400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балаланың денсаулығы мен өмірлік дағдылары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарға әдістемелік материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы облысы Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Балаланың денсаулығы мен өмірлік дағдылары

Педагог-психолог Ғазез Жансая Серікқызы

Талдықорған, 2019



Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. 

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы суицид көрсеткішінің жоғары болуы Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін айтарлықтай алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған орай дағдарыс жағдайындағы жасөспірімдерді дер кезінде анықтау, оларға кәсіби көмек көрсету. Сонымен қатар, оқушылардың қазіргі уақыттағы әртүрлі кездейсоқ жағдайларға бейімделуі мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік беретін жұмыстар ұйымдастыру.

Нәтижесін көру үшін мыналар қолға алынса:

Тәжірибе жүзінде бір мезетте білім беру саласындағы қызметкерлердің суицидтік мінез-құлық танытқан оқушыларды анықтауы, денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының дағдарыста жүрген балаларға білікті көмек көрсетуі қамтамасыз ету.

Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының тығыз ынтымақтастығының арқасында қиын өмірлік жағдайларға түскен балаларға көмек көрсетіліп, олардың қауіпсіз өмір сүретін қалыпты ортасына оралуына жағдай жасау.

Балалардың денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру үшін, тренинг барысында белсенді формаларды қолдану балалардың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар психологтардың құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беру.

Әрбір суицид – қайғылы оқиға. Өз-өзіне қол салған адамдар өмірмен қош айтысқаннан кейін көп уақыт өтсе де, бұл оқиға олардың жақын адамдарына, туыстарына, достарына және таныстарына зиян келтіреді және қайғы-қасірет әкеледі, мұның салдары ұзаққа созылады. Дегенмен, қоғамда мақсатты және тұрақты жұмыс істеу арқылы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға болады.

Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 800 000-нан астам адам өз-өзіне қол жұмсау нәтижесінде өледі. Мұндағы ең осал топ – 15-29 жас аралығындағы жастар. Қазақстан, халық арасында суицид көрсеткіші бойынша, жағдайы мүшкіл әлемдегі 10 елдің қатарына кіреді.

15-29 жас аралығындағы жастар арасындағы суицид көрсеткіші бойынша еліміз 172 елдің ішінен 4-орында, ал 5-14 жас аралығындағы балалар арасында – 9-орында, жалпы халық арасында 8-орынға ие (2012 жылы берілген мәліметке сәйкес, әрбір жастағы 100 000 адамға шаққандағы суицид саны).

Бас прокуратураның статистикалық мәліметіне сәйкес, жыл сайын біз мектеп жасындағы 200-ге жуық жанды суицидтің әсерінен жоғалтып алып жатырмыз.

Заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижесіне назар аударсақ, соңы суицидпен аяқталған бір ғана жағдайдың салдары 10-нан 20-ға дейінгі жасөспірімнің бойында суицидтік мінез-құлықтың қалыптасуына әкелсе, 100-ден 200-ге жуық жасөспірімнің бойында суицидтік ойлауды тудырады екен.

Бұл аталған жайттар қоғамдағы өзгерістердің үдеуімен және осының салдары адамның психологиясына келетін ауырлық деңгейінің жоғарылауына әкелумен де байланысты. Психологиялық стресс көбінесе белгілі бір жағдайда суицидке апаратын психикалық ауытқулар мен аурулардың пайда болуы мен таралуына әкеледі.

Бұл жағдайлар жасөспірімдердің арасында суицидтің алдын алу бойынша жүргізіліп келген шараларды қайта қарауға негіз бола алады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстандағы жастардың суицидтік мінезқұлқы күрделі мәселелер қатарында. Жоғарғы сынып оқушылары арасында суицид жасауға әрекет ету көрсеткіші жоғары екені анықталды. Зерттеу топтарындағы оқушылардың 45%-дан астамы «қауіп тобына» алынды, өйткені олардың психометриялық көрсеткіштері шекті деңгейден асып түскен.

Балаларымыздың күйзеліске түсуі мен үрейлі ауытқулары суицидтік мінезқұлықпен тікелей байланысты екені анықталды. «Жоғары қауіп тобындағы» оқушылардың 70%-ы мен суицид құрбандарының 37%-ында күйзеліске түсудің кем дегенде жеңіл немесе орташа дәрежелі белгілері болғаны анықталды. Сонымен қатар, «жоғары қауіп тобына» жататын оқушылардың шамамен 20%- ында ауыр күйзеліс белгілері бар екені анықталған.

Жоғары импульсивтік пен агрессиялық көрсеткіш суицид құрбандары мен «жоғары қауіп тобындағы» оқушыларда байқалады. Суицид туралы ойдың пайда болуына ықпал ететін және өлімге бару жолдарын таңдауға жеке бастың қасиеттері ықпал ететінін атап өткен жөн.

Алкоголь, темекі мен есірткіні қолдану сынды салауатты өмір салтына қайшы әрекеттер де оқушылардың суицидтік мінез-құлқымен байланысты. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, суицид құрбандарының жартысынан көбі психобелсенді заттарды, соның ішінде алкогольді шектен тыс пайдалануымен сипатталған. «Жоғары қауіп тобындағы» оқушылардың 45%-ы жоқ дегенде бір рет қатты мас болғанын, ал 21%-ы бір рет есірткі қолданып көргенін айтқан.

Суицид жағдайының 30%-ында суицидтік мінез-құлықтың отбасында және айналасында болуы байқалған. Суицидтің тағы 10%-ы психикалық саулықпен байланысты түйткілдер болған отбасыларда кездескен.

Балалық шақтағы психологиялық жарақаттар да суицидалды әрекеттерге итермелейді. Суицид құрбандарының шамамен 30%-ына отбасындағы қатігез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылық себеп болған. Отбасында, мектепте және құрдастары арасында болған жанжал жасөспірімдердің психикасына елеулі әсер етеді. Тұлғааралық жанжалдар жасөспірімдердің 65%-ында өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың туындауына басты себеп болған.

Қорыта келгенде бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып, баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның көңіл-күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне демеу болар, ақыл-кеңес берер досы, ұстазы, ата-анасы болса, оның өз өміріне қиянат жасамайтыны анық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі