15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балалар агрессивтілігінң көріну ерекшеліктері
Чокаева Б.Т.
МІНЕЗ –ҚҰЛЫҚТАРЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САНА-СЕЗІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезеңдегі мінез – құлқы ауытқушылғы бар балалар мәселесі кең шеңберде зерттеушілердің, яғни психолог, педагог,социолог және дәрігерлердің назарын аудартуда. Сонымен қатар, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және ата-аналардың негізгі көкейтестік мәселесінің бірі болып саналады.Өйткені қандай болмасын ата-ана, өзінің баласының парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып еліміздің мәртебелі азаматы болуын қалайды.Өкінішке орай, бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне байланысты бұл мәселе, яғни жеткіншектердің мінез-құлықтары қалыпты дамып ізгі жолда жүруі күмәндатады.Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, жеткіншектердің тұлғасының дұрыс қалыптасуы үлкен ықпалын беретіні жүйелі тұрғыда қарастырылады.
Жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны жөніндегі мәселе, психология-педагогикалық, әлеуметтік, дәрігерлік-және заң тұрғысында әртүрлі қарастырылады. Мінез-кұлық - адамның күнделікті өміріндегі тұлғалық қасиеттерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.Негізінде мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі.Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді. Және жүктелген іске адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Күнбе - күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады.Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге, не мінез –құлық амалына қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық - еріктік қасиеттері жатады. Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез – құлық пен қимыл – қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады. Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, (отбасынан әрі аспайтын болса) онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады.Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп өмірінің моральдық - психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық, өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады.
Олай болса нақты адамның мінезіне талдау жасағанда, ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды ескере алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытиын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі деп тұжырымдаған.Қазіргі кезде. әсіресе ауытқушы болған балалардың мінез – құлықтарында балалардың тұлғасы, яғни эмоциялық аймақтары, өзін -өзі бағалау, қарым –қатынас деңгейі жөніндегі мәселе кең шеңберде зерттеушілердің назарын аудартуда. Өйткені, бала есейген сайын қоршаған ортаның пікіріне емес, өзінің пікіріне құлақ салады. Оқушы мен мұғалімдердің, оқушы мен ата – аналардың, жолдастарының арасындағы қарым – қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды. Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны балалардың мінез – құлық ауытқуларын, өзін - өзі бағалау, талаптану деңгейі мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция - деп жасөспірімдердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиешіленуге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік - психикалық ауытқуларын алдын алуын ұйымдастыру.
Кеңес психологиясында мінез-құлықтың ауытқығанын қоғамдағы құқыққа немесе адамгершіліктік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді. Мінез - құлықтың ауытқуы алғашқы пайда болуы, балалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста жиі байқалады.Бұл ақыл-ой даму деңгейінің біршама төмендігін, тұлғаның толық қалыптаспаған процесін, қоршаған ортаның және отбасының теріс әсерін, сонымен қатар, топтардың талаптарынан және осындағы қабылданған құндылы бағдарлардан жасөспірімдердің тәуелдігін сипаттайды. Мінез-құлқы ауытқушы болған жасөспірімдердің өз ісінің дұрыстығын дәлеледеп беру тәсілімен жиі қызмет етіп, үлкендердің шындықтарына немесе әділсіз болып көрінуіне қарсылық көрсетеді. Кейбір жағдайларда, ауытқушы мінез-құлык адамгершілікті - өнегелік қалыптарын жеткілікті білімдермен үйлесуі мүмкін, яғни бұл ерте жастан бастап адамгершілікті-өнегелік дағдыларын қалыптастыруының қажеттілігін көрсетеді.Белгілі психолог Л.С. Выготский "қиын балалық шақ" кезеңін талдау кезінде, оның барлық факторларының болу мүмкіндіктерін, яғни " жеткіншектердің биологиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық жетілуін ескеру қажет, деп белгіледі. Өйткені, қандай да бір аймақта ауытқылардың болуы, әлеуметтік ауытқушыділікке әкеледі. Сонымен қатар, Л.С. Выготский әр түрлі факторларды бағалауының қауіптілігі жөнінде-ескере отырып, факторлардың барлық жиынтығының ықпалын кешенді түрғыда қарастырылуының маңыздылығын дәлелдеді.Балалар мен жасөспірмдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны- бұл өзінің негізінде түрлі биологиялық және әлеуметтік себептерге ие болған ауытқылардың ауқымды тобы. Ауытқушы мінез - құлықтың дамуының негізгі себебі биологиялық факторлар бола бермейді, бірақ олардың алдын болжаушы негіз ретіндегі орны аса маңызды.Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негізі, тұқым қуалаушы факторлар және ананың ауыр аяқ кезіндегі түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардың әсер ету салдары да болуы мүмкін. Ана ағзасына кері әсер ететін аса зиянды факторлар қатарына ішімдік, темекі шегу, токсикологиялық, нашакорлық заттардың пайдалануы бірінші кезекке өз үлесін тигізеді.Соңғы жылдары кері экологиялық факторлар, әсіресе жоғары радиация әрекеті өзекті мәселелердің біріне айналуда. Аталған факторлар ата ананың генетикалық аппараттын өзгеруіне әкелуі ықтимал, соның салдарынан әртүрлі аурулардың пайда болуы айдан анық.Мұндай жағдайларда тума және тұқым қуалаушы ауру, соңында сыртқы себептерге байланысты болады. Көптеген зерттеушілер мінез-құлық ауытқуының биологиялық негізі тұқым қуалаушы факторлар болуы мүмкін және ананың ауыр аяқ кезінде түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардын салдарының ағзаға әсер етуі (әр түрлі дәрі – дәрмектер, ішімдік, нашақорлықтарды қолдану, үнемі күйзелістік жағдайлар, инфекциялық аурулар, психикалық, физикалық травмалар және т.б.) деп дәріптеді.
Р.Г.Иьлешева мінез-құлық ауытқуының мүмкіндігін туғызатын биологиялық факторларға психикалық және физикалық даму, жетілу қарқындылығының үйлеспеу кезінде пайда болатын "қайшылық"' жатады деп белгіледі. Қалыпты жағдайда бұл үрдістер қатар жүреді. Мұндай мысалдардың біріне психофизикалық инфантилизм, яғни балалық шаққа тән психикалық, мінез-құлық ерекшеліктерінің жеткіншек жастағыларда (ересек адамдарда) сақталуы жатады.Мінез-құлықтың ауытқыған генезінде маңызды орын алушы әлеуметтік факторлар қатарына тәрбие мен қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары да жатады. В.В. Ковалевтің мәліметі бойынша, қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойындағы жағымсыз әсерінің салдарынан жеткіншектердің "тұлғасының патологиялық дамуы" қалыптасуы мүмкін.Әлеуметтік факторлар түрткі болған мінез-құлық ауытқылары арасында шағын әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған құбылыстармен байланысты патологиялық тұрғыға жатпайтын түрлер маңызды орын алады. Бұл кезеңде, ұзақ уақыт бойында көбінесе ерте балалық шақтан келе жатқан, қоршаған орта мен тәрбиенің жағымсыз жағдайлары ерекше орын алады. Ол әсіресе, қараусыз қалу жағдайларымен және тұрақты түрде ақпараттардың жетіспеушілігімен байланысты болады.Мұның салдарынан баланың танымдық іс-әрекеті, еңбектің жүйелі, дербес дағдылыры, еріктік және адамгершіліктік-өнегелі нұсқауларының қалыптасуы баяулай түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Выготский С.Л. Собр. Сочинений - М.: Педагогика, 1983 - 45 с.
-
Выготский С.Л. Психология развития как феномен культуры. - М., 1996. - 40 с.
-
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1980. – Т.1. 20 с.
-
Ананьев Б.Г. О проблеме современного человекознания. - М., Наука, 1977. - 350 с.
-
Леонтьев А.Н. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1983. т.140-185с.
-
Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. - М., 1975. – 25 с.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген