400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Балаға жүрек жылуы 7 сынып. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
С.А.Назарбаеваның шығармаларымен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________ «__03__»__02.___20ж____________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______№35 ЖББМ________

Күні: ____03.02.20ж___________

Мұғалімі: __Тилегенова К.Ж._______________________

Сыныбы: 9

Оқушылардың саны: 12

Тақырыбы: Балаға жүрек жылуы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мақсаты:Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларғаадамдарға риясыз қызмет жасау мәнін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. http://kz-minusovki.ucoz.kz

  2. bilim-all.kz

  3. Baq.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Жағымды тілектер алқасы»

Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»

Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.


2. Үй тапсырмасын тексеру.



3. Сабақтың дәйексөзі.

«Жақсылық істеуден жалықпа, Істеген жақсылығыңа өкінбе!»

Кабуснама

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды. Адамның өзге адамдарға шын пейілімен жақсылық жасауынан жомарттықты да байқауға болады. Адам бойындағы сезімталдық, қамқорлық қасиеттер риясыз көңілмен өзінде барымен бөлісуге жетелейді.

Сұрақтар:

  1. Жақсылық жасау дегеніміз не?

  2. Өз бойларыңда қандай ізгі қасиеттеріңді дамытып жүрсіңдер?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Мейірімділік – асыл қасиет. Бейнебаян.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – тапсырма: «Кім және не мейірімді» ойыны.

2 – тапсырма: «Плакат жасау»

1 – топ: «Сүйіспеншілік».

Сүйіспеншілік не үшін керек?

2 – топ: «Ізгілік».

Ізгілікті болу үшін не істеу керек?

3 – топ: «Мейірімділік».

Мейірімділік не үшін қажет?

3 – тапсырма: «Мақалдар сайысы». (Нүктелер орнын толтырып, үш тілде айту)

  1. Жақсылықтың ерте-... жоқ. (кеші)

  2. Жақсылық қылсаң ... қыл. (бүтін)

  3. Жақсылық еккен ... орады. (алғыс)


Топпен ән айту.


Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар


Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7. Үй тапсырмасы.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі