жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Балаға жүрек жылуы"
Тақырып:
«Балаға жүрек жылуы»
Құндылық:
«Сүйіспеншілік»
Қасиеттер:
қайырымдылық, мейірімділік
Мақсаты:
Қазақстанның бірінщі ханымы, «Бөбек»
балалар қайырымдылық қорының Президенті
Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы,
ұлағатты ұстанымдары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
-
мейірімділік, қайырымдылық туралы
түсініктерін кеңейту;
-
қамқорлық жасауға жетелеу;
-
мейірімділікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер:
(құралдар, мәлiметтер) Сара Алпысқызы
Назарбаеваның суреті,сюжетті суреттер,
үнтаспа, түрлі түсті картон мен
қағаз,желім,түйме,жіп.
Сабақ барысы:
Мотивациялық-қозғаушы:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?!Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды «Өзін-өзі тану» сабағында көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз де бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, «Шаттық шеңбері»не тұрайық!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Тыныштық сәті. Әуен ойналады
Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» - деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!
Енді көздеріңді ашуларыңа болады.
Балалар
біздің
бүгінгі тақырып «Балаға
жүрек жылуы»
деп аталады.
Қайырымдылық
- мейірімділіктің іс жүзіндегі бір
көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі,
кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс
жүзінде жақсылық жасау.
Елімізде
қайырымдылық жасаудың негізі ретінде
құрылған Бөбек қоры. Бөбек қорының
президенті Сара Алпысқызы Назарбаева
еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға
қол ұшын беріп,аялы алақанын
ұсынуда.
Мейірімділік
– адам бойындағы қасиетті сезім. Ата
мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі,
отбасындағы адамдардың бір-біріне деген
мейірімі–шапағаты-әдептік әсем құбылыс,
түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты
ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Жүрек дегеніміз не?
Жылу дегеніміз не?
«Жүрек жылуы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар өз ойларын ортаға салады.
Дәйек
сөз
«Табиғаттағы
барлық жылу - күннен,
Өмірдегі
барлық жылу - адамнан».
Михаил
Пришвин
•
Осы сөзді қалай түсінесіңдер?
•
Неге табиғаттағы барлық жылу күннен
дейді?
•
Неге өмірдегі жылу адамнан дейді?
-
Онда мына қағаз бетіне барлығымыз өз
жылуымызды қалдырайық. Қолдарыңды
бояуға малып, алақанның іздерін
қалдырамыз. Талдау, естерінде
сақтату.
Әңгімелеу
(сұхбат)
-
Балалар, қазір мен сендерге Валентина
Александровна Осеваның ізімен жазылған
«Жай ғана әжей» әңгімесін мазмұндап
беремін. Мұқият
тыңдаңдар.
Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалады.
Абзал:
Сөмкемді ұстай тұршы! – деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп кетті.
Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:
Бұл сенің әжең бе? – деп сұрады.
Жоқ, деп жауап берді Абзал.
Мамаң ба?
Жоқ.
Ендеше көршің шығар?
Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, - деп жымиды Абзал.
Сендер осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
Бұл оқиғадан не үйрендіңдер?
Абзал
мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не
айтасыңдар?
Сұрақтарға
толық, дұрыс жауап беруге тырысу
Шығармашылық
жұмыс, топтық жұмыс
-
Қазір біз сендермен 2 топқа бөлінеміз:
1-
топ:Жүрекшелерден
құстың бейнесін жасау
2- топ: Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева үшін ауа шарының жүрекшелері бар «ашық хат»
Топпен
ән айту
«Бала
тілегі»
Сөзі
С.Молдасанұлынікі
Әні
Ф. Жолдасованікі
Бал-балалық,
балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет.)
Болашақтың
иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет.)
Қалықтаған
көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет.)
Жүректен жүрекке.
Балалар
шеңбер құрып, жүрекшені бір - біріне
беріп өз жүректеріне рахмет айтады
•
Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
•
Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
•
Менің жылы жүрегіме рахмет!
•
Менің жүрегімнің адамдарды жақсы
көргеніне рахмет!
•
Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне
рахмет!
•
Менің жүрегімнің қуана білетініне
рахмет!
•
Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
•
Менің жан - жануарларды жақсы көретін
жүрегіме рахмет!
•
Менің жақсылықты сезіне алатыныма
рахмет!
•
Мен әрқашан қайырымды боламын!
•
Мейірімділігім менің - асыл қасиетім!
•
Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!
Соңғы тыныштық сәті:
- Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген