жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балаға ат қою
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Білім беру ұйымының атауы |
С.Адамбеков |
Бөлім: |
3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика |
Педагогтің аты-жөні: |
Жорабекова А |
Күні: |
09.10.2026ж |
Пәні: |
Қазақ тілі |
Сыныбы: 5 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы: |
Балаға ат қою |
Оқу
мақсаты |
5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
Сабақтың мақсаты: |
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратып, оларды сөйлемде орынды қолданады. |
Құндылықтар |
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ • Отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу |
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы
6-7 минут
2-3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған құндылықтарымен ерекшеленеді. Олар: Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Қазан айында қандай құндылықтарға басымдық берілді? Қазан айы қандай ай? Тәуелсіздік және Отаншылдық Аптаның дәйексөзін айтайықшы. «Отанды сүю - отбасынан басталады» Үй жұмысы: 6-тапсырма «Адам көркі – шүберек» деген тақырыпта жарнама жазыңдар. Құрастырған жарнамаларыңнан ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрлерін көрсетіңдер. Ширату жаттығуы (тақырыпқа шығу үшін) «Сөзді тап» әдісі (барлық оқушымен жұмыс, іс-әрекетке бағдарланған тәсіл) Тірек сөздер: отбасы, дәстүр, мереке Тапсырма: Қағазда жазылған түйінді сөздерді атамай, сипатта. Сөзді тапқан келесі оқушы сөйлем құрастырады. ҚБ « Мадақ сөздер» Бейнежазба көрсетіліп, жаңа тақырып ашылады. Проблемалық сұрақ: Қазақ халқы балаға есімді жай ғана атау ретінде қойған ба? Топқа бөлу: 1-топ – «Ырым» 2-топ – «Тілек» 3-топ – «Дәстүр» |
Назары сабаққа аударылады. Қызығушылығы оянады
Оқушылар өз ойларын айтады
Оқушы өз есімін айтып, сол әріптен басталатын бір жағымды қасиетті атайды.
Оқушылар қысқаша болжам айтады.
Есімдердің қойылу себебін болжайды, өз ойын бір-екі сөйлеммен жеткізеді.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор: 1. Қағазда жазылған түйінді сөздерді атамай, сипаттайды. 2. Сөзді тапқан оқушы сөзден сөйлем құрайды.
|
5-сыныптың оқулығы Арман ПВ баспасы |
||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут
2-3 минут
5-6 минут
5 минут
5-6 минут
3-4 минут |
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Мәтін 1-топ «МАЗМҰН ТАЛДАУШЫЛАРЫ» Тапсырма Мәтінді оқып, мазмұны бойынша жұмыс жасаңыздар. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыздар. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен жазыңыздар. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыздар. Ат қоюда қазақ халқының қандай дәстүрлерін байқауға болады?- деген сұраққа мәтіннен дәлел келтіріп жауап беріңіздер. 2-топ «ДӘСТҮР ДАРАБОЗДАРЫ» Тапсырма Мәтіннен балаға ат қоюдың әртүрлі себептерін анықтаңыздар. Мәтіндегі есімдерді мына бағыттар бойынша топтастырыңыздар:
Қазақ халқы үшін есім қоюдың қандай мәні болған?- деген сұраққа қорытынды жауап беріңіздер. 3-топ «СӨЗ ЗЕРГЕРЛЕРІ» Тапсырма Мәтіннен:ат қоюға қатысты 3 сөз немесе сөз тіркесін табыңыздар; сол сөздердің мәтіндегі мағынасын түсіндіріңіздер; мәтіндегі есімдердің бірінің қойылу себебін өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер; мәтіннің оқырманға қандай ақпарат беріп тұрғанын қорытындылаңыздар. Үш топқа ортақ саралау Қолдауды қажет ететін оқушыларға: мәтіннен қажетті ақпараттың орналасқан бөлігі белгіленіп, «Мәтіннің негізгі ойы – ...», «Қазақ халқы балаға ... байланысты ат қойған» деген сөйлем бастамалары беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға: мәтіндегі ат қою дәстүрін қазіргі кездегі есім қою ерекшелігімен салыстырып, бір қосымша қорытынды жасайды. ӘТН Балаға сөздің тура және ауыспалы мағынасын түсіндірудің ең оңай жолы — бір сөзді екі түрлі сөйлемде көрсетіп, «Бұл сөз өз мағынасында тұр ма, әлде басқа мағынада тұр ма?» деп салыстыру. 1. Тура мағына – сөздің өзінің нақты мағынасы. Алтын сақина. Мұнда алтын – шын мәніндегі алтыннан жасалған сақина. ➡️ Тура мағына. 2. Ауыспалы мағына – сөздің өз мағынасынан басқа мағынада бейнелі қолданылуы. Алтын бала. Бала алтыннан жасалған жоқ. Мұнда алтын сөзі жақсы, қадірлі, сүйкімді деген мағынаны білдіреді. ➡️ Ауыспалы мағына. Жұптық жұмыс. 2-тапсырма «Тура ма, ауыспалы ма?» Берілген сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің тура немесе ауыспалы мағынада тұрғанын анықта.
Сергіту сәті «Мағынасын ажырат» Берілген сөз тіркестерін оқы. Оларды тура мағына және ауыспалы мағына болып екі топқа бөл. Сөз тіркестері: алтын бала, алтын сақина, ақ жүрек, ақ көйлек, жылы сөз, жылы су, тәтті алма, тәтті қылық, биік тау, биік арман, ауыр жүк, ауыр сөз. Жеке жұмыс. 3-тапсырма «Өзің ат қой» Сенің отбасыңа жаңа сәби келді деп елестет. Оған қандай ат қояр едің? 3–4 сөйлеммен түсіндір.
Үлгі: Сабақты бекіту. Сол жақтағы сөздерді оң жақтағы мағынасымен сәйкестендір. 1. Ақ жүрек а) бағалы сақина 2. Алтын бала ә) мейірімді адам 3. Жылы сөз б) жақсы, жағымды сөз 4. Ақ көйлек в) дене температурасына жағымды су 5. Алтын сақина г) ақ түсті киім 6. Жылы су ғ) жақсы, тәрбиелі бала |
Мәтінді оқиды, тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және қазақ халқының ат қою дәстүрін мәтіндегі деректермен түсіндіреді.
Мәтіннен есімдерді тауып, олардың қойылу себептерін ажыратады, тиісті топқа орналастырады және дәстүрдің мәні туралы қорытынды жасайды.
Мәтіннен тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді табады, мағынасын түсіндіреді, ақпаратты өз сөзімен жеткізіп, мәтін мазмұнын қорытындылайды.
Сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын анықтайды, ауыспалы мағынада қолданылған тіркесті ажыратады және оларды қатыстырып сөйлем құрайды.
Оқушылар берілген сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің тура немесе ауыспалы мағынада тұрғанын анықтайды
Оқушылар 3-4 сөйлем құрайды, сөздердің тура немесе ауыспалы мағынада тұрғанын анықтайды |
Дескриптор:1-топ -мәтіннің тақырыбын анықтайды – 1 балл; -негізгі ойын анықтайды – 1 балл; -мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады – 1 балл; -ат қою дәстүрін мәтіндегі дерекпен дәлелдейді – 1 балл. Барлығы: 4 балл.
Дескриптор:2-топ -туған уақытқа байланысты қойылған есімді анықтайды – 1 балл; -ырымға байланысты қойылған есімді анықтайды – 1 балл; -белгілі тұлғаға ұқсату арқылы қойылған есімді анықтайды – 1 балл; -ат қою дәстүрінің мәні туралы қорытынды жасайды – 1 балл. Барлығы: 4 балл. Дескриптор:3-топ -тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды – 1 балл; -олардың мағынасын түсіндіреді – 1 балл; -есімнің қойылу себебін өз сөзімен жеткізеді – 1 балл; -мәтін мазмұны бойынша қорытынды жасайды – 1 балл. Барлығы: 4 балл.
Дескриптор: сөздің мағынасын анықтайды; тура мағынаны ажыратады; ауыспалы мағынаны ажыратады.
Дескриптор: балаға ат таңдайды; аттың мағынасын түсіндіреді; тура және ауыспалы мағыналы сөздерді орынды қолданады |
Үлестірме
Слайд
Жұмыс дәптері
Аудиомәтін
Интерактивті тақта
|
||||||||
Сабақтың соңы
3-4 минут |
Адал азамат – отбасын қадірлейді, үлкенді құрметтейді, кішіге қамқор болады, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан отбасы құндылықтарын сақтау – адал азамат тәрбиелеудің берік негізі. Кері байланыс:
Үй жұмысы: 5-тапсырма «Менің атым қалай қойылды?» деген тақырыпта шағын әңгіме (сөз саны – 40) жазыңдар. Сөздердің орфографиялық нормаға сай жазылуын ескеріңдер. |
Тақырып бойынша түйген ойларын айтады, қорытындылайды.
Кері байланыс береді
|
Дескриптор арқылы бағаланады
|
Мұғалім тарапынан кері байланыс
Қолдау, мадақтау, бағалау |
« » ...........2026ж Тексерілді: ...................... ДОЖЖО Пирманова Ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген