400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Balaland" отбасылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Ата-аналарды сайысқа қатыстыра отырып: 
1. Отбасындағы адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. 
2. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. 
3. Балалардың ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілік: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, шарлар, слайд. 
Әдіс-тәсіл: Тренинг жаттығулары, пікір алысу, сайыс, топтық жұмыс ойын түрінде. 

Жоспар:

  1. «Кім тапқыр?» (Музыка ойналады, алдымен анасы құлаққап киеді, ал баласы сөзді дауыстап айтады.Сол сөзді анасы табуы тиіс. Ойын кезекпен жалғаса береді.)

  2. «Менің тату отбасым» тақырыбына сурет салу

  3. «Кім жылдам» түтікше арқылы кім көп қағаз қиындыларын жинайды (анасы мен баласының арасында)

  4. «Менің анам» балалардың көзін жауып, аналарының алақандары арқылы әркім өз анасын табу керек.

«Менің балам» анасы өз баласын табу керек

  1. Сұрақ-жауап

1 Мемлекеттік рәміздерді ата

2 Еліміздің бас қаласы

3 Біз қай облыста тұрамыз

4 Дыбыстардың қандай түрлері бар

5 Сөйлем неден құралады

1 Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

2 Елімізде сайлау қай күні өтеді

3 Елімізде неше облыс бар

4 Тұңғыш Президент күні қашан атап өтіледі

5 Конституция күні қашан атап өтіледі

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біз өмір сүріп отырған қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мен мазмұны мүлде басқа жаңа дәуір табалдырығына ену қазіргі заман оқушыларынан ептілікті, шығармашылықты және жоғары деңгейде ойлай алатын ерекше ой қызметін талап етеді.
- Міне, осындай заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті мектепке жүктеліп отыр. Мектеп білім ошағы болса, отбасы - тәрбие ортасы. Білім мен тәрбие ажыратуға келмейтін егіз ұғым. Олай болса, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиесінде отбасының да алар орны ерекше.
Бақытты отбасы - келешек кепілі
Тәрбие - отбасы шешімі
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету
Әрқашан үлкендер міндеті - деген өлең жолдарының мазмұндылығын түсіне білген ата - аналар бүгінгі сайыста өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп, білімді, ынтымақты отбасының үлгісін көрсетпек.

Ендеше, бүгінгі шарамыздың сайыскерлерін құрметпен ортамызға шақырайық.
1 - ші сайыскеріміз 1 - сынып оқушысы Еркежан мінезі ашық, әрқашан достарына көмектесуге әзір. Еркежан сыныбымызда өзінің қай істе болмасын алғырлығымен және білімділігімен ерекшеленеді. Ұстанымы - Тек қана алға.Бүгінгі сайысқа анасы Маржанмен қатысады.

2 - ші сайыскеріміз 1 сынып оқушысы Бауржан Інжу. Інжу өзінің әсем әнімен мектептегі барлық шаралардың сәнін келтіріп жүр. Ұстанымы – Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан
Жақсы көретін ісі әуелете ән салу, би билеу.
Бүгінгі сайысқа анасы Құралай апаймен қатысады.
3 - ші сайыскеріміз 1 сынып оқушысы Данара. Арманы - Елінің білімді азаматы болып, ата-анасының үмітін ақтау. Кітап оқуды ұнатады.Сайысқа анасы Раушанмен қатысқалы келді.

4-ші сайыскеріміз 2 сынып оқушысы Ерәділ. Арманы – Қазақстанның білімді де білікті азаматы болып, оның дамуына өз үлесін қосу.Мектебіміз сенім артып отырған озат оқушы. Бүгінгі сайысқа анасы Гүлнармен келді.

5-ші сайыскеріміз 2 сынып оқушысы Дарын. Дарын спортпен шұғылданғанды, атқа мінуді жақсы көреді. Болашақта мал дәрігері болып, ауылымыздың гүлденуіне үлесін қоспақ. Сайысқа анасы Гүлсіммен келді.

6-шы сайыскеріміз 2 сынып оқушысы Айдар. Білімді, сабырлы, салмақты жігіт.Атасымен ауылымыздың табиғатын тамашалағанды ұнатады, аңға шығуды жақсы көреді. Бүгінгі сайысқа анасы Гүлнұрмен келді.

Барлық сайыскерлерді қол соғып, қошеметтеп қояйық.
Сайысымыздың жинақ балын есептеп отыратын сарапшылар алқасымен таныс болыңыздар. Олар: 1. ...........2..........

Аналар өз баласын қаншалықты біледі екен, сұрақтар арқылы балалардың жауаптарын сәйкестендіру.

1.Анаңның дайындайтын қандай тағамын ұнатасың?

2. «Балапан» телеарнасынан көретін сүйікті мультфильмін немесе бағдарламаң қандай?

3.Сүйікті ойыншығың не?

4. Сүйікті әнің қандай?

5. Болашақта кім болуды армандайсың?

Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын
Құрметті сайыскер отбасылар, енді шығармашылыққа кезек берейік. Мына ақ параққа «Менің тату отбасым» тақырыбына сурет салыңыздар және соңынан әңгімелеп беріңіздер. 
(Баяу әуен ойнау керек) Әр отбасына ақ парақ пен бояу қарындаштар таратылады. 
«Менің тату отбасым» тақырыбына сурет салу. 

Құрметті ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Әрқашан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар. Ойын-сауықтарға, іс-шараларға ат салысып жүлдегер болыңыздар. Рақмет сіздерге! Сау болыңыздар!.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі