

31 Наурыз 2025
136
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі