400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«БАЛАЛАҚТЫҢ БАЛ ШАҒЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«БАЛАЛАҚТЫҢ БАЛ ШАҒЫ»
Материалдың қысқаша нұсқасы










Тренинг тақырыбы:







«БАЛАЛАҚТЫҢ БАЛ ШАҒЫ»

7 «а»сынып














Өткізген: өзін-өзі тану мұғалімі Абишева Б



















2018-2019 оқу жылы




Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,

жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа

түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Тренинг міндеттері: - адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;

- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге

көмектесу;

- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

Топта жұмыс істеу ережесі:

1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

2. Болып жатқанға белсенді қатысу.

3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.

Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта – жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған (аңсаған перзентін көргенде, қуаныштан жүрегі жарылып, өліп кеткен шеше де, әке де, ата мен әже де болған), содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген. Перзент ауырып, не басқа бір қатер төнгенде, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» – деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», « Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар», - деген сияқты толып жатқан мақалдарда да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

Әкем-біреу, анамда біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,

Олар барда – мереке. Көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін

Әке-білек, саусағы-балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады. – дегендей , кез-келген ата-ана балаларының бақытты болуы үшін түн ұйқысын төрт бөліп ,кірпік ілмей балаларының тілеуін тілейді. Балаларының бақытты болуын тілейді. Біздің бүгінгі тренингіміз «Балалар бақытты балалық шақ үшін» деп аталады.

«Бақыт гүлі»  жаттығу.

Шарты:  барлығымыз шеңбер  құрып  тұрамыз. Менің  қолымда  әдемі гүлді көріп тұрсыңдар. Ол  сіздерге  жылу, қуаныш,  табыс,  бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды.  Сіздер  оны  бір-бірлеріңізге  беріп,  өз  тілегіңізді  айтасыз.

«Өз көңіл – күйін бейнелеу» жаттығуы
Өз көңіл – күй, сезім, эмоциясын саналы басқару қабілетін дамыту. Басқа адаммен әсерлену өз сезімі мен көңіл – күй ыңғайластыру қабілетін дамыту.

Балалар өз қалауындағы смайликтерді алып, оны бейнелеп көрсету. Өздерінің көңіл – күйлеріне қатысты осындай көңіл күй болды ма? Қандай сезімде болдың? . Балалардың алған әсерлерімен бөлісу.


«Менің таңбам» жаттығуы.

Міндеттері: әр оқушы өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан фигураларға түсіру арқылы, өз ойын жеткізу арқылы, өз көзқарасын таныту.

Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмар ойлап тапқан.

15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін белгілеген. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Сол таңба арқылы адамда бедел, қасиет, мадаққа ие болған. Қазір әрқайсың өздеріңе таңба жасайсыңдар. Түрлі фигура беріледі. Оның артында әр пішінің қасиеттері жазылған. Әр оқушы өз көзқарастарыңды фигураға бес қасиет арқылы көрсетіңдер және оқып беріңдер.

Шарттары:

1. Алға қойған басты мақсаттарың. (ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек) т.б.

2. Өздеріңді жақсы сезінетін орта (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т.б.).

3. Ең үлкен жетістіктерің. ( үздік оқушы т.б.)

4. Сенімді үш адам.

5. Әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттер.


«Сүйіспеншілік» жаттығуы.

«Балалардың бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды жасыл жапыраққа жазып, ал бақытты балалық шақты бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ал, жасыл жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған жақсы тілектер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.


«Менің күнім» жаттығуы.

Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.

Алдарыңызда жатқан флипчартта күннің суреті бейнеленген, жан – жағында шуақтарын салынған. Сол шуақтарға ата-аналарыңның сіздерге айтатын жағымды сөздерін жазыңыздар.

«Рахмет, АНА!», «Бақытты бала» бейнероликтерін көру.

«Кері байланыс» жаттығуы.

Тақтада жүрекшелер жапсырылған, осы белгілерге тренинг бойынша оқушыға, ата-анаға, мұғалімге өз тілектеріңізді немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.

Тренинг аяқталды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі