жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Балаға ұстаз болумен қатар тәлімгер бола білудің маңызы»
Білім беру ұйымы: «Ақтөбе орта мектебі»КММ,
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
Алматы ауданы, Ясное тұрғын үй алабы 1Г
Тел: 8 (7132) 44-58-17 эл.пошта: Aktubinsk1@mail.ru
Автордың аты-жөні: Джабасова Эльнара Болатовна
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тел: 8 775 180 04 38 эл.пошта: elnara_nur86@mail.ru
Педагогикалық идеяның атауы: «Балаға ұстаз болумен қатар тәлімгер бола білудің маңызы»
Бағыты: 1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ
аннотациясы
Мектептен шыққан түлек өмір тартыстары мен сынақтарына дайын болып шыға ма? Бұл сұраққа үлкен сеніммен «иә» деп жауап бере алмаймыз. Ендеше, бұл педагогикалық идеямда білім мен қатар тәрбиенің де маңызды екенін негізге ала отырып, өмір белестері мен қиындықтары туралы сөз қозғап, өмірдің басты қағидасы ұлы Абай атамыз айтқандай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөздің түп төркінін жас жеткіншектерге түсіндіре отырып, ұлы тұлғалар мен әйгілі адамдардың өмір жолдарынан үлгі алатындай жан-жақты мәлімет жинақтап өскелең ұрпаққа өнегелі сөз айтып отыруға бағытталған.
Бұл айтылған идеямда халқымыздың даналық сөздерін негізге алып, ұлттық болмысымызға сай баланың рухын көтеру мақсатында өмірге қажетті ақыл кеңестер мен ұстанымдар төңірегінде сөз қозғалады. Мәселен, бір Абай атамыздың мұрасының өзін алып қарасақ, бүкіл әлем психологтары мен философтары Ұлы ақынды қайталап отырғандай. Қайран қазағымның даналығына әлем даналығы жетер м
е дейсің.
Осы тақырыптарды негізге ала отырып, оқыған не тыңдаған баланың қызығушылығын оятатындай, өз бойы мен ойын түзетіп, уақыттың аса қымбат екенін ұғындыратындай мазмұнды да салмақты сөз қозғауды ұсынады .
Аннотация
ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ ИДЕИ
Готов ли выпускник школы к жизненным трудностям и испытаниям? Мы не можем с большой уверенностью ответить утвердительно на этот вопрос. Поэтому, исходя из того, что в педагогической идее важно и образование, и воспитание, мы говорим ещё и о жизненных трудностях. Главный принцип жизни направлен на то, чтобы подготовить подрастающее поколение к самостоятельной жизни. За основу можно взять слова великого Абая :«Верь в себя и возьми себе в руки труд и ум с двух сторон».
В этой фразе говорится о мудрости нашего народа, речь идет о мудрых советах , необходимых для жизни. Например, если рассматривать само наследие одного Абая, то психологи и философы всего мира повторяют великого поэта. У каждого из нас есть ум, знания и мечта, которые ведут нас к высокой цели. При помощи этих качеств мы можем достичь результатов в нашей реальной жизни. И здесь нам никак не обойтись без любви к труду и умения мыслить и действовать самостоятельно.
Только такое молодое поколение сможет сделать наше будущее прекрасным.
Педагогикалық идеяның өзектілігі: бұл педагогикалық идеямда білім мен қатар тәрбиенің де маңызды екенін негізге ала отырып, өмір белестері мен қиындықтары туралы сөз қозғап, ұлы тұлғалар мен әйгілі адамдардың өмір жолдарынан үлгі алатындай жан-жақты мәлімет жинақтап өскелең ұрпаққа өнегелі сөз айтып отыруға бағытталған.
Идеяның мақсаты: білім мен қатар тәрбиенің де маңызды екенін ескеріп, өмір қиындықтарына төтеп бере алатын, өз бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, ерік жігерін ұстай алатын тұлға қалыптасуына бағыт беру.
Міндеттері:
-
мектеп түлектерінің үлкен өмірде қадам басқанда кездесетін сынақтарға төтеп бере алатын тұлға қатыптасуына седепкер болу;
-
үздіксіз еңбек пен тұрақтылықтың нәтижесін ұғындыру бағытында жұмыстану;
-
жақсы әдеттер мен болаттай берік ерік жігерін қалыптастыра білуді үйретуге әрекет ету.
Баяндама.
Адам өмірінде екі нәрседен жаңылыспау керек екен. Себебі осы екеуімен өміріңнің көп бөлігі өтеді, осы екеуімен өміріңнің ең тәтті де, ең ащы да сәттерімен бөлісесің. Сенің бақытты болуың, болмауың осы екі нәрсеге тікелей байланысты. Ол не нәрсе деп ойлайсыздар? Әрине, ол-өмірлік жарың мен сүйікті мамандығың.
Мен ес білгелі медицина саласы, яғни дәрігер болуды армандадым. Неге екенін білмеймін ақ халатты мамандықты алты жыл армандаппын. Нәтижесінде 11 сынып бітірген соң көп нәрсе кедергі болып ойда жоқта мұғалім мамандығына түсіп кеттіп. Үш күн, үш түн жыладым. Қоғамға қатты қажет болғым келген шығар. Содан соң мынадай шешімге келдім. Жалпы медицина саласы мен білім беру саласы өте ұқсас. Біріншіден мұғалім мен дәрігерсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Бірнеше мың жыл бұрын медицинада шаман деген ұғым болса, оқытуда дүмше молда деген ұғымдар болды. Кейін қара халық арасында ағартушылық ілімі жақсы дамыған уақытта адам емдеудің бірнеше тәсілдері пайда болды. Білім беру саласында да солай. Емдеу жүйесі бір болғанмен әр науқасқа әр түрлі әсер ететіні сияқты білім беру жүйесі де солай. Біз емделу үшін ең жақсы дәрігерге жолығамыз, іздейміз сол сияқты қазіргі балалар да мұғалім таңдайтын болды. Мен медицина саласының жақсы маманы бола алмасам да, білім беру саласында өзімді жақсы мұғалімдердің қатарына жатқыза аламын. Себебі мені оқушылар да оның ата-аналары да жақсы көретінін, кем дегенде жақсы сыйлайтынын сеземін.
Сонымен мамандыққа түскен уақытыма оралатын болсам, ол мамандыққа деген сүйіспеншілігімді жоғары оқу орнындағы оқытушылар оятты. Шынымды айтсам, 2-3 оқытушы ғана. Бірі лекцияны еш қағазға қарамай материалды өте сауатты жеткізе білетін, ол сөйлегенде 90 минуттың қалай өткенін білмей қаламыз. Нағыз аратор еді. Екіншісі, барлық айтқан материалдарын өмірмен, өзгенің өмірімен немесе өзінің өмірімен байланыстырып айтқан кезде есте ұзақ уақыт қалады екен. Үшіншісі, лекциясы қатты қызықты болмағанымен киген киімі әдемі, жүріс – тұрысы құтты бір актриса сияқты, сөйлегенде де ол сахнада тұрғандай, біз театрда отырғандай сезінгенде де уақыт тез өтеді екен. Міне осындай педагогтардың арқасында мен де мұғалім деген киелі мамандыққа түсіп, әрі қарай осы білім беру саласында ерен еңбек етіп, адал табысыма ризамын. Мен өз мамандығыммен мақтанамын.
Жалпы осы мамандық иесі болып жүргеніме міне, 12 жылдан асып барады. Бірде бір сәтте мұғалім болғаныма өкінген емеспін. Соңғы жылдары, өмірімде үлкен сынақтар кездескен еді. Ол өмірімде ешқашан ұмытылмас қиын сәттер болды. Сол кезде өзіме мотивация іздеп, шет елдің біраз психологтары мен табысты адамдармен таныс болдым, ютуб арқылы, әрине. 20-дан астам табысты адамдар мен 10-нан астам психологтардың тренингтерін тыңдап шықтым. Өзімді депрессиядан алып шықтым, мотивациялар өте қатты көмектесті. Бірақ айтайын дегенім ол емес. Көптеген табысты адамдардың өмірімен таныса отырып, олардың әңгімелері мен сұхбаттарын тыңдай отырып өзіме ой түйдім. Ол ойым өте дұрыс ой деп санаймын. Олардың көбі өз сөздерінде бір нәрсеге көңіл аударады. Мұндай әңгімені мектепте үйретпейді, мұндай мықты сөздерді өкінішке орай, мектеп оқушылары естімейді. Олар тек қажеттілік болған кезде ғана, яғни бір қиындыққа ұшыраған кезде ғана, мотивацияны іздеп, егер іздесе, түсіне тыңдайды деген пікірді алға тартады. Шын мәнінде солай. Мысалы айтар болсақ, қандайда бір чемпион болсын, атақты актер болсын, әлемге әйгілі өнертапқыштар, әлемдегі ең бай адамдардың өмір жолдарында не бір қиындықтар кездескенде оны қалай жеңе білгені туралы, үздіксіз еңбек пен тұрақтылықтың, жақсы әдеттер мен болаттай берік ерік жігерінің нәтижесінде осынша деңгейдегі адам болғаны туралы өсіп келе жатырған өскелең ұрпаққа өте қызықты екенінің куәсі болдым. Оны мен өткен жылдан бастап 10 сыныпқа сабақ беген уақытта бастаған едім, балалар менің сабағымды асыға күтетін болды. Мен сабағымның басын керемет бір даналық сөзбен бастаймын, белгілі бір шығарманы талдаған уақытта табысты адамдардың өмірімен байланыстырамын, сабақтың соңында да өмір тартыстарын қалай жеңу керек екендігін, өмірде қиындыққа мойынсынбау керек екендігін, оның барлығы уақытша екендігін айтып мотивация берген кезде олар үзіліс уақытында да көптеген сұрақтар қойып қызығушылық танытып, тіпті өздерін не мазалайтынын айтып жылап та жіберген уақыттар болды. Жас жеткіншек болғанымен қазіргі қоғамда, тіпті өз отбасында қиын жағдайларды бастан кешіп жатырған балалар аз емес. Ендігі осы ойымды жинақтай келе, оқу жоспарының вариатив бөлігінен осындай тақырыптарды жинақтай отырып, белгілі бір бағдарлама құрып сабақ ретінде оқушылармен тығыз байланыс жасай отырсақ, бұл мектепке қажет деп ойлаймын. Бұл идея келгеннен бастап қағаз бетіне түсіріп отырдым, нәтижесінде керемет тақырыптар төңірегінде балаларға құнды ақыпараттар беруге болады. Бұл ақпараттар білім алушының өмірлік ұстанымы болуы да мүмкін. Тіпті алысқа бармай-ақ, өзіміздің ұлы данышпандарымыздан бастау керек. Ұлы Абай атамыздың өмір ақиқаты мен шындыққа толы 45 қара сөзі, аты айтып тұрғандай «Толық адам» ілімі, философияға толы поэмалары, құлаққа кіріп бойды еліктірер әндері, әр түрлі тақырыпты терең қозғай білген поэзиясына баға жетер мұра бар ма?! Шәкәрім атамыздың «Біреудің мінін көргенше, өзіңмен күрес өлгенше» бір ғана өлеңі, «Шәкәрім ілімі», поэзиясы мен поэмалары психология мен философияға толы. Шәкәрімнің «Жан тәрбиесін» оқыдыңыз ба? Оқысаңыз жан дүниеңізді дамытып, рухани жаңарып, бойыңызды түзей бастайтыныңызды байқаған шығарсыз. Сұлтанмахмұт Торайғыров – 27 жас өмір сүрсе де артына мол мұра қалдырған қаламгер. «Шығамын тірі болсам адам болып, жүрмеймін бұл дүниеде надан болып», «Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен» өлеңдері, «Әр адамның мінезі-астындағы тұлпары» Б.Момышұлы, «Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе» Сәбит Мұқанов, «Өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн» Ник Вуйчич, «Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, қайта тұрып хақың бар жүгіруге» Мұқағали Мақатаев сынды ұлағатты сөздері арқылы баланың ой-өрісін кеңейтіп, рухани жаңартып, көңіліне ізгі ой салады.
Әрине мұндай тақырып төңірегінде сөз қоғайтын педагог өзі де жан-жақты, сөзі мен ойы жинақы, көшбасшылық қабілеті бар, оратор, нағыз тәлімгер болатындай болуы шарт. Себебі бала ұнамайтын адамнан үйренбейді!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген