Балаға мейірімі өзгеше отбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаға мейірімі өзгеше отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жұмыс барысында үлгілі отбасымен тәжірибе алмасу өте өзекті. Отбасыдағы балаға берер тәрбиесі өзгеше, өзгеге үлгі боларлық отбасылар қаншама?! Осындай отбасылардың тәжірибесімен бөлісу өзге отбасыларға әсіресе жас отбасыларға өте керек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаға мейірімі өзгеше отбасы

Ата-анамен жұмыс -сынып жетекші жұмыстарының ішіндегі ең өзекті мәселе. Тәрбие жұмысы ішінде осы жұмыс бүгінгі күнде жандандыруды талап етеді. Көп ата-ана жұмыс бабымен жүріп бала тәрбиесі жөнінде мектеппен байланыс жасауды назардан тыс қалдырып жатады.

Мен өз сыныбымдағы бір оқушының отбасы, оның ата-анасы жайында сөз қозғамақпын. Өйткені көпке үлгі болатын отбасы деп осы отбасыны айта аламын.

Мейірім , шапағат туралы сөз қозғағанда менің көз алдыма осы отбасы келеді. Бала мейірім, шапағатты әуелі отбасыдағы ата-анадан көреді. Сондықтан бала тәрбиеcінде отбасының алатын орны үлкен.Балаға ең жақын , ең қымбат адам оның ата-анасы, өзінің ең жақын адамдарынан мейірім көрмеген бала кімнен мейірім күтеді, ал өскенде ол бала кімге мейірім көрсетеді? Сондықтан ата-ана балаға бар махаббатын төккені абзал.

Балаға нағыз мейіріммен қарайтын ата-ана - Ардақ пен Нұрайым. Ардақ пен Нұрайым алғашқы кезде жұмыссыз болатын. Бірі көлік жүргізіп, бірі базарда сатушы боп жұмысын бастаған олар жұмыспен қоса бала тәрбиесін де назардан тыс қалдырмады. Моншақтай 5 қызы, 1 ұлы бар олар балаларының қамы үшін еңбектенуден жалықпайды. Таңертең ерте тұрып, кеш жатады. Бар тапқанын балаларымның несібесі деп қанағат тұтады. Сондай тіршілік күйбеңімен жүрген олар, қазір жеке кәсіпкер. Қаланың ірі сауда орталығында өздері жеке кәсіппен айналысады. Ардақ пен Нұрайымның балаларына берген тәрбиесіне жора-жолдастары , көршілері сүйсіне , тамсана қарайды әрі дән риза. Өйткені бұл отбасыда ұрыс-керіс,дау-жанжал мүлде болмайды. Бір-біріне дауыс көтермей, бір жас үлкен болса да балалары бірін әпке деп, ағасын аға деп сыйластықпен қарайды.Бұл тәрбиенің бастауы Нұрайымның бойында жатыр. Сөйлеген сөзінде де үнемі жақсы сөзді, жақсы арман-мақсаттарын, ізгі ниет-тілектерін жақсы лебізбен өріп отырады. Тек өз отбасында ғана емес, жұмыс барысында да , туған-туыс ортасында да өзгеге қатты сөйлемейтін , жүзінен нұры төгіліп тұратын Нұрайымның бойынан қазақтың дана аналарының қасиетін байқаймын.

Ерлі-зайыпты Ардақ пен Нұрайымның арасындағы сыйластық та өзгеше. Өз жарына , қыздары мен ұлына ерекше мейірім көрсететін Ардақ – қамқор әке.

Бала бойына ата-анасы жас күнінде мейірім ексе, үлкейгенде оның жемісін көретінін осы отбасыдағы тәрбие дәлелдейтін сияқты . Әкешім мен анашым деп ата-анасының құрметін жайына қойып, мейірімге мейіріммен жауап беретін перзенттері ата-анасының мақтанышы боларына сенемін.

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

Шұбарсу ауылы

Б.Нұрлыбеков жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назым Аралбаева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі