1-Мамыр Қазақстан
Республикасының халықтарының бірлігі
күні.
Көңілді музыка әуені
орындалады.Балалар қатар жүріп, әр топ достық туралы ұрандарын
айтып, ортаға келіп тұрады.
Жүр.- Құрметті қонақтар! Қымбатты
балалар! Сіздерді 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен
құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке, ынтымақтық
өмір тілейміз.
Бір шаңырақ астында, Дружат
солнце и весна,
Тату-тәтті тұрамыз. Дружат
звезды и луна,
Бір үйде біз тұрамыз, Дружат в
море корабли,
Бірлік-асыл мұрамыз! Дружат
дети всей Земли!
Жүр.- Ия, Республикамызда жүзден
артық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың барлығыда
қазақтармен бірдей Қазақстанның тең құқықты азаматтары болып
саналады. Олай болса «Татулық-достық кепілі» демекші, балалар
бір-бірлеріңе жақсы тілектерді тілей отырып «Достық» әнін
шырқайық.
Ән: «Достық
әні»
(Балалар әнді орындап
болғаннан кейін отырады, достық, Отан туралы тақпақтар айтады.
Балалар тақпақтарын айтып болғаннан ортаға Сайқымазақ көңілденіп
жүгіріп келеді. Көңілді музыка әуені
орындалады)
Сайқымазақ- Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі достық мерекесі құтты
болсын!
Жүр.- Қош келдің Сайқымазақ. Бізге
бүгін қандай көңілді ойындарыңмен өнеріңді
көрсетесің?
Сайқымазақ- Әрине, мен балақайлармен көңіл
көтеріп ойын-ойнаймын
Ойын
Жүр.- Енді бүгін
қарасам,
Айналам бақыт кең
жатыр.
Бірімен-бірі
туысқан,
Қол ұстасқан ел
жатыр.
Қазақ, қырғыз,
өзбектер,
Армян, ұйғыр,
тәжіктер,
Орыспенен,
украин,
Терезесі тең жатыр! --- Еліміз
көп ұлтты мемлекет болғандықтан, әр ұлттың салт-дәстүрі,
ән-жырлары, билері болады. Ендігі кезекті «Сәлем менің Қазақстан»
әнін шырқайық.
Ән:«Сәлем менің
Қазақстан».
Жүр:-Біз балалар
бағында,
Тұрамыз біз
көңілді,
Көп
болсақта,достықпен
Өткіземіз өмірді!--- деп
«Достық биін» тамашалайық.
Би: «Дотық
биі»
Сайқымазақ- Ал, енді мен балалармен
көңіл көтеріп тағыда ойын ойнайын.
Ойын: «Кім
жылдам»
Жүр.- Алатау, кавказ
ұласып,
Баурайы бұйрат кең
жатыр.
Бақыттың әні
асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.-
Балалардың орындауында «Бірінші мамыр» әнін қабыл
алыңыздар.
Ән: «Бірінші
мамыр»
Жүр.- Балалар сендер татулық,
достық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(балалардың
жауаптары). Татулық-достық адамдар
арасындағы ең керемет қасиет. Сендер балабақшада бір-бірлеріңмен
дос болып, ойыншықтарыңды бөлісіп ойнайсыңдар ғой! Олай болса
достығымыз жарасып, бейбітшілік күнімізде тату-тәтті өмір
сүрейік. Жүр:- Асқақтаған ән
дайын,
Күмбірлеген күй
дайын,
Ал, кәнекей ару
қыздар,
Босқа қарап тұрмаңдар.- ортаға
биші қыздарды шақырамыз.
Би: «Ақ
көгершіндер».
Жүр.- 1-мамыр ынтымақ күні құтты
болсын. (УРА)
-Жасасын Қазақстан
(УРА)
Жүр.- Ынтымақ болса, бірлік болады
деп, дана халқымыз айтқандай
«Ырыс алды-ынтымақ», әрқашанда
осындай достығымыз жарасып, тату-тәтті өмір сүрейік. Ал, балалар
бүгінгі 1-мамыр ынтымақ, достық күніне арналған мерекемізді
аяқтайық.